Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
METALLURG_MAShINA__1178__1200_RASTYRU_Lab_prakt...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Mб
Скачать

2.1.3 Тісті берілістерді құрастыру сапасын тексеру

(2 лабораториялық жұмыс)

Жұмыстың мақсаты: Тісті берілістерді құрастыру сапасын тексеруге іс жүзінде дағдылану, тексеру әдістерін меңгеру.

Орындалу уақыты – 2 сағат.

Қажетті жабдықтар мен аспаптар:

– Ц2 – 350 ( РМ 350 ) немесе басқа типті редуктор;

– штихмас ( ішөлшегіш);

– өлшемдік скалкалар;

– сағат типті индикатор штативімен (МСТ 577– 78), өлшем бірлігі – 0,01мм ;

– жетектеме ;

– сүңгіштер L = 100 мм, N 2 жинақ – 3 дана;

– қорғасын сым d =1 – 3 мм;

– микрометр ( МСТ 6507 – 78);

– сыр ( ультрамарин );

– еріткіш - табиғи олифа ( МСТ 7931– 76);

– тіс өлшегіш ( МСТ 4446 – 81);

– профиль өлшегіш ( МСТ 19300 – 73);

– қол сүрткіштер.

2.2.1 Тісті берілістерді құрастырудың теориялық негіздері

Цилиндірлі тісті берілістерді құрастыру кезінде міндетті түрде орында-латын келесі талаптар:

а) тағайындалған осьаралық қашықтықтарды, білік осьтерінің параллель –дігін, қиғаш болмауын қамтамасыз ету;

ә) тісті төждердің радиаль ауытқыма мөлшерінің белгілі шектен аспауы;

б) іліністе шақталған радиаль және бүйір саңылау мөлшерлерін қамтамасыз ету;

в) іліністе қажетті түйісу деңгейін қамтамасыз ету.

Бір тісті дөңгелектің төбелерінің шеңберімен келесі дөңгелектің ойықтар диаметрінің арақашықтығы берілістің радиаль саңылауы деп аталады.

Оның мөлшері берілістің осьаралық қашықтығына тәуелді. Іліністегі тістердің жұмысшы емес көрші беттерінің арақашықтығы берілістің бүйір саңылауы Ĵn деп аталады (2 - сурет). Оның мөлшері тістердің қалыңдығына байланысты.

2 – сурет. Тісті іліністе радиаль және бүйір саңылаулар пайда болу нобайы

Іс жүзінде тісті дөңгелектерді жасау кезінде міндетті түрде саңылаулардың белгілі минимальды өлшемі қарастырылады. Бүйір саңылау мөлшері тісті берілістің жұмысының жұмсақ-гығына және саңылау тістердің сыналанбауы үшін, осьаралық қашықтықтардың және тіс өлшемдерінің дәл еместігін, жылулық деформацияларды компенсация-лау үшін және тісті іліністе жоғарғы қабатын сақгау үшін қажет. Радиаль саңылу мөлшері өте төмен болған кезде, тістердің тез тозуына немесе біліктердің иілуіне әкеліп соқтыратын тісті дөңгелектерді екі жақка ажыратуға бағытталған күштер пайда болады. Радиаль саңылаудың мөлшерінің төмендігін тісті берілістің жұмысы кезінде гуілді және сықырды білдіреді.

Осьаралық қашықтықтардың есептік өлшемдердің ауытқуы іліністің дұрыс болмауына әкеліп соқтырады. Осьтердің арақашықтығы есептік өлшемнен кем болған жағдайда ілініс терең болады, ал артық болған жағдайда - таяз болады. Терең ілініс берілістегі радиаль саңылауының шектен төмен азаюына, жағармайдың қысылып шығарылуына, іліністе үйкелістің артуына, біліктердің майысуына және берілістің ауыр айналуына әкеліп соқтырады. Таяз ілініс кезінде іліністегі радиаль саңылаулар кеңейеді, соққылық жүктемелер пайда болады және тістердің (бастары) тез тозады. Осьаралық қашықтықтар және білік осьтерінің параллельдігі штихмастермен немесе өлшемдік скалкалармен өлшенеді. Берілістерді қүрастыру кезінде осьаралык қашықтықтар-дың шектік ауытқулары МСТ 1643 – 81 тағайындаған шектерден аспау керек. Біліктердің майысуы нәтижесінде немесе тісті дөңгелектердің қондырылу тесіктерінің бастар шеңберіне қатысты дұрыс ойылмауы (кеулейжонуы) себепті іліністе радиаль ауытқыма пайда болады. Радиаль ауытқымалар тіректе орнатылған иңдикатор-лардын көмегімен өлшенеді. Берілістегі радиаль және бүйір саңылаулар сүңгіштің көмегімен, ал дәлірек - индикатормен ( 3 – сурет ) немесе тістік ілініс арқылы өткізілген қорғасын сым арқылы өлшенеді.

