
- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Әрлеу материалдарының технологиясы Алматы 2009 мазмұны
- •С Қазақ бас сәулет – құрылыс академиясы. 2009
- •Органикалық шикізаттар негізіндегі өңдеу материалдары
- •Ағаш негізіндегі өңдеу материалдары
- •1.1.1 Өңдеу жұмыстарына қолданылатын ағаштың негізгі қасиеттері және оларды жақсарту тәсілдері
- •1.1.2. Әрлеу жұмыстарына қолданылатын ағаштардың түрлері
- •Еденге арналған әрлеу материалдары. Паркеттік бұйымдар
- •1.1.4. Фанера
- •1.1.5. Ламинат
- •1.1.6. Ағашты модификациялау және оның физика-механикалық қасиеттерін анықтау
- •1.2. Полимерлік материалдар
- •1.2.1. Едендік орама полимерлі материалдар
- •1.2.2. Полимерлік едендік материалдардың қасиеттерін анықтау
- •1.2.3. Қабырғалық орама материалдар
- •2.1.2. Қасбеттік керамикалық бұйымдарды әрлеу технологиясы
- •3.3. Плитки для внутренней облицовки стен
- •1.3.3. Плитки для полов
- •Облицовочные материалы
- •2.1.3. Керамикалық кірпішті ұнтақталған әктас қосу тәсілімен ағарту
- •2.1.4. Керамикалық қасбеттік бұйымдарды ағартудың химиялық тәсілі
- •2.1.5. Марганец кенін қосу арқылы қасбеттік керамикалық бұйымдарды көлемді бояу тәсілдерін зерттеу
- •2.2. Силикат балқымаларынан алынатын материалдар мен бұйымдар
- •2.2.1. Жалпы мағлұмат
- •2.2.2. Шыны құрылымы
- •2.2.3. Шынылардың қасиеттері
- •2.2.4. Шыны өндірісінің негізі
- •2.2.4.1. Шикі зат материалдары.
- •2.2.4.2. Шыны және шыны бұйымдарын өндіру
- •7.5. Жазық бетті шыны шығару
- •Сурет 7.2. Шыныны тік жоғары тартуға арналған машина схемасы:
- •Сурет 7.4. Құю столында катоктармен шыны жаю схемасы:
- •Сурет 7.6. Флоат – процесс тәсілі бойынша шыны өндіруге арналған қондырғы схемасы:
- •7.6.Құрылыста қолданылатын шыны әне шыны бұйымдарының түрлері
- •7.6.1. Жазық бетті табақ шыны
- •7.6.2. Қаптаушы шыны
- •7.6.3. Шыны негізіндегі бұйымдар мен конструкциялар
- •7.7. Ситаллдар және қожды ситаллдар
- •Сурет 7.11. Ситаллалар алардағы шыны термоөңдеу тәртібі:
- •Кесте 7.2. Ситаллалардың, шынының және болаттың қасиеттері
- •7.8. Құйма тас бұйымдары
- •7.9. Шлак қорытындыларынан жасалынатын материалдар мен бұйымдар
- •4.1.2. Әрлі салықтық ертінділердің тиімді құрамдарын тағайындау
- •4.1.3. Әрлі бетонға арналған байланыстырғышты дайындау және оның түсі мен беріктігін анықтау
- •4.1.4. Түрлі-түсті бетон құрамын есептеу және оның қасиеттерін анықтау
- •4.2. Құрғақ құрылыстық араласпалар
- •Функционалды қоспалар
- •4.5. Минералды байланыстырғыш негізіндегі өңдеу материалдары беттерінің әрлілігін сақтау шаралары
- •Көп компоненті цементтердің физика механикалық қасиеттері
- •Жалпы қолданылған цемент көлеміндегі отандық цемент зауыттарының үлесі
- •Қазақстандағы цемент зауыттарының жобалық өнімділігі және жылдық өнім өндіру көрсеткіші
- •Түсті металлургия қалдықтарының белсенділігі
- •4.3. Ұялы бетон негізіндегі бұйымдарды әрлеу тәсілдері
- •4.3.1. Бұйым бетіне рельефті ою-өрнек түсіру
- •4.3.2. Әрлі-қорғаушы қабаттарды жағу технологиясы
- •4.3.3. Әрлі-қорғаушы қабаттың қаттылығын анықтау
- •4.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын әрлеу технологиясы
- •4.4.1. Қалыптау барысында беттік қабаттың сапасын жоғарылату
- •6.2. Бетон және темірбетон бұйымдарының бетін жетілдіру технологиясы
- •6.3. Бетон және темірбетон бұйымдарын бояу технологиясы
- •6.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын өндеуге қолданылатын бояулардың тұтқырлығын анықтау
- •Студенттердің білімін бақылайтын тесттік сұрақтар
- •Түсініктеме сөздік
- •Әдебиет
- •480043, Алматы қаласы, қ.Рысқұлбеков көшесі, 28-үй.
