
- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Әрлеу материалдарының технологиясы Алматы 2009 мазмұны
- •С Қазақ бас сәулет – құрылыс академиясы. 2009
- •Органикалық шикізаттар негізіндегі өңдеу материалдары
- •Ағаш негізіндегі өңдеу материалдары
- •1.1.1 Өңдеу жұмыстарына қолданылатын ағаштың негізгі қасиеттері және оларды жақсарту тәсілдері
- •1.1.2. Әрлеу жұмыстарына қолданылатын ағаштардың түрлері
- •Еденге арналған әрлеу материалдары. Паркеттік бұйымдар
- •1.1.4. Фанера
- •1.1.5. Ламинат
- •1.1.6. Ағашты модификациялау және оның физика-механикалық қасиеттерін анықтау
- •1.2. Полимерлік материалдар
- •1.2.1. Едендік орама полимерлі материалдар
- •1.2.2. Полимерлік едендік материалдардың қасиеттерін анықтау
- •1.2.3. Қабырғалық орама материалдар
- •2.1.2. Қасбеттік керамикалық бұйымдарды әрлеу технологиясы
- •3.3. Плитки для внутренней облицовки стен
- •1.3.3. Плитки для полов
- •Облицовочные материалы
- •2.1.3. Керамикалық кірпішті ұнтақталған әктас қосу тәсілімен ағарту
- •2.1.4. Керамикалық қасбеттік бұйымдарды ағартудың химиялық тәсілі
- •2.1.5. Марганец кенін қосу арқылы қасбеттік керамикалық бұйымдарды көлемді бояу тәсілдерін зерттеу
- •2.2. Силикат балқымаларынан алынатын материалдар мен бұйымдар
- •2.2.1. Жалпы мағлұмат
- •2.2.2. Шыны құрылымы
- •2.2.3. Шынылардың қасиеттері
- •2.2.4. Шыны өндірісінің негізі
- •2.2.4.1. Шикі зат материалдары.
- •2.2.4.2. Шыны және шыны бұйымдарын өндіру
- •7.5. Жазық бетті шыны шығару
- •Сурет 7.2. Шыныны тік жоғары тартуға арналған машина схемасы:
- •Сурет 7.4. Құю столында катоктармен шыны жаю схемасы:
- •Сурет 7.6. Флоат – процесс тәсілі бойынша шыны өндіруге арналған қондырғы схемасы:
- •7.6.Құрылыста қолданылатын шыны әне шыны бұйымдарының түрлері
- •7.6.1. Жазық бетті табақ шыны
- •7.6.2. Қаптаушы шыны
- •7.6.3. Шыны негізіндегі бұйымдар мен конструкциялар
- •7.7. Ситаллдар және қожды ситаллдар
- •Сурет 7.11. Ситаллалар алардағы шыны термоөңдеу тәртібі:
- •Кесте 7.2. Ситаллалардың, шынының және болаттың қасиеттері
- •7.8. Құйма тас бұйымдары
- •7.9. Шлак қорытындыларынан жасалынатын материалдар мен бұйымдар
- •4.1.2. Әрлі салықтық ертінділердің тиімді құрамдарын тағайындау
- •4.1.3. Әрлі бетонға арналған байланыстырғышты дайындау және оның түсі мен беріктігін анықтау
- •4.1.4. Түрлі-түсті бетон құрамын есептеу және оның қасиеттерін анықтау
- •4.2. Құрғақ құрылыстық араласпалар
- •Функционалды қоспалар
- •4.5. Минералды байланыстырғыш негізіндегі өңдеу материалдары беттерінің әрлілігін сақтау шаралары
- •Көп компоненті цементтердің физика механикалық қасиеттері
- •Жалпы қолданылған цемент көлеміндегі отандық цемент зауыттарының үлесі
- •Қазақстандағы цемент зауыттарының жобалық өнімділігі және жылдық өнім өндіру көрсеткіші
- •Түсті металлургия қалдықтарының белсенділігі
- •4.3. Ұялы бетон негізіндегі бұйымдарды әрлеу тәсілдері
- •4.3.1. Бұйым бетіне рельефті ою-өрнек түсіру
- •4.3.2. Әрлі-қорғаушы қабаттарды жағу технологиясы
- •4.3.3. Әрлі-қорғаушы қабаттың қаттылығын анықтау
- •4.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын әрлеу технологиясы
- •4.4.1. Қалыптау барысында беттік қабаттың сапасын жоғарылату
- •6.2. Бетон және темірбетон бұйымдарының бетін жетілдіру технологиясы
- •6.3. Бетон және темірбетон бұйымдарын бояу технологиясы
- •6.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын өндеуге қолданылатын бояулардың тұтқырлығын анықтау
- •Студенттердің білімін бақылайтын тесттік сұрақтар
- •Түсініктеме сөздік
- •Әдебиет
- •480043, Алматы қаласы, қ.Рысқұлбеков көшесі, 28-үй.
