Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
METALLURG_MAShINA__1178__1200_RASTYRU_Lab_prakt...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Mб
Скачать

1. 2 Лабораториялық жұмыстарды орындау тәртібі және есептеме

дайындау

Лабораториялық жұмыстарды орындауға кіріспей тұрып, жұмыстың теориялық негіздері мен қажетті айлабұйымдармен және аспаптармен, жұмысты орыңдау тәртібімен, еңбек қорғау ережелерімен, қауіпсіздік техникасымен мұқият танысу қажет. Жұмысты орындауға, оқытушыдан рұқсат алғаннан кейін ғана кірісуге болады. Әрбір жұмыс бойынша есептеме дайындалады. Есептеменің мазмұны әр жұмыстың сипаттамасының соңында келтіріген.

Есептеме А4 форматты қағазда қолжазба түрінде немесе компьютерде басылып ресімделеді. Есептемеде міндетті түрде қаралатын сұрақтар:

  1. Жұмыстың аты;

  1. Орындалатын жұмыстың тақырыбына сәйкес қысқа мағлұматтар;

  1. Жұмысты орындау әдістемесі;

  2. Зерттеу нәтижелері және оларды талдау;

5) Жұмыс бойынша қорытыңды.

Есептеме дайындалғаннан кейін оны қорғау нәтижесінде студент келесі лабораториялық жұмысты орындауға мүмкіндік алады.

1.3 Лабораториялық қондырғылар

Технологиялық машиналар мен олардың бөлшектерi өте қымбат, сондықтан қажетті лабораториялық қондырғылар әрқашан бола бермейді. Бұл кемшiлiктiң жою мақсатында лабораториялық шарттарға нақты қондырғы-ларды алмастыруға рұқсат етiледi. Басқа жағынан, лабораториялық шарттарда барлық спектрдi ұсынудың қажеті жоқ.

Сондықтан, кейбір жұмыстар ылғи бiр қондырғыларда орындалады, бiрақ әр түрлi мақсаттармен. Ең алдымен, негiзгi есептеулері бар студенттер құрастыру жұмыстарының әдiстерiмен танысады. Студенттер технологиялық машиналардың конструктивтiк ерекшелiктерiн қайталауға тиiстi.

2 Лабораториялық жұмыстар

2.1 Машиналарды құрастыру

(1 – лабораториялық жұмыс)

Жұмыстың мақсаты: Құрастыру процесінің теориялық және практикалық негіздерін меңгеру. Құрастыру нобайларын және технологиялық карталарды жасауға дағдыландыру.

Орындалу уақыты – 2 сағат.

Қажетті жабдыктар мен аспаптар:

– микрометр;

– штангенциркуль ШЦ – I, ШЦ – 2;

– штихмас (микрометрлі ішөлшегіш);

– сағат типті индикатор ИС – 1;

– редуктор (Ц, Ц2, РМ, Ч, РЧУ типті)

– сызғыштар.

2.1.1 Құрастырудың теориялық негіздері

Құрастырудың технологялық процессі дегеніміз – бөлшектердің құрасты –рылу бірліктеріне біріктірілуі, ал құрастырылу бірліктерінің және жеке бөлшектердің механизмдерге (агрегаттарға) және машиналарға біріктірілу деп аталады. Құрастырудың технологиялық процесі өту және қабылдау операция–ларынан тұрады. Бір жұмыс орнында орындалған технологиялық процесстің біткен бөлімін операция деп атайды.

Технологиялық өту – бұл технологиялық операцияның біткен бөлімі,үнемі қолданылатын құрал-сайманды және құрастыру кезінде біріктірілетін немесе өңдеуме пайда болатын беттерді сипаттайды.

Бастапқы буын деп техникалық шарттарға сай өнімнің сапасының түзілуіне әсер етуіне байланысты, жоғары дәлдік талаптар қойылатын буын.

Бөлшекті өңдеген уақытта немесе бөлшектерден торап (машина) құрастырғанда, бастапқы буын соңында түзіледі, өлшемдер тізбегін түйеді.

