
- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Әрлеу материалдарының технологиясы Алматы 2009 мазмұны
- •С Қазақ бас сәулет – құрылыс академиясы. 2009
- •Органикалық шикізаттар негізіндегі өңдеу материалдары
- •Ағаш негізіндегі өңдеу материалдары
- •1.1.1 Өңдеу жұмыстарына қолданылатын ағаштың негізгі қасиеттері және оларды жақсарту тәсілдері
- •1.1.2. Әрлеу жұмыстарына қолданылатын ағаштардың түрлері
- •Еденге арналған әрлеу материалдары. Паркеттік бұйымдар
- •1.1.4. Фанера
- •1.1.5. Ламинат
- •1.1.6. Ағашты модификациялау және оның физика-механикалық қасиеттерін анықтау
- •1.2. Полимерлік материалдар
- •1.2.1. Едендік орама полимерлі материалдар
- •1.2.2. Полимерлік едендік материалдардың қасиеттерін анықтау
- •1.2.3. Қабырғалық орама материалдар
- •2.1.2. Қасбеттік керамикалық бұйымдарды әрлеу технологиясы
- •3.3. Плитки для внутренней облицовки стен
- •1.3.3. Плитки для полов
- •Облицовочные материалы
- •2.1.3. Керамикалық кірпішті ұнтақталған әктас қосу тәсілімен ағарту
- •2.1.4. Керамикалық қасбеттік бұйымдарды ағартудың химиялық тәсілі
- •2.1.5. Марганец кенін қосу арқылы қасбеттік керамикалық бұйымдарды көлемді бояу тәсілдерін зерттеу
- •2.2. Силикат балқымаларынан алынатын материалдар мен бұйымдар
- •2.2.1. Жалпы мағлұмат
- •2.2.2. Шыны құрылымы
- •2.2.3. Шынылардың қасиеттері
- •2.2.4. Шыны өндірісінің негізі
- •2.2.4.1. Шикі зат материалдары.
- •2.2.4.2. Шыны және шыны бұйымдарын өндіру
- •7.5. Жазық бетті шыны шығару
- •Сурет 7.2. Шыныны тік жоғары тартуға арналған машина схемасы:
- •Сурет 7.4. Құю столында катоктармен шыны жаю схемасы:
- •Сурет 7.6. Флоат – процесс тәсілі бойынша шыны өндіруге арналған қондырғы схемасы:
- •7.6.Құрылыста қолданылатын шыны әне шыны бұйымдарының түрлері
- •7.6.1. Жазық бетті табақ шыны
- •7.6.2. Қаптаушы шыны
- •7.6.3. Шыны негізіндегі бұйымдар мен конструкциялар
- •7.7. Ситаллдар және қожды ситаллдар
- •Сурет 7.11. Ситаллалар алардағы шыны термоөңдеу тәртібі:
- •Кесте 7.2. Ситаллалардың, шынының және болаттың қасиеттері
- •7.8. Құйма тас бұйымдары
- •7.9. Шлак қорытындыларынан жасалынатын материалдар мен бұйымдар
- •4.1.2. Әрлі салықтық ертінділердің тиімді құрамдарын тағайындау
- •4.1.3. Әрлі бетонға арналған байланыстырғышты дайындау және оның түсі мен беріктігін анықтау
- •4.1.4. Түрлі-түсті бетон құрамын есептеу және оның қасиеттерін анықтау
- •4.2. Құрғақ құрылыстық араласпалар
- •Функционалды қоспалар
- •4.5. Минералды байланыстырғыш негізіндегі өңдеу материалдары беттерінің әрлілігін сақтау шаралары
- •Көп компоненті цементтердің физика механикалық қасиеттері
- •Жалпы қолданылған цемент көлеміндегі отандық цемент зауыттарының үлесі
- •Қазақстандағы цемент зауыттарының жобалық өнімділігі және жылдық өнім өндіру көрсеткіші
- •Түсті металлургия қалдықтарының белсенділігі
- •4.3. Ұялы бетон негізіндегі бұйымдарды әрлеу тәсілдері
- •4.3.1. Бұйым бетіне рельефті ою-өрнек түсіру
- •4.3.2. Әрлі-қорғаушы қабаттарды жағу технологиясы
- •4.3.3. Әрлі-қорғаушы қабаттың қаттылығын анықтау
- •4.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын әрлеу технологиясы
- •4.4.1. Қалыптау барысында беттік қабаттың сапасын жоғарылату
- •6.2. Бетон және темірбетон бұйымдарының бетін жетілдіру технологиясы
- •6.3. Бетон және темірбетон бұйымдарын бояу технологиясы
- •6.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын өндеуге қолданылатын бояулардың тұтқырлығын анықтау
- •Студенттердің білімін бақылайтын тесттік сұрақтар
- •Түсініктеме сөздік
- •Әдебиет
- •480043, Алматы қаласы, қ.Рысқұлбеков көшесі, 28-үй.
