
- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Әрлеу материалдарының технологиясы Алматы 2009 мазмұны
- •С Қазақ бас сәулет – құрылыс академиясы. 2009
- •Органикалық шикізаттар негізіндегі өңдеу материалдары
- •Ағаш негізіндегі өңдеу материалдары
- •1.1.1 Өңдеу жұмыстарына қолданылатын ағаштың негізгі қасиеттері және оларды жақсарту тәсілдері
- •1.1.2. Әрлеу жұмыстарына қолданылатын ағаштардың түрлері
- •Еденге арналған әрлеу материалдары. Паркеттік бұйымдар
- •1.1.4. Фанера
- •1.1.5. Ламинат
- •1.1.6. Ағашты модификациялау және оның физика-механикалық қасиеттерін анықтау
- •1.2. Полимерлік материалдар
- •1.2.1. Едендік орама полимерлі материалдар
- •1.2.2. Полимерлік едендік материалдардың қасиеттерін анықтау
- •1.2.3. Қабырғалық орама материалдар
- •2.1.2. Қасбеттік керамикалық бұйымдарды әрлеу технологиясы
- •3.3. Плитки для внутренней облицовки стен
- •1.3.3. Плитки для полов
- •Облицовочные материалы
- •2.1.3. Керамикалық кірпішті ұнтақталған әктас қосу тәсілімен ағарту
- •2.1.4. Керамикалық қасбеттік бұйымдарды ағартудың химиялық тәсілі
- •2.1.5. Марганец кенін қосу арқылы қасбеттік керамикалық бұйымдарды көлемді бояу тәсілдерін зерттеу
- •2.2. Силикат балқымаларынан алынатын материалдар мен бұйымдар
- •2.2.1. Жалпы мағлұмат
- •2.2.2. Шыны құрылымы
- •2.2.3. Шынылардың қасиеттері
- •2.2.4. Шыны өндірісінің негізі
- •2.2.4.1. Шикі зат материалдары.
- •2.2.4.2. Шыны және шыны бұйымдарын өндіру
- •7.5. Жазық бетті шыны шығару
- •Сурет 7.2. Шыныны тік жоғары тартуға арналған машина схемасы:
- •Сурет 7.4. Құю столында катоктармен шыны жаю схемасы:
- •Сурет 7.6. Флоат – процесс тәсілі бойынша шыны өндіруге арналған қондырғы схемасы:
- •7.6.Құрылыста қолданылатын шыны әне шыны бұйымдарының түрлері
- •7.6.1. Жазық бетті табақ шыны
- •7.6.2. Қаптаушы шыны
- •7.6.3. Шыны негізіндегі бұйымдар мен конструкциялар
- •7.7. Ситаллдар және қожды ситаллдар
- •Сурет 7.11. Ситаллалар алардағы шыны термоөңдеу тәртібі:
- •Кесте 7.2. Ситаллалардың, шынының және болаттың қасиеттері
- •7.8. Құйма тас бұйымдары
- •7.9. Шлак қорытындыларынан жасалынатын материалдар мен бұйымдар
- •4.1.2. Әрлі салықтық ертінділердің тиімді құрамдарын тағайындау
- •4.1.3. Әрлі бетонға арналған байланыстырғышты дайындау және оның түсі мен беріктігін анықтау
- •4.1.4. Түрлі-түсті бетон құрамын есептеу және оның қасиеттерін анықтау
- •4.2. Құрғақ құрылыстық араласпалар
- •Функционалды қоспалар
- •4.5. Минералды байланыстырғыш негізіндегі өңдеу материалдары беттерінің әрлілігін сақтау шаралары
- •Көп компоненті цементтердің физика механикалық қасиеттері
- •Жалпы қолданылған цемент көлеміндегі отандық цемент зауыттарының үлесі
- •Қазақстандағы цемент зауыттарының жобалық өнімділігі және жылдық өнім өндіру көрсеткіші
- •Түсті металлургия қалдықтарының белсенділігі
- •4.3. Ұялы бетон негізіндегі бұйымдарды әрлеу тәсілдері
- •4.3.1. Бұйым бетіне рельефті ою-өрнек түсіру
- •4.3.2. Әрлі-қорғаушы қабаттарды жағу технологиясы
- •4.3.3. Әрлі-қорғаушы қабаттың қаттылығын анықтау
- •4.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын әрлеу технологиясы
- •4.4.1. Қалыптау барысында беттік қабаттың сапасын жоғарылату
- •6.2. Бетон және темірбетон бұйымдарының бетін жетілдіру технологиясы
- •6.3. Бетон және темірбетон бұйымдарын бояу технологиясы
- •6.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын өндеуге қолданылатын бояулардың тұтқырлығын анықтау
- •Студенттердің білімін бақылайтын тесттік сұрақтар
- •Түсініктеме сөздік
- •Әдебиет
- •480043, Алматы қаласы, қ.Рысқұлбеков көшесі, 28-үй.
