Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
METALLURG_MAShINA__1178__1200_RASTYRU_Lab_prakt...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Mб
Скачать

2. 5 Редукторды құрастыру

( 5 лабораториялық жұмыс)

Жұмыстың максаты: Құрастырудың негізгі операцияларымен танысу, редуктордың базалық бөлшегін (тұрқысын) іргетасқа орнату, орнатылу дәлдігін тексеру, бекіту, тісті берілістерді құрастыру және центрлеу, ақырғы құрастыру.

Орындалу уақыты – 4 сағат.

Қажетті жабдықтар (құрал саймандар, материалдар):

– екі сатылы цилиңдрлі, конусты - цилиндрлі немесе бұрамдык редуктор;

– негізгі жұмыс осьтері және биіктік репері келтірілген редуктордың корпусын (жетектің қаңқасын) іргетасқа орнату нобайы;

– отвестер;

– ішектер (d = 0,3 ÷ 0,5 мм болат сым);

– кронштейндер - 2 дана;

– тексеру сызғышы;

– рейсмус;

– сүңгіштер – 1÷ 5 мм;

– рамалық деңгей тексергіш;

– реттегіш төсемдер жинағы қалыңдығы ( s = 0,5÷5 мм);

– қатаң штатив (кронштейн );

– сағат типті иінтіректі индикатор;

– қорғасын сым;

– микрометр;

– штихмас ( ішөлшегіш );

– өлшемдік скалкалар;

– ультрамарин сыр;

  • сомындық кілттер жинағы.

      1. Редукторды құрастырудың теориялық негіздері

Металлургиялық жабдықтарда тісті берілістер әдетте редукторлар, тісте –герішті қапастар түрінде және жетектік механизмдерде кездеседі.

Өлшемі мен бағыты бойынша өзгеретін айналу моменттерін бір біліктен басқа білікке жеткізуге арналған және тұрқыға салынған іліністі беріліс редуктор деп аталады. Тістегерішті қапастар редуктордың бір түрі.

Көп жағдайларда редукторлар, тістегерішті қапастар жетектік қозғалтқыш-тар мен машиналардың жұмысшы механизмдерінің арасыңдағы аралық буын қызметін атқарады.

Ашық тісті берілістермен салыстырғаңда редукторлардың артықшылықтары бар. Оларға сыртқы ортадан оқшаулығы, іліністің дәлдік деңгейінің жоғарылығы, жоғары – п.ә.к., жұмыстағы шусыздығы, ілініс элементтерінің автоматты түрде майлануы, бірыңғайлау мүмкіндігі, пайдалану кезеңіндегі ыңғайлылығы жатады.

Үлкен қуатты редукторлар (мысалы илемдеу өндірісінде) жасаушы заводтан тораптарға бөлінген күйде жеткізіледі және оларды жинастыру тағайындалған тәртіппен жүргізілетін бірнеше операциялар-дан тұрады. Құрастыру жұмыстары базалық бөлшекті тұрқыны іргетасқа орнатудан басталады. Тұрқының жобалы орнына дұрыс орнатылуы үш координата бойынша тексеріледі: жоспардағы өзара перпендикуляр екі ось және биіктігі бойынша. Тұрқының жоспардағы орны жоба бойынша және іргетастың жұмысшы осьтерінің бойымен тартылған сымдар (5) және олардан түсірілген отвестер (6) бойынша тексеріледі. Базалық бөлшектің биіктігі бойынша орнатылуы репердің (11), тексергіш сызғыштың (7), деңгей тексергіштің (8), штихмастың (10) көмегімен дәлденеді (11– сурет). Редуктордың тұрқысының вертикальды жазықтықта орналасуы, горизон-тальдығы, тұрқының тірек жазықтығы мен іргетас бетінің арасына қойылатын металл төсемдер жинағының көмегімен реттеледі. Тұрқының астына қойылатын төсемдер жинағының саны төмендегі формула бойынша анықталады:

мұңдағы Р – редуктордың салмағы, кН;

n – анкерлік бұрандамалардың саны;

σ – тартып бекіту кезіндегі бұранда денесіндегі шақтамалы кернеу (Ст З маркалы болаттан жасалған бұранда үшін [σ] = 100...120 МПа );

d – анкерлік бұранданың диаметрі, см;

k – төсемдердің жанасуының біркелкі еместігін ескеретін

коэффициент, k = 0,5;

Ғ – төсемдердің бір жинағының ауданы, см2;

R – бетонға төсемдерден түсетін шақтамалы меншікті қысым,

( 200 маркалы бетон үшін R = 2 кН/см2 ).

