
- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Әрлеу материалдарының технологиясы Алматы 2009 мазмұны
- •С Қазақ бас сәулет – құрылыс академиясы. 2009
- •Органикалық шикізаттар негізіндегі өңдеу материалдары
- •Ағаш негізіндегі өңдеу материалдары
- •1.1.1 Өңдеу жұмыстарына қолданылатын ағаштың негізгі қасиеттері және оларды жақсарту тәсілдері
- •1.1.2. Әрлеу жұмыстарына қолданылатын ағаштардың түрлері
- •Еденге арналған әрлеу материалдары. Паркеттік бұйымдар
- •1.1.4. Фанера
- •1.1.5. Ламинат
- •1.1.6. Ағашты модификациялау және оның физика-механикалық қасиеттерін анықтау
- •1.2. Полимерлік материалдар
- •1.2.1. Едендік орама полимерлі материалдар
- •1.2.2. Полимерлік едендік материалдардың қасиеттерін анықтау
- •1.2.3. Қабырғалық орама материалдар
- •2.1.2. Қасбеттік керамикалық бұйымдарды әрлеу технологиясы
- •3.3. Плитки для внутренней облицовки стен
- •1.3.3. Плитки для полов
- •Облицовочные материалы
- •2.1.3. Керамикалық кірпішті ұнтақталған әктас қосу тәсілімен ағарту
- •2.1.4. Керамикалық қасбеттік бұйымдарды ағартудың химиялық тәсілі
- •2.1.5. Марганец кенін қосу арқылы қасбеттік керамикалық бұйымдарды көлемді бояу тәсілдерін зерттеу
- •2.2. Силикат балқымаларынан алынатын материалдар мен бұйымдар
- •2.2.1. Жалпы мағлұмат
- •2.2.2. Шыны құрылымы
- •2.2.3. Шынылардың қасиеттері
- •2.2.4. Шыны өндірісінің негізі
- •2.2.4.1. Шикі зат материалдары.
- •2.2.4.2. Шыны және шыны бұйымдарын өндіру
- •7.5. Жазық бетті шыны шығару
- •Сурет 7.2. Шыныны тік жоғары тартуға арналған машина схемасы:
- •Сурет 7.4. Құю столында катоктармен шыны жаю схемасы:
- •Сурет 7.6. Флоат – процесс тәсілі бойынша шыны өндіруге арналған қондырғы схемасы:
- •7.6.Құрылыста қолданылатын шыны әне шыны бұйымдарының түрлері
- •7.6.1. Жазық бетті табақ шыны
- •7.6.2. Қаптаушы шыны
- •7.6.3. Шыны негізіндегі бұйымдар мен конструкциялар
- •7.7. Ситаллдар және қожды ситаллдар
- •Сурет 7.11. Ситаллалар алардағы шыны термоөңдеу тәртібі:
- •Кесте 7.2. Ситаллалардың, шынының және болаттың қасиеттері
- •7.8. Құйма тас бұйымдары
- •7.9. Шлак қорытындыларынан жасалынатын материалдар мен бұйымдар
- •4.1.2. Әрлі салықтық ертінділердің тиімді құрамдарын тағайындау
- •4.1.3. Әрлі бетонға арналған байланыстырғышты дайындау және оның түсі мен беріктігін анықтау
- •4.1.4. Түрлі-түсті бетон құрамын есептеу және оның қасиеттерін анықтау
- •4.2. Құрғақ құрылыстық араласпалар
- •Функционалды қоспалар
- •4.5. Минералды байланыстырғыш негізіндегі өңдеу материалдары беттерінің әрлілігін сақтау шаралары
- •Көп компоненті цементтердің физика механикалық қасиеттері
- •Жалпы қолданылған цемент көлеміндегі отандық цемент зауыттарының үлесі
- •Қазақстандағы цемент зауыттарының жобалық өнімділігі және жылдық өнім өндіру көрсеткіші
- •Түсті металлургия қалдықтарының белсенділігі
- •4.3. Ұялы бетон негізіндегі бұйымдарды әрлеу тәсілдері
- •4.3.1. Бұйым бетіне рельефті ою-өрнек түсіру
- •4.3.2. Әрлі-қорғаушы қабаттарды жағу технологиясы
- •4.3.3. Әрлі-қорғаушы қабаттың қаттылығын анықтау
- •4.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын әрлеу технологиясы
- •4.4.1. Қалыптау барысында беттік қабаттың сапасын жоғарылату
- •6.2. Бетон және темірбетон бұйымдарының бетін жетілдіру технологиясы
- •6.3. Бетон және темірбетон бұйымдарын бояу технологиясы
- •6.4. Бетон және темірбетон бұйымдарын өндеуге қолданылатын бояулардың тұтқырлығын анықтау
- •Студенттердің білімін бақылайтын тесттік сұрақтар
- •Түсініктеме сөздік
- •Әдебиет
- •480043, Алматы қаласы, қ.Рысқұлбеков көшесі, 28-үй.