6.2. Бетон және темірбетон бұйымдарының бетін жетілдіру технологиясы
Соңғы жылдары көлденең қалыптау тәсілімен ақаусыз бетті бұйымдар өндіру технологиясы кең дамуда. Бұл технология келесі операциялардан тұрады. Майдаланған қалыпқа алдын-ала жылдам қататын ерітінді (ЖҚЕ) төселінеді. Жылдам қататын ерітінді тығыз қабат құрып, бетон араласпасын дірілдету барысында, бұйым бетінде кеуектер пайда болмауына қол жеткізеді. Жылдам қататын ерітінділер құрамындағы портландцемент қажетті беріктік пен адгезиялық қасиетті қамтамасыз етеді. Жылдам қататын ерітінділер құрғақ және сұйық компоненттер араласпасынан дайындалады.
Құрғақ компоненттер араласпасының (ҚКА) құрамы (масс.бөлш.): гипстік байланыстырғыш – 0,75-1,5; портландцемент М400 – 2-3; ұнтақталған кварцты құм – 1,5-2; фракциясы 0,3-1,25 мм-лік құм – 2,5. Сұйық компоненттер араласпасының (СКА) құрамы (%): су – 95,6; полимерлі эмульсия – 3,6; гипстік байланыстырғыштың қату мерзімін реттеуші – 0,8.
Құрғақ компоненттер араласпасын дайындау арнайы механикаландырылған бөлімде дайындалады. Жылдам қататын ерітіндіні қалыпқа жайғастыру бекеті, арматуралар бекетінің алдында орналасады. Құрғақ компоненттер араласпасы бұл бекетке арнайы ыдыста жеткізіледі. Бұйым бетінің 1 м2 шығындалатын құрғақ компоненттер араласпасының мөлшері 2-5 кг құрайды.
Жылдам қататын ерітіндіні қалып бетіне жайғастыратын механикаландырылған бекет 4.3 - суретте көрсетілген.
4.3 - сурет. Жылдам қататын ерітіндіні қалыпқа жағу бекетінің схемасы
1 - қалып; 2 - портал; 3 - пневмобүркігішті арба; 4 - ҚКА мөлшерлегіші; 5 - ҚКА бункері; 6 - эмульсия мөлшерлегіші; 7- эмульсияға арналған ыдыс; 8 - қатаюды реттеушінің бункері; 9 - қатаюды реттеушіні мөлшерлегіш; 10 - су беру краны; 11 - су мөлшерлегіші; 12 - СКА бункері; 13 - төгу воронкасы; 14 - тұндырғыш.