Сондықтан бұл буын - түйістіруші буын деп аталады. Бұл технологиялық операцияның бiткен бөлігі, үздіксіз қолданатын құрал сайманды және беттерін құрастыру кезінде қосылатын немесе өңдеумен пайда болатынын сипаттайды.

Қабылдау бұл технологиялық өтудің бөлімі, бір жұмысшымен орында – латын бір қатар оңай жұмыс қозғалыстарынан тұрады.

Құрастырудың технологиялық процесін өңдеу құрастыру элементтердің сұлбаларын жасаудан басталады, содаң соң технологиялық картаны өңдейді, бұл өндірістің негізгі құжаты болып табылады.

Технологиялық карта – бұл технологиялық құжаттың пішіні, бұнда өңделетін бұйымның барлық процесі жазылған, операциялар және олардың құрама бөліктері, материалдары, өндірістік жабдықтары және технологиялық режімдері, бұйымды жасауға қажетті уақыты, жұмысшылардың біліктілігі көрсетілген және т.б. Барлық бұйымдар құрастыру бірліктерінен тұрады.

Бұйым – бұл кез келген зат немесе негізгі өндірістегі кәсіпорында жаса – латын заттар жиынтығы. Машинажасау зауытының бұйымдары әртүрлі машиналар болып табылады: станоктар, автокөліктер, тракторлар, экскаватор – лар, пресстер және т.б., сонымен қатар жеке механизимдер және машина агрегаттары (қозғалтқыштар, сорғылар, карбюраторлар және т.б.) немесе жеке бөлшектер (поршеньді сақиналар, поршеньдер, металл бұйымдар).

Бөлшек – бұл бұйымның алғашқы элементі, құрастыру операциясы қолданбаған, біркелкі материалдан, қажет болған жағдайда қорғау немесе әшекей беттерімен жабылған элемент.

Құрастырылу бірлігі (түйін) – бұл бұйым элементі, кәсіпорында өзара құрастырылу операциясымен біріктірілген (бұрау арқылы, пісірумен жабыс –тыру, дәннекерлеу және т.б.), бір немесе бірнеше құрама бөлшектерден тұрады (мысалы жалғағыш, суппорт, редуктор және т.б.).

Кешен – бұл екі немесе одан да көп мамандырылған бұйым, кәсіпорында құрастырылу оперциясымен біріктірілмеген, бірақ өзара байланысқан пайда –лану функцияларын орындауға арналған.

Комплект – бұл екі (одан көп) бұйым кәсіпорында құрастырылу операция – сымен біріктірілмеген және бұйымдар жиыны ретінде ұсынылады (мысалы қосалқы бөлшектер комплекті, құрал – жабдықтар коплектісі, өлшегіш аппатарттар және т.б.).

Машинаның құрастыру технологиялық процессін жобалау кезіндегі негізгі қағидалар орнатылады:

– жиналатын машинаның жоғары сапасын қамтамасыз ету, оның ұзақ уақытқа жарамдылығын және сенімділігіне кепілдік беру;

– құрастырудың ең төменгі циклі және ауданның бір шаршы метрінен максимальды өнім алу;

– слесарьлы – құрастыру жұмыстарының минимальды еңбек сыйымды –лығы;

– механизацияны қолдану, слесарь – құрастырушылардың еңбек өнімділігін көтеретін және құрастыру жұмысын орындалу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайы.

Құрастырудың технологиялық процесін өңдегенде машинаның толық конструкциясымен танысу, бөлшектердің бір – бірімен байланысымен, дайын –даудың техникалық талаптарымен және машинаны сынау.

Өндірістің жүруіне байланысты, бұымның габариттік өлшемдерімен, құрастыру жұмысының еңбек сыйымдылығымен және басқа факторларға сәйкес, құрастыру тасқынды немесе тасқынды емес, тұрақты немесе қозғалмалы болуы мүмкін.

Жылжымалы жинастыру (кран арқылы, конвейер, арбалардың рельс жолында, рольгангтердi т. с.) басқаға құрастыруды бiр операциядан жиналатын бұйымның еркiн орын ауыстыруы немесе жиналатын (конвейер арқылы немесе арбалар, тұйықталған бастаушы шынжырмен) бұйымның ықтиярсыз орын ауыстыруын ескередi.

