
- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Әрлеу материалдарының технологиясы Алматы 2009 мазмұны
- •С Қазақ бас сәулет – құрылыс академиясы. 2009
- •Органикалық шикізаттар негізіндегі өңдеу материалдары
- •Ағаш негізіндегі өңдеу материалдары
- •1.1.1 Өңдеу жұмыстарына қолданылатын ағаштың негізгі қасиеттері және оларды жақсарту тәсілдері
- •1.1.2. Әрлеу жұмыстарына қолданылатын ағаштардың түрлері
- •Еденге арналған әрлеу материалдары. Паркеттік бұйымдар
- •1.1.4. Фанера
- •1.1.5. Ламинат
- •1.1.6. Ағашты модификациялау және оның физика-механикалық қасиеттерін анықтау
- •1.2. Полимерлік материалдар
- •1.2.1. Едендік орама полимерлі материалдар
- •1.2.2. Полимерлік едендік материалдардың қасиеттерін анықтау
- •1.2.3. Қабырғалық орама материалдар
- •2.1.2. Қасбеттік керамикалық бұйымдарды әрлеу технологиясы
- •3.3. Плитки для внутренней облицовки стен
- •1.3.3. Плитки для полов
- •Облицовочные материалы
- •2.1.3. Керамикалық кірпішті ұнтақталған әктас қосу тәсілімен ағарту
- •2.1.4. Керамикалық қасбеттік бұйымдарды ағартудың химиялық тәсілі
- •2.1.5. Марганец кенін қосу арқылы қасбеттік керамикалық бұйымдарды көлемді бояу тәсілдерін зерттеу
- •2.2. Силикат балқымаларынан алынатын материалдар мен бұйымдар
- •2.2.1. Жалпы мағлұмат
- •2.2.2. Шыны құрылымы
- •2.2.3. Шынылардың қасиеттері
- •2.2.4. Шыны өндірісінің негізі
- •2.2.4.1. Шикі зат материалдары.
- •2.2.4.2. Шыны және шыны бұйымдарын өндіру
- •7.5. Жазық бетті шыны шығару
- •Сурет 7.2. Шыныны тік жоғары тартуға арналған машина схемасы:
- •Сурет 7.4. Құю столында катоктармен шыны жаю схемасы:
- •Сурет 7.6. Флоат – процесс тәсілі бойынша шыны өндіруге арналған қондырғы схемасы:
- •7.6.Құрылыста қолданылатын шыны әне шыны бұйымдарының түрлері
- •7.6.1. Жазық бетті табақ шыны
- •7.6.2. Қаптаушы шыны
- •7.6.3. Шыны негізіндегі бұйымдар мен конструкциялар
- •7.7. Ситаллдар және қожды ситаллдар
- •Сурет 7.11. Ситаллалар алардағы шыны термоөңдеу тәртібі:
- •Кесте 7.2. Ситаллалардың, шынының және болаттың қасиеттері
- •7.8. Құйма тас бұйымдары
- •7.9. Шлак қорытындыларынан жасалынатын материалдар мен бұйымдар
- •4.1.2. Әрлі салықтық ертінділердің тиімді құрамдарын тағайындау
- •4.1.3. Әрлі бетонға арналған байланыстырғышты дайындау және оның түсі мен беріктігін анықтау
- •4.1.4. Түрлі-түсті бетон құрамын есептеу және оның қасиеттерін анықтау
- •4.2. Құрғақ құрылыстық араласпалар
- •Функционалды қоспалар
- •4.5. Минералды байланыстырғыш негізіндегі өңдеу материалдары беттерінің әрлілігін сақтау шаралары
- •Көп компоненті цементтердің физика механикалық қасиеттері
- •Жалпы қолданылған цемент көлеміндегі отандық цемент зауыттарының үлесі
- •Қазақстандағы цемент зауыттарының жобалық өнімділігі және жылдық өнім өндіру көрсеткіші
- •Түсті металлургия қалдықтарының белсенділігі
- •4.3. Ұялы бетон негізіндегі бұйымдарды әрлеу тәсілдері
- •4.3.1. Бұйым бетіне рельефті ою-өрнек түсіру
- •4.3.2. Әрлі-қорғаушы қабаттарды жағу технологиясы
- •4.3.3. Әрлі-қорғаушы қабаттың қаттылығын анықтау
- •4.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын әрлеу технологиясы
- •4.4.1. Қалыптау барысында беттік қабаттың сапасын жоғарылату
- •6.2. Бетон және темірбетон бұйымдарының бетін жетілдіру технологиясы
- •6.3. Бетон және темірбетон бұйымдарын бояу технологиясы
- •6.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын өндеуге қолданылатын бояулардың тұтқырлығын анықтау
- •Студенттердің білімін бақылайтын тесттік сұрақтар
- •Түсініктеме сөздік
- •Әдебиет
- •480043, Алматы қаласы, қ.Рысқұлбеков көшесі, 28-үй.
