
- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Әрлеу материалдарының технологиясы Алматы 2009 мазмұны
- •С Қазақ бас сәулет – құрылыс академиясы. 2009
- •Органикалық шикізаттар негізіндегі өңдеу материалдары
- •Ағаш негізіндегі өңдеу материалдары
- •1.1.1 Өңдеу жұмыстарына қолданылатын ағаштың негізгі қасиеттері және оларды жақсарту тәсілдері
- •1.1.2. Әрлеу жұмыстарына қолданылатын ағаштардың түрлері
- •Еденге арналған әрлеу материалдары. Паркеттік бұйымдар
- •1.1.4. Фанера
- •1.1.5. Ламинат
- •1.1.6. Ағашты модификациялау және оның физика-механикалық қасиеттерін анықтау
- •1.2. Полимерлік материалдар
- •1.2.1. Едендік орама полимерлі материалдар
- •1.2.2. Полимерлік едендік материалдардың қасиеттерін анықтау
- •1.2.3. Қабырғалық орама материалдар
- •2.1.2. Қасбеттік керамикалық бұйымдарды әрлеу технологиясы
- •3.3. Плитки для внутренней облицовки стен
- •1.3.3. Плитки для полов
- •Облицовочные материалы
- •2.1.3. Керамикалық кірпішті ұнтақталған әктас қосу тәсілімен ағарту
- •2.1.4. Керамикалық қасбеттік бұйымдарды ағартудың химиялық тәсілі
- •2.1.5. Марганец кенін қосу арқылы қасбеттік керамикалық бұйымдарды көлемді бояу тәсілдерін зерттеу
- •2.2. Силикат балқымаларынан алынатын материалдар мен бұйымдар
- •2.2.1. Жалпы мағлұмат
- •2.2.2. Шыны құрылымы
- •2.2.3. Шынылардың қасиеттері
- •2.2.4. Шыны өндірісінің негізі
- •2.2.4.1. Шикі зат материалдары.
- •2.2.4.2. Шыны және шыны бұйымдарын өндіру
- •7.5. Жазық бетті шыны шығару
- •Сурет 7.2. Шыныны тік жоғары тартуға арналған машина схемасы:
- •Сурет 7.4. Құю столында катоктармен шыны жаю схемасы:
- •Сурет 7.6. Флоат – процесс тәсілі бойынша шыны өндіруге арналған қондырғы схемасы:
- •7.6.Құрылыста қолданылатын шыны әне шыны бұйымдарының түрлері
- •7.6.1. Жазық бетті табақ шыны
- •7.6.2. Қаптаушы шыны
- •7.6.3. Шыны негізіндегі бұйымдар мен конструкциялар
- •7.7. Ситаллдар және қожды ситаллдар
- •Сурет 7.11. Ситаллалар алардағы шыны термоөңдеу тәртібі:
- •Кесте 7.2. Ситаллалардың, шынының және болаттың қасиеттері
- •7.8. Құйма тас бұйымдары
- •7.9. Шлак қорытындыларынан жасалынатын материалдар мен бұйымдар
- •4.1.2. Әрлі салықтық ертінділердің тиімді құрамдарын тағайындау
- •4.1.3. Әрлі бетонға арналған байланыстырғышты дайындау және оның түсі мен беріктігін анықтау
- •4.1.4. Түрлі-түсті бетон құрамын есептеу және оның қасиеттерін анықтау
- •4.2. Құрғақ құрылыстық араласпалар
- •Функционалды қоспалар
- •4.5. Минералды байланыстырғыш негізіндегі өңдеу материалдары беттерінің әрлілігін сақтау шаралары
- •Көп компоненті цементтердің физика механикалық қасиеттері
- •Жалпы қолданылған цемент көлеміндегі отандық цемент зауыттарының үлесі
- •Қазақстандағы цемент зауыттарының жобалық өнімділігі және жылдық өнім өндіру көрсеткіші
- •Түсті металлургия қалдықтарының белсенділігі
- •4.3. Ұялы бетон негізіндегі бұйымдарды әрлеу тәсілдері
- •4.3.1. Бұйым бетіне рельефті ою-өрнек түсіру
- •4.3.2. Әрлі-қорғаушы қабаттарды жағу технологиясы
- •4.3.3. Әрлі-қорғаушы қабаттың қаттылығын анықтау
- •4.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын әрлеу технологиясы
- •4.4.1. Қалыптау барысында беттік қабаттың сапасын жоғарылату
- •6.2. Бетон және темірбетон бұйымдарының бетін жетілдіру технологиясы
- •6.3. Бетон және темірбетон бұйымдарын бояу технологиясы
- •6.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын өндеуге қолданылатын бояулардың тұтқырлығын анықтау
- •Студенттердің білімін бақылайтын тесттік сұрақтар
- •Түсініктеме сөздік
- •Әдебиет
- •480043, Алматы қаласы, қ.Рысқұлбеков көшесі, 28-үй.
