Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.73 Mб
Скачать

7.6.Құрылыста қолданылатын шыны әне шыны бұйымдарының түрлері

7.6.1. Жазық бетті табақ шыны

Табақтық шыны - шынының негізгі түрі, оны терезе және есік ойықтарын әйнектеуге, витриндерге, үйдің ішін және сыртын өңдеуге қолданады. Өнеркәсіпте кәдімгі шынымен қатар арнайы табақ шыныларының түрлерін шығарады: жылусіңіруші, увиолевтік4 шыны, арматураланған, шыныққан, архитектуралық-құрылыстық және т.с. табақ шыны үш сортта және қалыңдығына байланысты алты мөлшерде (маркада) шығарылады: 2; 2,5; 3; 4; 5 және 6 мм. Табақ ені 250-1600 мм, ұзындығы 250-2200 мм. 1м2 шыны массасы 2-5 кг. Шыны табағы түссіз болуы керек, аздап көгілдірлеу немесе жасылдау болуы мүмкін. Жарық жіберуі 87% аз болмау керек. Бірақ қалыңдығы өскен сайын біраз жарық жіберуі де нашарлайды. Табақ шыны сортын ақаулығының барлығына байланысты анықтайды. Оған жататындар жолақтық, бетінің тегіс еместігі, көпіршіктер, үйіршік жіңішке жіптәрізді жолақтар.

Витриндік шыны - сауда және әкімдік, қоғамдық және т.с. үйлердің алдыңғы жағынан үлкен аумақты беттерін әйнектеу үшін кең қолданады. Әдетте витриндік шыны жылтылдатылған болады, қалыңдығы 6-10 мм, мөлшерінің ең үлкені 3500 х 6000 мм.

Қазіргі әкімдік, қоғамдық, өнеркәсіптік және т.с. үйлердегі жарықтандыру үшін қалдыратын ойықтардың үлкеюі үйлердегі ауаның қызып кетуін тудырады. Одан сақтану үшін жарықтылығын, нашарлатпай күннен қорғану шараларын қарастыруды қажет етеді. Бұл проблеманы жылу шағылыстырғыш немесе жылусіңіргіш шынылар мен әйнектерді пластиналық жалюздерді үйлестіре қолданумен шешеді.

  • Жылу сәулелерін шағылыстырушы шыны металдардың немесе тотықтардың өте жұқа (0,3-1 мкм) қабықтарымен қапталған болады. Мұндай шынылардың көшеге қараған бетінің шағылыстыру қабілеті өте зор келеді және де осы жағынан әралуан түске боялғандай құбылып тұрады (алтынданған, көгілдірленген, сарғылттанған және т.с. түстерге құбылады). Сонда да үй ішіне түскен жарық кәдімгі табиғаттық күйінде болады. Кәзіргі кезде шыныны вакуумдық жағдайда металдау кең қолданады. Иондық тозаңдату тәсілмен біркелкі қалыңдықта қабықтау шыны бетін біртекті етіп бояуды қамтамасыз етеді. Қаптағыш материал ретінде алтыннан, мыстың, жұқа қабықтарын және күміс түсіне ұқсас никель – хромдық қаптау, темір платина және т.б. металдар тобын; пайдаланады. Осындай түсті және түрлі металдардан қабығы бар шынының жарық жіберуін кең аралықта өзгертуе болады (30-70%). Мұндай шыныларды инфрақызыл сәулелердің көпшілігі сіңдірілмей қайта шағылатындығынан шынының өзі қызбайды. Сонымен қатар металдық жамылтқы үй ішінен сыртқа жылылық сәуленің онша көп шықпайтындықтан қыс кезінде жылу қорғауды күшейтеді.

Шағылыстырушы шыны күн сәулесімен қыздырылуды азайту, жарықтандырулықты реттеу үшін және қазіргі кездегі қоғамдық үйлерде өте тамаша архитектуралық-құрылыс материал ретінде пайдаланады.