1.2. Полимерлік материалдар
1.2.1. Едендік орама полимерлі материалдар
Еден төсеуге жарамды материалдар ішінде полимер негізінде алынған материалдар едендік материалдарға қойылатын жан-жақты талаптарға толық сай келеді. Олар онша тозбайды, әдемі, гигиеналық таза және технологиялы. Полимер материалдарынан еден орнату әдеттегі материалдармен салыстырғанда (тақтаймен, паркетпен) едәуір оңай, оған кететін уақыт және еңбек шығыны 5-10 есе төмен.
Едендер үшін полимерлік материалдар зауытта жасалынған дайын бұйымдар - орама және тақталық түрінде де болулары мүмкін. Тұрғын үйлер құрылыстарында орама және тақталық материалдары кең қолдануда. Еденді мастикамен жабуды агрессивтік әсері жоғары өндіріс орындарында, химиялық және азық-түлік, тамақ өнеркәсіптерінде қолданады.
Еден жабуға арналған полимерлік материалдар құрылымы, шикізаты, қаттылығы және сырт көрінісі бойынша жіктелінеді. Құрылымы бойынша орама материалдары және тақталық бұйымдары астынғы негізді (маталық, картондық, жылуқоршағыштық) және астыңғы негізсіз (бір және көпқабатты) болулары мүмкін. Басты шикізаттарына байланысты (полимерге) орама материалдар поливинихлоридтік, алкидтік, коллоксилиндік, резиналық, тақталықтар, мұның үстіне тағы да кумарондық, фенолитік және полимербетондық деп бөлінеді.
Қаттылығы бойынша тақталық бұйымдар қаттыларға, шала қатыларға және иілгіштерге жіктеледі. Қаттылары - диаметрі 100 мм стерженьге айналдыра орағанда сызаттар береді; шала қаттылары -үлгісін игенде жарылмайды. Иілгіш - диаметрі 100 мм стерженьге айналдыра игенде сызат бермейді. Орама материалдар және тақталық бұйымдар сырт көрінісі бойынша түсімен, пішінімен және фактурасымен ажыратылады.
Линолеумның көптеген түрлері линолеумдік негізгі байланыстырушы ретінде поливинилхлоридті қолданумен жасалынады.
Поливинилхлоридтік (ПВХ) линолеумдар бір және көпқабатты, негізді және негізсіз болып шығарылады. Оны маталық және жылуизоляциялық негіздеріне пластмассаны жағу тәсілімен өндіреді.
Линолеумды өндіру үшін байланыстырушы поливинилден басқа шикізат ретінде тальк, барит, гидрофобталған бор, ағаш ұнтағы және т.с.с. толтырушыларды, жұмсартушылар ретінде диоктилфталатты, тағы басқа қоспаларды пайдаланады.
Линолеумды бояу үшін мумияны, темір жосасын (сурик), литопонды, ультрамаринді, хромдық көкті және т.б. минералдық бояуларды қолданады.
Асты негізді линолеумды бес типте жасайды: А – көп реңкті, басылған суретті, мөлдір қабыршақтан бет қабаты бар линолеум, Б – көп реңкті, мөлдір поливинилхлорид қабатымен қорғалған суреті бар линолеум: В – көп реңкті, біртүсті линолеум, Г – көп реңкті, екітүсті линолеум; Д – бір реңкті, біртүсті немесе мәрмәр тәрізді линолеум. Астында мата негізі бар линолеум орамасының ұзындығы 12 м, ені 1350-2000 мм, қалыңдығы А, Б, В типтері үшін 1,6 және 2 м , Г және Д типтері үшін 2 м болып өндіріледі. Оны тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттар бөлмелерінің еденіне төсеу үшін қолданады.
