
- •Дәрістік сабақтар конспектілері
- •RisCсәулетін 32 разрядты мү-де қолдану.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ауыспалы сөздердің ұзындығы мен мөлтікүрдістердің тіркелген жиынтығы бар көпкристалды(секциялы) бағдарламалағыш мөлтікүрдісші.
- •Бақылау сұрақтары:
- •90 Micro сериялы бақылағыштармен General Electric Fanuc Automation;
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары
- •6.4. Дабылдарды өңдейтін үрдісшінің типтік құрылысы (аст және сат қатынасынсыз)
- •Адрестік кеңістіктің(ак) логикалық бөлінуі
- •Бағдарламаның үзілісі және мөлтікүрдісшілік жүйелердегі үзілістерді өңдеу принциптері.
- •Үзіліс бақылағышының құрылысы.
- •Үрдісші мен үзіліс бақылағышының бірге әрекет етуі
- •Үзілісті өңдеу процедурасына векторлы-бағдарламалық өту
- •Үзілісті өңдеу процедурасына векторлы өту
- •Периодтық есептеуді іске асыруда уақыт өлшегіштерді қолдану.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ieee 802.4 (Token Passing Model) стандарты ретінде маркерді жіберуші модель.
Бақылау сұрақтары:
1. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар.
2. МҮ мен МҮ жүйесінің даму кезеңдері.
3. Негізгі компоненттері мен МҮ сәулетінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз ?
4.Оператор не үшін қажет ?
5. Операнд нені көрсетеді ?
6. АЛҚ –ның тағайындалуы (арифметикалық- логикалық қондырғысы).
7. Бұйрықтардың дешифраторы дегеніміз не?
8. Басқару тотамасының қызметін атаңыз?
9. Кіші үрдісшілер үшін үш шиналы құрылым тән, оның құрамы.
10. Дүкендік үрдісшінің бағдарламасы туралы түсініктемелер.
11. Деректердің шинасы дегеніміз не ?
2-дәрістің тақырыбы:АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ .
Тақырыптың мазмұны: Мөлтікүрдісшіде(МҮ) шиналарды ұйымдастыру. МҮ-де жадыны ұйымдастыру. Кіріс/шығыс ішкі жүйелерін ұйымдастыру. Мөлтікүрдісші жүйенің(МҮЖ) негізгі құрылысы. МҮЖ–нің негізгі сипаттамалары және оның жіктелуі. PLC, RTU, РСУ, қосалқы жүйелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары .
Ақпаратты өңдеу үрдісін ұйымдастыру мақсаттары. МҮ-нің құрылымындағы элементтердің тағайындалуы. Мөлтікүрдісші бұл – бір немесе бірнеше ӨҮИС (СБИС)-н орындалған , көп разрядты екілік сандар түріндегі сандық деректерді өңдеуге арналған және осы үрдісті есептегіштің жадысынан шығарылатын бұйрықтар бағдарламалары негізінде басқару.
Тактілі импульстың генераторы(ТИГ) жүйедегі мөлтікүрдісші мен басқа да құрылғылардың жұмысын бірдей орындалдыратын периодтық импульстардыүзіліссіз бірінен кейін бірінің құру қызметін атқарады.
Мөлтікүрдісші топтамалар – бұл есептегіш шегіндегі стандартталған интерфейс пен басқа да құрылғылардан тұратын деректерді сандық өңдеу модулі. Талап етілген интерфейс топтамалардың шығыс сызықтарының жүктеу мүмкіндіктерін жақсарту және сыртқы жеке адрестер, деректер, талап етілген разрядтылығы мен дабылдардың жиынтығынан тұратын басқаруды ұйымдастыратын буферлі таңбаларды(тіркеушілер мен шиналық құраушылар) қолданумен қамтамасыз етіледі. Сонымен, мөлтікүрдісші топтамаларының құрылымы шығыс шиналардың типтік параметрлерін қолданылатын мөлтікүрдісшінің ерекшеліктеріне тәуелсіз қамтамасыз етуі қажет. Адрестер мен деректердің шиналарының буфері үш тұрақты таңбалардан тұрады.
