Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mkvsu_UMK.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

  1. Жедел жады қандай режимде жұмыс істейді?

  2. Бағдарламаның тұрақты жадысы қандай режимде жұмыс істейді?

  3. Мөлтікомпьютер деген не?

  4. Шиналардың негізгі сипаттамаларын атаңыз?

  5. Мөлтікүрдісші қандай негізгі блоктардан тұрады?

  6. Бағдарламалық жады блогының тағайындалуы.

  7. Бұйрықтар есептегішінің тағайындалуы.

3-дәрістің тақырыбы: МӨЛТІКҮРДІСШІ ЖҮЙЕНІҢ БАЗАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ.

Тақырыптың мазмұны: МҮЖ-нің негнізігі сипаттамалары мен олардың жіктелуі. PLC, RTU, РСУ қосалқы жүйелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары .

 МҮ-нің сипаттамалары. Технологиялар мен мөлтікэлектронды сұлбалардың дамуына байланысты әмбебап, тағайындалуы функционалды-аяқталған құрылғы және қызметі мен құрылысы жағынан қарапайым ЭЕМ-ның қарапайым түрдегі үрдісшісіне ұқсас, бірақ өлшемі жағынан әлдеқайда кіші ҮИС және ӨҮИС-ді құрастыруға алып келді. Бұл ҮИС мөлтікүрдісші атына ие болды.

Мөлтікүрдісші – бұл мөлтіксұлба немесе деректермен арифметикалық және логикалық үрдістерді жүргізетін, сонымен қатар, бағдарламалық басқаруды үрдістерді есептеумен жүргізетін бірнеше мөлтіксұлбалардың жиынтығы.

Мөлтікүрдісші құрылғылар деңгейі бойынша сәйкестендірілген қорек көзінің, дабылдар мен ҮИС және ОИС ақпараттарының бейнесінің жиынтығы түрінде, мөлтікүрдісшіні қосатын, жедел тұрақты жадының мөлтіксұлбасы, кірісі мен шығысын басқару, тактілік дабылдардың генераторы және т.б. түрлерде шығарылады.

МҮ әртүрлі әмбебап және арнайы жасалған мөлтік ЭЕМ-ын, мөлтікүрдісшілік ақпараттық басқарушы жүйелерді құруда, бағдарламалық мөлтікбақылағыштарды, әртүрлі мөлтікүрдісшілік құрылғылар мен бақылау құрылғыларын, деректерді басқару және өңдеу қызметін атқарады.

Аз мөлшердегі есептеу ресурстары мен қарапайымдатылған бұйрықтар жүйесі бар мөлтіккомпьютерлер есептеуді жүргізу емес, бағдарламаланған мөлтікбақылағыштар немесе жай ғана бақылағыштар деп аталатын әртүрлі қондырғылардың логикалық басқару үрдісін орындайды.

Мөлтікүрдісшінің негізгі сипаттамаларына келесі көрсеткіштерді жатқызуға болады:

  • ҮИС мөлтікүрдісшіні дайындауда қолданылатын мөлтікэлектронды технологиялардың түрлері;

  • Мөлтікүрдісші өңдейтін сөздердің ұзындығы(разрядтардың саны);

  • Мөлтікүрдісшінің жылдам әрекет етуі(тактілік жиілігі,негізгі үрдістердің бұйрықтарының орындалу уақыты);

  • Адрестелген жадының сыйымдылығы;

  • Басқарушы құрылғының түрі (сұлбалық немесе мөлтікбағдарламалық басқару);

  • Бұйрықтар жүйесінің маңыздылығы (бұйрықтардың саны, үрдістердің орындалуы, адрестеуде мүмкін болатын тәсілдер, стектік жадымен, биттік үрдістермен, ондық сандармен және т.б.);

  • Үзіліс деңгейлерінің саны;

  • Кіріс-шығыс интерфейсінің өткізушілік қабілеті;

  • Қолданылатын дабылдардың номиналды параметрлері;

  • Мөлтікүрдісшілік жиынтыққа кіретін қосымша мөлтіксұлбалар мен оның орындайтын қызметтері;

  • Мөлтікүрдісшінің жобалау бағдарламаларына көмек ретінде қолданушыға бағдарламалық құрылғыларына қол жетімділігі және мөлтікүрдісшілік құрылғылар мен жүйелерді пысықтау мүмкіндігі .

Мөлтікүрдісшінің әртүлі көрінісін 2 түрге бөлуге болады:

Сөздің разрядтары тіркелген, бұйрықтар жүйесі тіркелген және ереже бойынша, сұлбалық логикасымен басқару құрылғылары бар біркристалды;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]