Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ин касипкерлик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
28.69 Кб
Скачать

Ғылымии – техникалық аймақта қызмет ететін шағын компанияларды қолдау бойынша мамандандырылған қорлар.

Ең көп таралған мамандандырылған қорлар- бұл венчурлық қорлар. Бұл бағаланбаған кәсіпорындарды институтционалды және жеке құралдарды инвестициялайтын және де сол инвестицияларды басқаратын кәсіпқой ұйымдар.

Қаржылық емес корпорациялар. ХХ ғасырдың 1980-90жылдарында жас компанияларды венчурлық қаржыландыруға қаржылық емес корпорациялар да қызығушылық таныта бастады. Оған себеп болған біріншіден венчурлық жобалардың жоғары табыстылығы, екіншіден жаңа ғылыми сыйымды технологияларға қолжетімділік. Венчурлық қаржыландыру аумағына алғашқы болып кіргендердің қатарында Ford, Texas Instruments, Xerox және басқа да алыптар бар. 1990 жылы АҚШ-тағы 92 өнеркәсіптік корпорациялар өздерінің венчурлы қорларын иеленеді, жиынтық капиталы 2,6 млрд . доллардан асып түсті.

Венчурлық капиталдың қайнар көздерінің әр түрлілі жоғары технологиялы шағын компаниялардың көпшілігіне уақытында құралдарды тауып және инновациялық үрдісті орнықтыруға мүмкіндік береді. Венчурлық қаржыландырудың арқасында жылдамдатылған ғылыми - техникалық үдеріске ғана қол жеткізумен шектелмей, постиндустриалды дамудың да іргетасы қаланған болатын.

Бірақ венчурлық қаржыландыру барлық артықшылықтарына қарамастан жоғары дәрежелі тәуекелді жобаны қаржыландыру капиталы болған және болады да.

Венчурлық қаржыландыруды жоғары тиімді бизнес және жаңа жоғары технологиялы компанияларды материалдық қолдаудың күмәнсіз көзі ретінде ғана емес, артықшылықтары бар, әрі қаржылық жүйемен экономиканың нақты секторының қарым –қатынасының басымды жолы ретінде қарастыруға болады.

Венчурлық капиталдың қарапайым өндірістік қаржыландырумен салыстырғанда жаңа бастауыш жоғары технологиялы компанияларға беретін артықшылықтары өте көп .

5.7. Венчурлық қаржыландыру әдісінің негізгі артықшылықтары

Венчурлық қаржыландыру Қазақстанда қаржылық қызметтердің жаңа бір түрі. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, қаржыландырудың бұл түрі инновациялық қызмет дамуының негізгі қозғалтқышы болып саналады. Барлығына белгілі, техникалық және коммерциялық сыналмаған инновациялық қызмет, инновациялық идеялар көптеген кәсіпкерлерді, қаржылық институттарды қорқытады. Дегенмен де венчурлық қаржыландыру басқа инвестициялау түрлерінің алдында артықшылықтарға ие. Венчурлық капиталдың негізгі қағидалық артықшылықтары қаржыландырудың басқа түрлерінің алдында мынадай болады:

  • Жоғары технологиялы компанияның өмірлік циклының барысында венчурлық капиталистер инвестиция бойынша пайыз төленуін талап етпейді, әсіресе капиталды орналастыруға, яғни ақша ағымына кері әсер етпейді.

  • Венчурлық капитал инвесторының басқа инвесторлардан айырмашылығы компанияға құралдарын сала отырып, жобаның сәтті дамуына қызығушылық танытатын, соған байланысты компанияға қаржылық көмек қана емес, кеңес беріп, эксперттік, ұйымдастырушылық қолдаулар көрсететін компания құрылтайшылары мен оның менеджменттінің нағыз іскерлік серіктесі бола алады.

  • Венчурлық қаржыландыру шағын және орта компаниялардың ғылыми техникалық саладағы коммерциялануы секілді маңызды тапсырманы шешуді қамтамасыз етеді.

  • Венчурлық капитал жас жоғары технологиялық компанияның нақты ортасын құрып, қолайлы жағдайын жасап, жарылысты технологияны дайындауға және ғылыми техникалық базаның қалыптасуына , болашақта ірі кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз етеді.

