
- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Әрлеу материалдарының технологиясы Алматы 2009 мазмұны
- •С Қазақ бас сәулет – құрылыс академиясы. 2009
- •Органикалық шикізаттар негізіндегі өңдеу материалдары
- •Ағаш негізіндегі өңдеу материалдары
- •1.1.1 Өңдеу жұмыстарына қолданылатын ағаштың негізгі қасиеттері және оларды жақсарту тәсілдері
- •1.1.2. Әрлеу жұмыстарына қолданылатын ағаштардың түрлері
- •Еденге арналған әрлеу материалдары. Паркеттік бұйымдар
- •1.1.4. Фанера
- •1.1.5. Ламинат
- •1.1.6. Ағашты модификациялау және оның физика-механикалық қасиеттерін анықтау
- •1.2. Полимерлік материалдар
- •1.2.1. Едендік орама полимерлі материалдар
- •1.2.2. Полимерлік едендік материалдардың қасиеттерін анықтау
- •1.2.3. Қабырғалық орама материалдар
- •2.1.2. Қасбеттік керамикалық бұйымдарды әрлеу технологиясы
- •3.3. Плитки для внутренней облицовки стен
- •1.3.3. Плитки для полов
- •Облицовочные материалы
- •2.1.3. Керамикалық кірпішті ұнтақталған әктас қосу тәсілімен ағарту
- •2.1.4. Керамикалық қасбеттік бұйымдарды ағартудың химиялық тәсілі
- •2.1.5. Марганец кенін қосу арқылы қасбеттік керамикалық бұйымдарды көлемді бояу тәсілдерін зерттеу
- •2.2. Силикат балқымаларынан алынатын материалдар мен бұйымдар
- •2.2.1. Жалпы мағлұмат
- •2.2.2. Шыны құрылымы
- •2.2.3. Шынылардың қасиеттері
- •2.2.4. Шыны өндірісінің негізі
- •2.2.4.1. Шикі зат материалдары.
- •2.2.4.2. Шыны және шыны бұйымдарын өндіру
- •7.5. Жазық бетті шыны шығару
- •Сурет 7.2. Шыныны тік жоғары тартуға арналған машина схемасы:
- •Сурет 7.4. Құю столында катоктармен шыны жаю схемасы:
- •Сурет 7.6. Флоат – процесс тәсілі бойынша шыны өндіруге арналған қондырғы схемасы:
- •7.6.Құрылыста қолданылатын шыны әне шыны бұйымдарының түрлері
- •7.6.1. Жазық бетті табақ шыны
- •7.6.2. Қаптаушы шыны
- •7.6.3. Шыны негізіндегі бұйымдар мен конструкциялар
- •7.7. Ситаллдар және қожды ситаллдар
- •Сурет 7.11. Ситаллалар алардағы шыны термоөңдеу тәртібі:
- •Кесте 7.2. Ситаллалардың, шынының және болаттың қасиеттері
- •7.8. Құйма тас бұйымдары
- •7.9. Шлак қорытындыларынан жасалынатын материалдар мен бұйымдар
- •4.1.2. Әрлі салықтық ертінділердің тиімді құрамдарын тағайындау
- •4.1.3. Әрлі бетонға арналған байланыстырғышты дайындау және оның түсі мен беріктігін анықтау
- •4.1.4. Түрлі-түсті бетон құрамын есептеу және оның қасиеттерін анықтау
- •4.2. Құрғақ құрылыстық араласпалар
- •Функционалды қоспалар
- •4.5. Минералды байланыстырғыш негізіндегі өңдеу материалдары беттерінің әрлілігін сақтау шаралары
- •Көп компоненті цементтердің физика механикалық қасиеттері
- •Жалпы қолданылған цемент көлеміндегі отандық цемент зауыттарының үлесі
- •Қазақстандағы цемент зауыттарының жобалық өнімділігі және жылдық өнім өндіру көрсеткіші
- •Түсті металлургия қалдықтарының белсенділігі
- •4.3. Ұялы бетон негізіндегі бұйымдарды әрлеу тәсілдері
- •4.3.1. Бұйым бетіне рельефті ою-өрнек түсіру
- •4.3.2. Әрлі-қорғаушы қабаттарды жағу технологиясы
- •4.3.3. Әрлі-қорғаушы қабаттың қаттылығын анықтау
- •4.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын әрлеу технологиясы
- •4.4.1. Қалыптау барысында беттік қабаттың сапасын жоғарылату
- •6.2. Бетон және темірбетон бұйымдарының бетін жетілдіру технологиясы
- •6.3. Бетон және темірбетон бұйымдарын бояу технологиясы
- •6.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын өндеуге қолданылатын бояулардың тұтқырлығын анықтау
- •Студенттердің білімін бақылайтын тесттік сұрақтар
- •Түсініктеме сөздік
- •Әдебиет
- •480043, Алматы қаласы, қ.Рысқұлбеков көшесі, 28-үй.