Жылудан қорғаушы шыны үй ішін күн сәулесін қызып кетуден қорғайды. Ол 75% сіңіріп қояды. Сәулелік энергияны үдемелі өзіне сіңіруінен шыны күшті қызады да температуралық деформацияға ұшырайды. Сондықтан мұндай шынымен терезелерді және басқа жерлерді әйнектегенде рама мен әйнек аралығында жетерліктей орын қалдырады. Екі қабаттан әйнектегенде жылуқорғағыш шыныны сырт жағынан салады. Сонда ол сыртқы ауамен салқындатылады, ал кәдімгі жай шыныны іш жағынан әйнектейді.

Жарықшашушы шыны декаративтігімен және жарықшашыратушылығымен сипатталады. Көрілусіз жарықтандыру немесе шашыратылған жарық қажет болған жағдайда терезелік ойықтарды, қалқаларды және есіктерді әйнектеу үшін күнгірттелінген немесе әшекейленген шыныларды қолданады. әшекейленген шыныны горизонтальдық жаю тәсілімен, гравировальдік жанышқыларда (вальцларда) алады. Күнгірттелінген шыныны құмқысымдық ағымымен өңдеп шығарады.

Жарықты бірыңғай шашыратушы шынының бір түрі «витрасил». Оның көзге әсері жұмсақ болғандықтан адамды шаршатпайды.

Арматураланған шыны. Шыныны күйдірілген, хромдалынған немесе никельденген құрыштық сымнан жасалынған металдық тормен арматуралайды. Оны кейде сынықсыз шыны деп те атайды. Себебі ол динамикалық күштер әсерімен сынғанда ондағы арматуралық тор шыныны майда сынықтарға бөлініп кетуден сақтайды. Мұндай шыны толқынды және жазық түрінде жасалуы мүмкін (сур.7.7), ұзындығы 1200÷ 12000 мм, ені 400÷500 мм. Арматураланған шыны мықтылығы және отқа беріктігі жоғары болады. Үйді пайдалану жағдайы бойынша әйнектерге отқа беріктігі және мықтылығы жағынан қойылатын талап қатаңдау болғанда толқынды шыныны жамылтқыш ретінде, вокзал жамылғылы базар және т.с. үйлере, табақтарын терезе, есік ойықтарын және балкондарды, қалқаларды әйнектеуге қолданады.

Бұл шыны бұйымдары мынадай мөлшерінде шығарады: ұзындығы 1200÷ 2000, ені 400÷1500 және қалыңдығы 5,5 мм.Қысқандағы мықтылық шегі 600, игендегі – 30 – 40 МПа.

Әшекейленген шыны гравировальдық білектерде (вальцаларда) түссіз немесе түсті шынымассасын горизонтальдықта үздіксіз жаю арқылы алады. (сур.7.8). әшекейленген шыны ені 400÷1600, ұзындығы 600÷3600, қалыңдығы 4,5 және 6 мм. Оны шашырата жарықтандыруды және көрілмейтіндікті қажет ететін үй мен ғимараттардың есіктерін әйнектеуге, қалқаларын тұрғызуға қолданады.

«Аяз» типтес әшекейленген шыны жалпы әшекейленген табақ шынының бір түрі. Мұны жасарда шыны дайындығының бір бетіне механикалық өңдеумен әшекей жобасын түсіреді. Оған мездралық желім жағады, сосын бұл дайындықты камералық немесе туннельдік пештерде 12 сағ. бойы 300С және 6 сағ. 50÷600С жылулықта кептіреді. Кептірген кезде желім көлемін кішірейтеді де шыны бетінен қалыңдығы 0,25 мм дейінгі қабық сыдырады. Орнында қыстық аяз мезгіліндегі терезеде құралатын әшекейге ұқсас күнгірт әшекей пайда болады. «Аяз» шыны ішкі және сыртқы терезелерді және есіктерді әйнектеу үшін қолданады.

