Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mkvsu_UMK.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать
  1. Ауыспалы сөздердің ұзындығы мен мөлтікүрдістердің тіркелген жиынтығы бар көпкристалды(секциялы) бағдарламалағыш мөлтікүрдісші.

Бірінші түрдегі мөлтікүрдісші қарапайым ЭЕМ-ның үрдістерінің ұйымдастырылуына ұқсас логикалық ұйымдастыруға ие. Біркристалды мөлтікүрдісші МОП- транзисторлардың көп мөлшердегі қарапайым сұлбаларын бір кристалға орналастыру мүмкіндігін беретін, мөлтікэлектрониканың түрлі МОБ-технологияларын қолданып орындалады.

Алайда, МОП-құрылымдар екіполярлы құрылымдарға қарағанда жылдам әрекет етуі әлдеқайда аз болады. Бұрын екіполярлы БИС кристалдың компоненттерін қаптауда тығыздығы аз болғандықтан, көпкристалды екіполярлы мөлтікүрдісшінің екінші түрі пайда болды. Функционалды- разрядтыслойдың құрастыру мақсатына сай негізделген.

Бұйрықтар жүйесін жобалаудың мүмкіндіктері ТҮАБЖ-да ақпараттарды өңдейтін алгоритмдердің ерекшеліктеріне қарай мөлтікүрдісшінің мөлтікбақылағыштық басқаруымен қамтамасыздандырылады.

Мөлтікүрдісшінің қызметтік ұйымдастырылуы. Мөлтікүрдісші мен мөлтікүрдісшілік жүйенің құрылымына толық анықтама бермес бұрын, есептеу техникасының негізгі концепциялары болатын - ақпараттық қамтамасыздандырудың сәулеті мен бағдарламалық қамтамасыздандыру қарастыру қажет. Мөлтікүрдісшінің сәулеті деп - деректердің көрінісінде, машиналық үрдістерде, есептеу үрдістері мен алгоритмдерді анықтауда қолданылатын мөлтікүрдісшінің аппараттық электронды құрылғыларының қызметтік мүмкіндіктері.

Сәулет аппараттық, мөлтікбағдарламалық және ЕТ(ВТ)-ның бағдарламалық құралдарын біріктіріп, нақты мөлтікүрдісшілік жүйе құру мен мөлтікүрдісшінің жиынтығының мүмкіндіктерін қолдану қолданушының бағдарламалық тәсілі мен қосымша аппараттық құрылғылардың көмегімен орындау тиіс екенін айқын көрсетеді. Есептеу машиналарының сәулеттерінің көптеген жіктелулері мен түрлері кездеседі.

Ақпараттарды өңдейтін әмбебап бағдарламалық басқару құрылғысы болып табылатын мөлтікүрдісші тұрады: орындалатын бұйрыққа сәйкес ақпараттардың өңделуін қамтамасыздандыратын үрдістік құрылғыдан(ҮҚ), орындалатын бұйрық пен басқарылатын үрдістің күйіне сәйкес мөлтікүрдісшінің есептеу үрдісін бірдей орындалуын қамтамасыз ететін басқару құрылғысынан(БҚ), мөлтікүрдісшіні МҮ-жүйелерінің басқада модульдерімен бірлесіп әрекет етуін қадағалайтын интерфейстік тотамалардан (ИБ). Жалпы жағдайда ОЭЕМ-н келесі төрт негізгі тотамалар түрінде көруге болады:

1. Кіріс-шығыс тотамасы;

2. Жады;

3. Арифметикалық- логикалық құрылғы (АЛҚ);

4. Басқару топтамасы;

көмегімен кез-келген әмбебап ЕМ сипаттауға болады (3.1-сур.). ЕМ-на ақпарат кіріс-шығыс құрылғысымен беріледі.

    1. -cурет. МҮ-нің негізгі топтамаларының сұлбасы

ЕМ-ның ішіндегі жадысында өңдейтін ақпаратты да, орындалу қажет кодталған үрдістер де сақталады. Өңдеу орындау топтамасымен іске асатын жұмыстардың ретінің бөлінуі мен бірдей орындалуы сандық логикалық сұлбалармен орындалады. Сонымен қатар, кіріс-шығыс құрылғысының, арифметикалық логикалық құрылғысының және жадының жұмысын реттейді. Бұл құрылымдық сұлбаларды өзгерту арқылы машиналық сәулеттің түрлі типтерін алуға болады.

АЛҚ операндалармен арифметикалық және логикалық үрдістерді орындауға арналған. АЛҚ келесі түрде жіктеледі:

  1. Операндаларға әрекет ету тәсілі бойынша. Тізбектей және параллель әрекет ететін АЛҚ. Тізбектелген АЛҚ-да операндаларға кіші разрядтан бастап тізбектей әсер етеді. Ал, параллельді АЛҚ-да операндалар разряды бір уақытта өңделеді.

