Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.73 Mб
Скачать

1.1.2. Әрлеу жұмыстарына қолданылатын ағаштардың түрлері

Құрылыста әрлеу жұмыстарына қолданатын ағаштар қылқанды (хвоялық) және жапырақты (листвалық) ағаштар болып екі топқа бөлінеді. Қылқанды ағаштардың (қарағай, шырша, бал қарағай, самырсын ағаш, кедр, тис) жапырақты ағаштарға қарағанда сапасы (сабағы түзу және биік, шіруге онша берілмейді) біраз жоғарылау және табиғатта көбірек тараған. Сол себепті бұл ағаштарды құрылыста басымдау қолданады және де көбірек инженерлік конструкциялар үшін пайдаланады.

Қарағай (сосна) – ядролық жыныс, орташа тығыздығы шамалы, беріктігі жоғары. Ол өскен жерінің жағдайына байланысты – құрғақ құмды жерлерде өсетін және де беріктігі жоғары ағаш беретін рудалық қарағай және ойлы жерлерде, сазда өсетін-мяндолық қарағай атты екі түрге бөлінеді. Мяндолық қарағайдың сапасы рудалықтікінен төмендеу. Қарағай ағашы әдетте шайырланған (смолалы) болады, сондықтан да шіруге берілмейді. Қарағайларды бөрене және тілінген ағаш материалдары түрінде пайдаланады, сонымен қатар түрлі құрылыстық, ұсталық бұйымдар, жиһаздар, тіректер, сваялар және басқа жүктелетін конструкциялар жасау үшін де кеңінен қолданады.

Шырша (ель) – түзу, биік цилиндірлік діңгекті және де ылғи жасыл болып тұратын жыныс, ағаш шығу коэффициенті жоғары. Оның екі түрі болады: кәдімгі Еуропалық және Сібірлік. Шырша ағашының түсі біркелкі ақтау, шайырлылығы аздау, орташа тығыздығы төмен, ал беріктілігі жетерліктей жоғары. Құрғақ жағдайларда шырша жақсы сақталынады. Оның қолдануы қарағайдың қолдануына ұқсас. Тек еске алатын нәрсе – механикалық өңдеу процесін қиындататын шыршада бұтақтар көбірек және қолдану жағдайына байланысты ол шіруге қарсы әрекет қолдануды талап етеді.

Бал қарағай (лиственница) – қаттылығы жоғарылау, шіруге берілмейтін шайырлы ядролық ағаш жынысы. Бұл гидротехникалық және жер астылық ғимараттар үшін қолдануға өте теңі жоқ материал. Оны шпалдар және рудалық тіректер жасау үшін де кең қолданады.

Май қарағай (пихта) – шайырсыз, жылдық қабаты жалпақ ядросыз жыныс. Басқа қылқан жапырақты жыныстарға қарағанда тұрақтылығы төмен. Сондықтан, ылғалды жерлерде қолдануға жарамсыз.

Самырсын (кедр) – ядролық жыныс, ұсталық бұйымдар жасау үшін қолданады.

Шілік (тис) – жеңіл, мәңгі жасыл болып тұратын ядролы жыныс. Көбінесе ұсталық бұйымдар және жиһаз жасау үшін пайдаланады.

Жапырақты жыныстарға жататын ағаштар: емен, шамшат, қандыағаш, көктерек, қайың, жөке ағаш, терек, ақ үйеңкі, жаңғақ және т.б. Бұл жыныстағы ағаштардың қылқандыларға қарағанда, сабақтары онша цилиндрлі және тура тік болмайды, түбінен басына қарай жіңішкелі үдемелінген болады. Сондықтан бұлардың тауар шығару коэффициенті төмен.

Емен (дуб) – сақина сосудты, ядролы, беріктігі жоғары және жіңішке, ақшыл-сары, заболонды ағаш жынысы. Емен ағашы беріктігінің жоғарылығымен қатар шірімейтіндігімен, әдемі текстурасымен және тамаша түсімен сипатталынады, бірақ кебу мезгілінде көлемі едәуір кішірейіп, жарылып кетуі ықтимал. Сондықтан оны құрғатқанда температуралық-уақыттық параметрлерді тәртіп деңгейінде ұстау қажет. Емен ағашын жоғары сапалық ұсталық бұйымдар, жиһаздар қаптаушы фанералар және паркеттер жасау үшін қолданады; құрылыста - гидротехникалық ғимараттар мен көпір құрылыстарының жауапты конструкцияларын, тұрғын және қоғам үйлерінің есік және терезе блоктарын жасау үшін барынша қолданады. Емен ұзақ уақыт суда сақталғанда қоңырланып ажарлы көрінісі қара-сұр түске дейін өзгереді. Оны еменді түстендіру (морилкалау) дейді, мұндай емен ағашты түстендірілген емен деп те атайды. Ол өңдеу және декоративті жұмыстар үшін өте бағалы материал.