Сыртқы есте сақтау құрылғыларының (бағдарламалардың жадысы) топтамасы тұрақты есте сақтау құрылғысының мөлтіксұлбаларында бір ретті немесе көп ретті бағдарламаларды құрады. Жүйенің жұмыс істеуі кезінде тұрақты есте сақтау құрылғысының мөлтіксұлбасы тек ақпаратты ғана береді. Тұрақты есте сақтау құрылғысы бұйрықтардың кодын және алгоритм тұрақтыларының мәндерін сақтау қызметін атқарады.
Топтаманың
ақпараттық көлемі
:
.
Жедел
есте сақтау құрылғыларының топтамасы
(деректер жадысы) мөлтіксұлбаларда
жедел есте сақтау құрылғысын құрады.
Жұмыс істеу барысында бұл мөлтіксұлбалар
ақпараттарды оқуды және жазуды орындайды,
бірақ қоректің сөндірілуі кезінде
деректер жойылады. Жедел есте сақтау
құрылғылары жұмыс істеу барысында
жаңартылып отыратын деректерді сақтау
қызметін атқарады. Топтаманың ақпараттық
көлемі
тұрады.
Параллельдік порттартарға мөлтікүрдісшінің сыртқы құрылғылармен(мысалы, аналогты-сандық түрлендіргіштер) бірге әрекет етуі кезінде ақпараттарды параллельді кодта қабылдау және жіберу қызметі тән. Порттар мөлтікүрдісші мен сыртқы құрылғылардың ереже бойынша, әртүрлі жылдам әрекет етуге ие болғандықтан жадының буферлі ұяшықтар қызметін атқарады. Параллельді порттар параллельді тіркеушілер негізінде құрылады.
Тізбектелген порттар есептегіштен беру кезінде ақпараттардың параллельдік кодтан тізбектелген кодтарға және кері жағдайда ақпараттарды есептегішке қабылдауда түрлендіру қызметін атқарады. Деректердің тізбектелген кодпен берілген көрінісі, байланыс каналдарының 1..2 метрден алшақ аралықта болған кезде, сонымен қатар радиобайланыста қолданылады. Тізбектелген порттар ығыстыратын тіркеушілер негізінде құрылады. Байланыс желілерінің дәстүрлі атаулары: RxD – деректерді қабылдау желісі, TxD – деректерді тасымалдау желісі (шығысы). Бұл құрылғыларда деректерді түрлендіру кезінде тасымалдау жылдамдығы мен кодтық өлшеміне тәуелді уақыт шығындалады. Мөлтікүрдісшімен деректердің өндірістік емес күтуін жою үшін, тізбектелген порттар мен мөлтікүрдісшінің бірлесіп әрекет етуі үзіліс бақылағыштары арқылы іске асады.
Торлы алмасу адаптері тізбектелген порт жұмыс істейтін дабылдардың үйлесуіне, борттық желі арқылы(яғни физикалық деңгейдің хаттаммасын бірқалыпта ұстап тұру) тасымалдауда қолданылатын дабылдардың пішіні мен деңгейіне қажет. Борттық желілер үшін кең түрде таралған торлы алмасудың стандарттары: MIL-STD-1553A және ARINC429 (немесе 629), жер бетіндегілерге - RS-232 және RS-485, Ethernet.
Уақыт өлшегіштер уақыт аралықтары мен орындаушы құрылғылардан келетін сыртқы импульстарды есептеу қызметін атқарады. Уақыт өлшегіштер есептегіштердің негізінде құрылады. Берілген уақыт аралықтарының немесе берілген импульстер санын есептеуінің аяқталуын уақыт өлшегіштің дабылы мөлтікүрдісшіге үзіліс бақылағыштары арқылы келеді.