4.3.3. Әрлі-қорғаушы қабаттың қаттылығын анықтау
Әрлі-қорғаушы қабаттың қаттылығын, шыны және әрлі құрам жағылған пластинкаларға орналастарылған маятниктер тербелісінің бәсеңдеу уақытын салыстыру арқылы анықтайды.
Осы мақсатта, арнайы маятникті аспап, бетіне әрлі құрам жағылған және салыстырмалы, өлшемі 9х12 см шыны пластинкалар қолданылады. Шыны пластинканы 45º еңістікпен орналастырып, оның бетіне әрлік құрам жағылады және 30 минут шаң тимейтін камерада кептіріледі.
Сыналатын пластинкаларды маятникті аспапқа орналастырып, маятникті нольге келтіріп қояды. Одан соң маятникті 5º солға жылжытып, маятникті босатады. Осы сәттен бастап секундомер көмегімен уақыт саналады. Маятниктің тербеліс жиілігі 2º теңелгенде секундомер тоқтатылады және осы аралықтағы уақыт көрсеткіші жазылып алынады.
Әрлі-қорғаушы қабаттың қаттылығы келесі формула арқылы есептелінеді:
Х = t / t1
мұндағы: t – маятниктің тірек нүктесі әрлі-қорғаушы қабат жағылған пластинкаға орналасқандағы, маятник тербелісінің 5º тен 2º дейін төмендеу уақыты, сек;
t1- осы көрсеткіш шыны пластинкада, сек,
Сынақ екі рет қайталанады. Сынақ көрсеткіштерінің бір-бірінен ауытқуы 3 % аспаса, тәжірибе дұрыс жүргізілген. Алынған көрсеткіштер келесі кестеге түсіріледі.
Сынақ № |
Маятник тербелісінің бәсеңдеу уақыты |
Әрлі-қорғаушы қабаттың қаттылығы, Х* |
1 |
2 |
3 |
* ГОСТ 8866 бойынша майлы бояулардың қабаттылық қаттылығы маятникті аспап бойынша 0,11 ден кем болмауы қажет.
4.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын әрлеу технологиясы
Бетон және темірбетон бұйымдарының бетін қолдануға дайын ету қалыптау барысында немесе арнайы жетілдіру жұмыстары арқылы іске асырылады. Қалыптау барысында бетіне әк, бояу жағуға немесе түсқағаз жабыстыруға дайын бұйым өндіру қазіргі кезде кең дамыған.
4.4.1. Қалыптау барысында беттік қабаттың сапасын жоғарылату
Бұйымдарды, конструкцияларды «бетімен төмен» тәсілмен қалыптағанда бетік қабаттың сапасын, яғни материалдың қолданылуға дайындық деңгейін артыру жолдары:
қалыпты механикалық немесе химиялық тәсілдермен тазалау;
қалыпқа антиадгезиялық құрамдар жағу;
тиімділігі жоғары майлағыш материалдарды қолдану;
бетон араласпасына суперпластификатор қосу.
Қалыптарды механикалық және химиялық әдістермен тазалау. Механикалық тазалау жұмыстары металл щеткалы немесе қажағыш элементті айналмалы білік орналасқан арнайы қондырғылар көмегімен жүргізіледі. Ұзақ мерзім қолданылған қалыптар механикалық әдіспен тазаланғаннан соң 10 % кальцийленген ерітіндімен жуылады.
Қалыптарды химиялық тәсілмен тазалау арнайы жабдықталған, желдетілетін бөлмеде жүргізіледі. Қалыптың ішкі табанына екі түрлі құрамдарды араластыру арқылы алынған қою масса жағылады. Мысалы бірінші құрам: тұз қышқылы (ρ=1,18 г/см3); ингибитор – 10 г; талшықты толтырғыш (түтілген қағаз) – 40 г; ас тұзы – 50 г; су – 400 мл. Екінші құрам: сұйық шыны – 50 мл; су – 170 мл. Бөлек дайындалған құрамдар қолданылудың алданда қосылып араластырылады. Одан соң арнайы ыдыста 3-8 сағат сақталады. Дайындалған қою массаны қалыптың бетіне қышқылға төзімді шпатель көмегімен жағады және қалыптың тазалығына байланысты 12 сағатқа дейін ұстайды. Белгілі уақыттан соң оны 10% кальцийленген сода ерітіндісімен және сумен жуып тазалайды.
Антиадгезиялық құрамдар. Қалыпқа антиадгезиялы құрамдар жағу арқылы тегіс және жалтыраған бетті бұйым өндіріледі. Антиадгезиялы қабат жоғары температураға және бетон араласпасының ықпалына төзімді, илімдігі мен беріктігі жоғары болуы шарт. Мұндай құрам ретінде түрлі полимерлі (эпоксидті, силиконды және т.б.) материалдар қолданылады.