Облицовочные материалы
Фасадные плиты изготовляют различной формы:
плоские - для облицовки плоскости стен,
угловые - для наружных углов, откосов и проемов,
перемычечные - для облицовки перемычек под проемами.
Плитки фасадные малогабаритные изготовляют с наружной гладкой и фактурной поверхностью, а на тыльной стороне делают углубления для лучшего сцепления с цементным раствором.
Для ускорения отделочных работ мелкие фасадные плитки выпускают наклеенными на бумажную основу в виде ковров с различным рисунком. Эти плитки называют ковровой керамикой.
2.1.3. Керамикалық кірпішті ұнтақталған әктас қосу тәсілімен ағарту
Керамикалық кірпішті ағарту тәсілі сазға ұнтақталған әктас қосуға және оларды күйдіру процесінде 550-8500С температурада әктастың темір тотықтарымен әрекеттесуіне негізделген.
Саз құрамындағы калций мен магний карбонаттарының қосындылары күйдіру процесінде СаО және MgO-ға айналады, олар қолдану барысында ауадан ылғал тарту нәтижесінде гидрототықтар түзеді, яғни көлемін ұлғайтып бұйымның құрылымының бұзылуына себепкер болады. Бұл процесстің нәтижесінде бұйымда микросызаттар пайда болады және оның физика-механикалық, қолданыстық қасиеттері төмендейді. Сондықтан, сазға қосылатын әктастың ұнтақталығы – 0085 тордан елеп өткізгенде, қалдығы 5 % - дан аспауы қажет.
Ұнтақталған әктас күйдіру процесінде саз құрамымен жылдам әрекеттеседі, одан соң гидраттану қабілетін жоғалтады.
Тәжірибе жүзінде дәлелдегендей, белгілі бір түсті кірпіш алу үшін саз құрамындағы тотықтардің қатынасы төменде көрсетілген мөлшерде болуы қажет:
қызғылт түсті қыш үшін Fe2O3 / CaO = 0,4;
сары түсті қыш алу үшін Fe2O3 / CaO = 0,3;
ақшыл-сары қыш алу үшін Fe2O3 / CaO = 0,2.
Керамикалық бұйымды ағарту мақсатында қосатын әктастың мөлшерін келесі формула бойынша есептейді:
И = Ат – Мт.ә .Ак / 0,4 . Мт.ә;
мұндағы: И – сазға қосылатын әктас мөлшері, %;
Ат – саздағы Fe2O3 мөлшері, %;
Ак – саздағы СаO мөлшері, %;
Мт.ә - қажетті Fe2O3/CaO мөлшері (берілген түске байланысты);
0,4 - әктастағы СаО- ның бірлік бөлігіндегі шартты мөлшері.
Егер саздың химиялық құрамында Fe2O3 – тен басқа FeO болса, оның мөлшерін келесі формула бойынша Fe2O3 - ке айналдырады:
Fe2O3 = 2,2 . FeO
Зерттеу әдістемесі. Химиялық құрамы белгілі оңай балқитын сазды алдын ала кептіріп, зертханалық диірменде немесе жүгіртпеде ұнтақтайды, одан соң өлшемі 1 мм тордан елеп өткізеді.