Үзіліс бақылағыштары – түрлі құрылығылардан келетін асинхронды дабылдарға сезіну, бұл дабылдардың жаңа түрін алудың және дабылдың жіберген құрылғы туралы мөлтікүрдісшіні ақпараттандыратын арнайы топтамасы.
Адрестік селектірлер (АС) – жадының анықталған мөлтіксұлбаларын белсендіру үшін CS керемет дабылдарды алуға арналған немесе мөлтікүрдісшіден адрестер шиналары арқылы тасымалданатын ақпараттар негізіндегі құрылғылар тәрізді логикалық сұлбалары дешифратор негізінде болады.
Енгізу-шығару порттарының, уақыт өлшегіштердің және үзіліс бақылағыштарының ерекшеліктері болып, олардың жұмыс тәртібінің бағдарламалық баптау мүмкіндігінің болуы.
Мөлтікүрдісші жүйе деп (МҮЖ) – құрамында кем дегенде бір мөлтікүрдісші, бір немесе бірнеше негізгі модульдерден (ЖЖҚ мен ТЖҚ) және қосымша жадыдан, кіріс және шығыс құрылғысынан және жалпы жағдайда адрестер(шиналар) магистралінен (МА, ША), деректер (шиналар) магистралінен (ДМ, ДШ) және басқару (шиналар) магистралінен (БМ, БШ) тұратын магистральдар жүйесі арқылы байланысқан, кіріс пен шығыс құрылғысы бар бақылағыштардан тұратын ақпаратты сандық өңдеу мен басқару жүйесін айтамыз.
МҮЖ-нің логикалық құрылысы 2.1-суретте көрсетілген. Мұндағы БО (ОУ)- басқару объектісі, Д – қабылдағыш, ОМ (ИМ) - орындаушы механизмдер, АБ(ИК)- ақпараттық бақылағыштар, НЖ (ОП)- негізгі жады, ҚЖ (ДП)- қосымша жады,ДҚБ(БСД) – датчикпен қөсылатын блогі, АББТ(БСИК) – ақпараттық бақылағыштармен байланысу топтамасы.
2.1-сурет. МҮЖ–ның логикалық құрылысы.
МҮЖ-ның ЖЖҚ(ОЗУ)-сы ақпаратты оқуды және жазуды қамтамасыз етіп, МҮЖ–нің сөнуі барысында энергияға тәуелді жады ретінде қызмет атқарады. Ал ТЖҚ(ПЗУ) энергияға тәуелсіз жады түрінде болып, ақпаратты тек оқу мүмкіндігін береді. Магистраль МҮЖ-ның аппараттық құралдардың коммуникациясын және меңзеушілердің жиыны мен дабылдардың күшейткіші түрінде болады.
Қолдану аймағына байланысты МҮЖ-сі әмбебап пен арнайы жасалған, автономды және қоса салынған болып бөлінеді.
Кез-келген МҮЖ-нің негізін құрамында бағдарламаның тұрақты жадысынан, деректер жадысынан, тактілі импульстер генераторы менҮИС (БИС) немесе ӨҮИС(СБИС) негізінде құрылған ақпаратты бақылағыштардан тұратын мөлтікүрдісші негізінде жасалған, есептегіш немесе басқаратын жүйе, яғни мөлтік ЭЕМ-сын құрайды.
Мөлтік ЭЕМ-сы орындалу тәсіліне байланысты біркристалды, бірплаталы және көпплаталы болып бөлінеді. Бірплаталы мөлтікЭЕМ-да мөлтікүрдісші ҮИС (БИС) кристалы түрінде орындалып және бұл кристаллда мөлтікүрдісшіден бөлек мөлтік ЭЕМ-ның басқада компоненттері болуы мүмкін (бағдарламаның тұрақты жадысынан, деректер жадысынан, бақылағыштардан және т.б.).
Мөлтік ЭЕМ тағайындалуына байланысты әмбебап және мамандандырылған болып бөлінеді.
