Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.73 Mб
Скачать

Сурет 7.6. Флоат – процесс тәсілі бойынша шыны өндіруге арналған қондырғы схемасы:

1 – шынықорыту пеші; 2- шыны ағытуға арналған астау; 3- флоат – ванна; 4- қорғаныс атмосфера газдерін беру орны; 5- отжиг пеші; 6- балқытылынған қаланы (олова)

Флоат ваннаның бас жағында шынықабатының қалыңдығы 20-25 мм болады, ал біркелкілік қалыңдық ваннаның кең бөлігінен тар жеріне өтебере қалыптасады. Бұл жерде шынымасса температурасы 920-950°С болатындықтан керекті қалыңдық оңай реттелінеді. Ванна бүйірлеріндегі графиттік шектендіргіштер арқасында шынылентасы ванна қабырғасымен жанаспай өтебере оның қалыңдығы және ені әбден тұрақталынады. Сосын шынылентасы 600°С дейін салқындалып ваннадан шыға роликтік тасымалдаушымен отжиктеуші орынға беріледі.

Бөлгіш қалқаға дейінгі ағызушы каналдағы шынымассасы температурасын 1080°С деңгейінде үстай тұрады және де оны автоматтық жүйекөмегімен пештің суытылма бөлігіне суық ауаны үрлеп отырып ±1°С дәлдігінде реттеуді қамтамасыз етілген. Ағызу астауында шынымасса температурасы 1050°С шамада, жайылу зонасын басында 1000°С, аяғында 950 С шамасында болады.

Балқытылынған қабатта ылас ретінде болатын оттегі мен күкірттің әсерін тигізбеу үшін 0,005% натрий немесе 0,001% магний қосады. Олар оттігімен және күкіртпен әрекеттесе шылак құрайды. Сондай-ақ Na2О шыныдан балқыған қалайы қабатына қарай диффузиясы есебінде және ваннаның суық бөлігінің аяғына таман қалайы мен оттегі әрекеттесуінен пайда болатын өнімдердің конденсациялануы арқасында да шлак құралады. Мұндай жағдайда шыны бетіне қалайы дитотығы шөңбелеп оның сапасын нашарлатады. Шлакты механикалық жолмен немесе қалайыны регенерациялау арқылы аластайды.

Қалыңдығы 3 мм шынылентасын өндірерде оны суытқыштар көмегімен 700°С температурасына дейін суытады, сосын қайтадан 850°С дейін қыздырады да керекті қалыңдыққа дейін қосымша тағы созады. Лента тіпті жіңішкеріп кетпеуі үшін бүйірлерінен роликтермен ұстатылады.

Флоат қондырғының жалпы сипаттамасы. Бұл тәсілмен шыны өндірерде конструкциялық жағынан жетілдірілген қуаттылығы 590т/тәулік дейінгі шынықорытқыш пештерін қолданады. Ең жоғары қорыту температурасы 1560-1600°С. Тәулігіне пештің қорыту аймағынан 1,25-2,3т шынымассасын алады. Бір флоат шартты 2 – миллиметірлік шыныға есептегенде жылына 12 млн м2, ал екі флоат созындығы бар қондырғыныке -35 млн. м2. Барлық технологиялық процесс автоматикалық жолмен реттелінетін етіп шешілген және процесстердің барысын, операциялардың орындалуын шынылентасының ванна басынан аяғына дейін жылжып термиялық өндеу процесстерін өтуін теледидар арқылы байқап отыру мүмкіншілігі қамтамасыз етілген. Флоат қондырғысының тоқтаусыз жұмыс істеу ұзақтығы бес жылға дейін созылады. Шьшылента қалыңдығы 2 мм болғанда оны созу жылдамдығы 914 м/сағ., 3 мм -540-600, 6 мм - 200-240 м/сағ. Флоат тәсілімен алынған жылтылдатылған шынының өзіндік құны конвейерлерде тегістелініп және жылтылдатылып алғаннан көрі едәуір төмен.

Шыны өнеркәсібінде кейінгі жылдары шынықорыту процестерін жетілдіру арқылы шығаратын өнімді көбейтуде. Әсіресе шынықорыту температурасын жоғарлату, шынықорыту пештердің қорыту бассейінің аймағын кеңейту, отқа беріктігі жоғары материалдарды қабылдау және өнімділігі жоғары шыны өндіру технологиялық тәсілдерін қолдану әрекеттерінің нәтижесінде пеш өнімділігін 30-35% өсіріледі. Шихтаға химиялық активті заттарды қосу арқылы шынықорыту процестерін 12-15 % үдемдетіледі.

Шынықорыту пештерінің жұмысын реттеуді автоматикаландыру теплотехникалық және технологиялық параметірлерді бірқалыпта тұрақтандыруға мүмкіндік туғызып, өнімнің сапасын асырады, технологиялық қалдықтар мөлшерін азайтып еңбек жағдайын жақсартады.

Шыны өнеркәсібінде техникалық – экономикалық көрсеткіштері төменде келтірілген факторлар әсерімен қалыптасады: жаңа техникаларды қолдану және өндіру технологиясын жетілдіру арқылы шыны өнеркәсібінің техникалық деңгейін көтеру; жоғарғы сападағы отқа берік материалдарды қолдану; ванналық пештердің конструкцияларын жетілдіріп, автоматикаланған жаңа пештерді енгізу; шыныны жоғарғы тік тарту қондырғысының биіктігін асыру; шыныны екі жағынан тегістеп және жылтылдататын конвейерлердің жетілдірген түрлерін салу, өнімділігі жоғары механизімдерді және жабдықтарды еңгізіп, бүкіл жұмыстың барлығын механикаландыру және т.с. Аталған шаралардың әрқайсы әрине қаражат шығынын қажет етеді, дегенімен олар қалайда өнімнің сапасын жақсартып, өзіндік құнын төмендететін факторлар.