Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.73 Mб
Скачать

Функционалды қоспалар

Қоспаның

аталуы

Қоспаның

типі

Қоспаның

құрамы

Араласпа

дағы

мөлшері,

%

Өндіретін

фирма

Суперплас-

тификатор С-3

Су

ыдыратқыш

Сульфонафталин-формальдегид

0,2-2,0

«Оргсинтез»

ӨБ, Ресей

Карбоксиме-тилцеллюлоза

Су ұстағыш

қабілетті

арттырушы

Гидроксил-

пропилметил

целлюлоза

0,1-1,5

Шахтинск

(Ресей),

Наманған

(Өзбекстан)

Репаратур-

сылақ

Адгезиялық

қасиетті

арттырушы

Полимерлік ұнтақ

2,0-7,0

«Адинг»

фирмасы

(Македония)

Адингколор

Хидроглет В

Адгезиялық

қасиетті

жақсартып,

илемнің

иілімділігін

ұзартушы

Полимерлік

ұнтақ

7,0-15,0

«Адинг»

фирмасы

(Македония)

Хидрозим -Г

Аязға

төзімділікті

арттырушы

Полимерлік

ұнтақ

0,2-2,0

«Адинг»

фирмасы

(Македония)

Мовилит

ДМ 2072Р

Су ұстағыш

қаблетті,

адгезиялық

қасиетті

арттырушы

Акрилатты

винилацеттат

сополимері

«Клариант»

фирмасы

(Германия)

Тилоза

МВ 15009Р2

МН 15002Р2

Илемнің су

ұстағыш

қабілетін

арттырушы

Целлюлоза

эфирлері

«Клариант» фирмасы

(Германия)

Карбоксиметилцеллюлоза (КМЦ) – целлюлозоглюкенді қышқылдың натрийлі тұзы, яғни сілтілі целлюлоза мен монохлорсірке суының немесе натрий тұзының әрекеттесуімен түзіледі. КМЦ – ның активті бөлігі целлюлоза (С6Н10О5). ТМД елдерінде КМЦ орташа тығыздығы 400-800 кг/м3, ақ немесе ақшыл күрең ұнтақ және талшық күйінде өндіріледі.

Тилоза – Германияның «Клариант» фирмасы өндіретін, негізін этилцеллюлоза құрайтын функционалды қоспа. Құрғақ құрылыстық араласпалар өндіруде МВ 15009Р2 және МН 15002Р6 маркалы тилоза сылақтық немесе желімдік илемдердің су ұстау қабілетін арттыру және адгезиялық қасиетін жақсарту мақсатында кең қолданылуда.

Мовилит - винилацетат негізіндегі синтетикалық полимер заттардан алынған өте ұнтақ материал, құрамы - «ноу-хау".

Репаратур-сылақ - «Адинг» фирмасының өнімі. Құрғақ араласпа негізіндегі сылақтық илемнің адгезиялық қасиетін жақсартатын функционалды қоспа.

Адингколор-В Македонияның «Адинг» фирмасы өндіреді. Оның репаратур-сылақтан ерекшелігі - құрамында кремнеземнен басқа, кальций корбанаты мен каолинит байқалады және адгезиялық қасиетті жақсарту ықпалы басқа функционалды қоспалармен салыстырғанда жоғары.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында шет елден тасымалданатын «Ветонит» (Финляндия), «Пуфос» (Германия) және т.б. құрғақ құрылыстық араласпалар кең қолданылуда. Қазақстан Республикасында алғаш рет құрылыс материалдарын сертификациялық сынақтан өткізу орталық зертханасында (ЦеЛЦИМ, Алматы) техника ғылымдарының докторы, профессор З.А. Естемесовтың басшылығымен жоғарыда көрсетілген функционалды қоспаларды және жергілікті шикізаттарды қолдану арқылы түрлі қолданыстық мақсаттағы құрғақ құрылыстық араласпалар алынды (5-кесте). Бұл құрғақ араласпалар негізінен сылақтық және желімдік мақсаттарда қолданылады.

Сылақтық құрғақ араласпалар үй қабырғалары мен төбелерін тегістеуге, сылауға және бояуға арналған. Сылақтық қабаттың қалыңдығы 15-20 мм, тегістеуші қабат - 3-5 мм, беттік қабат - 0,5-2,0 мм, ал бояу қабаты – 50-100 мкм құрайды.