Мөлтікүрдісішінің жалпы құрылысы. Мөлтікүрдісші – бұл сандық деректердің өңделуін орындауға және бұл өңделудің ретін басқаруға арналған есептегіш құрылғының қызметтік топтамасы. Берілген әрекеттер есептегіштің жадысынан автоматты түрде бұйрықтарды алатын мөлтікүрдісшімен орындалады.
Жалпы түрде мөлтікүрдісшінің қызметі екі деңгейдің алмасып орындалу түрінде болуы мүмкін. Олар: 1) жадыдан және дешифрленуден бұйрықты таңдау(оқу), және (2) бұйрықтардың орындалуы.
бұйрықты таңдау(оқу) тактілі импульс генераторың(ТИГ) импульсінің әрекетінен және бағдарламалаушыдан тәуелсіз мөлтікүрдісшінің аппараттық құрылысымен қатаң түрде анықталған автоматты үрдіс болып табылады. Бұйрықтың дешифрленуі мөлтікүрдісшінің барлық түйіндерінің басқару дабылдары мен бұйрықтың құрамындағы ақпараттар (яғни кодтар) негізіндегі есептегіштің басқа топтамаларының тізбектей құрылу үрдісі болып табылады.
Бұйрыққа сәйкес орындалатын әрекеттер , деректердің арифметикалық және логикалық өңделуі, деректерді тасымалдауы, келесі бұйрықтың адресін құру немесе мөлтікүрдісшінің жұмыс тәртібінің өзгеруі түрінде болуы мүмкін. Кез-келген жағдайда нақты мөлтікүрдісшісінің бұйрықтар жүйесі арқылы бағдарламалаушының әрекетімен анықталады. Берілген бұйрық орындалғаннан кейін мөлтікүрдісші автоматты түрде жадыдан келесі бұйрықты таңдауға көшеді.
Жаңа үлгідегі мөлтікүрдісшілер қызметтік топтамалар жиынтығы мен олардың арасындағы байланысымен ерекшеленеді. Алайда, кез-келген мөлтікүрдісшінің құрылысында мөлтікүрдісшінің есептегіштің басқару орталығы ретінде анықтап, негізгі таңбаларын бөліп қарауға болады. Ең алдымен бұл келесі екі топтама туралы айтылған сөз: басқару құрылғысы мен амалдар құрылғысы.
Басқару құрылғысы (БҚ) бұйрықтарды таңдауды, оларды дешифрлеу мен олардың негізінде алмасуды басқару мен басқарушы дабылдардың тізбектей генерациялану жолымен ақпараттарды өңдеуді орындауға арналған.
Операциондық құрылғы (ОҚ) сандық ақпараттарды(арифметикалық және логикалық амалдар, ығыстыру, сандарды анализдеу және т.б.) өңдеу қызметін атқарады. Мөлтікүрдісшінің жалпылама құрылысы 2.2-суретте көрсетілген. .
2.2-сурет. Мөлтікүрдісшінің жалпылама құрылысы.
Мөлтікүрдісшінің ішінде ақпараттарды сақтау негізгі элементі болып аз уақытпен оқитын және жазатын оперативті есте сақтау құрылғысының аса оперативті қызметін орындайтын тіркеушілер болып табылады.
РгБ бұйрықтар тіркеушісі (IR – ереже бойынша, бұл тіркеушіде коinsructionregister тіркеледі) амалдарды шығарғаннан кейін бұйрықтың кодын фиксациялау үшін қолданылады. (КОП) – орындалатын іс-әрекет пен операндалардың адрестелуінің тәсілі анықталатын бұйрықтар кодының бөлігі.
