Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
босану тарихы аймаа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
274.49 Кб
Скачать

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Кафедра: Акушерия және гинекология

Кафедра меңгерушісі:м.ғ.к.,доцент Түсіпқалиев А.Б.

Ассистент: Аймаганбетова Сауле Кабиевна

Босану тарихы

Босанушының аты – жөні:

Жасы: 27.12.1986ж. 25 жаста

Клиникалық диагнозы: Мерзімінде босану. Жүктiлiктiн 38-шы аптасы. Ұрықтың ұзына бойы орналасуы. Баспен келуі. I позиция. Алдыңғы түрі.

Куратор: Батыров Сұңғат 403 Б

Ақтөбе – 2012ж

Паспорттық бөлім.

Аты-жөні: Тулеубекова Гулия

Жасы: 15.03.1977

Жынысы: әйел

Ұлты: қазақ

Білімі: орташа

Қызметі: үй шаруасында

Түскен күні: 05.05.2012; сағат 09:00

Жолдама берген мекеме: Жедел жәрдем

Қан тобы: В(IІІ) Резус – қайшылық: Rh (+) оң

Мекен – жайы: Ақтөбе қаласы, 12 мөлтек аудан 16 үй, 12 пәтер

Отбасылық жағдайы: тұрмыста

Түскен кездегі диагнозы: Жүктіліктің 36 аптасы, босанудың 1 кезеңі

Түскен кездегі шағымдары:

Қайталап жүкті болушы, қайталап босанушы, 35 жаста, қалыпты жамбас өлшемдерімен, жүктіліктің 36 аптасы, қағанақ суы кеткеннен 46 сағаттан соң, ретті толғақпен, облыстық босану орталығына келіп түсті.

Anamnesis vitae.

Қайталап жүкті болушы Тулеубекова Гулия 15.03.1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қоғамдық тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық. Туберкулез, Боткин, тері – венерологиялық аурулармен ауырмаған. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Дәрілерге аллергиясы жок.. Гемо-трансфузия болмаған.

Некеде. Шағатаев Ғабит жаста, инженер болып жұмыс жасайды. Дені сау.

Репродуктивті қызметі: Етеккір циклі 13 жастан бастап келеді. Етеккір тұрақты түрде, ай сайын, ауырсынусыз. Етеккірі 3-5 кун келеді. Соңғы етеккірі 19.08.2011 жылы келген.

Алғаш жыныстық қатынас 18 жаста болған. Қазіргі жүкті қайталап босанушы.

Есепке 16-аптада тұрған. Гинекологиялық аурулармен ауырмаған. Ұрықтың алғаш қозғалуы есінде жоқ. Жүктілік ағымы қалыпты өткен, ешқандай ауытқу жоқ.

Қан тобы В (IІІ), резус фактор Rh (+) оң.

Жалпы объективті тексеру.

Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Санасы ашық. Төсектегі қалпы активті.

Бойы – 156 см

Салмағы -60 кг.

Тері жамылғысы және көзге көрінетін кілегей қабаттары таза. Теріде бөртпелер, тыртықтар жоқ. Тері асты шел май қабаты орташа дамыған. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бұлшықет тонусы жақсы дамыған. Сүйек буын жүйесінде патология жоқ. Сүт безі ұлғайған. Емізік айналасы пигменттелген. Оң қолда артериалды қан кысымы 120/80 мм.с.б., сол қолда 120/80 мм.с.б.

Мүшелеп қарау.

Тыныс алу жүйесі.

Кеуде клеткасы нормостеник. Тыныс алу екі жақта бірдей. Дауыс дірілі өзгермеген. Тыныс алу жиілігі минутына – 25. Кеуде клеткасы серпімді. Салыстырмалы перкуссияда өкпенің 2жағында бірдей ашық өкпе дыбысы.

Аускультация. Екі жақты бірдей везикула тынысы. Сырыл жоқ.

Жүрек – қан тамыр жүйесі. Жүрек аймағын қарағанда патологиялық пульсациялар, ісінулер анықталған жоқ.

Асқорыту жүйесі. Ауыз қуысын қарағанда тілі ылғалды, таза. Бадамша безі ұлғаймаған. Іші жүктіліктің мерзіміне қарай ұлғайған. Бауыр оң жақ қабырға доғасы астынан пальпацияланады: бауыр шеті жұмсақ, тегіс.