Бекеттің жұмыс істеу технологиясы келесі операциялардан тұрады. Құрғақ компонентті араласпа арнайы ыдыспен көпірлі кран көмегі арқылы бекеттің бункерлік (5) бөліміне беріледі. Арнайы ыдыстарға (7, 8) құйылған сұйық компоненттер араласпасы бункердің жоғарғы жағына орналасқан, ал су кран (10) арқылы беріледі. Шығын бункеріне мөлшерлегіштер (6, 9, 11) арқылы компоненттердің қажетті көлемі салынып, біркелкі масса алынғанша араластырылады. Жылжымалы арбаға (3) орналасқан турбиналы араластырғышта жылдам қататын ерітінді дайындалады. Араластыру уақыты 3-6 минутты құрайды. Одан соң жылдам қататын ерітінді салынған арба порталдың (2) үстімен жылжып, қалыптың (1) тұсына беріледі. Пневмобүркігіш арқылы шашылған жылдам қататын ерітінділік қабаттың жалпы қалыңдығы 2-3 мм.
Шығын бункерін жылдам қататын ерітінді қалдықтарынан сумен шайу арқылы тазалап, воронка (13) арқылы тұндырғышқа (14) жібереді.
6.3. Бетон және темірбетон бұйымдарын бояу технологиясы
Бояулық құрамдар бетон және темірбетон бұйымдарын өндеу жұмыстарында кең қолданылады. Олар құрылыс бұйымдары мен конструкцияларына белгілі дәрежедегі әр берумен қатар, сыртқы ортаның кері әсерінен қорғайтын қабат құрайды.
Құрама бетон және темірбетон бұйымдардың қасбетін бояу кең тараған технологиялық тәсіл. Құрама темірбетон кәсіпорындарында қолданылатын бояу құрамдарына ерекше талап қойылады. Олар тез қататын, соққы мен үйкеліске төзімді, ылғал және ыстық бұйым бетіне жақсы жабысатын қасиетке ие болуы керек.
Темірбетон бұйымдарының бетін гидродинамикалық тәсілмен бояуға төмен немесе жоғары қысымды және электростатикалық өрісті қондырғылар пайдаланылады.
Қысым арқылы бояу. Бұйым беттерін төмен тұтқырлы құрамдармен (сулыэмульсия және т.б.) бояуға СО-20Б, СО-133 қол бүркігіштер және СО-22, СО-61, СО-101 электробүркігіштер қолданылады.
Құрама темірбетон кәсіпорындарында диафрагмалы және екі камералы СО-133 бояу бүркігіші кең қолданылады. Ал, электробүркігіштердің арасындағы жетілдірілген түрі СО-101. Олардың сағаттық өнімділігі – 260 м2. Бояу сапалы жағылу үшін бүркігіш форсункасы мен бұйым бетінің аралығы 60-80 см болуы қажет.
Жоғары қысым арқылы бояу. Майлы сырлар мен полимерлі бояуларды бұйым бетіне жағу мақсатында жоғары қысымды қондырғылар қолданылады. Бұл қондырғылар тұтқырлығы жоғары (ВЗ-4 бойынша тұтқырлығы 100-300 секунд) бояуларды бүркуге арналған. Тұтқырлығы жоғары бояуларды қолдану әрлік қабаттың қалыңдығын бірінші бүрку арқылы қамтамасыз етуге қол жеткізеді. Бұл тәсіл лакты-бояу құрамдарын үнемдеумен қатар, өндірістің санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсартады.
Жоғары қысымды бояу бүркігіш қондырғыларының түрлері мен техникалық сипаттамалары 4.4 - суретте және 4.11 - кестеде көрсетілген.