Операндалар тіркеушісі өңдеу кезіндегі жадыны үнемі қолдана бермей деректерді сақтау қызметін атқарады. Жаңа үлгідегі мөлтікүрдісшілерде операндалардың тіркеушілер саны 10-15-ке дейін жетеді. Олар мөлтікүрдісшінің ішкі жадысын құрайды. Бір кристалды мөлтікбақылағыштарда операндалар тіркеушілер саны ондаған шамаға жетуі мүмкін және оларға тіркеушілік файл деп аталатын ұғым енгізіледі. Кейбір операндалардың тіркеушілері басқа операндалардың адрестерін сақтау және құру үшін қолданылады, яғни олардың негізінде жадыдағы деректердің жанама адрестеу механизмі пайда болады. Операндалардың тіркеушілеріне орналастырылған деректер арифметикалық-логикалық құрылғысына(АЛҚ) өңделуге жіберіледі. Кейбір мөлтікүрдісшілердің түрінде операндалардың тіркеушілерінің бірі әрқашанда АЛҚ амалдар нәтижесінің қабылдағышы болып және бұл тіркеушісі аккумулятор-тіркеушісі деп аталады. Амалдарының түрі келесі сұлба бойынша орындалатын мөлтікүрдісшілер: <аккумулятор> (амал) <операнд> Þ <аккумулятор>,
Аккумуляторлы-бағытталған құрылымды мөлтікүрдісшілер деп аталады.
Бұйрықтар есептегіші (ағылш. PC - programmingcounter) – бұйрықты таңдау немесе орындалуы барысында келесі бұйрықтың адресі құрылатын тіркеуші болып табылады. РС-тіркеушісінің құрамын модификациялау дегеніміз – жадыдан бұйрықтарды бірінен кейін бірін таңдап және есептеу үрдісінің(яғни алгоритмдердің бұтақтануын орындау) жолын басқаруды айтамыз.
Стекті нұсқаушы (ағылш. SP - stackpointer ) – бағдарламаның орындалуында бағдарламашы деректерге тізбектей жету мақсатын қолданатын жады аумағының шектерінің адресі сақтайды.
Адресті тіркеуші – мөлтікүрдісшінің (жадының ұяшықтары немесе енгізу-шығару порты) кез-келген сыртқы құрылғыларының адрестері құрылатын тіркеуші . Берілген тіркеуші адрестік ақпараттарының көзі болып мөлтікүрдісшінің түрлі тіркеушілері болуы мүмкін. Сонымен қатар, адрестің тіркеушісі адрестің сыртқы шинасына берілетін жинағыш буфердің рөлін атқарады.
Сындар тіркеушісі (ағылш. F - flags) – АЛҚ-да орындалатын (нөлдік нәтиже,разрядты тордың толуы т.с.с.) амалдардың нәтижесін сипаттайтын жеке биттер түріндегі сындар тіркелетін ішкі жадының элементі болып табылады.
Арифметикалық-логикалық құрылғы (АЛҚ) – деректерді өңдеу әрекеттерін орындауға арналған мөлтікүрдісшінің қызметтік топтамасы.
АЛҚ-да орындалған амалдардың нәтижесі тіркеушілердің біріне беріліп немесе жадыға (бұйрыққа байланысты) қайта жіберіледі. Сындар тіркеушісінде автоматты түрде оның нәтижесін сипаттайтын сындар құрылады.
Мөлтікүрдісшінің қызметі әрқашанда сыртқы тактілі импульстің генераторымен(ТИГ) синхрондалады. Осы импульстардың ТИГ-на әсерінен жадыдан бұйрықтарды таңдау мен олардың қайта шифрленумен байланысты мөлтікүрдісшіні басқару құрылғысы автоматты түрде әрекет етеді.
Бұйрықтардың орындалуы тактілі жиіліктердің бірнеше периодын алып, мөлтікүрдісшінің қарапайым әрекеттерінің(бұйрықтарды таңдау, операнданы оқу, АЛҚ-на шығару) бірінен кейін бірінің орыдалуынан тұрады. Бұл қарапайым әрекеттерді машиналық айналымдар(МА) деп атайды. Әрбір МА-ның өтуі барысында барлық есептеу жүйесі мен мөлтікүрдісшінің сәйкес түйіндері үшін қатал түрде анықталған комбинацияның генерациясы жүреді.
Құрылысының ұйымдастырылуына байланысты бір немесе көпмагистральды мөлтік ЭЕМ болып ерекшеленеді( 2.3-сур).
