Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
METALLURG_MAShINA__1178__1200_RASTYRU_Lab_prakt...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Mб
Скачать

2.6 Біліктерді центрлеу

(6 лабораториялық жұмыс)

Жұмыстың мақсаты: Біліктерді центрлеу үшін қолданылатын аспаптар мен қолданылатын муфталарға сәйкес біліктерді центрлеу әдістерімен танысу.

Орындалу уақыты – 2 сағат.

Қажетті жабдықтар:

– редуктор;

– электрқозғалтқыш;

– түрлі типті муфталар;

– муфталарды білікке қондырушы айлабұйым – 1 дана;

– муфталарды ажыратқыш – 1 дана;

– сағат типті индикаторлар (штативтерімен), өлшем бірлігі – 0,01 мм

– жазық параллель өлшеуіштер (екінші кластық дәлдікті) – 1 комплект;

– микрометрлі тереңдік өлшегіш (өлшем бірлігі – 0,01 мм, өлшем шектері 0...25 мм ) – 2 дана;

– сүңгіштер L = 100 мм, N 2 жинақ – 3 дана;

– слеcарьлық деңгей өлшегіштер Lжұм = 200 мм – 2 дана;

– отвестер – 2 дана;

– сыналы сүңгіштер – 5 дана;

– бұрыш өлшегіштер 90°, А = 250 мм, В = 165 мм, һ = 5 мм – 2 дана;

– центрлеуге арналған қапсырмалар, сағат типті индикаторлар микрометрлі (штативтерімен) 2 – 3 дана.

2.6.1 Біліктерді центрлеудің теориялық негіздері

Біліктерді жалғастыру үшін түрлі типті муфталар қолданылады. Құрылымына қарай олар тұйық, қатаң, теңелтуші, озба, т.б. болып бөлінеді. Металлургиялық машиналарда тісті муфталар кеңінен таралған. Машиналарды жинастыру кезіңде біліктерді центрлеу ең жауапты жұмыстардың бірі болып табылады. Центрлеу дәлдігі біліктерді жалғастыратын муфталардың типіне байланысты. Біліктердің осьтестіктен ауытку мөлшерлері 9 – кестеде келтірілген.

9 кесте – Біліктердің осьтестіктен ауытқу шақтамалары

Айналу жиілігі, айн/мин

Муфталардың типі

Қатаң

Серпімді – саусақты

Тісті

Қиғаштық

а,мм/м

Параллель ауытку, мм

Қиғаштық а,мм/м

Параллель ауытқу, мм

Қиғаштық а, мм/м

Параллель

ауытқу, мм

750 дейін

0,00015 d

0,08

0,0002 d

0,10

0,0003 d

0,15

1500 дейін

0,00012 d

0,06

0,00015 d

0,08

0,00024 d

0,12

3000 дейін

0,00008 d

0,04

0,00012 d

0,06

0,0002 d

0,10

3000 жоғ.

0,00004 d

0,02

0,00008 d

0,04

0,00015 d

0,08

Ескерту: d – қиғаштық өлшенетін диаметр

2.6.2 Жұмыстың мазмұны

1 Біліктерге жобаға сәйкес бөлшектер мен жарты муфталарды қондыру. Центрлеу дәлдігі көрсеткіштерін анықтау.

2 Электрқозғалтқышты жылжымалы негізге немесе іргетасты плитаға орнату және қозғалтқыш пен редуктор біліктерін алдын ала (дөрекі) центрлеу.

З Арнайы қапсырмаларды пайдалана отырып, қозғалтқыш пен редуктордың біліктерін дәлдеп центрлеу.

  1. Жұмыс барысы бойынша центрлеу сұлбаларын жасау, орнатылудың ауытқу мөлшерлерін есептеу және тораптардың орнатылуын дәлдеу.

  2. Жарты муфталарды жалғау.

6 Электрқозғалтқыштың көмегімен бос жүрісінде және қолмен жүйелерін айналдыру.

7 Қорытындыда центрлеудің нәтижелері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]