
- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Әрлеу материалдарының технологиясы Алматы 2009 мазмұны
- •С Қазақ бас сәулет – құрылыс академиясы. 2009
- •Органикалық шикізаттар негізіндегі өңдеу материалдары
- •Ағаш негізіндегі өңдеу материалдары
- •1.1.1 Өңдеу жұмыстарына қолданылатын ағаштың негізгі қасиеттері және оларды жақсарту тәсілдері
- •1.1.2. Әрлеу жұмыстарына қолданылатын ағаштардың түрлері
- •Еденге арналған әрлеу материалдары. Паркеттік бұйымдар
- •1.1.4. Фанера
- •1.1.5. Ламинат
- •1.1.6. Ағашты модификациялау және оның физика-механикалық қасиеттерін анықтау
- •1.2. Полимерлік материалдар
- •1.2.1. Едендік орама полимерлі материалдар
- •1.2.2. Полимерлік едендік материалдардың қасиеттерін анықтау
- •1.2.3. Қабырғалық орама материалдар
- •2.1.2. Қасбеттік керамикалық бұйымдарды әрлеу технологиясы
- •3.3. Плитки для внутренней облицовки стен
- •1.3.3. Плитки для полов
- •Облицовочные материалы
- •2.1.3. Керамикалық кірпішті ұнтақталған әктас қосу тәсілімен ағарту
- •2.1.4. Керамикалық қасбеттік бұйымдарды ағартудың химиялық тәсілі
- •2.1.5. Марганец кенін қосу арқылы қасбеттік керамикалық бұйымдарды көлемді бояу тәсілдерін зерттеу
- •2.2. Силикат балқымаларынан алынатын материалдар мен бұйымдар
- •2.2.1. Жалпы мағлұмат
- •2.2.2. Шыны құрылымы
- •2.2.3. Шынылардың қасиеттері
- •2.2.4. Шыны өндірісінің негізі
- •2.2.4.1. Шикі зат материалдары.
- •2.2.4.2. Шыны және шыны бұйымдарын өндіру
- •7.5. Жазық бетті шыны шығару
- •Сурет 7.2. Шыныны тік жоғары тартуға арналған машина схемасы:
- •Сурет 7.4. Құю столында катоктармен шыны жаю схемасы:
- •Сурет 7.6. Флоат – процесс тәсілі бойынша шыны өндіруге арналған қондырғы схемасы:
- •7.6.Құрылыста қолданылатын шыны әне шыны бұйымдарының түрлері
- •7.6.1. Жазық бетті табақ шыны
- •7.6.2. Қаптаушы шыны
- •7.6.3. Шыны негізіндегі бұйымдар мен конструкциялар
- •7.7. Ситаллдар және қожды ситаллдар
- •Сурет 7.11. Ситаллалар алардағы шыны термоөңдеу тәртібі:
- •Кесте 7.2. Ситаллалардың, шынының және болаттың қасиеттері
- •7.8. Құйма тас бұйымдары
- •7.9. Шлак қорытындыларынан жасалынатын материалдар мен бұйымдар
- •4.1.2. Әрлі салықтық ертінділердің тиімді құрамдарын тағайындау
- •4.1.3. Әрлі бетонға арналған байланыстырғышты дайындау және оның түсі мен беріктігін анықтау
- •4.1.4. Түрлі-түсті бетон құрамын есептеу және оның қасиеттерін анықтау
- •4.2. Құрғақ құрылыстық араласпалар
- •Функционалды қоспалар
- •4.5. Минералды байланыстырғыш негізіндегі өңдеу материалдары беттерінің әрлілігін сақтау шаралары
- •Көп компоненті цементтердің физика механикалық қасиеттері
- •Жалпы қолданылған цемент көлеміндегі отандық цемент зауыттарының үлесі
- •Қазақстандағы цемент зауыттарының жобалық өнімділігі және жылдық өнім өндіру көрсеткіші
- •Түсті металлургия қалдықтарының белсенділігі
- •4.3. Ұялы бетон негізіндегі бұйымдарды әрлеу тәсілдері
- •4.3.1. Бұйым бетіне рельефті ою-өрнек түсіру
- •4.3.2. Әрлі-қорғаушы қабаттарды жағу технологиясы
- •4.3.3. Әрлі-қорғаушы қабаттың қаттылығын анықтау
- •4.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын әрлеу технологиясы
- •4.4.1. Қалыптау барысында беттік қабаттың сапасын жоғарылату
- •6.2. Бетон және темірбетон бұйымдарының бетін жетілдіру технологиясы
- •6.3. Бетон және темірбетон бұйымдарын бояу технологиясы
- •6.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын өндеуге қолданылатын бояулардың тұтқырлығын анықтау
- •Студенттердің білімін бақылайтын тесттік сұрақтар
- •Түсініктеме сөздік
- •Әдебиет
- •480043, Алматы қаласы, қ.Рысқұлбеков көшесі, 28-үй.
1
– балқытылған шынымассасы; 2- шыныстол;
3- каток; 4- столдың бүйірі.
Сурет 7.4. Құю столында катоктармен шыны жаю схемасы:
Бұл тәсіл азөнімді, еңбек сиымдылығы көп, шыны беті онша тегіс болмай, ақаулықтарымен шығады, бетін тегістерде шыны шығыны көптеу болады.
Қазіргі кезде көбінесе үздіксіз шыны жаю тәсілі қолданады.Шынымассасы ванналық пештен құйылу шүмегі арқылы жайғыш біліктерге келіп құйылып шыны табағына жайыла жылжиды. Үздіксіз шыны жаю ең жоғары өнімді шыны шығару тәсілі. Бірақ өның кемшілігі 3 мм жұқа шыны табағын шығаруға мүмкіншілігінің жоқтығы және шығарылған шыныны одан әрі қарай тегістеудің және жалтыратудың қажеттігі.
