Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.73 Mб
Скачать

4.3. Ұялы бетон негізіндегі бұйымдарды әрлеу тәсілдері

Силикатты ұялы бетон негізіндегі құрылыс материалдары және конструкциялары қолдану барысында әртүрлі механикалық, физика-химиялық ықпалдарға төзімді болуы қажет. Физика-химиялық ықпалдарға сыртқы ауаның температурасы мен ылғалдылығы және ғимараттың ішкі температуралық ылғалдылық тәртібі жатады.

Қоршаған ортаның кері әсері, ұялы бетонның құрылымы мен қасиеттерін өзгертіп, оның беріктігін төмендетеді, яғни бұйымдардың немесе конструкциялардың қирауына және тозуына әсерін тигізеді. Сондықтан, ұялы бетондар негізіндегі бұйымдар мен конструкциялардың беттерін әрлегенде, оны сыртқы қоршаған ортаның кері әсерлерінен сақтау мәселелері де шешіледі.

Ұялы бетондар негізіндегі қабырғалық бұйымдардың беттерін әрлеу, оларды қалыптау барысында немесе қалыптан босатылғаннан соң жүргізіледі.

Қабырғалық бұйымдарды қалыптау барысында әрлеу келесі тәсілдермен жүргізіледі:

  • бұйым бетіне белгілі бір рельефті ою-өрнек түсіріп, оның бетін әрлі қабатпен жабу;

  • кілем-мозаикалы шыны немесе керамикалық (глазурленген, глазурленбеген) плиткаларды және ұсақталған табиғи тотырғыштарды (гранит, мәрмәр, әктас) қолданып «бетімен төмен» тәсілімен әрлеу.

4.3.1. Бұйым бетіне рельефті ою-өрнек түсіру

Ұялы бетон немесе кеуекті ерітіндінің бетіне рельефті ою-өрнек түсіру мақсатында, қалыптың түбіне болаттан, асбесттен, ауыр бетоннан құйылған рельеф құраушы негіз салынады және беті синтетикалық жабындымен жабылады.

Рельеф құраушы өрнектердің шеткі бұрыштары 600-тан артық болмауы және оның бетіне түсірілетін өрнектің тереңдігі бұйымның жалпы қалыңдығының 10 % аспауы қажет.

Өрнек салынған бұйым кәсіпорында қабылданған технологиялық тәртіп бойынша өндіріледі. Бұйым қалыптан босатылғаннан соң, оның бетіне әрлі қабат жағылады.

Бұйымды «бетімен төмен» тәсілімен әрлеу. Өлшемі 22х22 мм кілем-мозаикалы шыны плиткаларды (ГОСТ 17057) немесе өлшемі 48х48 мм керамикалық плиткаларды (ГОСТ 17657 және ГОСТ 13996) бетерін төмен қаратып, қалыптың түбіне орналастырады. Әрлі плиткаларды орналастырудың алдында, олардың беттері қалыптан босату, тасымалдау және құрастыру процесстерінде зақымдалмау үшін қалыптың түбіне крафт-қағаз (ГОСТ 8272) төселінеді. Әрлі – қорғау қабаты дайындалған қалыпқа газбетон араласпасын құяды. Газбетонның күбінген бетін (бүкірін) кесу, автоклавта өндеу кәсіпорында қабылданған технологиялық тәртіп бойынша жүргізіледі.

Қабырғалық бұйымдарды «бетімен төмен» тәсілмен әрлеуге қолданылатын гранит, мәрмар, доломит, әктастың (ГОСТ 22756, ГОСТ 8263) фракциясы 10-20 мм және аязға төзімділігі 35 цикл. Әрлі толтырғыштар, қалып түбіне салынған ылғалдылығы 6-8 % құмнан немесе құм мен гипстен (қатынасы 4:1) төсеніш қабатқа салынады. Төсеніш қабаттың қалыңдығы әрлі толтырғыштардың ірілігінен екі есе аз болуы шарт.

Ұялы бетон негізіндегі қабырғалық бұйымдарды «бетімен төмен» тәсілімен әрлегенде, ұялы бетон мен әрлі қабат арасына аралық кеуекті қабат құйылады. Кеуекті аралық қабаттың құрамы 4.7-кестеде көрсетілген және қалыңдығы 2-3 см. Кеуектендіруші қоспа ретінде күкірт қышқылды темір қосылған көбіктендіргіш ПО–6 (ГОСТ 9603) СНВ немесе сұйық шыны қосылған сульфонол қолданылады.

4.7 - кесте. Аралық кеуекті қабаттың құрамдары (массасы бойынша бөліктік қатынаста)

Түрлі-түсті

немесе ақ

портланд

цемент*

Әк

Ұнтақ-талған

құм

Ұнтақтал-маған

құм

Минералды

пигменттер,

цемент

салмағынан %

Қоюлығы,

Суттард

бойынша, см

1

1

1

-

1

-

-

3,5

-

3

1,5

3

0,5 – 5

0,5 – 5

0,5 – 5

10 – 12

10 – 12

10 – 12

*Сульфонол, құрғақ компоненттер массасынан – 0,2%.

Кеуек құраушы қоспалар ПО-6 - 0,6%; СНВ - 0,8% (құрғақ компоненттер массасынан) қосылады.

Аралық кеуекті етітінділер минутына 120-150 айналатын араластырғыштарда дайындалады және компоненттер келесі кезекпен салынады: Су → қоспа → байланыстырғыш → толтырғыш.

Кеуекті ерітінділердің маркасы 75, 100; тығыздығы 1200-1400 кг/м3.

Бұйымдарды қалыптан босатқаннан соң әрлеу – негізінен қалыптау процесіне байланысты емес және кесу мен кассеталық қалыптау технологияларында қолданылатын өндеу тәсілдерінің жалғыз түрі. Автоклавта өнделген бұйымдарды бояу немесе әрлеу жұмыстары арнайы стендтерде және конвейерлерде жүргізіледі. Бұйымдарға әрлі –қорғау қабатын жағу келесі операциялардан тұрады:

  • бұйым бетін тазалау;

  • бұйым бетін тегістеу;

  • бұйымды ылғалдандыру немесе сылау;

  • бояу қабаттарын жағу.

Қабырғалық материалдар мен бұйымдардың сыртқы беттерін әрлеу мақсатында цементті, цемент-перхлорвинилді, гипсті-полимерцементті және т.б. бояу құрамдары қолданылады. Бояулардың адгезиялық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында пластификацияланған поливинилацетатты эмульсия қосылады.

Әрлі-қорғаушы қабаттар мен жабындылар бу өткізбеу, су өткізбеу, түсін сақтау қасиеттері және ұзақ уақтылығы бойынша нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес келуі қажет.