Сурет 7.7. Арматураланған шынылар

а – толқынды; б – жазық

Шынықтырылған шыны. Кәдімгі шыныны шынықтыру температурасы 540 – 6500С дейін қыздырып, сосын оны тездете біркелкі суыту арқылы алады. Сөйтіп шыныдағы кернеудің шыны денесіне бірыңғай бөлінуін қамтамасыз етеді. Кәдімгі шынымен салыстырғанда шынықтырылған шынының ұрғандағы мықтылығы 4-6 есе, игендегі - 5-8 есе үлкен. Мұндай шыны пайдалануға қауіпсіз, себебі сынған кезде қырлары доғаланған майда түйіршіктерге бөлініп кетеді. Бұл шыны көпшілігінде көліктер саласында пайдаланады. Құрылыста есіктерді, қалқаларды, төбелерді әйнектеуге қолданады. Қалқалар стемалит деп аталатын керамикалық бояумен астарланған, қалыңдығы 6 мм шыныққан шыны табақтары үйлерді ішінен және сыртынан қаптау үшін де қолданады.

Ұяшықтар

Мозаика

Күз

Флора

Хрусталь

Роза

Абстракта

(Арматураланған)

Аэро түссіз

Шық

Тасбақа

Қыс

Сағым

Мұхит

Жолақтар

Бамбук

Кафедрал көгілдір

Гүлдер

Мозаика

Жаңбыр қола

Армани

Сурет 7.8. Әшекейлі шынының түрлері

Увиолевтік шыны ультракүлгін сәуленің ең кем дегенде 25% өткізеді. Ол үшін шыны шихтасындағы темір, титан және хорм тотықтарі қоспасының мөлшерін мүмкіншілігінше азайтады. Мұндай шыныны балалар мекемелерінде, емханаларда, санаторияларда және басқа арнаулы ғимараттарда терезе мен есіктерін әйнектеу үшін қолданады.

Көпқабатты шынылар (триплекс) басты және аралық (амортизациялаушы) қабаттардан түрады. Олар арматураланған немесе арматурасыз болуы мүмкін. Негізгі сыртқы қабаттары ортасындағы қабатпен берік жабысқандығынан ұрылғанда қайрағанымен майда бөлшектерге шашырап кетпейді сондықтан бұларды динамикалық күш әсері бар жерлерде әйнектеуге қолданады (ауылшаруашылық машиналарын, көліктерді және т.с).

Термиялық берік (боросиликаттық) шыны бор, рубиди, лития тотықтарінен тұрады.Оның температуралық ұзындығының ұлғаю коэффициенті 2-4-10-6 0С-1 , яғни кәдімгі шынынікінен 2-3 есе кем. Мұндай шыныдан жасалынған бұйымдар 200°С дейінгі температуралық түспелерге шыдай береді. Бұларды термиялық берік аспаптарды жасау үшін қолданады.

Электртоғын өткізуші шыны. Кәдімгі шыны бетіне металдық күміс тұзын тозаңдату арқылы қалыңдығы 0,5 мкм электір өткізуші қабық құрайды, сосын 500-700°С аралығында қыздырып шынымен ілінісуін беріктейді. Қабықтың бетін жұқалай люминоформен5 жақаннан кейін оны түрлі түсті жылтырағыш элемент ретінде қолданады. Ішкі қабатын электр өткізгіш шыныдан жасалынған шыныпакеттерін жылу көзі ретінде де қолданады. Мұндай шынылар бетіне бу тұрмайтын жақсы жылытқыштар болып саналады.

Радиоактивті сәулелерге тұрақты шыны. Бұл шыны арнайы шихтадан алынады. Рентгендік және γ- сәулелерін жұтқызу үшін құрамында қорғасын мен бордың мөлшері аса көп оптикалық шыныны қолданады. Радиоактивті сәулеленуге тұрақтылығын асыру үшін шихтаға 0,25-1,5% церий тотығын қосады.

Шынының қорғаушы қасиетін оның тығыздығы арқылы бағалайды. Мысалы, тығыздығы 6200 кг/м3, 80 % қорғасын тотығысі бар ауыр қорғасынды шыны γ - сәулелерінен қорғау шамасы бойынша құрышпен тепе-тең. Баяу нитрондарды жұта алатын шыныларда мына тотықтардың бірі болуы қажет: бордың, литийдің немесе кадмийдің. Радиоактивтік сәулелердің әсеріне берік шыныны атомдық электростанцияларындағы терезелер үшін және изотоптар әзірлейтін кәсіпорындарында қолданады.