7.7. Ситаллдар және қожды ситаллдар
Түрлі құрамдағы шыны массаларының немесе басқа қорытындыларынан алдын-ала құйылған бұйымдар көлемінің барлығында түгелдей жүретін кристалдану процессін ұқыптылықпен белгілі бір бағытта бақылау арқылы алынатын материалдарды ситаллалар немесе шыныкристалдықтар деп атайды. Бағытталына кристалданғандығынан оларды майда түйіршікті және біртекті құрылым құрылады. Осының нәтижесінде бұйымдардың мықтылығы, термиялық беріктігі және басқа қасиет сипаттамалары өте жоғары болып шығады.
Ситаллалар микроқұрылымы көлемі бойынша бірыңғай бөлінген майда кристалдардан мөлшері бірнеше мкм тұратындығымен (көлемі бойынша ең кемдегенде 80%) және сол өте майда кристалдар арасында қалындығы 1 мкм қабатпен біркелкі бөлінген шыныфазасының болатындығымен сипатталынады. Көпшілік жағдайда кристалдану процессін мүмкіншілігінше толық жүргізілетіндіктен шыныфазасының мөлшері әдетте көлемі бойынша 5-10% аспайды.
Ситаллалардағы кристалдардың орташа мөлшері 1-2 мкм, ал олардың арасындағы шыныфазасы қабатының қалыңдығы микронның оннан бір бөлігінен аспайды, және де кристалдар ситалла көлемінде қалай болса солай жүйесіз орналасқан. Сондықтан да ситаллаларда анизотропиялық қасиет болмайды.
Сонымен ситаллалардың шыныдан ерекшелігі олардың поликристалдық құрылысы, ал керамикадан - кристалдарының өте майдалығы. Құрылымының осындай ерекшелігінің арқасында ситаллаларда шыныға тән онды қасиеттерінің барлығы сақталған: механикалық беріктігі, термиялық және химиялық төзімділігі; диэлектрикалық қасиеттер көрсеткіштері жетерліктей жоғары, морттығы да төмен.
Ситаллаларды жасау үшін шыны оларда қолданатын шикізат құрамаларын және кейбір арнайы қоспаларды - кристалданудың катализаторларын (титанның, литияның, цирконияның және т.с. түзінділерді) пайдаланады. Бірақ мұнда шикізаттың тазалығына және технологиялық тәртіптің ұқыптылықпен орындалуына қойылатын талап қатаңдау.
Ситаллалар алу технологиясы катализдандырылған кристалдану принципіне негізделген. Бұл принцип бойынша мынандай технологиялық операциялардың орындалуы қажет: катализаторлар қосылған шихта балқытылады, сонда шыны қорытындысында кристалдану катализаторлары ериді (сур.7.11. 1 – поз).
Шыны өндіру тәсілдері бойынша балқытылған массадан бұйымдарды қалыптайды. Сосын катализатордың микроскопиялық кристалдар түйіршіктері пайда болатын температураға дейін бұйымды суытады. Әдетте бұл температура шыны отжигтеу температурасынан 50°С жоғарылау (2-поз). Осы сатыда катализаторлар түйіршіктерінің мүмкіншілігінше көп бөлініп шығу үшін 1 сағ. шамасы бүйымды ұстайды. Келесі термиялық өңдеу сатысында ситаллалар кристалдарының ең үлкен жылдамдықпен құрылуын және кристалдар түйіршіктерінің жылдам өсуіне сәйкес келетін температураға дейін бұйымды қыздырады (3-поз) және осы температурада кристалдану процессінің мүмкіншілігінше толық біткеніне шейін ұстайды. Ең соңында ситалла бұйымын бөлмелік температураға дейін суытады (4-поз).
Сонымен ситалла технологиясында термиялық өңдеу маңызы жағынан басты орын алады. Термиялық өндеу тәртібін реттей отырып кристалдану дәрежесін, кристалл мөлшерін және кристалдар тығыздығын өзгертуге болады. Бұл өзретімен ситаллалы қасиетіне күшті әсер етеді. Олай болса ситалла қасиеті тек химиялық құрамына ғана емес термиялық өңдеу тәртібіне де байланысты.