Өт қапшығы пальпацияланбайды. Бауыр, талақ ұлғаймаған.

Зәр шығару жүйесі. Бел аймағын қарағанда патологиялық ісіну байқалмайды. Пастернацский симтомы екі жақтада теріс мәнді. Зәр шығаруы еркін, ырғақты, ауырсынусыз.

Жүйке жүйесі. Сұрақтарға адекватты түрде жауап береді. Сезімталдықтың бұзылыстары жоқ. Сіңір рефлекстері сақталған.

Ішкі секреция бездер жүйесі. Әйелдің сыртқы түрі жасы мен жынысына сәйкес 1-лік және 2-лік жыныстық белгілері дамыған. Қалқанша безі ұлғаймаған.

Акушерлік статус.

Жамбасты зерттеу.

Жамбас өлшемдерін өлшеу акушерияда маңызды, себебі жамбастың құрылысы мен оның көлемі босанудың ағымы мен шығуына маңызды рөл атқарады. Қалыпты жамбас босану ағымында өзіндік қиындықтар туғызады. Жамбас өлшемдерін өлшеу барлық зерттеу әдістерінің ішіндегі ең маңызды әдіс. Үлкен жамбас өлшемін өлшеп анықтау үшін арнайы құрал тазометрді қолданады. Зерттелетін жүкті әйел қатты тақтай үстінде арқасымен, екі аяғын созып шалқасынан жатады. Дәрігер зерттелетін жүкті әйелге бетпе-бет тұрып немесе отырып жүргізеді. Үлкен жамбастың 3 көлденең және 1 тік өлшемде өлшейді.

1. Distantia spinarium – мықын сүйектерінің алдыңғы – жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы. Ол үшін жамбас өлшемдерінің түймелерін осы өсінділердің аралығы сыртқы бетіне тірейді. Қалыпты жағдайда 25-26 см тең.

2. Distantia cristarum – мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелік аралығы. Қалыпты жағдайда 28 -29 см –ге тең.

3. Distantia trochanterica – ұршық аралығы ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың арасы. Ол 31- 32 см –ге тең.Қалыпты дамыған жамбаста үлкен жамбастың көлденең өлшемінің аралығы 3 см құрайды. Аз айырмашылық болса қалыпты жамбас құрылысының ауытқығанын көрсетеді.

Жамбас өлшемдерін анықтаған кезде ерекше көңіл бөлетін жер – ол Михаэлис ромбасы. Жоғарғы бұрышы 5-бел омыртқаның қылқанды өсіндісінің шұңқыры. Бүйір бұрыштары мықын сүйектерінің артқы жоғарғы өсінділерімен сәйкес келеді. Төменгі бұрышы құйымшақтың ұшына жетеді. Жоғарғы жіне сыртқы жағынан бұлшықеттерімен, төменгі және сыртқы жағынан бөксе бұлшықеттерінің қырымен шектеледі. Ортасында, екінші ұшын сегізкөз үсті ойығында орналастырады. Ол 20-21 см тең. Сыртқы конъюгата өлшемін білудің маңызы зор, өйткені бұл арқылы кіші жамбас қуысының кіреберісіндегі ішкі тік өлшемді анықтауға болады. Мысалы, сыртқы тік өлшем 20см болғанда, одан 8см алып тастағанда ішкі тең өлшем, нағыз конъюгата 11см-ге тең.

Жамбас сүйектерінің қалың жұқалығын анықтау үшін жүкті әйелдің білезігін өлшейді, орта шамамен ол 14 см-ге тең. Бұл Соловьев индексі. Егер Соловьев индексі 14 см-ден артық болса, онда жамбас сүйегінің қалыңдығынан оның қуысы тарылады, ал 14 см-ден кем болса жұқалығына байланысты оның қуысы кеңиді.

Мен курациялаған әйелде жамбас өлшемдері төмендегідей:

1. Distantia spinarium – 25 см

2. Distantia cristarum – 28 см

3. Distantia trochanterica – 30 см

  1. Conjugata externa – 20 см

5. Conjugata vera – 20 – 9= 11

6. Соловьев индексі- 14 см

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]