Құрастыруға бөлшектерді дайындауға талаптар

Құрастыруға түсетін барлық бөлшектер мұқият тазаланып және жуылу керек. Бөлшектерді әр түрлі жуу сұйықтарымен жуылады. Мысалы, келесі құрамды ертінділер қолданылады (2…3 %) кальциленген сода, (0,3…0,5 %) жуу құралы ОП – 7, натри нитриті (2…3 %), қалғаны су. Жуылған бөлшектер 0.3...0.6 МПа қысыммен резеңкелі шлангке қосылған арнайы ұш арқылы қысылған ауамен үрлейді.

Құрастыру бірліктері – құрастыру цехінің жеке учаскелерінде құрасты –рылады. Техникалық құжатта құрастырылу бірлігіне немесе бөлшекке арнайы эксплуатационды талаптар немесе монтажды өлшемдерді, саңылаулармен керілістерге арнайы талаптар келтіріледі.

Ағымды құрастыру – өнімнің шығуын шұғыл өсіріп және өзіндік құнын төмендетеді. Қозғалмалы ағымды құрастыруды ірі сериялы және жаппай өндірісте кең қолданады.

Тұрақты құрастыруды – концентрация принціпінде іске асырады, тек жұмысты бір бригада анықталған жұмыс орнында орындағанда ғана (бригада бұйымды құрастырады, бөлшекті алғаннан бастап сынауға дейін). Бұл құрастыру форманы негізінде дара өндірісте немесе кейде ұсақ сериялы өндірісте қолданады (мысалы трубина құрастыруда).

Жылжымалы құрастырылым – құрастырылып жатқан бұйымның бір құрастыру операциясынан екіншісіне орын ауыстыруын ескереді (кран, конвейер, рельсті жолдағы арбашалар және т.б. құрылғылардың көмегі арқылы) немесе құрастырылып жатқан бұйымның мәжбүрлі орын ауыстыруын ескереді (конвейер немесе арбашалар көмегі арқылы).

Құрастыру процесін және бұйымның жинақтылу реттілігін анық ұсыну үшін оны құрама бөліктерге бөлу керек: бөлшек, құрастыру бірліктері, кешендер, комплекттер. Құрастырылу бірлігінің сұлбасын құрастырғанда базалық бөлшек және базалық құрастыру бірлігі қолданады.

Базалық бөлшек деп – негізгі бөлшекті айтады, сол арқылы құрастыру бірлігін құрастыруды бастайды, базалық құрастыру бірлігі – негізгі құрастыру бірлігі, сол арқылы бұйымды құрастыру басталады.

Құрастырылған және қабылданған құрастыру бірліктерін жалпы құрастыруға немесе дайын бөлшектер қоймасына апарады.

Жеке қалпына келтіру әдісі бойынша құрастыру біріктірілетін бөлшектерді дара немесе ұсақ сериялы өндірісте қолданылады. Бөлшектерді қалпына келтіру механикалық өңдеу арқылы металл кесетін станоктарда немесе қосымша слесарлық өңдулер арқылы орындалады.

Толық емес алмастырмалы әдісі бойынша құрастыру – құрастыру бірлігіне жиналатын бөлшектердің кейбір өлшемдердін рұқсаттамаларын кеңейтуді қарастырады. Бөлшектерді өлшемдері бойынша жіңішке рұқсаттамалар шегінде бірнеше топқа іріктейді. Бұл әдісті сериялы өндірісте құрастырмалы бірлікті құрастырғанда қолданылады.

Компенсатор қолдану арқылы құрастыру – машинажасауда кең қолданы – лады. Құрастырмалы бірлікті құрастыру кезінде бөлшектердің дәл бірігуін қамтамасыз етеді, арнайы құрылғылар көмегі арқылы, яғни компенсатор арқылы. Компенсатролар қозғалмалы (реттелген төсеніштер, тығырықтар, сақиналар) және қозғалмайтын (сыналар, төлкелер, серіппелі муфталар, реттелетін бұрандалар мен сомындар) болып бөлінеді.