Шамшат (бук) - сұр түсті, жылтыр, қатты ағаш, шашыранды сосудты, пісік ағашты жыныс. Шамшат ағашы қатты, орташа тығыздығы және беріктік шегі жоғары, серпінді, оңай жарылғыш, түсі қызғылт реңді, ақ, ақшыл болып келеді, серпінді, майысқақ. Бірақ ауыспалы және жоғарғы ылғалдылық жағдайларда шіруге бейімділігі басым, сондай-ақ кептіру мезгілінде – бүрсиюі және сызаттануы ықтимал. Бұл ағашты көбінесе жоғары сапалы паркет, шпал және басқа ұсталық бұйымдар жасауға қолданады.

Қандыағаш (ольха) - қайың тұқымдас жапырақты, жеңіл өңделетін жұмсақ ағаш. Ауыспалы ылғалдылық жағдайда шіруге бейімділігі жоғары. Оны гидротехникалық ғимараттарда, су жүргізу құбырларын, желімделінген фанерлер және ұсталық бұйымдарды жасау үшін қолданылады.

Қайың (береза) – заболондық жыныс. Ағашы қызғылт немесе сарғыш реңді, ақ түсті, мықтылығы жоғары және қатты, бірақ ауыспалы және ылғалдылығы басым жағдайларда тез шіруге бейім. Оны құрылыс бұйымдарын, желімделінген фанераларды, карниздерді, басқыш тұтқаларын жасауға қолданады.

Үйеңкі (клён) - әдемі текстуралы жыныс, ауыспалы ылғалдылық жағдайда тез бұзылуға бейімді. Оны декоративті фанералар жасауға және үйдің ішін өңдеуге қолданады.

Көк терек (осина) – заболонды, табиғатта көп тараған жыныс. Көк терек ағашы жұмсақ, жеңіл, біркелкі ақ түсті, қайыңға қарағанда беріктігі төмендеу. Кебу барысында бүрсимейді және сызаттанбайды, бірақ ылғалды ортада тез шіріп кетуі ықтимал. Оны көбінесе фанера өндіру үшін, жамылтқыш материалдар жасауға және терең технологиялық тәсілмен түрлі тақталар шығаруға жаратады.

Ақ үйеңкі (ясень) – ядролық жыныс. Түрі және құрылысы бойынша еменге ұқсаған, бірақ одан ақшыл. Оның ағашы жоғарғы беріктігімен, әдемі текстурасымен, суда және ауада жақсы сақталынатындығымен ерекшелінеді. Бірақ, ол ауыспалы ылғалдылық жағдайда оңай шіріп кетуге бейімді. Құрылыста қолданар кезде оны шіріп кететін жағдайлардан қорғау қажет. Кәдімгі жағдайларда ақ үйеңкі ағашының пайдаланылуы емен ағашының қолдануындай.

Жөке (липа) – заболондық, жеңіл жыныс. Ауыспалы ылғалдылықта оңай бұзылып кететін ағаш. Құрылыс материалдарын әрлеуге онша тиімді емес. Оны көпшілігінде фанералар және жиһаздар өндірісінде қолданады. Құрылыста жеңіл-желпі жергілікті материал ретінде қолданады.

Жаңғақ (орех) – қара-қоңыр түсті, әдемі текстуралы жыныс. Оны жиһаздар және өңдеу фанераларын жасауға қолданады.

Қызыл қайың (граб) – заболонды жыныс. Оның орташа тығыздығы жоғарылау, механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері емен ағашымен салыстырғанда жақсылау. Кебу мезгілінде бүрсиюге және сызаттануға бейімді. Шамшат ағашы қолданатын жерлерде мұны да пайдалана береді.

Терек (тополь) ағашы – жұмсақ және беріктігі төмен жыныс. Оны құрылыста уақытша және қосалқы нысандар құрастыруда қолданады.

Шегіршін (вяз) – жай көзбен көрінбейтін жіңішке өзектік сәулелері бар, қолға жұмсақ сезілетін, өзі тығыз, қатты және берік ағашты ядролы жыныс. Физика-механикалық қасиеттері еменнің көрсеткіштерінен төмен. Шегіршіннің иілімділігі жоғары, сондықтан оны фанера өндіру үшін, түрлі жиһаздар өндірісінде және ұсталық бұйымдар жасау мақсатында қолданады.