2.3- сурет. ЭЕМ-ның жалпы құрылысы: а-бірмагистральды; б-көпмагистральды .
Бірмагистральды мөлтік ЭЕМ-да барлық құрылғылар бірдей интерфейске ие болып және ақпаратты, адрестерді, басқарушы дабылдарды жіберетін бірдей ақпараттандырылған магистральға қосылған. Көпмагистральды мөлтік ЭЕМ-да біруақытта бірнеше магистраль арқылы ақпаратты жіберу және жүйенің жылдам орындалу мүмкіндігін беретін құрылғылар, топ-тобымен өзінің ақпараттандырылған магистраліне қосылады.
МҮЖ-нің орталық бөлігі болып, ҮИС(БИС) технологиясын қолданып орындалатын (көбіне бір кристалда) және ақпараттарды өңдеуді( кіріс-шығысты қосқанда),шешім қабылдауды, арифметикалық және логикалық үрдістерді ішкі бағдарламалық басқарумен орындай алатын өңдеуші құрылғы мөлтікүрдісші табылады.
МҮ жүйелік жадысының логикалық көрінісі. Есептегіш құрылғы жадысының құрылысын қарастырғанда, физикалық және логикалық ұйымдастыру ұғымын қолдану ыңғайлы.
Жадының логикалық ұйымдастырылуы – деректерді сақтауды адрестеудің белгілі ережелері бар ұяшықтардың бірөлшемді массиві түріндегі құрылғылардың көрінісі.
Жадының физикалық ұйымдастырылуы – талап етілген разрядтылық пен көлемді, олардың адрестер шинасы мен деректерді, деректермен алмасу хаттамасына жету үшін оперативті есте сақтау құрылғысы мен тұрақты есте сақтау құрылғысының мөлтіксұлбаларының қосылу тәсілі.
Логикалық ұйымдастыру көз қарасымен, жүйедегі барлық құрылғылар тіркеушілер немесе жадының тізбектелген ұяшықтарының жиынтығы ретінде қарастырылады. Бұл ұяшықтардың кез-келгеніне мөлтікүрдісші шартты реттік нөміріне – жады ұяшықтарының адресіне немесе енгізу-шығару портының тіркеушісіне қарай жүгінеді. Берілген мөлтікүрдісшіге жадының жеке адрестелетін ұяшықтары мен порттар тіркеушісі немесе бақылағыштардың ең көп мүмкін болатын саны берілген мөлтікүрдісшінің адрестік кеңістігі(АК) деп аталады. Адрестік кеңістік дәстүрлі түрде жүйелік(негізгі) АК және енгізу-шығару адрестік кеңістігі деп бөлініп, сонымен қатар, жадының мөлтіксұлбасының сұлбалытехникалық құрылуында және енгізу-шығару порттарының, адрестеу түрі мен хаттаманы жіберуде айырмашылықты көрсетеді.
Жады
ұяшықтарының немесе тіркеуші порттарының
адресіне мөлтікүрдісші
жүгінуі адрестер шинасына шығарылған
кодтар түрінде орындалады. АК-тің
және жүйедегі ұяшықтардың мүмкін болатын
адрестердің саны
мөлтікүрдісшінің
адрестік шинасының m
разрядтылығының қатынасымен байланысты
Соған
қарамастан адрестердің мүмкін болатын
мәндерінің жиынтығы
аралығында болады. Адрестер шинасының
разрядтылығына сәйкес келетін АК-нің
көлемі адрестер аралығында біруақытта
жүйеде негізгі АК пен енгізу-шығару
кеңістігі болатын басқарушы дабылдарды
қолданумен кеңейтіледі.
