Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.73 Mб
Скачать

4.2. Құрғақ құрылыстық араласпалар

Құрғақ құрылыстық араласпалар технологиясы – ғылым мен технологияның дамуынан және құрылыс материалдарына қойылатын талаптардың өзгеруінен туындаған құрылыс материалдары өндірісіндегі прогрессивті бағыттардың бірі.

Құрғақ құрылыстық араласпалар байланыстырғыштан (цемент, гипс, әк, магнезиалды және т.б. байланыстырғыштар), толықтырғыштан (құм, шағыл тас және т.б.) және қолданыуға дайын, арнайы қасиеттерге ие функционалді қоспалардан құралады.

Құрғақ құрылыстық араласпаларды өндеу қазіргі кезде өркениетті мемлекеттерде кең дамуда. Мысалы, «Лохья» (Финляндия), «DOW» “Wacker”, “Ciariant”, “Henkel”, “Knauf” (Германия), «Ading» (Македония) және т.б. фирмалар мен кәсіпорындар құрғақ құрылыстық араласпалар өндірумен дүние жүзіне танымал.

Ресейдегі «ВАПА» (Санкт-Петербург), АНЦТ «Алит» (Мәскеу) және т.б. түрлі қолданыстық қасиеттері бар құрғақ құрылыстық араласпалар өндіру кәсіпорындары екпінді дамуда.

Қазақстан Республикаыснда тек функционалды қоспаны шетелдерден алу арқылы, жергілікті шикізаттар негізінде сылақтық және желімдік құрғақ араласпалар өндіру қолға алынуда. Мысалы, «АGS-1» («Алматыгорстрой» ЖАҚ), «ALIT» («Құрылыс сервис» ЖШС), «Монолит» («Алматымонолитстрой» ЖШС) және т.б.

Құрғақ құрылыстық араласпалар Э.Л.Большаков және В.И.Песцов бойынша құрамы мен қолданылуына байланысты келесіше топтастырылады (3 – сурет).

Құрғақ құрылыстық араласпалардың физика-механикалық және қолданыстық қасиеттері негізінен функционалды қоспалардың сапасына байланысты.

Функционалды қоспалар. Құрғақ құрылыстық араласпаға қосылатын функционалды қоспалар сылақтық немесе желімдік илемнің қасиеттерін реттейтін және цемент тасының сипаттамаларына ықпал ететін болып екіге бөлінеді.

Сылақтық илемінің қасиеттерін реттейтін қоспалар келесіше жіктеледі:

  • су ұстау қаблетін арттыратын;

  • қатаю қасиеттерін реттейтін;

  • ауа тарту қабілетін реттейтін;

  • адгезияны жақсартатын.

Цемент тасының қасиеттеріне ықпал ететін функционалды қоспалар келесіше бөлінеді:

  • шөгу деформациясын азайтатын;

  • физика-механикалық қасиеттерін реттейтін (жылжуға кедергі, иілім, сығым беріктігі және т.б.);

  • ауа әсеріне немесе аязға төзімділігін арттыратын (қасбеттік бұйымдарға арналған);

  • гидрофобты қасиет беретін;

  • цемент тасының кеуектігін реттейтін.

Сылақтық құрамдардың қасиеттеріне тигізетін ықпалына байланысты, құрғақ араласпаларға қосылатын функционалды қоспаларды иілімділікті арттырушы, су ұстау қасиеті мен адгезияны жақсартушы және ауа тартушы деп жіктеуге болады (4.4 - кесте).

Өңдеу жұмыстарына арналған құрғақ құрылыстық араласпа

4 .1 – сурет. Құрғақ құрылыстық араласпалар классификациясы

Целлюлоза эфирлері негізіндегі сылақтық илемнің су ұстау қабілетін арттырғыш қоспаларды «Геркулес» компаниясының «Аквалон» фирмасы (Германия) өндіреді. Сонымен қатар, бұл фирма сылақтық илемге ауа тартушы – «Амилотекс» және «Силипон РН», қатаю мерзімін бәсеңдетуші – «Силипон РВ» және көбік сөндіргіш – «Силипур» қоспаларын шығарады.

Суперпластификатор С-3 – қоңыр түсті, ұнтақты сульфонафталинформальдегидті зат, ол сұйылтқыш немесе суды ыдыратқыш ретінде қолданылады. Айтылған қасиеттерді негізгі компоненттер болып саналатын олигомерлер мен полимерлер, яғни активті заттар (93,5-96 %) қамтамасыз етеді.

4.4 - кесте. Сылақтық құрғақ араласпаларға арналған