Жылу изоляциялық астарлы поливинилхлоридтік линолеум екі қабаттан – бір немесе көпқабатты поливинилхлоридтік қабыршақтан және жылу-, дыбыс оқшаулағыш талшықты астардан тұрады. Мұндай линолеум тұрғын үйлердегі бөлмелердің еденіне төсеу үшін қолданылады. Кейде қозғалыс аз және үйкегіш материалдар, майлар, су әсер етпейтін қоғамдық және өндірістік ғимараттардағы бөлмелердің еденіне төсеуге де болады. Линолеумды өндіріс тәсіліне және жоғарғы қабатының құрылымына байланысты бес типте шығарады: жақпалық (промазной) – ПР; білікті–каландрлық – ВК; беттік мөлдір поливинилхлоридтік қабыршағы бар білікті каландрлық – ВКП; экструзиялық – ЭК және беттік мөлдір қабыршағы бар экструзиялық – ЭКП.
Линолеумның ерекше өзгешелігі - ол бетон және темірбетон негізіндегі еденге ешқандай желімсіз төселінеді. Қабатаралық панельге салынған линолеум астына жылу немесе дыбыс изоляциялық төселімдер және жылу қорғағыш қабат салуды қажет етпейді, демек линолеум төселінген еден қажетті жылуды сақтайды. Жылуизоляциялық линолеумды ұзындығын 12 м, енін 1350-1800 мм және қалыңнемесе баспаланған суреті бар көптүсті етіп шығарады (1.10 - сурет). Сондай–ақ, бөлме ауданына есептелінген «пісіріле біріктірілген кілем» атты линолеум да шығарылады.
Көбіктенген қабатты поливинилхлоридтік линолеум - көбіктенген поливинилхлоридтік қабатпен жабылған қаңқадан (шыны кенебінен, асбест матасынан және т.б.) тұратын орамалы материал.
Үстіңгі бетіне баспалап сурет салып, оны мөлдір поливинилхлоридтік қабыршақен жауып қорғайды. Мұндай линолеумды жақпалық тәсілмен жасап шығарады. Ол тұрғын және қоғамдық үйлер жайларына арналған. Оның ұзындығы 12 м кем емес, ені 2,0 м дейін, қалыңдығы 1,8 мм орама түрінде мынандай типте жасайды: ені немесе үш қабат көбіктелінген поливинилхлорид жағылғанына сәйкес I-T, II-T, III-T және бет қабаты әшекейлене өрнектелінген линолеумдер; бір, екі немесе үш қабатты көбіктелінген поливинилхлориді бар, бірақ бет қабаты өрнектелінбеген линолеумдер – I-H, II-H, III-H.
1.10 – сурет. Полимерлік орама материалдар
Негізсіз бір және көпқабатты поливинилхлоридті линолеум - еденге арналған тиімді материалдардың бірі. Оны поливинилхлоридтік композициясынан біліктемелік, каландрлық немесе экструзиялық тәсілдердің бірімен жасап шығарады. Құрылымына байланысты үш типтегі линолеум шығарылады: КҚ – басылған суретті бет қабаты көпқабатты линолеум; М – көпқабатты, біртүсті немесе мәрмәр тәрізді және Б – бірқабатты біртүсті немесе мәрмәр тәрізді.
Линолеумнің үстіңгі, жұмыс және әсемдік қабаттарында (қалыңдықтары әдетте 0,6-0,8 мм аралығында) толтырушылар шамалы ғана болатындығынан үйкеліске төзімділігі жоғары болады. Ал астыңғы қабатында толтырушылар көп болады да, полимер мен бояғыштарды үнемдеуге мүмкіндік туып, линолеум құнын төмендетуге септігін тигізеді.
Линолеум еденге жақсы желімденуі үшін оның астыңғы бетін әдетте бұдырлы етіп жасайды. Астыңғы негізсіз линолеум гигиеналығы жағынан өте жақсы, сол себепте оны медициналық мекемелер мен зертханалардың едендеріне төсеген тиімді. Бұл линолеумды ұзындығы 12 м дейін, ені 1,2-1,4 м және төсем қалыңдығы 1,5-1,8 мм орама түрінде шығарады.