11 – сурет. Базалық бөлшектің орнатылу дәлдігін тексеру нобайы

Тексеру, реттеу біткеннен кейін төсемдердің отыруына 1–2 мм әдіп қалдырылып, анкерлік бұрандамалар тартылады. Тартылу сапасының қалындығы 0,05 мм сүңгіштің көмегімен тексеріледі: қосылыс дұрыс тартылған жағдайда сүңгіш сомынның, тығырықтың және базалық бөлшектің арасындағы жікке 5 мм артық енбеуі қажет.

Соңынан тұрқының астына цемент ерітіндісі құйылады, алдын ала жиналып тексеруден өткен біліктер орнатып, орталықтардың арақашықтығы өлшенеді, біліктер осьтерінің параллельдігі, іліністегі радиаль ауытқыма және бүйірлік саңылау мөлшерлері анықталып, түйісу таңбасы өлшенеді.

Орталықтардың арақашықтығы біліктердің параллельдігі штихмастардың, екі рейсмус пен ішектердің, ал бұрамды редукторларда өлшемдік скалкалардың көмегімен өлшенеді. Орталықтардың арақашыктығының есептік өлшемдерден ауытқуы іліністің дұрыс болмауына әкеліп соқтырады.

Орталықтардың аракашықтығы есептік өлшемнен кем болған жағдайда, ілініс терең, ал артық болған жағдайда – таяз болады. Бұл екі жағдайда, беріліс элементтердің тез тозуына әкеліп соқтырады.

Цилиндрлі берілістер үшін орталықтардын арақашықтықтарының ауытқу шақтамалары 6 – кестеде келтірілген.

6 кесте – Орталыктың арақашыктықтарының ауытку шақтамалары

Орталыктардың арақашықтығы, мм

50 дейін

50

80

80

120

120

200

200

320

320

500

500

800

800

1250

1250

2000

Ауытқу, мкм

± 60

±80

± 90

±105

±120

±160

±180

±200

±250

Іліністе радиаль ауытқыманың пайда болу себебі - біліктердің майысуы мен сопақтығы, ал бүйір ауытқымалар, тісті дөңгелектердің білікке дұрыс қоңды-рылмауынан немесе біліктердің қиғаштығынан пайда болады. Біліктердің ауытқуы – кронштейнге бекітілген индикатордың көмегімен өлшенеді. Бүйір ауытқыма мөлшері индикатормен өлшенеді.

Радиаль ауыткыма мөлшері, дөңгелектердің екі немесе төрт қалпыңда тістердің арасына аунақша салу арқылы өлшенеді. Іліністегі радиальды және бүйір саңылауларды сүңгімелердің, ал дәлірек иңдикатордың немесе қорғасын сымның көмегімен өлшеуге болады.

Дөңгелектердің тістерінің арасындагы саңылаулар олардың сыңылануына жол бермеу, тістердің өлшемдері мен орталықгардың арақашық-тықтарының ауытқуларын компенсациялау мен термиялық деформацияларды компен-сациялау үшін қажет. Сыммен тексеру кезінде диаметрі 1–3 мм қорғасын сым тістердің арасына енгізіледі. Тісті дөңгелекті колмен бұрап, сымды ілініс арқылы өткізеді. Сымға түскен із бойынша бүйір (1) және (2) саңылау мөлшерлері өлшенеді (12 – сурет).

12 – сурет. Іліністегі бүйір және радиаль санылауларды қорғасын сыммен тексеру нәтижесінде сымда қалатын іздердің пішіні

Іздегі а+b қалыңдықтарының қосыңдысы – іліністің бүйір саңылауының мөлшерін, ал ортадағы S қалыңдығы – радиаль саңылаудың мөлшерін анық-тайды. Тісті берілістерде кепілденген бүйірлік саңылаулар мөлшерлері 7 – кестеде (МСТ 1643 – 81) бойынша келтірілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]