Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.73 Mб
Скачать

4.3.2. Әрлі-қорғаушы қабаттарды жағу технологиясы

Ұялы бетон негізіндегі қабырғалық материалдардың сыртқы беті қолдануға дайын: сулыэмульсиялы стиролбутадиенді бояулармен Э-К4-112 және поливинилацетатты Э-ВА-17 (ГОСТ 20833), цементперхлорвинилді (ЦПХВ), органосиликатты ВН-30, хлорсульфирленген полиэтилен негізіндегі ХП-799 және кемнийорганикалық КО-174 эмальдарымен өңделеді.

Поливинилацетатты бояулар ұялы бетон өндіретін заводта немесе кәсіпорында даярлауға болады. Әртүрлі модификациядағы ПВАЦ, ПВАГ, ПМС, ПВАМ поливинилацетатты бояулардың құрамы 4.8 - кестеде көрсетілген. Сулыэмульсиялы сылақтарды, желімдерді немесе бояулық құрамдарды СБ-43, С-716, С-365, СО-11, С-411А араластырғыштарында дайындайды.

Поливинилацетатты ПВАЦ, ПВАГ, ПМС, ПВАМ бояуларын, алғашқыда 50% ПВА ұнтағы мен суды, одан соң 4.8 - кестедегі құрғақ компоненттерді салып СО-11 немесе С-860 бояу араластырғышта 5-10 минут араластыру арқылы дайындайды.

Полимерцементті бояуларды құрғақ араласпа мен қоспаларды СКС-65ГП латексімен араластырып даярлайды. Полимерцементті бояуларды дайындаудың алдында, алдын-ала ОП-7-ні 1:2 қатынаста сумен араластырып және 2,5 %-ды КМЦ ерітіндісі дайындалып 24 сағат арнайы ыдыста сақталады.

4.8 - кесте. Поливинилацетатты бояулар құрамы, %

Компоненттер

ПВАЦ

ПВАГ

ПМС

ПВАМ

Ақ немесе түрлі түсті портландцемент

Ұнтақталған газбетон (меншікті ұнтақтылығы 600-2000 см2/г)

50 %-ды ПВА ұнтағы, СВЭ эмульсиясы немесе С-135 маркалы СВМ

Кремнийфторлы натрий

Минералды пигмент*

Кремнийорганикалық сұйық ГКЖ-11

Су

53

-

19

-

1,0

-

-

27

-

44

26

-

0-10

-

30

-

53,3

13,3

-

0-10

6,7

26,7

-

37

26

-

0-10

-

37

* Газды бетон массасынан

Бояу араластырғышқа компоненттер келесі кезекпен және мөлшерде беріледі, %:

  • СКС-65ГК латексі

  • ОП-7

  • КМЦ (2,5 % ерітіндісі)

  • Ақ портландцемент

  • Құм (ірілігі 0,5 мм дейін)

  • Ұнтақталған газбетон

  • ГКЖ сұйығы

  • Пигмент

30,6

1,8

1,3

15,0

18,4

30,6

1,0

бұйымның жобадағы түсіне байланысты

Дайындалған полимерцементті бояудың қолданылу мерзімі – 3-4 сағат.

Әрлі ерітінді минутына 80-120 айналым жасайтын арнайы араластырғышта дайындалады. Компоненттер араластырғышқа келесі кезекте салынады: су → стаблизатор → акрилді эмульсия МБМ-5С немесе СКС-65ПГ латексі (қажетті мөлшердің 50-70 %) немесе 50 %-ды ПВА ұнтағы, одан соң 4.9 - кестеде көрсетілген құрғақ компоненттер салынады. Екі минут араластырылғаннан соң эмульсияның немесе латекстің қалған мөлшері (30-50 %) қосылып араластыру процесі 2-3 минут жалғасады. Дайын әрлі ерітіндінің қоюлығы СтройЦНИЛ конусы бойынша 10-12 см болуы қажет.

4.9 – кесте. Әрлі ерітіндінің құрамы, массасы бойынша %

Компоненттер

Толықтырғыш қосылмаған

Толықтырғыш қосылған

Ақ портландцемент М400

Құм немесе құм мен мәрмәр ұнтағы (1:1)

Ұнтақталған ұялы бетон

МБМ-5С эмульсиясы

СКС-65ПГ латексі

50 %-ды ПВА ұнтағы

ОП-7 10 %-ды ерітіндісі

Су

Пигменттер (құрғақ компоненттердің массасы бойынша)

Мырыш тотығы

18-21

36-42

-

7-9

4-5

7

1-2

10-15

0-4

0-5

10-15

15-30

20-30

-

3-5

5-9

4-6

10-15

0-4

0-5

Өңделетін ұялы бетон негізіндегі бұйымдар мен материалдардың беттері ГОСТ 11118 талаптарына сай және органикалық құрамдағы бояулар жағылатын беттік қабатының (5 мм қабаттың) ылғалдылығы 8 % - дан аспауы қажет. Сулы эмульсиялы бояулар қолданылғанда бетон ылғалдылығына шектеу қойылмайды.

Сылақтық және әрлік құрамдар ұялы бетон негізіндегі бұйымның бетіне 2-3 атм қысыммен С-411 бояу шашқышқа қосылған КРВ-2, О-45, С-592 атқыш-бүркігіш көмегімен жағылады.