Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mkvsu_UMK.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать
  • 90 Micro сериялы бақылағыштармен General Electric Fanuc Automation;

  • Micrologic 1000 сериялы бақылағыштарымен Rockwell Automation;

  • TSX Nano сериялы бақылағыштарымен Schneider Automation;

  • С7-620 сериялы бақылағыштарымен Siemens.

Мөлтікүрдісшілік БЛБ-ның дамуының әлемдік тенденциялары

Нақты БЛБ-н таңдау кезінде, жалпы сұлбасы берілсе де, ескірген кешенді алмау үшін БЛБ-ның дамуының жалпы тенденциясын білу керек. Егер таңдалған БЛБ нақты нысанды автоматтандыруда қазіргі таңдағы барлық талаптарға сай болып, бірақ жаңа үлгіде болмаса, оны орнату барысында(кешенннің қызмет көрсету уақыты >10 жылдан кем болуы тиіс) келеңсіз жағдайларға алып келуі мүмкін.

Бағдарламалайтын логикалық бақылағышты таңдау мақсатттары. Әтүрлі БЛБ-ның болуы : көптеген бақылағыштардың ішінен бізге қажеттісін қалай таңдау керек туралы сұрақ туындайды. Қолданушылардың көбі бір сипаттаманың басым болуы емес, БЛБ-дың сипаттамаларының және қасиеттерінің жиынтығын теңестіру, яғни интегралдық баға береді.

БЛБ-дың ең маңызды параметрлерінің бірі жылдам әрекет етуі фирманың каталогтарында әртүрлі нұсқаларда беріледі. Бинарлы бұйрықтардың орындалу уақыттарын, 1К дискреттік бұйрықтардың сұрау уақытын, аралас бұйрықтардың орындалу уақыттары және т.б. қадағалайды. Бағасы ең таң қалдыратын фактор болып табылады. Кейбіреулер американдық долларда, ал кейбіреулері немістердің маркасында, яғни шетелдік валютаның курсы әртүрлі және жоғары бағада болады.

Құрылғының мамандануын ескере отырып, бағасына қойылатын талаптарды үш топқа бөлуге болады:

  • Техникалық сипаттамалары;

  • Пайдалану сипаттамалары;

  • Қолданушылық қасиеттері.

Сонымен қатар, таңдаудың талаптарына пайдаланушылық қасиеттері деп ескеріледі, яғни шығын/өндірушілік/сенімділік көрсеткіштенің қатынастары, ал техникалық және пайдаланушылық сипаттамалары таңдаудың шектеулері болып табылады. Бұдан басқа, сипаттамаларды – оң нәтижесі артатын тура("*"-суретте көрсетілген) және оң нәтижесі кему болып табылатын кері сипаттамасы ("*"-суретте көрсетілген). Бұл сипаттамалардың өзара кері байланысының болуы, яғни бір сипаттаманың жақсаруы екіншісінің нашарлауына алып келетін болғандықтан, құрылғының пайдалылығына берілген сипаттаманың әсер етуін ескеретін әрбір Ki сипаттамаға ai салмақтық коэффициентін анықтау қажет. БЛБ-дың бағалануының терминологиясы мен талаптардың құрамы сапалық стандарт (ГОСТ 15467-79) пен квалиметрияның негізгі жағдайына сәйкестендірілген. Аппаратты таңдау төрт кезеңмен жүргізіледі:

  • техникалық сипаттамалардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау;

  • пайдаланушылық сипаттамалардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау;

  • таңдалған аппараттың пайдаланушылық қасиеттерінің бағасы;

  • ранжирование изделий.

БЛБ-дың құрылысы. Ол - құралдар мен кешеннің жеке компоненттерінің өзара байланысының сипаттамасымен (бақылағыштар, оператор пульті, кіріс/шығыс топтамасының жойылуы ), яғни торлылық мүмкіндіктерімен анықталады. БЛБ құрылысының оңтайлылығы мен түрлі бейнеде болуы торлы деңгейлердің санына, тордың әрбір деңгейінде байланыстар типінің болуынан(шина, жұлдызша, сақина), әрбір деңгейдің тордағы келесі параметрлерінен: кабель типтерінің болу мүмкіндігінен, максималды қашықтықта болуынан, әрбір торға қосылатын максималды түйіндер санынан (кешеннің компонентерінен), әртүрдегі кабельдер болған кездегі ақпараттардың жылдам жіберілуі, торға қосылу компоненттерінің әдісінде(хабардың жеткізілуі кездейсоқ уақыт бойынша немесе олардың жеткізілетініне кепілдік уақыт беру). БТБ-дың берілген қасиеттері келесіні сипаттайды: өндірістік цехтарда аппараттардың бөліну мүмкіндігі; берілген БТБ-да іске асатын автоматтандырылған жүйемен қамтылған өндірістің көлемін; кез-келген барлық торлар арқылы оперативті ақпараттардың жіберілу шектік динамикасын; кабельдерге жұмсалатын шығындарды біршама азайтатын және алыс қашықтыққа төменгі вольтты аналогты дабылдарды жіберуде кедергілерді азайту үшін, кіріс/шығыс топтамаларын қабылдағыштар мен орындаушы механизмдерге орнын ауыстыру мүмкіндігін. бақылағыштардың келісілген уақыт бойынша жұмыс істеуін талап ететін апаттық жағдайларды өтеуде, тор бойынша дабылдардың жіберілуіне жеткілікті уақытты қамтамасыз ету қажет. Үлкен массивті ақпаратты жіберуге арналған ақпараттық торлардың болуы оператор пульттері мен өнеркәсіптің корпоративтік торлар сервері және осы тордың сипаттамасы (хаттамасын қосқанда) қарастырылып отырылған автоматтандыру жүйелерінің басқада өндірісті басқарудың аса жоғары деңгейлерімен байланысты орнату мүмкіндіктерін береді.

