
- •Жалпы мәліметтер
- •Си программалау тілі элементтері
- •Си тілінің әліпбиі (алфавит)
- •Препроцессор директивалары
- •Си тіліндегі программаның құрылымы
- •Меншіктеу операциясы.
- •С тіліндегі енгізу-шығару құралдары
- •Istream - енгізу құралдары;
- •Iostream - енгізу-шығару құралдары.
- •С тілінде форматтап енгізу және шығару
Си тіліндегі программаның құрылымы
Кез келген программа бір немесе бірнеше функциялардан турады. Олар программа құруға керекті негізгі модульдер болып табылады. Кез келген программаның жазылған алғашқы мәтіні бастапқы код деп аталады.Оны біріктірілген программалау ортасында теріп,сонан соң компилятор арқылы машиналық кодқа түрлендіріп орындаймыз.
Си тілінде жазылған программа препроцессор директиваларынан, глобалды (ауқымды) айнымалыларды жариялаулардан, бір немесе бірнеше функциялардан тұрады. Осы функциялардың ішінде түгелдей программаның жұмысын басқаратын бір негізгі (main) функция болады.
С тіліндегі программаның жалпы құрылымы мынадай:
<препроцессор директивалары>
<қолданушы типтерін анықтау – typedef>
<функциялар прототиптері>
<глобалды объектілерді анықтау>
<функциялар>
# тақырып

Main()
операторлар
F1

операторлар
F2
операторлар
Сонымен Си программасы бірнеше функциялардан құралады және олардың біреуі міндетті түрде MAIN() болуы қажет.
Қарапайым программаның мысалын қарастырайық. Жалпы кез келген функция оның тақырыбы мен тұлғасынан тұрады.
Функция тұлғасы
Int n; m=I;
Prinf (“%d бастапқы мән”,n);
Препроцессор
директивасы
Функция аты
Сипаттау операторы
Меншіктеу
операторы
Стандартты функцияны шақыру операторы
Тақырыбы
#inckude <stdio.h>
main ()
Алдымен программа процессор арқылы өңделіп, оның директиваларын орындайды. Мұнда программағатақырыптық файлдар прогаммаға қосымша элементтеренгізетін мәтіндік файлдар жазылады. Олар мәліметтерді енгізу\шығару операцияларын немесе экран сипаттамаларын өзгерту үшін қажет.
Программадағы кез келген функция тақырыбы препроцессордың директивасынан және функция атынан тұрады. Функция атына жалғасып , жақша ішіне параметрлер жазылуы мүмкін, кейде параметрлер болмайды,ондайда жақша ішінде ешнәрсе жазылмайды.
Функция тұлғасы операторлардан тұрады,олар жүйелі жақшалармен шектеледі. Әрбір оператордан кейін (;) таңбасы қойылады.
Мысалы:
/ Герон формуласы бойынша үшбұрыш ауданын табу/
#include <stdio.h> \*енгізу\шығару директивасы*\
#include<math.h> \*математикалық функциялар директивасы*\
Main()\*басты функцияны қолдану*\
{
Int a,b,c;
Float p,s;
Printf(“\n үшбұрыш қабырғаларын еңгіз,:\n”);
Scanf(“%f%f%f”,&f,&b,&c);
P=(a+b+c)\2;
S=sqr(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));
Printf(“s=%f”,s);
}
Процессор директивалары #include сөзінен кейін жазылады, stdio.h тіркесі енгізу\шығару операциялары орындалатынын білдіреді.Ал math.h тіркесі программада математикалық функциялар пайдаланылатынын көрсетеді.
Басты функция main() аргументсіз жазылған,сол себепті жақша ішінде ешнәрсе көрсетілмеген.Ал функция тұлғасы операторлардан тұруы тиіс. Int түйінді сөзі a,b,c айнымалыларының бүтін мәнін қабылдайды,float түйінді сөзі р,s айнымалыларының нақты мән қабылдайтынын сипаттап тұр.
Келесі жол үшбұрыш қабырғаларыненгізуді талап ететін сөз тіркестерін экранға шығарады, мұндағы \n таңбалары сөз тіркесі алдында және одан кейін курсор бір жол төмен түсетінін көрсетеді. Scanf сөзінен басталатын жол a,b,c мәндерін пернелерден қабылдайды, сонан кейін жарты периметр есептеліп, аудан мәні анықталады да, соңғы нәтиже экранға шығарылады.
Scanf- форматты енгізу.
%d%d -енгізу форматы
&a,&b -енгізетін сандарды жазатын ұяшық адресі.
Формат-қандай сандар енгізілетінін\шығарылатынын көрсететін символдық тип.
%d-бүтін ондық сан шығарылуы тиіс.
%i- бүтін ондық сан шығарылуы тиіс.
%f-жылжымалы нүктелінақты ондық сан.
%e-жылжымалы нүктелі экспоненциалды сан.
%E-е орынына Е шығарады.
%c-бір символ шығарылуы тиіс.
%s-символдар тіркесі шығарылуы тиіс.
%g-нақты сан, сан ұзындығына сәйкес %e немесе %f қолданылады.
%u-таңбасыз ондық бүтін сан жазылып шығады.
%o-таңбасыз бүтін сегіздік сан жазылып шығады.
%x-таңбасыз бүтін он алтылық сан жазылып шығады.
\n-келесі жаңа жолға көшу атқаратын басқару символ.