7.6.3. Шыны негізіндегі бұйымдар мен конструкциялар
Қуысденелі шыны блоктары герметикалана қосылған екі қуыс қорабшадан тұрады. Сыртқы беті тегіс, ал ішкі беті қырландырылған бұдыр. Осы қырлы бұдырлардың әсерінен блок арқылы көрілмейді. Біркамералы пісірілген блоктар түсті және түссіз болып жасалынады. Үйлерде және ғимараттарда бұларды сыртқы немесе ішкі жарықтандырғыш қалқаларды, санитарлық түйіндерді тұрғызуға, басқыш аланды қалқалауға қолданады (сурет 7.9). Блоктар тікбұрыштық немесе квадраттық пішінде жасалынады, өлшемдері 294 х 294 х 98 мм, тығыздығы аз – 800 кг/м3, жылуөткізгіштігі төмен – орташасы 0,46 Вт/ (м·0С), жарық өткізгіштігі жетерліктей – 50-65 %.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сурет 7.9. Қуысденелі шыны блоктары және олардың қолданылуы - өзара біріктіріле қалануы
|
Бұл блоктарды қолдану нәтижесінде жылу шығынын бірқабат әйнектелінгенмен салыстырғанда екі есе азайтуға және дыбыстосқауылдығын жақсартуға болады. (сурет 7.9).
Шыныпрофилит көлденең қимасы бойынша түрлі профильді ұзын мөлшерлі элемент. Құрылыста кең қолданатыны швеллерлік және коробкалық профилді шыныпрофилиті. Оны қабырғалық бұйым ретінде қолданғанда үйлер мен ғимараттардың декоративтігі жақсарып, құрылыстық жұмыс едәуір арзандатылады және пайдалану барысындағы. Сондағы күнделікті шығын, жөндеу жұмыстары бірнеше есе азаяды. Қимасы швеллерлік шыныпрофилитінің ұзындығы 5 м, коробкаларыніке – 7 м дейін, ендері, өздеріне сәйкес -250 ÷500 және 250 ÷300 мм. 1 шыныпрофилитінің массасы, швеллерлік қимадағы – 4,0 ÷ 4,5 кг, коробкалық қимадағы – 8,5 ÷ 9,0 кг (сурет 7.11). Ол арматураланған немесе онсыз, беті тегіс бұдырланылған немесе әшекейленілген, түсті немесе түссіз болуы мүмкін.
Зауыттық жағдайда шыныпрофилиттерден панельдерді, қалқаларды, сыртқы тосқауылдарды жасауға болады.
Шынытемірбетон конструкциясы жүккөтеруші қабілетіне, жарық және дыбыстосқауылдауына және т.б. сипаттамасына байланысты қабырғалық, жабқыштық, төбелік, қүполалық конструкцияларға жіктеледі.Бұл конструкцияларда жүк көтеруші бөлігі темірбетон каркасы, ал шынылық бөлігі оның жарықтық кеңістіктерін толтырады. Қабырғалық шынытемірбетон конструкциясы өндірістік және мәдениет – тұрмыстық үйлер үшін кең қолданады. Үйдің төбе жағынан табиғи жарықпен жарықтандырады.
Сурет
7.10. Шыныпрофилит
а–
швеллерлік қима; б
– коробкалық қима |
Шыныпакет
конструкциясы: 1
– шыны; 2
– дистанциялық рамка; 3
- кептіргіш; 4
– ішкі герметик; 5
– сыртқы герметик
Шыны есіктері – қалыңдығы 10 – 20 мм шынықтырылған шыны табақтарынан жасалады. Олардың беттері жылтылдатылған немесе онсыз кәдімгідей болуы мүмкін, шеттері тегістелініп өңделген, металлдан жасалынған бекітпелері, тұтқалары түгелдей орындарына бекітілген болады. Шыны полотнолары түссіз, мөлдір түсті және беттері әшекейленген варианттарда шығарылады.
Шыны құбырлары және оларға керекті фасондық бөлшектері балқытқыш қышқылдан басқа температурасы -50÷ +3000С аралығындағы агресивті сұйықтарды, тағам өнімдерін және газдерді айдау үшін қолданатын қысымдық, қысымсыз және вакуумдық құбырлар тартындыларын салу үшін қолданады. Құбырлардың сыртқы диаметірі 200 мм дейін, ұзындығы 1500-3000 мм аралығында. Бұл құбырлар коррозияға берілмейді, мықтылығы жетерліктей биік, темір құбырларымен салыстырғанда тазалық жағы басым, өзі мөлдір, беті теп-тегіс болғандықтан тепе-теңдік жағдайда оның өткізу қабілеті 22%-ке жоғары және т.б. тиімділіктері көп. Шынықұбырлары құрылыста да кеңінен қолданады. Шыны құбырларын жинарда оларды бірін – біріне қосу үшін резинадан, пластмассадан немесе металдан арнайы жасалынған муфталарды қолданады немесе арнайы желіммен желімдеп қосады. Бұл құбырлардың кемістігіне олардың сынғыштығы, ұру және ию күштеріне беріктігінің нашарлығы жатады. Сондықтан оларды тасымалдауда, сақтарда аталған кемшіліктерін ескере шара қолданады.