Бақылағыштардың сипаттамалары. Әртүрлі өндірушілерде БЛБ компоненттерінің қасиеттері мен параметрлерінде айырмашылықтар болады. Егер қолданушыға маңызды көрсеткіштерді атаса, олар: негізгі есептеу платасының түрі, разрядтылығы, жұмыстық жиілігі, жадының болуы және түрлерінің көлемі: оперативтік жады, энергияға тәуелсіз, тұрақты басқару жадысы, бақылағыштың операциондық жүйесі,бақылағышқа қосылатын түрлі кірістер мен шығыстардың (аналогты, дискретті, импульсті)максималды сандары болуы. Басты жағдай ретінде нақты БЛБ-да қуаты, жадысы, жүмыс істеу шарттары, басқа да түрлі параметрлері бойынша бір-бірінен айырмашылығы бар модификацияның болуы; сонымен қатар, әрбір модификация біріккен торлы құрылымда қолданылуы мүмкін.

Жоғарыда айтылған сипаттамаларда біле отырып, бақылағыштардың мүмкіндіктерін автоматтандыру жүйесімен талаптарымен байланыстыруға, кейбір параметрлері бойынша жұмыстың берілген шарттарын қанағаттандырмайтын қуатты аппаратты қолдануға мүмкіндік берілмейді. Әрине, модификацияның қатары түрлі автоматтандырылатын нысанның аумақтарына бақылағыштарды оңтайлы және аз шығын келтіріп таңдауға мүмкіндік береді.

БЛБ-ның жүмысының динамикасы. Көп қолданысқа басқару мен өңделетін бақылағыш тізбектерінің жылдам әрекет етуін анықтайтын БЛБ-дың динамикалық параметрлері маңызды. Динамиканың жеке көрсеткіштері:

  • қабылдағыштардың минималды сұрау айналымы және апаттық дабылдардың реакциялануының ең аз уақыты мен олардың апаттан қорғау тізбегінде өңделуі: оператор пульті арқылы дабылдың өту барысында, жүйелік тор арқылы басқару дабылдарын жіберу бір бақылағыштың ішінде орындалады;

  • оператор пультінің кадрындағы динамикалық деректерді алмастырудың ең аз айналымы мен кадрлердің өздерін алмастыру және пультпен оператордың бұйрығына кететін реакцияның ең аз уақыты ;

  • жүйені түгелдей жүктелуіне және қоректенудің үзілісінен кейін жеке бақылағыштарды да қосуға кететін ең аз уақыт;

Берілген көрсеткіштер автоматтандырылатын нысанда технологиялық үрдістердің жылдам өтуіне өте маңызды.

Бақылағыштық құрылғылардың жаңа нарығы. Берілген өнімнің негізгі шығарушылары: ABB (Baily Controls и Gartman & Braun фирмасының кеңейтілген және бақылағыштық құрылғылар), Emerson (бұрынғы Fisher-Rosemount), General Electric Fanuc Automation, Foxboro, Honeywell, Metso Automation (Damatic Automation фирмасын қосып алды), Moore Products, Omron, Rockwell Automation, Siemens, Yokogawa, Schneider Automation және т.б. Әртүрлі класстағы әрқайсысы екіден беске дейінгі бақылағыштық құрылғыларды ұсынатын барлығы 15 фирма.

20-ға жуық кіші масштабты шетелдік өндірушілер ресейлік өнеркәсіптерге (Коуо Electronics, Tornado, Triconex, PEP, Trey, Control Microsystems, GF Power Controls және т.б.) өздерінің бақылағыштық құрылғыларын енгізетін диллерлермен жұмыс істейді .

20 астам өнеркәсіп әртүрлі класстағы бақылағыштық құрылғылармен шетелдік өндірушілермен ("Автоматика", ДЭП, "Импульс", "Инсист Автоматика", "Интеравтоматика", "Квантор", НИИтеплоприбор, "НВТ-Автоматика", ПИК "Прогресс", "Саргон", "Системотехника", ТЕКОН, "Электромеханика", ЭМИКОН және т.б.) бәсекеге түседі.

Әдебиеттер :1нег.[ 13-37, 92–103], 2 нег.[48-81,52–55]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]