Қозғалмалы компенсаторлар құрастырмалы бірлікті немесе машинаны орын ауыстыру процесінде дәл қалпына келтіруге мүмкіндік бреді.

Толық алмастырмалы әдісі бойынша бұйымды және құрастырмалы бірлікті қалпына келтіру, іріктеу және басқа да қосымша жұмыстарсыз құрастырады. Бұл құрастыру әдісінде техникалық талаптарды қамтамасыз ет үшін, құрастырмалы бірлікке қойылатын, бөлшектің дәл өңделуі, арнайы жабдықтар қажет. Толық алмастырмалы әдіс жаппай және ірі сериялы өндірісте экономика жағынан тиімді.

Құрастыру кезіндегі барлық қолданылатын біріктірулер қозғалмалы және қозғалмайтын болып бөлінеді. Бөлшектердің конструкциясына және орын ауыстыру талаптарына байланысты қозғалмайтын біріктірулер ажырамалы немесе ажырамалы емес болуы мүмкін.

Қозғалмайтын ажырамалы біріктірулер дегеніміз біріктірілген немесе нығайтылған бөлшектерді бүлінбеу арқылы бөлшектеуге болады.

Қозғалмайтын ажырамалы емес біріктірулер дегеніміз біріктірілген бөлшектерді қандай да бүлнусіз ажыратып алуға болмайды.

Құрастыруға техникалық құжаттама – Тiзбек және құрастырушы операциялардың орындауын ерекшелiк құрастыруды технологиялық сұлба сында бейнелеуге болады. Бұйым (1,а – сурет) бұл сұлбаның құрастыруында құрама элементтерге бөледi (1,ә – сурет) бөлшек. Әрбiр элемент оның позициясын үш жоғарғы бөлшектi аттарды көрсететiн (1,а – сурет) бөлiкте сол төменгi тiк төрт бұрыштың түрiнде оң жақтағы төменгi жиынтық бiрлiк кiретiн бөлшектердi сан. Сонымен бiрге сұлбада негiздi бөлшек, жиынтық бiрлiк және дайын бұйым белгiлеу керек.

Құрастырудың технологиялық сұлбасын мынадай тiзбектерде құрайды :

• сол жақ бөлігінде сұлбаның барлық жиналатын бұйым (аунақшаның осi), негiздi бөлшекті тiк төртбұрыштың түрiнде бейнелейді;

• тiк төртбұрыштың түрiнде сонымен бiрге сұлбаның оң жақ бөлігінде жиюлы бұйымдарды бейнелейді;

• негiздi бөлшектi және жиюлы бұйымды таңбалаушы, тiк төртбұрыштар түзу сызықпен жалғастырады;

• сызықтар астында және үстiнде бөлшектiң тiк төртбұрыштары және негiздi бөлшектерде жиналатын түйiндер түрде суреттейдi; тiк төртбұрыштар, тиiстi бөлшектер және түйiндерге негiздi бөлшектегi түйiндердiң қоюларын тiзбек сақтай орналастырады.

1– аунақшаның осi; 2 – майшағылдырғыш; 3 – аунақшаның корпусы;

4 – подшипник; 5 – тығырық; 6 – сомын; 7 – майсауыт

1 сурет. (а) жинастыру сұлбасы, (ә) жинастыру бірлігі

Iстелiнген сұлбаның негiзiнде жинастырудың технологиялық үдерiстер өндейдi және құрастырудың технологиялық, бағыт операциялық карталарын құрайды. Бағыт картасы бұл операциялар бойынша құрастыруды техноло – гиялық процесті сипаттама болатын құжат. Әдеттегiдей бағыт карталары майда сериялы және дара өндiрiсте қолданады. Операциялық карта (2– сурет) өткелдер бойынша олар толық сипаттамадан астам операцияларда болады.

Сериялы және құрастыруды операциялық карталардың жаппай өндiрiсiнде әрбiр құрастырушы операцияларға бөлек өндейдi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]