Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.73 Mб
Скачать

4.1.3. Әрлі бетонға арналған байланыстырғышты дайындау және оның түсі мен беріктігін анықтау

Жұмыстың мақсаты - әрлік байланыстырғышты дайындау технологиясымен және оның қасиеттерін анықтау әдістемелерімен танысу.

Жұмыстың жүргізу әдістемесі.

Тәжірибелік түрлі-түсті байланыстырғыштың құрамы 5-ші кестеде көрсетілген. Шикізат ретінде маркалары 400 және 500, ашықтық коэффициенті 72-80 % кем емес портландцемент қолданылады. Сары және қызыл түсті әр беру үшін охра және қызыл марс пигменттерін қолданады.

Тәжірибелік жұмысқа дайындалатын байланыстырғыш көлеміндегі ақ портландцемент мөлшері – 500 г. Пигментті тапсырма нұсқасына байланысты алады. Алынған қоспа өлшемін шарлы диірменде 20,30 немесе 40 минут араластырады.

Алынған байланыстырғыштан әр бригада өлшемі 2х2х2 см үш үлгіден қалыптайды. Бір қалыптау өлшеміне кететін байланыстырғыш шығыны – 200 г, С/Ц = 0,3. Үлгілер зертханалық булау камерасында 0,5+4+0,5 сағаттық тәртіппен 800С-тық температурада өнделеді. Үлгілердің сығым беріктігін анықтағаннан соң, ФКЦ-Щ(М) немесе ЭКЦ–1 түрлі-түсті компонаторлар көмегімен оның түсінің сипатын анықтайды. Эталон ретінде НИИМетрологияның атлас үлгілері қолданылады.

4.3.- кесте. Байланыстырғыштың тәжірибелік құрамы

Байланыстырғыш

түсі

Байланыстырғыш құрамы, %

Ақ портландцемент

Охра

Марс

Сары

Қызыл

92

95

97

97

98

99

8

5

3

-

-

-

-

-

-

3

2

1

4.1.4. Түрлі-түсті бетон құрамын есептеу және оның қасиеттерін анықтау

Негізгі қолданылатын шикізаттар: өткен жұмыста дайындалған түрлі- түсті байланыстырғыш, диаметрі 10-мм-ге дейінгі ашық түсті (карбонатты) ірі толтырғыштар және түйіршік ірілігі 0,8-2,5 мм майда толтырғыш (құм).

Толтырғыштар алдын-ала тазаланып, кептіріледі.

Түрлі-түсті өндеу бетонының 1м3 құрамын есептеу.

1. Бетонның берілген маркасын қамтамасыз ететін су мен цемент қатынасын анықтайды:

Су/Ц = ARц /Rб + 0,8 А.Rц;

мұндағы, А – толтырғыштың сапасына байланысты коэффициент, активтілігі жоғары цемент үшін – 0,8; орташа активтілі–0,75;

активтілігі төмен – 0,7.

Rц – цемент беріктігі, МПа ( 3 – жұмыс нәтижесінен алынады);

Rб - бетонның жобалық беріктігі, МПа (оқытушы анықтайды, 100-150 МПа аралығында).

2. Цемент пен құм арасындағы қатынасы 1,3 немесе 1,4 етіп алады, әрлі бетонның қолдану саласына байланысты.

3. Цемент шығынын келесі формуламен есептейді:

Ц = 1000/(1 ρц / ρц + С/Ц + n/ρқ );

мұндағы, п – цемент пен құмның шынайы тығыздығы, г/см3 ;

ρц = 3,1 г/см3; ρқ = 2,67 г/см3

4. Ірі толтырғыштың түйіршік аралық кеуектілігін есептеу:

Пщ = 1 – (ρ1 щ / ρщ );

мұндағы, ρ1 щ - шағыл тастың орташа тығыздығы, кг/м3, тәжірибе барысында анықталады;

ρщ – шағыл тастың шынайы тығыздығы, 2600 кг/м3.

5. Шағыл тас шығынын есептеу:

Щ = 1000/α ( Пщ / ρщ ) + ( 1 / ρщ);

мұндағы, α – түйіршіктің қозғалыштық коэффициенті, 1,2-ге тең.

6. Құм шығынын есептеу:

Қ = Ц/п;

7. Су шығынын есептеу:

Су = (Су/Ц)Ц;

8. Бетон араласпасының тығыздығын есептеу:

ρ = Ц + Қ + Щ + Су

Әр бригада 1,5 дм3 қоспа дайындайды және араласпаның орташа тығыздығын анықтайды да, соның негізінде араласпа құрамын тиімдейді. Ол үшін теориялы есептелген және тәжірибе жүзінде анықталған бетон қоспаларының орташа тығыздығы қатынасын анықтайды. Алынған қатынас көрсеткішіне барлық компоненттер шығыны көбейтіледі.

Әр бригада қабырғасы 7 см куб үлгінің үшеуін қалыптап, 1+6+2 сағаттық тәртіппен 70-800С температурада булайды.

Алынған сынақ нәтижелері негізінде байланыстырғыш пен әрлі бетон қасиеттері арасындағы тәуелділік анықталады.

Тәжірибе негізінде тиімді құрамдар анықталып, студент зертханалық жұмыстарды сараптап жалпы қорытынды жасайды.