Жаю арқылы шығарылған және беті тегістеліп жалтыратылмаған шыныны шикі бұйым деп атайды. Оны кейде жарық шашушы құрылыстық шыны ретінде (ішкі қалқаны, есіктерді және т.с. әйнектеу үшін) қолданады. Осы мақсаттар үшін және де үйдің ішін және сыртын сәндеп безендіру үшін әшекелей әсемделінген шыны қолданады. Ол түсті немесе түссіз болуы мүмкін. Оның бетіндегі әшекей суреттер шыны жаю процессінде салынады. Өрт шыққанда немесе ұрылғанда шыны быт-шыт болып сына шашырауын мүлде болдыртпау қажеттігі жағдайда беті тегіс не бұдырлы арматураланған шыныны үйдің жоғарғы жарық ойықтарын, қалқаларын, терезелерін және т.с. жерлерін әйнектейді. Марблитті күнгірттелінген ақ, қара және түсті шынымассасынан жасайды. Оны үй мен ғимараттардың қабырғаларын қаптауға қолданады. Витриналық шыны жылтылдатылған, не жылтылдатылмаған болуы мүмкін. Жылтылдатылған шыны жайылған шикі шыныдан беті тегістеленіп және жылтылдатылып алынады. Оны айна жасауға, витрина орнатуға, техникалық мақсаттарға қолданады. Шынымассасын белгілі тәсілдермен ығыстыра жайып және шеттерін коробка немесе швеллер пішіндеріне майыстырып профильдёі бұйымдар жасайды.
-
Сурет 7.5. Табақ шыныны дамылсыз жаю схемасы:
1- жаяюшы валиктер; 2- арматуралық тор; 3- арматуралық торы үшін валк; 4- шынықайнату пешінің дайын өнім бөлігі; 5- құю табалдырығы; 6- плита; 7- жылжытушы валктер.
Қазіргі кезде флоат тәсілі бойынша балқытылған металл үстінде шыны қалыптау тәсілі кеңінен қолдануда. Сондықтан есіктерді және ішкі қалқаларды әйнектеу үшін жайылған шынылардың қолдануы біртіндеп азайып келеді. Бірақ арматуралынған және әшекейленілген шыныларды жаю тәсілімен шығару әзірше маңызын жойған жоқ.
Флоат тәсілі бойынша беті жылтылдатылған шыны табақтарын өндіру. Бұл тәсіл 1952-1959ж. Ағылшындық «пильнкнгтон бразерс лимитед» фирмасы жете зерттей ұсынған. Флоат тәсілі бойынша қорытылынған металл қабатында өте жақсы сападағы жылтылдатылған табақ шынысы шығарылады. Алынған шыны сапасы бойынша механикалық тәсілімен. жылтылдатылған шыныдан кем түспейді және оптикалық өзгерістерді көрсетпейді, өзі екі еседен аса арзан. Еңбек өнімділігі бұл тәсіл бойынша 3 есе үлкен; шыны өндіру процессі толығымен автоматталынған.
Флоат тәсілдің мәнісі: шынықорыту пешінің бассейінінен дайын шыны массасы құйылу астауы бойынша балқытылынған металл (қалайы) қабатының үстіне дамылсыз сорғалап ағып тұрады да салмақ күшінің және «шыны-металл-газдық орта» шекаралығында жазықтық тартылыс әсерлерімен шынымассасы біркелкі қалыңдықта теп – тегіс болып жайылады. Одан әрі қарай балқытылынған металл үстімен жылжи келе беті жылтылдалынған шыны лентасына айналады.
Сурет 7.6. көрсетілгендей лентаның қалыңдығы қалыпталынғаннан кейін оны 900 – 10000С – дан 600 – 7000С дейін суытады. Суытылған лента қалайы бетінен алынып арнайы терезе арқылы ваннадан шығарылады да тасымалдаушы роликпен отжигтеуші пешіне беріледі. Ұзындығы 4,5 ÷5,5 м болатын флоат – ванна – деп аталатын қорытылған металы бар ванна ауа кірмейтіндей бүтінделініп (герметикаланып) жасалынған және металдың тотықтанып кетуінен сақтану үшін азот пен сутегінен тұратын қорғаныш газдық атмосфераның аздаған қысымдық астында ұсталады.
Флоат – ваннаның конструкциялық шешімі және технологиялық параметрлері. Ванна ені ең көп қолданатын шынылентасының еніне сәйкестелінген – алдыңғы жағындағы бөлікте 6000 – 7000 мм, қалғандарыныке – 4000 – 4500 мм. Оның ішжағы отқа берік материалдармен қаланып, сырты металмен қапталған.
Балқытылған металл (қалайының) тереңдігі 40-100 мм, барлық массасы 120т шамасында. Ванна төбесінің астымен бүкіл ұзындығы бойынша қажетті температураны ұстап тұратын электрикалық қыздырғыштар орналастырылған. Түбі суық ауа ағымымен салқындатылады.
Шынымассасының металл қорытындысы бетіне ағып жайылу жылдамдығы температура жоғарылаған сайын өседі де, шынылентасының қалыңдығы кішірейген сайын бірден төмендеп кетеді. 6 мм аздау лента қалыңдығында жайылу жылдамдығы кілт төмендейді. Қалыңдығы 3 мм және одан жұқа лента алу үшін қосымша күшпен лентаны созуға тура келеді.