
- •М.Б. Құрманалиев., б.С. Бейсенов металлургиялық машиналарды құрастыру
- •5В070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша оқитын
- •1 Лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру және орындау
- •1.1 Жалпы нұсқаулар
- •1. 2 Лабораториялық жұмыстарды орындау тәртібі және есептеме
- •1.3 Лабораториялық қондырғылар
- •2 Лабораториялық жұмыстар
- •2.1 Машиналарды құрастыру
- •2.1.1 Құрастырудың теориялық негіздері
- •2.1. 2 Жұмысты орындау тәртібі
- •2.1.3 Тісті берілістерді құрастыру сапасын тексеру
- •2.2.1 Тісті берілістерді құрастырудың теориялық негіздері
- •2.2. 2 Жұмысты орындау тәртібі
- •2.3 Бұрамдық берілістерді құрастыру сапасын тексеру
- •2.3.1 Бұрамдық берілістерді құрастырудың теориялық негіздері
- •2.3. 2 Жұмысты орындау тәртібі
- •2.4 Мойынтіректі тораптарды реттеу және редукторды құрастыру
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •2. 5 Редукторды құрастыру
- •Редукторды құрастырудың теориялық негіздері
- •7 Кесте – Цилиндрлі тісті берілістердегі кепілденген бүйірлік саңылаулар мөлшері, мкм
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •2.6 Біліктерді центрлеу
- •2.6.1 Біліктерді центрлеудің теориялық негіздері
- •2.6.2 Жұмыстың мазмұны
- •2.6.3 Жұмысты орындау әдістемесі және тәртібі
- •Мазмұны
- •Лабораториялық жұмыс
- •5В070900 – «Металлургия»
- •Металлургиялық машиналарды құрастыру
7 Кесте – Цилиндрлі тісті берілістердегі кепілденген бүйірлік саңылаулар мөлшері, мкм
Ілініс түрі |
Орталықтардың ара қашықтығы, мм |
|||||||
80 дейін |
80 жоғ. 125дейін |
125 жоғ. 180 дейін |
180 жоғ. 250 дейін |
250 жоғ. 315 дейін |
315 жоғ. 400 дейін |
400 жоғ. 500 дейін |
500 жоғ. 630 дейін |
|
С |
74 |
87 |
100 |
115 |
130 |
140 |
155 |
175 |
В |
120 |
140 |
160 |
185 |
210 |
230 |
250 |
280 |
А |
190 |
220 |
250 |
290 |
320 |
360 |
400 |
440 |
Іліністегі түйісу мөлшерін тексеру үшін жетекші дөңгелек тістеріне ультрамарин сырдың жұқа қабаты жағылып, берілісті жетектегі дөңгелекте сырдың ізі қалғанша қолмен айналдырады.
Тістердің бетіңдегі түйісу таңбасының түрлі берілістерге сәйкес тұрпаты (13 – сурет) және белгілі мөлшерлері болуы керек ( 8 – кесте).
8 кесте – Дәлдік дәрежесіне сәйкес тістердің түйісу ауданының нормативті
мөлшерлері, %
Беріліс түрі
|
Дәлдік дәрежесі |
||||||||
9 |
8 |
7 |
6 |
5 |
4 |
3 |
2 |
1 |
|
Цилиндрлі |
65х96 |
60х90 |
55х80 |
50х70 |
45х60 |
40х50 |
30х40 |
25х30 |
20х25 |
Конусты |
|
|
75х75 |
70х70 |
60х60 |
50х50 |
40х40 |
30х30 |
30х30 |
Бұрамдық |
|
|
60х75 |
60х70 |
60х65 |
50х50 |
30х35 |
|
|
Ескерту: Бірінші сан – тістің биіктігімен салыстырғандағы түйісу таңбасының орташа биіктігі, %.
а – цилиндрлі; ә – конусты; б – бұрамдықты
13 – сурет. Тісті дөңгелектердің іліністегі түйісу таңбасының тұрпаты
Түйісу ауданының орналасуы бойынша қалыптан ауытқуы – біліктердің қиғаш орналасуын, орталықтардың қалыпты арақашықтыққа сәйкес еместігін, конусты берілістерде осьаралық бұрыштар мен бұрамдықтың бұрамдық доңға-лақпен салыстырғандағы ауытқуын көрсетеді.
Жұмысты орындау тәртібі
Редуктор тұрқысын жинастыру сұлбасымен танысу керек. Іргетасқа (рамада) негізгі жұмыс осьтерін (көлденең және бойлық) және негізгі биіктік белгісін – реперді табу қажет.
Редуктордың тұрқысында бойлық және көлденең осьтер белгіленеді.
Редуктордың тұрқысы іргетасқа орнатылады. Ішектердің, отвестердің, т.б. аспаптардың көмегімен негізгі, қосалқы осьтерді бекітіп, тұрқының көлденең және тік жазықтықтардағы жобаға сәйкес орналасуын қамтамасыз ету қажет.
Редуктор жобалық орнына бекітіледі.
Редуктор тұрқысының ұяларына құрастырылған біліктер орнатылады.
Біліктер орталықтарының арақашықтықтары өлшенеді. Олардың осьтері-нің параллельдіктен (перпеңдикулярлықтан) ауытқуы және қиғаштықтың болмауы тексеріледі.
Тісті дөңгелектердің радиаль және бүйір ауыткымалары, іліністің радиаль және бүйірлік саңылаулары өлшенеді.
Редуктор ақырғы түрде құрастырылады.
Құрастырылған редуктордың көлденеңдігі мен тіктігі тексеріледі.
Есептеменің мазмұны.
Редуктордың сұлбасы, техникалық сипаттамасы.
Редуктордың тісті берілістер элементтерінің геометриялық параметр-лерінің кестесі.
Берілістердегі бүйірлік және радиальды саңылауларды өлшеу сұлбасы.
Іліністегі түйісу таңбалары тұрпаттарының және орналасу эскиздері, түйісу ауданының мөлшерлері.
Радиальды және бүйірлік ауытқымаларды өлшеу сұлбасы.
Іргетасқа орнатылған редуктордың көлденеңдіктен ауытқу өлшемдері.
Қорытынды.
Бақылау сұрақтары
Редуктор дегеніміз не ?
Редукторлардың міндеті және қолданылу аясы ?
3 Жабық берілістердің ашық берілістерге қарағандағы артықшылықтары ?
4 Төсемдер, міндетіне байланысты қалай бөлінеді ?
Плашкалар мен реперлер не үшін қажет ?
Базалық бөлшектер дегеніміз не ?
Негізгі және қосалқы монтаждық осьтер дегеніміз не ?
Төсемдер жинағының саны қалай есептеледі?
Орталыктардың арақашықтығының есептік мөлшерден ауытқу салдарары кандай?
10 Радиальды ауыткыманың пайда болу себебі ?
11 Түйісу таңбасының орналасуының қалыпты күйден ауытқу себептері?
12 Норма бойынша орналастырылу байланыс ауданның ауытқуының себебiн ашыңыз ?
13 Эвольвенталық тiстi берiлiстiң қандай параметрлерi геометриялыққа жатады ?
14 Аз және үлкен қуатты редукторлардың жинастыру айырмашылығы неде ?