Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.73 Mб
Скачать

6.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын өндеуге қолданылатын бояулардың тұтқырлығын анықтау

Бояулардың тұтқырлығын анықтау үшін төменгі тесігі 4 мм ВЗ-4 вискозиметрі (ГОСТ 9070) қолданылады. Сыналатын бояу құрамын бойындағы ауа көбіршектері кеткенге дейін араластырады. Егер бояу құрамында бөгде қоспалар байқалса, оны МемСТ 3584 және МемСТ 6613 талаптарына сәйкес сүзіп тазалайды.

Сынақты өткізер алдында вискозиметрді 20-250С температурада 30-60 минут бойы ұстап, бояу тесігін бензинмен немесе басқа еріткіш материалмен сүртіп, тазалайды. Вискозометрді штативтің орнатқыш бұрандасы арқылы, көлденең етіп бекітеді және оның астына сыйымдылығы 110 мл-ден кем емес ыдыс орналастырылады.

Бояу ағатын тесікті саусақпен жауып, вискозиметрге сыналатын құрам құйылады. Бояу вискозометрдің жоғарғы деңгейінен артық құйылады, артық мөлшер, пайда болған көбікпен бірге шыны таяқша көмегімен алынып тасталады. Бояу ағатын тесік ашылады және сол мезетте секундомер қосылады. Үздіксіз іске бояу ағысының бірінші үзілуімен бірге секундомер жұмысы тоқтатылады.

Сынақ үш рет жүргізіледі. Сынақ көрсеткіштерінің бір бірінен ауытқуы 0,20 секундтан аспауы керек

Секундпен есептелінетін бояу тұтқырлығының көрсеткіші ретінде, параллельді жүргізілген үш сынақтың орташа арифметикалық мәні қабылданады және ол келесі формула бойынша анықталады:

Х = t x K

мұндағы: х – бояуы тұтқырлығы, секунд; t – бояудың үздіксіз ағу уақыты, секунд; К – вискозиметрдің түзету коэффициенті (0,9-1,1).

Вискозиметрдің түзету коэффициенті бояудың бақылау құрамы арқылы анықталады немесе тексеріледі.

Сынақ көрсеткіштері жазылып алынып, жоғарыда көрсетілген формула бойынша бояудың тұтқырлығы анықталады. Сынақ көрсеткіштерінің бір-бірінен ауытқуы 0,20 секундтан асқанда тәжірибе қайта жүргізіледі.

ВЗ-4 вискозиметрінің түзету коэффициентін анықтау. Түзету коэффициентін анықтау үшін эталондық бақылау сұйығы қолданылады. Бұл сұйық 1 бөлік трансформатор майынан және 2 бөлік МС-200 немесе МК-22 маркалы авиациялық майлардан тұрады.

Аспаптың дұрыстығын тексеру мақсатында, эталондық май бақылау және сыналатын вискозометрлерден өткізіледі. Түзету коэффициентін келесі формула бойынша есептейді:

К = Т1 / Т2

мұндағы: Т1 – эталондық сұйықтың бақылаушы вискозиметрден өту уақыты, секунд; Т2 – эталондық сұйықтың сыналушы вискозиметрден өту уақыты, секунд.

Түзету коэфициентінің мәні 0,9-1,1 аралығында болуы шарт. Бұл талап сақталмаған жағдайда, тексерілген вискозиметр жұмысқа жарамсыз.

Бақылаушы вискозиметр болмаған жағдайда, эталондық сұйықтың ағу уақытын келесі формуламен анықтайды:

Т = 0,185 Ж + 10

мұндағы: Ж – эталондық сұйықтың ГОСТ 33 бойынша бөлмелік температурада анықталған абсолютті тұтқырлығы, секунд.

Оқытушының көрсетуі бойынша бірнеше бояулық құрамдардың немесе эмульсиялардың тұрқырлығы анықталады. Бұл көрсеткіштердің бояу немесе материал сертификатына сәйкестігі тексеріледі. Тәжірибе жүзінде сыналған бояулардың тұтқырлығына байланысты, оларды бұйым бетіне жағатын немесе бүркіп шашатын қондырғылар таңдалады.