Құрғақ араласпаларды өндіру технологиясы келесі операциялардан тұрады: шикізаттық материалдарды дайындау; құрғақ араласпа құрамына кіретін компоненттерді шығын бункерлеріне беру; мөлшерлеп араластырғыш қондырғыға салу; құрамы біркелкі араласпа алынғанша араластыру; қаптау; дайын өнімдер қоймасына жіберу.

Құрғақ араласпаға, сылақтық илемнің жылжымалығы стандарттық конус бойынша 7-8 см болатындай мөлшерде су қосылып араластырылады. Дайын сылақтық илем 20-30 минут тұрғаннан соң, қайта араластырылып, сылықтық жұмыстарға беріледі. Дайын сылақтық илемнің қолданылу мерзімі 2 сағат.

4.5 - кесте. Құрғақ құрылыстық араласпалардың тиімді құрамдары және физика-механикалық қасиеттері

Құрамы, %

Тығыздығы

(құрғақ

күйінде),

кг/м3

Су ұстау қабілеті, %

Су сіңірім-ділігі, %

Маркасы

С/Ц

Цемент – 30

Құм – 59,94

Әк – 10

С-3 – 0,06

1480

98,2

14,3

100

0,67

Цемент – 30

Құм – 57

Әк – 10

Репаратур – 3

1270

99,3

16,3

100

0,77

Цемент – 30

Құм – 60

Адингколор – 10

1470

99,7

10,7

150

0,58

Цемент – 30

Құм – 67,7

Мовилит – 2

Тилоза –0,3

1500

100

13,7

150

0,73

Цемент – 35

Құм – 59,6

Әк – 5

КМЦ – 0,3

Сульфонол – 0,1

1550

96,7

18,6

200

0,41

Цемент – 30

Құм – 62,8

Хидроглет В – 7

КМЦ – 0,1

Сульфонол – 0,05

1530

99

21,8

100

0,39

Жұмыстың мақсаты:

Жұмыс барысында студенттер әрлік сылақтық ертінділердің құрамымен және оларды өнім бетіне жағу әдістемелерімен танысады. Бұйым бетін әрлеу технологиясын меңгеріп, оларға қойылатын негізгі талаптармен танысады.

Жұмысты орындау әдістемесі.

1. Бірінші зертханалық жұмыста сыртқы қабаты әрленген үлгінің ішкі қабатын, құрамы 3-ші немесе 4-ші кестелерде көрсетілген әрлік сылақпен өндеу керек. Ол үшін оқытушы көрсеткен құрамнан керекті өлшемдер алынады.

Алынған әрлік құрамды құрғақтай араластырады. Сылақтық ерітіндінің жылжымалығы 6-10 см етіліп дайындалады. Шикізаттардың және ерітінді даярлауға шығындалған судың мөлшерін кестеге толтырады. Алынған сылақтық ерітіндімен үлгінің ішкі бетін қалыңдығын 3 мм-ден асырмай өндейді.

2. Жоғарыда көрсетілген терразиттік сылақ құрамына сәйкес, жалпы мөлшері 500 г өлшем дайындалады. Оған ерітіндінің жылжымалығы 12 см болатындай мөлшерде су қосылады. Алынған ерітіндімен бұйым бетін, қалыңдығын 2 мм-ден асырмай, щеткамен өндейді. Терразитті сылақты дайындауға жұмсалған шикізаттар мен судың мөлшерін кестеге түсіреді.

4.6 - кесте. Тас түсті сылақтар құрамы

Табиғи тас

түсті

Құрамы

Саны, % салмағы

бойынша

Сұр

гранит

Түрлі түсті портландцемент

Толтырғыш, % : сұр гранит ұнтағы – 75, лабрадорит ұнтағы - 25

25

75

Қызыл

гранит

Түрлі түсті портландцемент

Толтырғыш, % : қызыл гранит ұнтағы – 40, сұр гранит ұнтағы – 20,

лабрадорит ұнтағы - 20

25

75

Ақ

әктас

Ақ портландцемент

Әк (қою)

Ақ мәрмәр ұнтағы, ірілігі – 0,6 – 5 мм

22

3

75