Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.73 Mб
Скачать
      1. Еденге арналған әрлеу материалдары. Паркеттік бұйымдар

Паркеттік бұйымдар ағаштың қатты тұқымдарынан – емен, шамшат, шегіршін, үйеңкі, балқарағайдан жасалады.

Паркеттік бұйымдар жекеленген паркет, паркеттік тақтай, паркеттік қалқанша және мозаикалық (әшекейлі) паркет болып бөлінеді.

Жекеленген паркет өзара қосуға арналған жиектерінде және түп жақтарында саңылаулары (шпунттары) және жоталары (гребеньдері) болатын кішкентай жеке тілік тақтайлардан тұрады. Оның жасалуы онша күрделі емес, тек көп шикізат шығынын және еңбек сіңіруді қажет етеді. Сондықтан еденнің өзіндік құны өсіп кетеді. Жеке тілік тақтайлардың ұзындықтары 150, 200, 250, 300 және 400 мм, ені – 30-60 мм, ал қалыңдығы 14-17 мм болады.

Паркеттік тақтайлар төменгі рейкалық негізден және негізіне суда ерімейтін синтетикалық желіммен берік желімделінген үстіңгі (бет жағы) паркеттік тіліктерден (планкалардан) тұрады. Паркеттік тақтайларды өзара тығыздап қосу үшін төменгі қабатында саңылаулары мен жоталары болады. (1.2 - сурет). Паркеттік тақтайлардың ұзындығы 1200-3000 мм; ені 145 және 160 мм; қалыңдығы 25-27 мм болуы мүмкін.

1.2 - сурет. Паркеттік тақтайлар

Паркеттік тақтайлардың жекеленген паркетпен салыстырғандағы артықшылықтары: бағалы ағаш жыныстар шығынының аздығы, паркеттік тілік тақтайлардың мықты желімденуі, олардың жасалуын толық автоматтандыру және механикаландыру мүмкіншілігі, еденге төсегендегі еңбек шығынының төмендігі және еңбек өнімділігінің жоғарылығы.

Паркеттік қалқаншалар (щиттер) - брустардан құралған ағаш негізінен және осы негізіне шахматтық тәртіппен орналасқан, ендері бірдей паркеттік тілік тақтайшалардан (планкалардан) құрастырылған квадрат пішінді үстіңгі бет қабатынан тұрады. Қалқаншалар жиегіндегі саңылаулар мен жоталары арқылы қиылысып өзара қосылады. Бұл паркеттік қалқалар 400х400, 475х475, 600х600 және 800х800 мм қалыңдығы 30 мм өлшемдерде жасалуы мүмкін.

Сондай-ақ, тікбұрышты пішінді түрінде де (ені 400, 475 мм, ұзындығы үш еселік еніндей; ені 600 және 800 мм ұзындығы еніне сәйкес 1200 және 1600 мм) жасалынады. Паркеттік планкалардың өлшемдері, мм: қалыңдығы 6, ұзындығы 100-400 және ені 20-50. Шпон квадраттарының мөлшері, мм: қалыңдығы ең кемі 4, ені және ұзындығы 100-200 (1.3 - сурет).

1.3 - сурет. Паркеттік қалқаншалар

1 - планкалармен қалқан бетін құрастыру; 2 - ; 3 – білте тақтайша

Астыңғы негізінің конструкциясына және қолданылған материалдарға байланысты қалқаншалар мынадай типтерге бөлінеді: П1 - астында рамалық негізі бар қалқанша; П2 - білте тақтайшалы негізіне жұмсақ шпон желімделінген қалқанша; П3 - жұмсақ шпон желімделінген ағаш жоңқалы плитадан негізі бар қалқанша; П4 - білте тақтайшалардан екі қабат негізі бар қалқанша.

П1 – типті қалқанша негізі рамалық байлаушыдан тұрады. Оның ашық сыңарсыз саңылаулы, кертік бұрыштары желімделініп бекітіледі.

Байлаушылар брускаларындағы саңылауға білте тақтайдағы саңылаусыз кертікті кіргізіп паркеттік қалқаншаларды біріктіреді. Білте тақтайшалар бір-бірімен және саңылауларда желімделінбейді.

П2 – типті қалқаншалардың негізі калибрланған білте тақтайшалар. Олар екі жағынан да қалыңдығы 1,5; 1,15 немесе 0,95 мм жұмсақталынған шпонмен желімделінген болады.

П3 – типті қалқаншалар тек қана тегіс тұтас еден негізіне төселінеді.

П4 – типті қалқаншалар негізі өзара перпендикулярлы орналасқан екі қабат калибрланған білте тақтайшалардан тұрады.

Қалқаншалар негізіне паркеттік планкалар және шпон квадраттары түрлі суреттер түрінде желімденеді (1.4 - сурет).

1.4 - сурет. Паркет қалқаншаларына беттік қабат ретінде

қолданылатын планкалар мен шпондардың түрлері

Қалқаншалар негізіндегі білте тақтайшалар мен брусоктар үшін қарағай, бал қарағай, қайың, самырсын, көктерек, май қарағай және т.б. сол сияқты ағаштарды пайдаланады. Жоталары үшін фанераны қолданады. Паркеттік планкалар үшін қолданатын ағаш жыныстарынан шпондар жасайды.

Мозаикалық (әшекейлік) паркет кілем тәрізді әшекейленген болады. Оның ендері бірдей паркеттік тіліктерден жиналған өзара перпендикулярлы квадраттар түрінде үстіңгі бет жағымен тығыз қағазға желімделіп жасалады. 1.5 - суретте көрсетілгендей паркетті еден негізіне төсеген соң қағазды желіммен қоса сыдырып жуып алып тастайды.

1.5 - сурет. Мозаикалық паркет кілемінің құрылымы

1 - паркет планкасы; 2 - мозаикалық паркеттің элементарлық квадраттары; 3 - жылуоқшаулағыш материал

Паркеттің тағы да бір нұсқасында планкалар теріс жағымен жылу тосқауылдаушы эластикалық биотұрақты материалға жабыстырылып жинастырылады. Бұл эстетикалық жылу тосқауылдаушы материал еденге паркетті төсеген соң сол бойымен еден конструкциясында қалады. Эластикалық материал ретінде битумдалған ағашталшықты тақталарды, резеңке ұнтағынан жасалған тақталарды және т.б. пайдаланады.

Паркет кілемін квадрат пішінінде 400х400, 480х480, 520х520, 600х600 және 650х650 мм өлшемдерінде шығарады. Мозаикалық паркет 1.5 - суретте көрсетілгендей, элементарлық квадраттардан тұрады. Элементарлық квадрат жиегін жиегіне қиыстырып орналастырылған, ұзындығы мен ені бірдей планкалардан құрастырылған. Жапырақты ағаш жыныстарынан жасалған планкалардың қалыңдығы 8 мм, қылқан жапырақты жыныстан – 10 мм, ұзындығы – 100, 120, 130, 150, 160 және 200 мм, ені – 20, 24, 26 және 30 мм.

Паркеттің барлық түрін еденнің беткі жабыны ретінде қолданады. Еден негізіне паркетті шегелеп, шпилькалармен, мастикалармен жабыстырады.