Адрестік ақпараттардың көзі мөлтікүрдісшінің іс-әрекетіне байланысты бөлінеді: адретер шинасына шығарылған жадыдан бұйрықтарды оқитын адрестік ақпараттардың көзі PC бұйрығының санағышы болып табылады. Сонымен қатар, PC тіркеушісінің құрамы автоматты түрде бұйрықтың оқылған байттарына өзгереді. Жадыға немесе порттар тіркеушісінің деректерге немесе деректердің жазуына қол жеткізе алған жағдайда, адрестің көзі болып бұйрықтың адрестік бөлімі(тура адрестеу) немесе бұйрықта нұсқалған (жанама адрестеу) мөлтікүрдісшінің бір тіркеушісі табылады. Егер жадының әрбір жеке адрестелетін ұяшықтарының сыйымдылығы 1 байтқа тең болса, онда жады байттық ұйымдастырушылыққа ие. Кейбір мөлтікүрдісшілер жадыны сөз түріндегі(2байт, 16 бит) және жадының жеке аумақтарының биттік адрестеу түрінде де ұйымдастыра алады.
Жадыны логикалық түрде әртүрлі қызметтік тағайындалулары бар сегмент түрінде қарастыруға болады(2.4-сурет):
· Кодтың сегменті – есептегіш бағдарламаларының бұйрықтар коды орналасатын және тұрақтылар қолданылатын жадының аумағы;
· Деректер сегменті – есептегішпен өңделетін ақпараттарды орналастыруға арналған және ереже бойынша жұмыс үрдісінің(деректер өлшегіштермен, есептеудің аралық және соңғы нәтижесі, шығыс ақпараттар ) өзгеру аумағы;
· Стектің сегменті – деректер мен адрестік ақпараттарды уақытша сақтауға арналған және олармен жұмыс істеу барысында бағдарламалаушы ақпаратқа біртіндеп қол жеткізу хаттаманы қолданатын жадының аумағы.
Жадын сегменттеу бағдарламаларды шартты түрде өңдеуге қолайлы логикалық деңгейде немесе мөлтікүрдісшінің аппараттық құрылысымен қамтамасыз етілуі мүмкін. Тәжірибелік түрде барлық жаңа үлгідегі мөлтікүрдісшілер жұмыс істеу барысында деректер, стектер,кодтардың белсенді сегменттерінің алғашқы адрестері көрсетілетін құрамында арнайы тіркеушілерден тұрады. Мысалы, Например, Intel 80x86 сериялы мөлтікүрдісшілер үшін CS, DS және SS тіркеушілері сәйкес келеді.
2.4- сурет. Адрестің m=16 разрядтылықты есептегіш жадысының логикалық моделі
1 – бағдарлама кодының сегменті; 2- деректер сегменті ; 3 – стектің сегменті; 4 – бағдарламалық қамтамасыздандырумен қолданылмайтын аумақтар.
Есептегіш жадысының құрамы мен құрылысын қарастырғанда кейбір ортақ қабылданған ережелерді сақтау қажет:
Адрестер
шинасының разрядтылығы 16,20 және одан
да көп разрядтан тұрғандықтан жады
ұяшықтарының адрестері мен енгізу-шығару
құрылғысының бағдарлама жазып немесе
есептеу жұмыстарын қарастыруда есптеуді
он алтылық жүйеде нұсқау қажет. Сондықтан
адрестің шинасының разрядтылығы
адрестері 0000hдейінFFFFh
болатын АК-тің көлемі
байтты құрайды;
· Егер жадыға кейбір ақпараттық нысандарды орнату үшін жадының бірнеше көршілес ұяшықтары қажет, осы нысанның адресі ретінде (бұйрықтың адресі, саны, массивы т.с.с.) бірінші байтының адресі деп есептеп, сонымен қатар жадыға сандар орнату үшін төмендегідей мақсаттарды қабылдау қажет: санның кіші байты сәйкесінше кіші адрес бойынша орналасу қажет; Осыған сәйкес санның адресі болып, адрестің кіші байты боп есептеледі.
Берілген деректерді орналастыру мақсаттары бағдарламалау мен төменгі және жоғарғы деңгейдегі компиляторлардың барлық жүйелерімен қамтылып отыру керек.
Әдебиеттер: 1нег.[236-241]; 2 нег.[151-155].