2.1.4. Керамикалық қасбеттік бұйымдарды ағартудың химиялық тәсілі
Ашық түсті қасбеттік тақташа өндіру үшін оңай балқитын саздан пресстелініп алынған бұйымдарды кептіріп, ортофосфорлы қышқылмен өндейді.
Өнделген тақташаларды нақтылы өндірісте қабылданған технология бойынша кептіреді және күйдіреді.
Химиялық ағарту әдістемесі ортофосфорлы қышқылдың, күйдіру процесінде керамикалық бұйымға түс беретін, α-Fe2O3 әрекеттесуіне негізделген. Ортофосфорлы қышқылмен өнделген қышты күйдіргенде түссіз FeРО4 және Fe2РО7 құралады, яғни қасбеттік тақташа ашық немесе ақ түсті болады.
Бұйымдардың өзіндік құнын төмендету мақсатында экстракция тәсілімен өндірілген ортофосфорлы қышқылды пайдаланған тиімді, себебі оның құны термиялық тәсілмен өндірілген ортофосфорлы қышқылдан едеуір арзан.
Ортофосфорлы қышқылмен бұйымдарды ағартуды химиялық оңай балқитын саздан беттік кірпіш өндіру технологиясында қолдануға болады.
Жұмыстың мақсаты. Оңай балқитын саздан алынған қасбеттік керамикалық бұйымның ағару дәрежесі мен оны ортфосфорлы қышқылға батыру уақыты және күйдіру температурасы арасындағы тәуелділікті анықтау.
Зерттеу әдістемесі. Тәжірибелік жұмысқа қолданылатын оңай балқитын сазды алдын ала кептіріп, жүгіртпеде немесе зертханалық диірменде ұнтақтап, өлшемі 1 мм-лі тордан елеп өткізеді.
Тәжірибеге алдыңғы жұмыста қажетті қалыптау ылғалдылығы анықталған саз қолданылады.
Зерттелетін саздан 15 дана үлгі қалыптанады. Ол үшін 750 г саз алынып, одан қажетті қалыптау ылғалдылығындағы масса дайындалады және өлшемі 60х30х15 мм үлгілер қалыптанады. Оларды үш данадан бес бөлікке бөледі.
Бірінші бөліктегі үлгілер салыстырмалы немесе бақылау сериясы, олар ортофосфорлы қышқылға батырылмайды.
Қалған бөліктегі үлгілер 2, 4, 6 және 8 минут ортофосфорлы қышқылға батырылады. Әр бөліктегі үлгілер белгіленеді, мысалы, топтың номері және қышқылға батырылу уақыты көрсетіледі. Бөліктегі үлгілер әртүрлі температурада: 900; 950 және 10000С күйдіріледі.
Үлгілерге бөліктік номерлері қойылғаннан соң, олардың шөгуін анықтайтын белгілер қойылады. Шөгу белгілердің аралығын өлшеуге ыңғайлап 50 мм-ден тең белгілеген қолайлы.
Тәжірибені жүргізу тәртібі. Үлгілерді оқу процесінен тыс уақытта кептіргіш шкафта кептіреді.
1. Салыстырмалы үлгілерден басқа үлгілердің бәрін ортофосфор қышқылы құйылған ыдысқа батырады. Қышқылда оларды бөлінуіне сәйкес 2, 4, 6 және 8 минут ұстайды.
2. Үлгілер температурасы 2000С кептіргіш шкафта 10 минут кептіріледі.
3. Әр бөліктен бір үлгіден бөліп алып, оларды муфельді пеште 900, 950 және 10000С температурада күйдіреді. Күйдіру уақыты 40-60 минут.
Күйдірілген үлгілердің түсін, орташа тығыздығын, жалпы шөгу дәрежесін және иілім беріктігін анықтап, тәжірибе нәтижелерін кестеге түсіреді.
Үлгі№ |
Қышқылға батырылу уақыты, мин |
Күйдіру темпера-турасы, 0С |
Үлгі-нің түсі |
Орташа ығыз-дығы, кг/м3 |
Сығым беріктігі, МПа |
Иілім беріктігі МПа |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Алынған тәжірибелік көрсеткіштерді сараптап, студент үлгілерді ортофосфорлы қышқылда ұстау уақыты мен оларды күйдіру температурасының арасындағы тәуелділікті анықтайды және тәжірибе негізінде керамикалық бұйымдарды ағартудың тиімді технологиялық тәртібін табуды зерделейді.