Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.73 Mб
Скачать

1.1.5. Ламинат

Ламинат. Ламинат деп паркетке ұқсас, полимер негізіндегі үйкеліске төзімді қабыршақпен жабылған, баспадан өткен декоративті қабат түріндегі еденге арналған материалды айтады. Ламинатталған паркеттің беттік декоративті қабатын табиғи ағаш, мәрмәр, гранит, кілем және басқа ою-өрнектерге, абстракциялық картиналарға ұқсатып жасауға болады. Оның нағыз паркетпен еш ұқсастығы жоқ, ламинаттың тек қана негізін ағаш қалдықтарынан жасайды.

Ламинаттың артықшылықтары – тырналмайды, жиғаздар дөңгелектерінің, біз өкшелердің, кездейсоқ құлаған ауыр заттың іздері қалмайды. Бұл суға төзімді, жылы, мүлде зиянсыз жабын. Оған жоғары температуралар – күл немесе темекі тұқылы, сондай-ақ жылытқыш жабдықтар да еш зиян келтірмейді және кез-келген заттар дақ қалдырмайды, тіпті төгілген бояу немесе лак еденге еш зиян келтірмей ацетонмен сүртіледі. Ламинат жақсы күтіледі, ылғал шүберекпен сүртіп қойса болғаны.

Ламинаттың кемшіліктері – оның жиектерінің әлсіздігі. Егер технологиялық талаптарда ауытқулар болса, жиектері мүжіліп кетуі мүмкін, яғни ламинат жиектерін арнайы суға төзімді жабындармен өңдеу қажет. Пайдалану мерзімі ұзақ емес, 5 жылдан аспайды. Ламинаттың беті бүлінсе, оған лак жағып қойған жеткіліксіз, оны жаңасына ауыстыру керек.

1.8 - сурет. Ламинатталған паркет

Өндіру технологиясы. Ламинат негізі ағаш қалдықтарынан жасалады, ал құрылымы көпқабатты (ең кем дегенде 4 қабаттан тұрады), қалыңдығы әр түрлі болып келеді. Ең жоғарғы қорғаныс қабаты – арнайы шайырлардан тұратын берік қабыршақ, әрлі қабаты – сурет салынған, шайыр сіңдірілген қағаз, негізгі қабат – беріктігі жоғары ағаш-талшық тақта және төменгі қабат – парафин немесе шайыр сіңдірілген қағаз (1.7 - сурет).

Ылғалға төзімді т тұрақтандырғыш қабат

АТТ – ламинаттың негізі

әрлі қабаты

жоғарғы қорғаныс қабаты

1.9 - сурет. Ламинаттың құрылымы

Жоғарғы қабат - меламин немесе акрилдік шайырлардан тұратын жабын. Ол бір немесе көп қабатты болуы және құрамына микроскопиялық толықтырғыштар қосылуы мүмкін. Бұл қабат үйкелуге төзімділік, дақтар мен химикаттарды қабылдамау, күн сәулесінің әсеріне, тырнауға және басқа да механикалық әсерлерге төзімділік қасиеттерін атқарады.

Көп ламинаттардың негізі – тығыздығы жоғары (800-110 кг/м3) , қалыңдығы 6,7-7,7 мм ағаш-талшық тақталар. Бұл қабат ламинаттың соққыға, қысымдарға және ұзақ мерзімдік жүктеулерге төзімділігін қамтамасыз етеді.

Ламинаттағы суретті алу үшін, алдымен қажет тұқымды ағаштың немесе басқа беттің фрагменті фотосуретке тартылады, ол қағазға аударылған соң шайырмен сіңдіріледі.

Барлық қабаттар ретімен орналастырылып, жоғары температурада (2000С) және қысыммен (40 кг/см2) пресстеледі. Температура мен қысым әсерімен шайырлардың, декоративтік қағаздың және ағаш-талшық тақтасы құрамындағы заттардың арасында химиялық реакция жүреді. Нәтижесінде жаңа композициялық материал пайда болады. Дайын болған ламинат тақталары, біраз уақыт қоймада пресс «әсерінен» дем алған соң, өлшемдері әртүрлі (ұзындығы 1180-2000 мм, ені 90-300 мм аралықтарында) панелдерге кесіліп, оларды біріктіру үшін тиектер мен шұқырлар (шип-паз) ойылып салынады.

Ламинатты пәтерлер, кеңселер, дүкендер, мұражайлар, қонақ үйлер, тіпті спорт залдарының едендеріне төсеуге болады.

Ламинат түрлері. Ламинаттың үш төменгі класы болады – 21, 22, 23. Олар инструкциясында көрсетілгендей, «аз адам жүру үшін», яғни тұрғын үйлер үшін, қолданылады, оларды шартты түрде «үйлік» деп атайды.

    1. - кесте. Ламинаттың төменгі классты түрлері

Ламинат класы

Пайдаланылатын орны

АС1/21

Аз адам жүретін тұрғын бөлмелер (жатын бөлме, кабинет, қоймалық бөлме)

АС2/22

Орташа мөлшердегі адам саны болатын бөлмелер (қонақ күтетін бөлме, балалар бөлмесі)

АС3/23

Көп адам қозғалысы болатын бөлмелер (кіре-беріс, ас үй (кухня), асхана

Жоғарғы классты ламинаттар – 31, 32, 33 қоғамдық ғимараттарда қолданылады, оларды «коммерциялық ламинаттар» деп атайды. «коммерциялық ламинаттардың» ерекшеліктері – «үйлік ламинаттарға» қарағанда үйкеліске төзімділігі жоғары, және бағасы да қымбатырақ болады.