  • Венчурлық капиталдың қайнар көзінің , типтері мен түрлерінің кеңдігі жаңа жоғары технологиялық компанияларға дамудың кез келген сатысында, соның ішінде венчурлық кәсіпкерліктің ең бастапқы пайда болу кезеңіне қажетті инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

  • Венчурлық қаржыландырудың аталған және басқа да ерекшеліктері Силиконды жазықтығында әлемге әйгілі жоғары технологиялық компаниялардың пайда болуы мен жетістіктеріне, АҚШ- тағы жүздеген жаңа ірі компаниялардың құрылуына, венчурлық бизнестің даумына , Еуроодақтың көптеген елдерінің үкіметтерінің қызығушылығын тудыруына , сонымен қатар осы мемлекеттерде экономиканың нақты секторында венчурлық каптиалды тарттыруға баытталған заңнамалар қабылдануына себеп болады.

Әрине, шағын жоғары технологиялық компанияларды дамыту, осы оң нәтижеге жеткізетініне ешкім және ешқашан жүз пайыздық кепіл бере алмайды. Жоба орындау табыстылығы көптеген факторлар мен гарттарға тәуелді болады,солардың арасында ең маңыздылары:

  1. Ғылыми зерттеулердің және ғылыми- конструкторлық жұмыстардың құны. Ғылымға шығындар мен компания пайдалылығы арасында нақты тәуеклділік болмаса да, технология өңдеуіне жұмсалған үлкен шығын соңында өндіріс рентабелдігін төмендетеді.

  2. Жаңа өнім өткізу. Жаңа өнімді нарыққа шығару, оның қоймалануы, жеткізу, жарнамалау, сату, кеңесшілерді дайындауға байланысты шығындар және ғылыми сыйымды тауар орындау үдерісі үлкен және тұрақты шығындармен ерекшеленеді.

  3. Нарыққа жаңа өнімге қалыптасқан сұраныс. Сатып алушылардың жаңа өнімге сұранысын ешуақытта- дәл болжау мүмкін емес. Кейбір кездерде жаңа ғылыми сыйымды тауардың сатылуы дүрлікпе туғызады және сол уақытта шығарылған өнім көлемі мен компанияның нақты өндіріс қуаттылықтары жеткіліксіз болуы мүмкін . Нарыққа шамадан тыс шығарылған өнім уақытша тауар іркілуіне және белгілі бір зияндарға алып келуі де мүмкін .

  4. Жаңа ғылыми сыйымды тауарға баға. Бағалар өте жоғары болмауы керек, бірақ басқа жағынан бағалар тым төмен болмауы да қажет, себебі әлеуетті сатып алушыларда жақсы тауар қымбат тұруы тиіс деген стереотип қалыптасқан.

  5. Нарық секторында бәсекелестердің пайда болуы мен кетуі. Көптеген техникалық идеялар «ауада қалқып тұрғандықтан», бір уақытта нарықта ұқсас ғылымисыйымды тауарлар пайда болуы мүмкін, мысалы, компьютерлерге арналған бағдарламалық өнімдер. Бәсеке бағаларға және өткізілетін өнім көлемдеріне де әсер етеді .

  6. Нарықта жаңа тұтыну қасиеттерге ие ұқсас ғылыми сыйымды өнімдердің пайда болуы. Нарықта жоғары сұранысқа ие жаңа ғылыми сыйымды тауар пайда болғаннан кейін көп кешікпей, осыған жақын өнім өндіретін жоғары технологиялы компаниялар тез арада ұқсас тауар шығаруы мүмкін .

  7. Ғылыми сыйымды өнімнің моральдық ескіру тездігі. Ғылыми білімдер және техникалық шешімдер соңғы жылдарда жылдамдықпен жаңаруда , не бары 3-4 жылдың ішінде , ғылыми сыйымды тауарлардың көпщілігі тауарлардың көпшілігі моральдық ескереді, мысалы дербес компьютерлерге арналған вирусқа қарсы бағдарламалар және серверлерді әрбі тоқсан сайын алмастыруға тура келеді. Сондықтан жаңа компанияға ғылыми сыйымды өнім ұзақ уақытпайда алып келеді деуге болмайды.

  8. Жаңа компанияның пайдасыз даму ұзақтығы. Компания өмірінің бастапқы кезеңдерінде қаржы құралдары ешқандай табыс әкелмейді өнім нарықта сұранысқа ие болғанда ғана рентабельдік пайда бола бастайды.