  2. АЛҚ-да өңделетін сандардың түріне байланысты тіркелген немесе еркін үтір мен екілік-ондық сандарға үрдістерді жүргізу мүмкіндігі бар.

  3. АЛҚ-ның операндаларға әрекетті ұйымдастыруына байланысты топтамалы немесе көпқызметті болып бөлінеді. Топтамалы АЛҚ-да бір топтамалар екілік-ондық сандарға әрекет етсе, ал келесісі тіркелген үтірлерге, үшіншісі еркін үтірлерге әрекет етуге арналған. Көп қызметті АЛҚ-да бір топтама тіркелген үтірлерді, еркін үтір мен екілік-ондық сандарды өңдей алады.

Құрылысына қарай АЛҚ қатыстық байланыс және көп байланысты болады. Көп байланысты АЛҚ-да қабылдағыш тіркеушісінің кірісі мен шығыстары және ақпарат көздері бір шинаға қосылады. Кіріс және шығыс дабылдардың бөлінуі басқарушы дабылдардың әрекетімен орындалады. Қатыстық байланысы бар АЛҚ-да қабылдағыш тіркеушісінің кірісі өңделу жүретін тіркеуші мен операндалар көзі тіркеушісінің шығысымен байланыстырылады.

Мөлтікүрдісші құрылғысының типтік құрылымы. Бұл құрылымда орталық орынды қарапайым ЭЕМ-ның мөлтікүрдісшісі тәрізді деректерге логикалық және арифметикалық үрдістерді орындап, ақпараттарды өңдеу үрдісінің бағдарламалық басқаруын қамтамасыздандырып, жүйеге кіретін барлық құрылғылардың бірігуін ұйымдастырады.

Берілген құрылым мөлтікүрдісшілік құрылғылары мен жүйелерді магистралды- модульді мақсат бойынша ұйымдастырылуын көрсетеді.

Модуль аралық байланыстар мен модульдер арасында ақпарат алмасу, жүйенің барлық негізгі модульдары қол жеткізе алатын бірлескен шиналардың қатысымен орындалады. Ақпарат алмасу бірлескен шиналар жүйесінің уақыт бойынша бөлінген модульдар жолы арқылы іске асады.

Мөлтікүрдісшілерге адрестер шинасынан – АШ, екібағытталған деректер шинасынан –ДШ, басқару шинасынан -БШ тұратын үш шиналы құрылым тән. Адрестер шинасы жүйелік интерфейске қосылған жадының адрестерін және құрылғы тіркеушісінің адрестерін жіберуде қолданылады. Деректер шинасы құрылғылар арасында ақпарат алмасуды, ал басқару шинасы басқару дабылдарын жәберу үшін қажет. Әрбір жүйелік интерфейске қосылған қызметтік құрылғылар , басқару мен күй және деректер тіркеушісіне бөлінетін адрестелген тіркеушінің жиынтық үрдісші ретінде қарастырылады.

Мөлтікүрдісші жүйесіндегі ақпараттық ағындары . Логикалық түрде мөлтікүрдісшілік жүйесінде үш түрлі ақпараттық ағындар болуы мүмкін: мөлтікүрдісші - жады, мөлтікүрдісші – енгізу-шығару құрылғысы (ЕШҚ) және ЕШҚ – жады. Мөлтікүрдісші ақпараттарды ДШ-мен (жадын оқу немесе енгізу тәртібі) қабылдауы мүмкін немесе ДШ-да ақпараттарды көрсете алады (жадыға жазу немесе шығару тәртібі). Бұл тәртіптерде адрестер мен деректердің жүйелік шинасы мөлтікүрдісшіде болады. Жадыға тура ену(ЖТЕ) тәртібінде адрестер мен деректердің жүйелік шинасы сыртқы енгізу-шыңару құрылғысында болып, мөлтікүрдісшінің қатысынсыз жадымен деректер алмасады.

ЖТЕ тәртібі арнайы құрылғы ЖТЕ-бақылағышымен іске асады. Кез-келген берілген ақпараттық ағындардың физикалық түрде орындалуы үшін адрестер мен деректердің бір ғана физикалық шиналары қолданылады, бірақ әрбір алмасудың түрі түрлі басқарушы дабылдардың қатысымен орындалу қажет. Ақпараттарды комбинациялау жолымен (адрес + басқару дабылдары) мөлтікүрдісші немесе ЖТЕ-бақылағыштары арқылы физикалық құрылғыны(жадының әрбір ұяшықтарына дейін) аламыз. Сонымен, логикалық түрде біз есептеу жүйесінде физикалық түрде сол тек бір ғана ақпараттық шиналармен орындалатын үш түрлі ақпараттық ағындардың қарастыра аламыз.

Әдебиеттер:1нег.[ 13-37, 92–103], 20 нег.[36–45]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]