Жұмысты жүргізу негізінен үш кезеңге бөлінеді:
1. Қыштың берілген немесе жобаланған түсіне байланысты (қызғылт, сары, ақшыл сары) саздың химиялық құрамын есептеу арқылы ұнтақталған әктастың қосылатын мөлшерін анықтайды.
2. Органолептикалық тәсілмен әртүрлі мөлшердегі қоспа қосылған және қоспасыз сыналатын саздың қажетті қалыптау ылғалдылығын анықтаймыз.
Ол үшін 150 г сыналатын сазды (немесе әктас қосылған саз) өлшеп алып оған аз мөлшердегі су қосып, шыны бетінде шпательмен араластырады. Судың кезекті 0,5 см3 мөлшері қосылғанда араласпа алақанның сыртына жабыса бастаса, онда ол қажетті қалыптау ылғалдылығында болғаны.
Дайындалған араласпаны тұрақты салмағына дейін кептіру арқылы сыналған саздың қажетті қалыптау ылғалдылығын есептейді. Ол үшін салмақтық тәсіл (кептіргіш шкафта кептіру) немесе жедел тәсілдер: спирттік, радиациялық кептіру әдістері, карбидпен кептіру және т.б. қолданылады.
Қажетті қалыптау ылғалдылығын келесі формулалар арқылы есептейді:
Wa = (m1 – m2 /m2) 100%;
Wс = (m1 – m2 /m1) 100%;
мұндағы, Wa - абсалюттік ылғалдылық, %; Wс - салыстырмалы (балама) ылғалдылық, %; m1 – ылғалды үлгі массасы, г; m2 – абсолюттік құрғақ үлгі массасы, г.
Қажетті қалыптау ылғалдылығын Вик немесе Куманин және т.б. аспаптар көмегімен де анықтауға болады.
Вик аспабымен қажетті қалыптау ылғалдылығын анықтау үшін сыналатын сазды диаметрі 35 мм, биіктігі 50 мм цилиндрге салады, оны ине астындағы алаңшаға орналастырады. Ине деңгейін саз бетімен теңестіріп, аспаптың тетігін бекітеді. Аспаптың жылжымалы, яғни инеге салмақ түсіретін бөлігінің салмағы 300 г болуы қажет. Тетікті босатып, инені сыналатын сазға енгізгенде, ол 5 минутта 4 см-ге тереңдесе, бұл қажетті қалыптау ылғалдылығын сипаттайды.
Қасбеттік керамиканы ұнтақталған әктас қосу арқылы қалыптау. Құрғақ саздың үш өлшеміне (150 г) қызғылт, сары, ақшыл сары түсті үлгі алынатындай мөлшерде есептелінген әктас қосылады. Әктас 0085 торынан толықтай өтетіндей етіліп ұнтақталынады. Төртінші өлшемге әктас қосылмайды, одан салыстырмалық үлгі жасалынады. Саз және әктас ұнтақтары біркелкі араласпа алынғанша мұқият араластырылады. Оған қажетті қалыптау ылғалдылығындағы масса алынатындай мөлшердегі су қосылады.
Дайындалған массалардан өлшемі 60х30х15 мм төрт үлгі қалыптанады. Қалыпталынған үлгілерді ылғалдылығы 3-5% жеткенше кептіргіш шкафта кептіреді.
Кептірілген үлгілерді бөліп, 950, 1000 және 10500С температурада күйдіреді (кептіру мен күйдіруді сабақтан тыс уақытта лаборанттар жүргізеді).
Дайын үлгілердің түсін айқындап, ақауларын (жарықшақ, деформация) анықтайды. Алынған тәжірибе нәтижелерін үлгісі төменде көрсетілген кестеге түсіреді.
Үлгі№ |
Қосылған әктастың мөлшері, % |
Күйдіру темпера-турасы, 0С |
Үлгінің түсі |
Орташа тығыз- дығы, кг/м3 |
Сығым беріктігі, МПа |
Иілім беріктігі МПа |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Алынған тәжірибелік көрсеткіштер негізінде үлгілердің түсіне байланысты оларды күйдіру температурасы анықталып, жалпы қорытынды жасалады.