  9. Ғылыми зерттеуді ақпараттық және патенттік қамтамасыз етудің жоғары шығыны. Қазіргі кезде интеллектуалдық меншік құқығы компания активтерінің маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Себебі ол патентті иеленушіге белгілі бір өнімге басымдылық бекітуінің кепілі болады. Бірақ ғылыми , техникалық ақпарат ағымы идеяға меншік құқығын ресми бекітуіне, технологияға және ғылыми сыйымды өнімге патент алуға үлкен шығындарды талап етеді, яғни компания капиталының бір бөлігін өндіріспен рентабельдікке емес осы шараларға жұмсауға мәжбүр етеді.

  10. Шағын жоғары технологиялық компанияларды басқару, оларға қолдау көрсету – үлкен шығындар. Басқару және қосалқы ақпарат шығындары компания көлеміне аз тәуелді болады. Осыған байланысты барлық шығындардағы үстеме шығындар үлесі ірі компаниялармен салыстырғанда шағын компанияларда жоғары , бұл өз кезегінде шағын жоғары технологиялық компаниялардың рентабельдігін төмендетеді.

  11. Шағын компания құру үшін ірі инвестиция тартудағы қиындықтар. Компанияларды құрушылардың ғылыми сыйымды өнімді өндіруді ұйымдастыру мен ары қарай дамытуы үшін меншік құралдары жеткіліксіз болуы мүмкін .Уақытылы қосымша инвестициялардың жобаны іске асыру қарқынын бәсеңдетуі мүмкін, ол өз кезегінде шағын венчурлі кәсіпорынға салынған қаржының тиімділігіне әсер етеді.

Венчурлық қаржыландырудың барлық айтылған артықшылықтары кәсіпкерлік қызметке бағытталған, бірақ венчурлық бизнестің тағы да, басқа жағынан артықшылықтары бар. Венчурлық кәсіпкерліктің ел үшін артықшылықтары :

  1. Ғылыми – технология – өндіріс – нарық сияқты өте маңызды қызметтік тізбекті құрып, ғылым мен өндірісті байланыстырады.

  2. Елдің ғылыми- техникалық әлеуетінің дамуына материалдық және моральдік қолдау көрсетеді.

  3. Өнеркәсіп дамуының инновациялық бағытын ынталандырады.

  1. Экспорттағы қымбат ғылымисыйымды дайын өнімнің үлесін арттыру арқылы дүниежүзілік жоғары технология нарығында ұлттық сегмент көлемін арттыруды қамтамасыз етеді.

  2. Ғылыми сыйымды тауарлардың бәсәеке қабілеттілігін арттырып, өндіріс, мәдениет деңгейін жоғарылатады.

  3. Аймақтарда өндіріс инфрақұрылымдарының дамуына және әлеуметтік-экономикалық жағдайдығ жақсаруына әсер етеді.

  4. Әр түрлі өндіріс салаларында ғылыми білім қажеттілігін жоғарылатады және нақты экономика секторында ғылымның жаңа жетістіктерінің қолдануына әкеледі.

  5. Шағын фирмалар жасаған технологияларды қолдану есебінен ірі фирмалар мен бірлестіктердің дамуына жағдай жасайды.

  6. Ұлттық тәуелсіздіктің экономикалық, энергетикалық, азықтық, ақпарттық, экологиялық және басқа түрлерін , сонымен ел қорғаныс қабілетін де жоғарылатады.

5-ші бөлімді пысықтауға арналған сұрақтар

  1. Венчурлық жобаларды сұрыптау үдерісі қандай негізгі кезеңдерден тұрады?

  2. Шағын жоғары технологиялық компаниялардың қалыптасу кезеңінің маңызын ашыңыз.

  3. Start- up «қазіргі құрылған компания» қалай түсінуге болады?

  4. «Early Stag - дамудың ерте сатылары»ұғымы неде?

  5. Компания өтімділігін қамтамасыз ету кезеңінің маңызын ашыңыздар.

  6. Инвестициялардан шығудың қандай негізгі жолдары бар?

  7. Жоғары технологиялық шағын компаниялардың қаржыландыру көздерінің маңызын ашыңыздар.

  8. Венчурлық компанияларды қаржыландыру көздерінің ресми емес секторын атап шығыңыз.

  9. Венчурлық компанияларды қаржыландыру көздерінің ресми секторын атап шығыңыз.

  10. Венчурлық қаржыландырудың оң және теріс жақтары қандай?