Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
METALLURG_MAShINA__1178__1200_RASTYRU_Lab_prakt...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Mб
Скачать

2.4 Мойынтіректі тораптарды реттеу және редукторды құрастыру

(4 лабораториялық жұмыс)

Жұмыстың мақсаты:

Мойынтіректі тораптарды реттеу және редукторды құрастыру әдістемесін меңгеру.

Орындалу уақыты 2 сағат.

Қажетті жабдықтар мен аспаптар:

– cүңгіштер ( N 3 жинақ);

– индикатор, өлшем бірлігі – 0,01 мм ;

– гайкалы кілттер жинағы ;

– металл төсемдер жинағы, қалындығы 0,05 – 0,5 мм;

– керосин (5 л );

– қол сүрткіштер – 10 дана;

– сыр (ультрамарин).

      1. Жұмысты орындау тәртібі

  1. Біліктердегі мойынтіректердің бүйірлік қақпақтары төсемсіз орнатылады. Қақпақтардың болттары біліктердің мойынтіректеріндегі қозғалысы тоқтаған кезеңге дейін тартылады.

  2. Әрбір мойынтірек үшін тұрқының бүйір беті мен қақпақтың арасындағы саңылау сүзгіштің көмегімен өлшенеді (10 – сурет). Өлшемдер 5 - кестеге кір-гізіледі.

10 – сурет. Мойынтіректің осьтік ойынын реттеу үшін төсемдер жинағының

қалыңдығын анықтау нобайы

  1. Әрбір мойынтіректің осьтік ойыны өлшенеді. Өлшенген саңылау мөлшері мен мойынтіректің осьтік ойынының қосындысына тең төсемдер жинағының қалыңдығы анықталады.

  2. Төсемдер жинақтары тиісті орындарына орнатылып, қақпақтардың бұрандамалары тартылады. Индикатордың көмегімен мойынтіректердің осьтік ойыңдарының мөлшерлері тексеріледі.

  3. Бекітілген мойынтіректің осьтік ойыны мөлшерінде жылжымалы мойын-тіректің осьтік қозғалыс мүмкіндігі тексеріледі. Сырдың көмегімен тістердің жанасуы тексеріледі.

  4. Жиналған біліктер, қақпактар алынады. Керосинде жуылғаннан кейін аталған тораптар, бөлшектер, тұрқының және тұрқы қақпағының ішкі беттері кұрғатылып сүртіледі.

  5. Редуктор толық құрастырылады және айналудын жеңілдігі тексеріледі.

  6. Орындалған жұмыс бойынша есептеме жасалады.

5 кесте – Білік мойынтіректерінің осьтік ойындарын реттеу

Параметр

Өлшем бірлігі

N1 білік

N 2 білік

сол

жақ

оң

жақ

сол

жак

оң

жақ

Мойынтіректің типі

Жобалық осьтік ойын мөлшері, мм

Тартылған мойынтіректер үшін тұрқы

мен қақпақтың арасындағы саңылау, мм

Төсемдер жинағының қажетті қалыңдығы, мм

Индикатор бойынша мойынтіректердегі іс жүзіндегі осьтік ойын мөлшері, мм

Бақылау сұрақтары.

  1. Мойынтіректердің осьтік ойынын өлшеу әдістемесі.

  2. Түйісу таңбасының өлшемдері, іліністің басқа параметрлерімен тәуел-ділігі.

  3. Мойынтіректі тораптарды реттеу әдістемесі.

  4. Редукторды құрастыру тәртібі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]