4.1.2. Әрлі салықтық ертінділердің тиімді құрамдарын тағайындау
Әрлі ерітіндіні сыртқы қабырғалардың, блоктардың қасбетін, ғимараттардың сыртын және ішін сылап, қаптау үшін қолданылады. Олар ақ, түрлі түсті және кәдімгі портландцемент негізінде өндіріледі.
Ішкі сылақ жұмыстарына гипс, әк негізіндегі ерітінділер пайдалынады. Толтырғыштар: таза кварц құмы немесе асбестті, мәрмәрді ұсақтау арқылы дайындалған жасанды құм.
Сыртқы қабырғалардың (жеңіл бетонан жасалған) беттік жағын сылау үшін маркасы 50, ал темірбетон конструкциясын тыстау үшін маркасы 150 әрлі ерітіндіні қолданылады. Олардың аязға төзімділігі 35 циклдан кем болмауы керек.
Құрғақ сылақтық қоспалар технологиясы: құрғақ компоненттер ақ немесе түрлі түсті цемент және әрлі құм мен қиыршық тас гравитациялық бетон араластырғыштың барабанына белгілі мөлшерде өлшеніп салынады. Осы қоспаға тиісті мөлшердегі су автомобильдің багінде болады.
Әрлік қоспаны құрылыс нысанына тасымалдау барысында оған керекті мөлшердегі су қосылып, онда жеткенше араластырылады. Бұл әдіс тасымалдау барысында ерітіндінің қабатталуын болдырмайды.
Құрғақ әрлеу қоспасын кептірілген құмның 3-5 бөлігіне 1 бөлік ақ немесе түрлі+түсті цемент және пигмент қосу арқылы дайындайды. Қоспадағы пигмент мөлшері – 3-10%.
Түрлі түсті әкті-құмды сылақ құрамдары 3-ші кестеде көрсетілген (көлемі бойынша).
Өнім бетін әрлеу немесе ғимаратты қаптау әдісіне байланысты сылақ құрғақ және сулы болып бөлінеді. Құрғақ сылақ деп өндіріс жағдайында алдын ала дайындалып, одан соң қабырғаға жапсырылатын өндеу тақтайшаларын атайды.
Сулы сылақты алдын-ала дайындалған бетке бірнеше қабат етіп жағады.
Бірінші қабат – шашынды (обрызг), ол негізінен тегістеу және негізгі қабырғаға сылақтың жабысу қасиетін арттыру үшін қолданылады.
Екінші қабат - тегістеуші дайындық қабаты (грунтовка), оның қалыңдығы 5-7 мм.
Жылжымалығы механикалық әдіспен төселгенде 6-10 см, ал қолмен сыланғанда 6-12 см аралығында болуы қажет.
Үшінші қабат - тыстама қабаттың қалыңдығы 3 мм-ден аспайды, сызатсыз, тегіс болуы қажет. Бұл қабатқа жағылатын ерітіндідегі құмның ірілік шегі 1,25 мм -ден аспауы керек.
4.2 – кесте. Әкті–құмды әрлі сылақ
Сылақтың түсі |
Құрамы |
Саны, % салмағы бойынша |
Ақ |
Әк - ұлпа |
10 |
Портландцемент |
7 |
|
Мәрмәр құмы (0,25-0,5 мм) |
70 |
|
Мәрмәр ұнтағы |
13 |
|
Терракоталы |
Әк-ұлпа |
15 |
Портландцемент |
10 |
|
Майдаланған кірпіш |
15 |
|
Темір суригі |
2 |
|
Ақ кварц құмы |
58 |
|
Алтын-сары |
Әк (қою) |
20 |
Ақ цемент |
6 |
|
Алтын түсті охра |
4 |
|
Кварц құмы |
70 |
Терразиттік сылақ – басқаларынан беріктігінің салыстырмалы түрде төмендігімен ерекшеленеді. Кір басқан, ескірген, қабаты сыртқы ортаның әсерінен (жаңбыр, жел және т.б.) уатылып түсіп, өзінен - өзі жаңарып тұрады.
Осы процесстің арқасында терразитті сылақпен ғимарат әрқашан жаңа күйін сақтайды. Бұл сылақтың қалыңдығы 2 мм-ге дейін және де олар мәсүекпен (щетка) жағылады немесе форсунка арқылы шашылады. Негізгі шикізат – құм, оны алдын-ала жуып, кептіріп тазалайды.
Теразиттік сылақтың құрамы, %: құм –60; әк-ұлпа – 7,4; слюда – 5; пигмент – 0,2-5,2; ақ цемент – қалғаны немесе 22,4-27,4.