4.11 – кесте. Жоғары қысымды бояу қондырғыларының техникалық сипаттамасы
Көрсеткіштер
|
УБРХ-1М |
2600Н |
7000Н |
Өнімділігі, м/сағ |
400 - 500 |
125 - 145 |
200 - 225 |
Бояудың бүркігіштен шығардағы қысымы, МПа |
19 |
23,5 |
24,5 |
Электрқозғалтқыштың қуаттылығы, кВт |
1,0 |
1,0 |
2,0 |
Өлшемі (ұзындығы х ені х биіктігі), мм |
500 х 460 х 980 |
845 х 435 х 705 |
975 х 500 х 610 |
Салмағы, кг
|
50
|
50
|
80 |
Жоғары қысымды бояу бүркігіш қондырғыларды қолдану қауіпсіз, жылжуы жеңіл және өнімділігі жоғары. Зауыт жағдайында 2600Н және 7000Н бояу бүркігіштерін пайдалану, бұйымды қолмен сырлағанмен салыстырғанда, еңбек өнімділігін 15-50 есе арттырады. Ал, пневматикалық бүркігіштен өнімділігі 1,5-5 есе артық.
4.4 - сурет. Жоғары қысымды 2600Н бояу бүркігіш қондырғысы
1 - электродқозғалтқыш, 2 -сорап, 3 - қысымды реттегіш, 4 - бояу бүркігіш, 5 - жоғары қысымды шланг, 6 - жылжымалы арба
Бұйым беттерін жоғары кернеулі электростатикалық өрісте бояу.
Бұл әдіс, теріс зарядталған және тұрақты электр өрісінің күш бағытымен жүретін түйіршіктердің жерге қосылған бұйым бетіне тартылуына негізделген. Бетон және темірбетон бұйымдардың боялған беттерінің сапасы қолданылған бояу құрамдарының физика-химиялық және электрлік қасиеттеріне байланысты. Сондай-ақ, зауытта қабылданған бұйымдарды бояу технологиясына байланысты. Электростатикалық өрісте бояғыш қондырғының үлгісі 4.5 - суретте көрсетілген.
Электростатикалық өрісте бояғыш қондырғының әртүрлі формадағы электродты ыдысында (5) бояу түйіршіктері зарядталынады, одан соң оң зарядты бұйым бетіне (6) бүркіп шашыратады.
4.5 - сурет. Электростатикалық өрісте бояғыш қондырғысы
1 - жоғары вольтті генератор, 2 - сығымдау ыдысы, 3 - компрессор, 4 - құбырлы изолятор, 5, 6-цилиндрлі және қуысты электродты ыдыс,
7 - бұйымның беті
Әрлі ұнтақтармен немесе полимерлі құрамдарымен бояу технологиясы бойынша тігінен орналасқан бұйым бетіне электродты ыдыс арқылы 30-50 см қашықтықтан (ток кернеуінің шамасы мен қолданылған материал түріне байланысты) төменнен жоғарыға қарай бағыттап бояу бүркіледі. Бояу қабатының қалыңдығы электродты ыдыс пен бұйым бетінің қашықтығын өзгерту арқылы реттелінеді Осы әдістің алдыңғы айтылған әдістерден артықшылығы бүркілген бояудың 90-95% бұйым бетіне жағылады және пневматикалық тәсілмен салыстырғанда бояу шығыны 30-70%-ға төмендейді.
Бетон және темірбетон бұйымдардың беттерін кремнийорганикалық құрамдармен бояу. Бұйымдардың қасбетін өндеу үшін суға және атмосфераға төзімділігі жоғары кремнийорганикалық бояулар кең қолданылады. Бұл бояулар -40 тан +600С-қа дейінгі температуралық аралықта ауытқуға төзімді. Кемнийорганикалық эмальдың жоғарыда айтылған қасиеттері цемент-перхлорвинилді, силикатты және поливинилацетатты бояулардың көрсеткіштерінен 3-10 есе артық. Бетондық негізбен жақсы жабысу бояу қабатын жоғары беріктікпен қамтамасыз етеді. Кремнийорганикалық жабынды қабаттардың қолданылу мерзімі 15 жылға дейін. Қазіргі кезде кең қолданылатыны КО-174 типті эмальдар.