3 – сурет. Берілістегі бүйір саңылауды индикатормен өлшеу нобайы

Берілістегі бүйір саңылауды сыммен өлшеу үшін диаметрі 1–3 мм ұзындығы бірдей екі қорғасын сым кесінділері ілініс арқылы өткізіледі (4 – сурет). Сымға түскен із бойынша бүйір (1) және радиаль (2) саңылау мөлшерлері табылады.

Іздегі а+в = Ĵn қалыңдықтарының қосындысы іліністегі бүйір саңылаудың мөлшерін, ал ортадағы S=Ĵn қалыңдығы радиаль саңылаудың мөлшерін анықтайды. Әдетте бұл жерде жұқарақ а қалындығы тістердің жұмысшы жағына, ал қалыңырақ b калыңдығы - жұмысшы емес жақтарына сәйкес келеді.

Егер 5 – суретте көрсетілгендей, сәйкес іздердің қалындығы бір – біріне тең болмағанда, мысалы а >a1, b>b1 онда білік осьтерінің параллель еместігі:

а, ә сымдарды ілініс арқылы өткізу нобайы; б іздердің пішіні

4 – сурет. Іліністегі радиаль және бүйір саңылауларды қорғасын сымның

көмегімен өлшеу нобайы

Егер а>а1; b>b1, болса, ол білік осьтерінің айқастығьшын көрсетеді. Айқасудың салыстырмалы мөлшері немесе ∆Х, тең болады.

∆Х = ;

мұндағы α ілініс бұрышы (әдетте α = 20°). Параллельдіктен ауытқудың салыс-тырмалы мөлшерін ∆Х – ті l ге бөлу арқылы табуға болады.

а) біліктер параллель емес; ә) біліктер киылысады.

5 – сурет. Бүйірлік саңылаулардың өзара орналасу нобайлары

Аталған операциялар тісті дөңгелектерді центрлеу деп аталады. Центрлеуден кейін іліністегі түйісу деңгейі сырдың көмегімен анықталады.

Жетекші дөңгелектің тістеріне ультрамарин сырдың жұка қабатын жағып, берілісті дөңгелекте сырдың ізі калғанша қолмен айналдырады. Түйісу аймағы тістің жұмысшы бетінің орта деңгейінде орналасуы керек ( 6 – сурет).

6 – сурет. Тістің бетіндегі түйісу таңбасы

Түйісу таңбасының салыстырмалы өлшемдері анықталады:

а) тістің ұзыңдығы бойынша – түйісу ізінің шеткі нүктелерінің арақашық-тығының а (ілініс модулінің мөлшерінен астам үзілістерін алып тастағандағы) тістің ұзыңдығына қатынасы:

ә) тістің биіктігі бойынша - түйісу ізінің орташа биіктігінің hm (тістің бүкіл ұзындығы бойынша) тістің жұмысшы (бедел) бетіне сәйкес биіктігіне hр катынасы:

Берілістің дәлдік дәрежесі, тісті іліністің негізгі параметрлерінің өлшенген көрсеткіштерін стандарт талаптарын салыстыру арқылы аныкталады.

1 кесте – Берілістің есептік және өлшемдік параметрлері, мм

Анықталады

Белгісі

Өлшемі

1

Модуль

m

2

Тістердің қадамы

p

3

Тістердің саны

z1 z2

4

Тістің толық биіктігі

h

5 5

Тіс басының биіктігі

hn

6

Тіс түбірінің биіктігі

ha1

7

Бастапқы шеңбер диаметрі

8

Бастапқы шеңбер бойынша тістің қалыңдығы

9

Бастапқы шеңбер бойынша ойымның ені

10

Тіс ұштарының диаметрі

11

Дөңгелек осьтерінің арақашықтығы

12

Тістің ұзындығы

13

Тістің ұзындығы бойынша түйісу таңбасының салыстырмалы өлшемі

14

Тістің биіктігі бойынша түйісу таңбасының салыстырмалы өлшемі

Берiлісте тістердің өкше байланысудың нормалары (2- кесте) келтiрiлген.

Берiлістің дәлдiк дәрежесін МСТ 1643 – 81 талаптарымен тiстi iлiктiрудiң негiзгi параметрлерiнiң өлшемдерiн нәтижелерiн салыстыруында анықталады және оның шартымен (2 – кестеде) белгiсiмен бiтедi.

2 кесте – Берілістің дәлдік дәрежесін анықтауға қажетті көрсеткіштер

Анықталады

Мөлшері

Дәлдік дәрежесі

1*

2*

3*

1

Осьаралық қашықтық

2

Параллельдіктен ауытқу

3

Қиғаштық

4

Тісті тәждің радиаль ауытқымасы

– тістегеріш

– тісті дөңгелек

5

Радиаль саңылау

6

Бүйірлік саңылау

7

Тістің ұзындығы мен биіктігі бойынша түйісу таңбасының салыстырмалы өлшемдері

8

Берілістің дәлдік дәрежесінің шартты белгісі

* Ескерту: 1, 2, 3, – өлшеудің түрлі әдістері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]