Половинилхлоридті негізсіз қиын тұталынатын ТТН маркалы линолеум. Оны полимерден, толтырушылардан, жұмсартқыштан және басқа қоспалардан тұратын поливинилхлорид композициясынан білікті–каландрлық тәсілмен жасайды. Үйкеліске тұрақтылығын арттыру мақсатында линолеумнің беттік қабатын бұдырлы етіп жасайды.
Тозутұрақтылығына байланысты бұл линолеумнің екі түрін шығарады, орама ұзындығы 12 м-ден кем емес, төсем ені 1,5-1,6 м, қалыңдығы 1,8-2 мм. Оны әсіресе кеме палубаларының еденіне төсеуге көбірек қолданады.
Поливинилхлоридті линолеум – қолданылу мерзімі 10 жыл
Полиуретан қабатымен көмкерілген поливинилхлоридті линолеум – қолданылу мерзімі 7-15 жыл.
1.11 – сурет. Линолеумнің түрлері
1.12 – сурет. ТТН маркалы қиын тұталатын линолеумдар
ПВХ линолеумдардың барлық түрлері бір принциппен өндіріледі: алдымен негіз ПВХ қабатымен сіңдіріледі, содан кейін сурет бастырылған соң қалыңдатылып, серпімділік беру үшін астыңғы қабат жағылады да линолеумның ұзақ мерзімділігін арттыру үшін беткі қабаты ретінде полиуретандық қабыршақ жағылады (қабыршақ қалың болған сайын, оның үйкелуге төзімділігі жоғары).
Құрылысқа келіп түскен поливинилхлоридтік линолеум орамасын температурасы 100С кем емес бөлмеде тікесінен сақтау керек.
Коллоксилиндік линолеум - негізсіз бірқабатты орама материал. Оны нитроцеллюлозадан, жұмсартқыштардан, толтырғыштардан, бояушылардан және антипиреннен тұратын композициядан белгілі тәсілдің бірімен жасап шығарады. Оны кейде нитролинолеум деп те атайды. Себебі байланыстырушы компоненті ретінде коллоксилинді (нитроцеллюлозаны) пайдаланады. Толтырушыларға арзан минералдық материалдарды (гипсті, сазды және т.с.с.) қолданады. Бұл линолеумның А және Б маркаларын қызыл және қоңыр түсті орама материал түрінде шығарады. Орама ұзындығы 12 м, ені 1-1,4 м. Линолеумның бұл түрі құрылыста сирек қолданылады.
Алкидтік (глифталдық) линолеум (полиэфирлік шайырлар негізінде) беті бірөңді немесе өрнектелген беті бірөңді немесе өрнектелінген, астыңғы негізі матадан болатын орама материал, ұзындығы 15-30 м, маркалары А – қалыңдығы 2,5-5 мм және Б – қалыңдығы 2,3 және 3 мм болып өндіріледі. Төсемнің ені 2 м. Оны өсімдік майымен модификацияланған алкидтік полимер мен толтырғыштардан (ағаш және пробкалық ұн) тұратын массадан жасайды. Бұл линолеумдардың ең ескі түрі. Оны күрделі технологиямен және азық-түлік шикізатын қолдана жасап шығарады. Дегенмен, алкидтік линолеумның физика-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері поливинилхлоридтік линолеумге қарағанда едәуір жоғары. Оны бір немесе көптүсті басылған суретімен немесе қалыңдығы бойынша толық боялған қалпында шығарады. Алкидтік линолеум тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы бөлмелердің және теміржол вагондарының, кемелер каюталарының, метрополитен вагондарының едендеріне төсеуге кеңінен қолданады.
Релин – резеңкелі линолеум, екі қабатты болып өндіріледі, жоғарғы әрлі қабаты 1-1,5 мм синтетикалық каучуктен жасалады, ал төменгі қабаты ұсақталған ескі резеңке мен битум қоспасынан дайындалады. Релин А, Б, В типтеріне бөлінеді, біріншісі тұрғын жайларға және көліктерге төселінеді. Екіншісі азаматтық және өндірістік ғимараттардың едендеріне, ал үшіншілері антистатикалық, яғни электр зарядтары жиналатын жайларға арналған. А және Б типтері біртүсті немесе көптүсті, көбінесе мәрмәртәрізді суретпен, ал В типті релин бір түсті болып шығарылады.