Боялатын ауыр бетон негізіндегі бұйымның ылғалдылығы 9 % , ал керамзитбетон негізіндегінікі 14%-дан аспауы керек. Бояу жағылатын бұйымның беті таза болуы шарт. Жылумен өнделген бұйымдардың беттерінде тұз дақтары байқалса, оларды 5%-дық тұз қышқылымен жуып, кептіреді.
Қазіргі кезде құрама темірбетон кәсіпорындарында қайтпалы және өтпелі бояу тізбектері қолданылуда.
Қайтпалы типтегі қондырғы бағдарлы басқарылады және автоматты тәртіппен жұмыс істейді (4.6 - сурет). Қондырғының өлшемдері (м): ұзындығы – 25, ені – 5,1, биіктігі – 5.
4.6 - сурет. Қайтпалы типті бояу тізбегінің схемасы
1 - аударғыш, 2 - жүк арбасы, 3, 5, 6 - бояу, кептіру, желдеткіш камералары, 4 - әрлі түйіршіктер шашатын тетік, 7- жетек
Дайын панельді гидравикалық аударғышқа (1) орналастырады. Аударғыш көлденең айналғаннан соң, бұйым артылған арба (2) шынжырлы жылжытқыш көмегімен бояу камерасына (3) беріледі. Бояу камерасының жанына кептіргіш (5) және желдеткіш (6) камералары орналасқан. Кептіргіш камераның үстіне орналасқан желдеткіш камерадан 600С-қа дейін қыздырылған ауа ағыны келіп, бояуы қабатын кептіреді.
Қайталы типтегі бояу тізбегін тек кремнийорганикалық эмаль жағуда емес, сондай-ақ, сулы-эмульсиялы, органосиликатты, акрилді және т.б. бояуларды қолданғанда пайдалануға болады.
Өтпелі бояу тізбегі сыртқы қабырғалық панель өндіретін дірілдеткіш прокатты стандарымен бір технологиялық ағымда жұмыс істейді. Қондырғының ұзындығы 46 м, ені 4,6 м, ал өнімділігі жылына 500-600 мың м2.
Өтпелі бояу тізбегі төрт бекеттен тұрады және арбалы конвейерлермен (1) жабдықталған (4.7 - сурет).
Бекеттерде келесі технологиялық операциялар іске асырылады: қабылдаушы аударғыш (2) панельді көлденең жайғастырады, бірінші бояу камерасында (3) эмальдың алғашқы қабаты жағылады және бұйым бірінші кептіру камерасына беріледі. Келесі бекеттерде осы операциялар қайталанады.
4.7 - сурет. Өтпелі типті бояу тізбегінің схемасы
1 – арбалы конвейер, 2 - қабылдайтын гидравилкалық аударғыш, 3, 5 - бірінші және екінші бояу камералары, 4, 6 – бірінші және екінші кептіргіш камералар, 7 - шығаратын гидравикалық аударғыш
Конвейер автоматты түрде жылжиды және осы кезде бұйым бетіне бояу қабаттары бүркіледі. Бұйым кептіру камерасына берілгеннен соң, конвейер 15-20 минут тоқтап, бояу қабаты кептіріледі.
Кремнийорганикалық эмальдар уытты және жарылысқа бейім, сондықтан бояу жұмыстары арнайы жабдықталған, желдетілетін бөлмелерде жүргізіледі. Өндеу жұмыстары барысында қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғану шаралары қатаң сақталуы керек.
Құрама бетон және темірбетон бұйымдардың қасбетін әрлеудің тиімді технологиялық тәсілдері қарастырылды. Құрама темірбетон кәсіпорындарында қолданылатын бояу құрамдары мен әрлік қабатына (4.8 - сурет) ерекше талап қойылады. Олар тез қататын, соққы мен үйкеліске төзімді, ылғал және ыстық бұйым бетіне жабысу қасиетті өте жоғары болуы шарт.
4.8 - сурет. Темірбетон бұйымдарының әрленген беттері