
- •М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
- •Босану тарихы
- •Жалпы объективті тексеру.
- •Мүшелеп қарау.
- •7. Михаэлис ромбасы – 11 см
- •Іштің өлшемі және пальпациясы
- •Босанудың болжам мерзімі
- •1.Нәресте бағыты (positio).
- •2.Нәрестенің басымен орнығуы.
- •Жүрек тондарының аускультациясы.
- •Босанудың алдындағы арнайы акушерлік зерттеу.
- •Босанудың II кезеңін жүргізу
- •Жатыр мойнын тексеруге негізгі көрсеткіштер:
- •Босанушының босану ағымы
- •Жаңа туған нәретені біріншілік өңдеу
- •Нәресте туралы мәлімет
- •Бірінші тәуліктегі жаңа туылған нәресте жағдайы
7. Михаэлис ромбасы – 11 см
Іштің өлшемі және пальпациясы
Ішті өлшеу. Іш айналымын сантиметрлік лентамен кіндік тұсында өлшейді. Жүктіліктің соңында іш айналымы 90 – 100 см тең.Ал егіз жүктілікте, ірі ұрықта, көп сулы жүктілікте, ұрықтың көлденең орналасуында, семіздікте іш айналымы 100 см – ден артық болады.Жатырдың түбінің биіктігін өлшеу, яғни қасаға сүйегінің жоғарғы шегінің жатыр түбіне дейінгі аралық, ал жүктілік мерзіміне байланысты өзгеріп отырады. Бірінші акушерлік айдың соңында жатыр өлшемі тауық жұмыртқасындай болады.
2–акушерлік айдың соңында (8 апта) жатыр мөлшері қаз жұмыртқасындай болады. 3 - акушерлік айдың соңында жатыр нәресте басымен бірдей болады. 4 - - акушерлік айдың соңында жатыр түбі қасаға мен кіндік ортасында орналасады. 5 - акушерлік айдың соңында жатыр түбі кіндіктен 2 саусақ төмен орналасады. 6 - акушерлік айдың соңында (24 апта) жатыр деңгейін кіндіктің тұсында орналасады. 7 - акушерлік айдың соңында (28 апта) жатыр деңгейін кіндіктен 2 -3 елі орналасады. 8 - акушерлік айдың соңында (32 апта) жатыр деңгейін кіндіктен семсер өскіннің ортасында орналасады. 9 - акушерлік айдың соңында (36 апта) жатыр деңгейі семсер өскіннің деңгейінде орналасады. 10 - акушерлік айдың соңында (40апта) жатыр деңгейі 7 ай кезіндегі деңгейге түсіп, жатыр деңгейі төмен түседі.
Дәрігер жүкті әйелдің іш айналымын жатырдың биіктігін деңгеиін және жамбас өлшемдерін өлшейді. Ол үшін сантиметрлік лентамен, жамбас өлшеуіш қолданады. Жатырдың деңгейін өлшеу үшін симфиздің жоғарғы шеті мен жатыр түбінің нүктесі аралығына сантиметрлік лентамен қоямыз. Сантиметрлік лентамен өлшегенде келесі көлемдерді аламыз.
Жатыр түбінің биіктігін анықтағаннан кейін ұрықтың салмағына болжам жасай аламыз. Іш айналымын жатырдың биіктік деңгейіне көбейтеміз.
Жүктілік мерзімі/ Акушерлік ай |
Жатыр деңгейі |
Акушерлік IV ай |
Қасаға мен кіндік ортасында (қасағадан 6см жоғары) |
Акушерлік V ай |
Кіндіктен екі елі төмен (қасағадан 12см жоғары) |
Акушерлік VIай |
Кіндіктің тұсында (қасағадан 20см жоғары) |
Акушерлік VIIай |
Кіндіктен екі –үш елі жоғары (қасағадан 24см жоғары) |
Акушерлік VIIIай |
Кіндік пен семсер тәрізді өскіннің ортасында (қасағадан 28-30см жоғары).Жатыр шеңбері 80-85см |
Акушерлік Ixай |
Семсер тәрізді өскіннің деңгейінде (қасағадан 34-36см жоғары). Жатыр шеңбері 90см |
Акушерлік X ай |
Сегіз ай кезіндегі деңгейге қайта түсіп,жатыр шеңбері 90-98см-ге тең |
Мен курациялаған әйелде:
Іш айналымы – 90 см
Жатыр түбі биіктігі – 34 см
Ұрықтың болжам салмағы
Ұрықтың болжам салмағын анықтау әдістері:
А) Якубовтың есебі бойынша:
(Жатыр айналымы (см)+жатыр түбі биіктігі (см)*100
4/ егер ұрық жетілмеген жағдайда 6/
Б) Джонс есебі бойынша:
Жатыр айналымы(см)*жатыр түбі биіктігі(см)
В) Ланковицаның тәсілі бойынша:
(Жүкті әйел бойы(см)+салмағы(см) +жатыр айналымы(см) +жатыр түбі биіктігі(см))*10
Мен курациялаған әйелде ұрықтың болжам салмағы Джонс формуласы бойынша 90*34=3060