Май дақтарынан тазартылған және 50-700С дейін қыздырылған қалыптың төменгі бетіне антиадгезиялық құрам жағылып, 1-2 сағаттан соң 800С жоғары температурада 2 сағат бойы полимерленеді. Қолдану ережелері сақталғанда айтылған құрамдармен қапталған қалыптар 70 айналымға дейін антиадгезиялық қасиеттерін сақтайды.
Қалыптарды майлайтын материалдар. Қалыптарды майлау мақсатында синтетикалық қышқыл эмульсол (СҚЭ) негізіндегі және консистентті (техникалық вазелиннен алынған) майлаушы материалдар кең қолданылады (4.10 - кесте).
Эмульсиялық майлар таза қалыпқа арнайы бүркігіш көмегімен шашылады, ал консистенттілер – щеткамен немесе арнайы механикаландырылған тәсілдермен жағылады.
4.10 – кесте. Қалыптарды майлауға арналған материалдар
Аталуы |
Мөлшері, % |
Қолданылу саласы |
Кері эмульсиялар:
Әктің қаныққан ерітіндісі (50-55 0С) |
20 80 |
Кассета мен қалыптардың тік және көлденең беттерін 50-550С температурада майлау |
- әктің қаныққан ерітіндісі - дизельдік отын |
20 70 - 75 6-10 |
Қалыптардың көлденең бетін майлау |
Тура эмульсия:
- кальцийленген сода - техникалық су |
10 1 89 |
Қалыптардың көлденең бетін майлау |
Консистентті (қою) майлағыш: - техникалық вазелин - парафин - дизельдік отын |
35 15 50 |
Бұйым бетінің сапасына жоғары талап қойылатын қалыптарды 600С температурада майлау |
Майлардың қалып бетінің 1 м2-на шығыны (г): эмульсиялы май - 100-300; консистентті (қою) май – 30.
Мәрмәр түсті бұйым алу мақсатында қалыптың түбіне консистентті май жағылып, оның үстінен бояу ерітіндісі бүркеледі. Бояудың түрін және бүркілген ерітіндінің мөлшерін өзгерту арқылы бұйымға түрлі текстуралы әр беруге болады.
Қатаң бетондық араласпалар қолданылғанда қалыпты С-1 немесе С-2 майлармен майлау тиімді.
Майлардың құрамы (масс. бөл.) – С-1: техникалық парафин – 1,5; синтетикалық солидол – 1; уайт-спирт – 0,5-4,5; С-2: техникалық парафин – 6; синтетикалық парафин – 4; әктің қаныққан ерітіндісі – 20-25. Бұл майлар булау қабаты бар арнайы араластырғыштарда дайындалады.
Қазіргі кезде эмульсиялы майларды дайындауға роторлы-пульсациялы аппарат (РПА) қолданылады (4.2 - сурет). РПА дайындалған эмульсиялы майлар жоғары физика-механикалық қасиеттері, біркелкілігі және ұсақ дисперсиялы құрылымы бойынша ерекшеленеді. Майлық құрамдар аппараттың толқынды камерасында пульстік соққы және резонансты құбылыстар есебінен ұсақталынады және біркелкі массаға дейін араласады.
Бетон араласпасына суперпластификатор қосу. Соңғы жылдары құрама темірбетон технологиясында тиімділігі жоғары химиялық пластификатор-суперпластификаторлар кең қолданылуда. Бұл қоспалардың көмегімен аз сулы бетонның жылжымалығын арттыруға және бетонды дірілдеткішсіз тығыздауға немесе дірілдету уақытын едәуір азайтуға қол жеткізілді.
4.2 - сурет. Роторлы – пульсациялау аппаратын (РПА) қолданып эмульсиялық майлар дайындау технологиясы
1, 2 - эмульсол мен содалық ерітіндіні мөлшерлеуші ыдыстар; 3 - реттеуші тетіктер; 4 - циркуляциялық ыдыс; 5 - роторлы-пульсациялау аппараты; 6, 7 -крандар; 8 - сорап (насос); 9 - тасымал құбыры.
Мысалы, бастапқы жылжымалығы 2-4 см керамзитбетонды араласпаға цемент мөлшерінен 0,2 % С-3 суперпластификаторын қосқанда, оның жылжымалығы 18-20 см-ге жетеді. Жергілікті көп компонентті байланыстырғыштар негізіндегі бетон және темірбетон бұйымдарын өндіруде С-3 цемент мөлшерінен 1% қосылады. Нәтижесінде, 100 және 200 маркалы бетондарға қосылатын цемент мөлшері 25-30%-ға, ал су 30-35%-ға кемиді. Бұйымдардың беті тегіс, ірі өлшемді кеуектер байқалмайды, яғни беттік қабаттың сапасы жоғары болады және жетілдіру жұмыстарын қажет етпейді.