
- •Жалпы мәліметтер
- •Си программалау тілі элементтері
- •Си тілінің әліпбиі (алфавит)
- •Препроцессор директивалары
- •Си тіліндегі программаның құрылымы
- •Меншіктеу операциясы.
- •С тіліндегі енгізу-шығару құралдары
- •Istream - енгізу құралдары;
- •Iostream - енгізу-шығару құралдары.
- •С тілінде форматтап енгізу және шығару
Дәріс №2-5. С++тілінде кіріспе.
Мәліметтер типтері . Амалдар. Айнымалылар
Алфавит және идентификаторлар. Амалдар. Меншіктеу операторы cin, count, енгізу шыгару . мәліметтер типтерінің жіктелуі . Айнымалаларды хабарлау. Өрнек және типтерді түрлендіру.
Сызықтық алгоритмдерге қарапайым бағдарламалар құру.
Жоспар:
Жалпы мәліметтер
Си программалау тілі элементтері
Негізгі түсініктер: алфавит, идентификаторлар, айнымалылар, константалар, деректер типтері. Стандартты типтегі айнымалыларды сипаттау.
Препроцессор директивалары.
СИ тіліндегі программаның құрылымы.
Меншіктеу операциясы
С тіліндегі енгізу-шығару құралдары
С++ тіліндегі енгізу-шығару құралдары
С тілінде форматтап енгізу және шығару
С++-тегі форматтау функциялары мен флагтар
Жалпы мәліметтер
Қазіргі алгоритмдік тілдер ішінде Си программалық тілі өте көп ерекшеліктерге ие кең тараған тілдердің бірі есептеледі. Бұл тіл жүйелік программалық жасақ мәселелерін (трансляторларды өңдеу, операциялық жүйе , экрандық интерфейс, аспаптық құралдар т.б.) шешуде қолданылатын тиімді универсал алгоритимдік тіл.
Си тілінің ерекшеліктерінің бірі әр түрлі операциялардан жүйелер аралық, компьютерлер аралық программаларды жоғары деңгейде орындай алады.
Си тілінде жазылған программаның архитиктуралары әр түрлі компьютерлердің бірінен бірін ауыстыруға бір операциялық системаның екінші операторлық системаға ауыстыруға жеңіл. Сонымен қатар Си тіліндегі программалардың орындалу жылдамдығы ассемблер тіліндегі программалардан кем емес. Си тілінің компиляторы қазіргі кездегі барлық операциялық жүйеде жұмыс істей береді. Unix, MSDOS, WINDOWS.
Бұл тіл жүйелік программалардың жасақшылары үшін ассемблер тілін ауыстырған тиімді.
Си тілінің кейбір ерекшеліктеріне тоқталайық.
Си тілі кейбір төменгі деңгейлік операцияларды (сонымен қатар биттер үстінде операцияларды) іске асырады. Бұл операциялардың кейбіреулері тікелей машина командасының талабына сай келеді.
Си тілі айнымалы және функциялық көрсеткіш механизмдерін сүеді. Көрсеткіштер кейбір айнымалы немесе функциялардың (1) машина жадысыдағы адрестеріне (сақталған) арналған айнымалы. Бұл программист үшін машина жад адрестерімен тікелей жұмыс істеу мүмкіндіктерін береді.
Си тілі енгізу–шығару операторлары, жадты динамикалық бөлу процессорды басқару операторларын, операциялық жүйелерге арналған программаларды басқару мүмкіндіктерін береді.
Си программалау тілі ең алғаш Б.Кернига және Д.Ритчи авторлығында 70 жылдар Bell Laboratories фирмасы жәрдемінде АқШ–та жасақталды. Бұл тіл сол кезде UNIX операциялық жүйенің пайдаланушылары үшін қолайлы тіл болды.
Си программалау тілі элементтері
Компьютер пайдаланушы жазған программаның құрылымдық базасын си тілі элементтері арқылы түсінеді.
Си тілі элементі төменгі бөліктерден тұрады.
-алфавит
-константалар
-идентификаторлар
-кілтті сөздер (ключевые слова )
-түсініктер (коментарий)
Си тілі компиляторы мәтіндік қатарлар тізбегі арқылы си тілінде жазған программаларды бастапқы файл ретінде түсінеді. әр бір қатар жаңа қатар басталысыменен аяқталады және ENTER клавишінің басылуы - қатар аяқталғанын білдіреді.
Си тілі компиляторы программаларды қатарлар тізбегі арқылы есептейді және лексема деп аталатын символдық топтар арқылы есептелген қатарларды дамытады. Лексема бұл си тілі компиляторлары үшін өз алдына мәнге ие программа мәтінінің бірлігі. ()операция белгісі константалар, идентификаторлар және кілтті сөздер (бұл бөлімде айтылған )лексемаларға мысал болады. Бөлушілер, мысалы, квадраттық жақша ,фигуралық жақша , шеңберлі жақша ( ), бұрышты жақша және үтір де лексемаға мысал бола алады.
Әріптер мен цифрлар константа, идентификатор және кілтті сөздер құрастыруда қолданылады.
Си тілі компиляторы латын бас және кіші әріптерін әр түрлі символ деп есептейді.
Идентификаторлар. Тілдің ең негізгі түсіністерінің бірі- идентификатор. Ол объектінің атауы ретінде қолданылады. (функцияның, айнымалының, константалардың)
Идентифатор төмендегі ережеге сай таңдалуы қажет:
Олар латын әріптерінің х немесе астын сызу басталуы қажет .
Оның ішінде латын әрпі және астын сызу белгілері қолданылуы мүмкін. Бөтен таңбаларды қолдануға болмайды.
Си тілінде кіші және үлкен латын әріптері өзгеше деп саналады.
Идентификатордың ұзындығы әр программаның жүйесінде әр түрлі ANSI стандарты бойынша 32 таңбадан аспауы керек . Си ++ те шектеуі жоқ.
Объектілердің идентификаторы тілдің, түйінді сөздерінің стандартты функциядан және библиотека аттарынан өзгеше болуы қажет.
Си программалау тілінде түсініктемеге көп көңіл қойылады. Ол программаны теруді жеңілдетеді. Каментарий мына /* және / таңбалармен шектеледі. / *Бұл түсініктеме */ Си++те мынадай тәсілі бар // мына таңбадан кейін тұрған символдың бәрін сол қатер аяғына дейін түсініктеме деп түсінеді.