
- •М.Б. Құрманалиев., б.С. Бейсенов металлургиялық машиналарды құрастыру
- •5В070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша оқитын
- •1 Лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру және орындау
- •1.1 Жалпы нұсқаулар
- •1. 2 Лабораториялық жұмыстарды орындау тәртібі және есептеме
- •1.3 Лабораториялық қондырғылар
- •2 Лабораториялық жұмыстар
- •2.1 Машиналарды құрастыру
- •2.1.1 Құрастырудың теориялық негіздері
- •2.1. 2 Жұмысты орындау тәртібі
- •2.1.3 Тісті берілістерді құрастыру сапасын тексеру
- •2.2.1 Тісті берілістерді құрастырудың теориялық негіздері
- •2.2. 2 Жұмысты орындау тәртібі
- •2.3 Бұрамдық берілістерді құрастыру сапасын тексеру
- •2.3.1 Бұрамдық берілістерді құрастырудың теориялық негіздері
- •2.3. 2 Жұмысты орындау тәртібі
- •2.4 Мойынтіректі тораптарды реттеу және редукторды құрастыру
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •2. 5 Редукторды құрастыру
- •Редукторды құрастырудың теориялық негіздері
- •7 Кесте – Цилиндрлі тісті берілістердегі кепілденген бүйірлік саңылаулар мөлшері, мкм
- •Жұмысты орындау тәртібі
- •2.6 Біліктерді центрлеу
- •2.6.1 Біліктерді центрлеудің теориялық негіздері
- •2.6.2 Жұмыстың мазмұны
- •2.6.3 Жұмысты орындау әдістемесі және тәртібі
- •Мазмұны
- •Лабораториялық жұмыс
- •5В070900 – «Металлургия»
- •Металлургиялық машиналарды құрастыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.И. Cәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау – кен – металлургия институты
Тау - кен және металлургиялық машиналар мен жабдықтар кафедрасы
М.Б. Құрманалиев., б.С. Бейсенов металлургиялық машиналарды құрастыру
Лабораториялық практикум
5В070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша оқитын
студенттерге арналған әдістемелік нұсқау
АЛМАТЫ 2012
ЖОК 669.013
Құрастырушылар: Құрманалиев М.Б., Бейсенов Б.С. Металлургиялық машина – ларды құрастыру 5В070900 - «Металлургия» мамандығы студенттерге арнал –ған әдістемелік нұсқау. – Алматы: ҚазҰТУ, 2012, 38 б.
Әдiстемелiк нұсқау 5В070900 – «Металлургия» мамандығы ҚР МЖМБС – ның талаптарына сай құрылған. Лабораториялық практикумда талаптарға сай құрастыру бойынша лабораториялық жұмыстарға қажет мәлiметтері, квали-фикациялық сипаттамалары келтірілген.
Сонымен келтiрiлген 38944979 – 09 – 2009 – шы РМК СТ – ның талабы мемлекеттiк стандарттарға сәйкес есептеу нәтижелерiнiң ресiмделуi мен техникалық құжаттама бойынша металлургиялық машиналар сипаттамалары ұсынылған.
Лабораториялық практикум 5В070900 – «Металлургия» мамандығы студенттеріне арналған. Сонымен бірге металлургиялық машиналармен шұғылданатын инженер – техникалық кәсiпорын қызметкерлерлерi де пайдалана алады.
Кесте – 9. Сурет – 18. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі – 6 атау.
Пікір жазған: техн. ғыл. канд., доцент Шаутенов М.Р.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы жоспарына сай басылды.
© Қаз ҰТУ, 2012
КІРІСПЕ
Металлургиялық машиналар мен жабдықтардың ұзақ және сенімді жұмысы жабдықтарды құрастыру, жобалы жұмыс орнында құрылғылау сапа-сына байланысты. Болашақ инженер – механиктер металлургиялық жабдық-тарда қолданылатын түрлі берілістерді есептеу, жобалау, құрастырылу және құрылғылану дұрыстығын тексеру әдістемелерімен қатар, жұмыстарды орын-дауға қажетті аспаптармен жетік танысуы қажет.
Монтаждық мекемелерде жұмыс істейтін мамандар үшін сонымен бірге құрылғылаудың жоғары өнімділікті өнеркәсіптік әдістеріе, арнайы жүк көтергіш механизмдердің түрлері мен қолданылу аясын, қауіпсіздік техника – сын, еңбек қорғау ережелерін меңгеруі керек.
Лабораториялық іс – тәжірибелерде жұмыстарды орындау әдістемелері, қажетті есептік формулалар мен кестелер келтірілген.
Жұмыстардың сипаттамаларында қажетті айлабұйымдар, аспаптар, орындалатын жұмыстың мақсаты мен орындау тәртібі көрсетіліп, жұмыс тақырыбына сай бақылау сұрақтары келтірілген.
Лабораториялық жұмыс есептеме жасаумен және оны қорғаумен аяқталады.
1 Лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру және орындау
1.1 Жалпы нұсқаулар
Лабораториялық жұмыстардың көлемі, мамандықтың оқу жоспары бойынша анықталады. Орыңдалатын жұмыстардың ретін, санын, пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкес оқытушы анықтайды. Жұмыстардың орындалу сапасын жоғарылатуға арналған дәрістік материал, алдын ала оқылғаны жөн.
Жұмыстарды орындау кезінде академиялық оқу тобы, студенттердің санына байланысты екіге бөлінуі мүмкін. Лабораторияның сондағы қондырғылармен және керекті аспаптармен жабдықталуына байланысты студенттер бір типті немесе әр түрлі типті жұмыстар орындауы мүмкін.
Лабораториялық жұмыстардың сипаты немесе орындалатын жұмыстың көлеміне тәуелсіз, төменде аталған талаптар орындалуы керек :
– лабораториялық жұмыстарды орындауға кірісер алдында міндетті түрде
қауіпсіздік техникасы талаптарымен танысу;
– сәйкес жұмыс орнын дайыңдау;
– қажетті аспаптармен және олармен жұмыс істеу тәртібімен танысу.