Релин ұзындығы 12 м, ені 1,0-1,6 м, қалыңдығы 3 немесе 5 мм орама түрінде өндіріледі. Оның 12 сағаттағы сусуңіргіштігі 1%-дан аспайды, үйкелуі – 0,05 г/см2 және 1 м2 релиннің салмағы 3,7 кг. Қаттылығы шарикті қаттылық өлшегіш ТШР–22 бойынша 1 мм-ден аспайды.
Мастикалық немесе жапсарсыз материалдар – бетон, ағаш-талшықты тақта және ағаш-жаңқалы тақта негізіндегі едендерге шашу немесе бүрку арқылы жағылып, одан соң бөлмелік температурада қататын тұтқыр-ағымды полимерлік құрамдар.
Еденнің мастикалық жабындысының полимерлі байланыстырғышы ретінде поливинилацетатты дисперсия, фенолформальдегидті, полиэфирлі, эпоксидті және фуранды полимерлер мен каучукты латекстер қолданылады.
Құрылыста кең қолданылатыны - жанбайтын және зиянсыз (уытсыз) сулы композициялық құрамнан тұратын, поливинилацетатты және полимерцементті құрамдар. Бұл жапсарсыз едендік материалдар тазалығымен, қоршаған ортаның ықпалына төзімділігімен, беріктігімен және т.б. қасиеттерімен ерекшеленеді.
Мастикалық едендер қатаң және иілімді болып жасалынады. Олардың тығыздығы – 1350-1800 кг/м3, үйкелушілігі – 0,006-0,024 г/см2, ал 24 сағаттағы сусуңіргіштігі – 5-9 %. Мастикалық жапсарсыз жабындының жалпы қалыңдығы 2-3 мм. Мастикалық масса бүркігіш-пистолет немесе щёткамен 2-3 қабат етіліп жағылады. Әр қабат алғашқы қабат кепкеннен соң жағылады. Байланыстырғышты үнемдеу мақсатында төменгі қабат құрамдарына толықтырғыш көбірек қосылады. Толықтырғыш ретінде ұнтақталған құм, перлит, жанба жыныстар, күлдер, маршалит және т.б. қолданылады.
Полимерлік едендік материалдар аясындағы проблемалар мен ғылыми жетістіктер. Қазіргі кезде құрылыста едендік материал ретінде таза ағаш (ағаш тақтай, паркет) және орама (линолеум) материалдардың орнына латекстер мен поливинилацетатты дисперсиялардан жасалған полимерлі жабындымен қапталған ағаш-жаңқалы тақталар және ағаш-талшықты тақталар кең қолданылуда.
Осы айтылғандарға байланысты, реологиялық қасиеті қанағаттандырарлық деңгейдегі, тақтамен жақсы адгезияланатын және үйкеліске төзімділігі жоғары тұтқыр-ағымды жабынды құрамын жасау қажеттілігі туындайды.
Лактың және бояудың жанбайтын, экологиялық таза және жергілікті шикізаттар негізіндегі құрамдарын алу – Қазақстан ғалымдары мен мамандары үшін проблемалық тақырыптардың бірі. Мысалы, сұйық шыны мен фуранды қоспа негізіндегі полимер-силикатты жабынды құрамымен көмкерілген, боялған құрылыс материалдарының суды және қышқылды өткізбеу көрсеткіштері жоғарылайды, сондай-ақ, атмосфераға төзімділігі мен беріктігі артады. Ал, фуранды қоспа – фурфурол өндірісінің оңай полимеризацияланатын қалдығы.
Желімдер мен мастикалар алу үшін сланцтық шайыр өндірудің қосалқы өнімі болып саналатын – алкидрезорциялық олигомерлерді қолдану тиімді. Ал лигнин ұнтағымен толықтырылған желімдер ағаш құрамдарын, қалқанды бұйымдарды, аз қабатты үйлердің едендерін желімдеуге өте тиімді материал.