
- •Ресми емес сектор
- •1.Кәсіпкердің жеке жинағы
- •2.Гранттар
- •3.Ғылым мен иннвацияны қолдаудағы мамандандырылған қорлардың құралдары
- •4.Академиялық және салалық базалық институттар мен университеттердің құралдары.
- •5.Бизнес- инкубаторлар
- •6.Бизнес –періштелердің құралдары
- •7.Демеушілердің , меценаттардың құралдары
- •8.Жекелеген венчурлық капитал иелерінің синдицирленген құралдары
- •1.Венчурлық капитал
- •2.Ғылыми –техникалық аймақта жұмыс істейтін шағын компанияларды қолдайтын мамандандырылған қорлар
- •3.Инвестициялық компаниялар
- •4. Институционалды қаржылық инвесторлар (мысалы, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары)
- •5.Қаржылық емес компаниялар
- •6. Өнеркәсіптік –қаржылық топтпр
- •7.Коммерциялық банктер
- •8. Трансұлтты венчурлық қорлар
- •Ресми сектор
- •Ғылымии – техникалық аймақта қызмет ететін шағын компанияларды қолдау бойынша мамандандырылған қорлар.
- •5.7. Венчурлық қаржыландыру әдісінің негізгі артықшылықтары
Ресми сектор
Венчурлық капиталдың қоры- бұл бірнеше заңды және жеке тұлғалардың ұзақ және қысқа мерзімді жобаларға инвестиция салу үшін уақытша біріккен құралдары, тәжірибелері мен іскерлік байланыстары.
Осы себептен қорлар ашық және жабық болады. Жабық қорларда капитал иелерінің тіркелуі біткен соң, құралдардың көлемі мен акционерлердің тізімі тұрақтанады. Мұндай қорлар 5-10 жыл өмір сүреді. Бұл уақыт аралығында инвесторлар инвестицияланған компанияның дамуының нәтижесінде толығымен өз құралдарын қайтарады әрі пайда табады .Ашық қорларда капиталтжаңа акционерлердің қосылуымен артып отыруы мүмкін және осыған байланысты мұндай қорлардың өмір сүру ұзақтығы қатал түрде шектеулі болмайды.
Бұлардан басқ авенчурлық капитал қорлардың ішінен келесілерді бөліп қарастыруға болады :
А) Өздігінен өтелетін қор - қандай да бір нақты жобаға инвестиция үшін алдын ала ұйымдасқан капиталдар қоры . Бұл жоба аяқталған соң және иесі инвестиция көлемін пайдасымен қайтарып алған соң қор өз тапсырмасын орындаған секілді өтеледі. Негізінен мұндай қор шектеулі мерзімде ғана өмір сүреді , яғни он жылдан артық емес. Сол себепті инвесторлардан түскен пайда қайта инвестицияланбайды, бірақ венчурлық капитал иесінің қалауымен ол басқа жобаны инвестициялайтын жаңа қорға бағытталуы мүмкін .
Б) Мәңгі жасыл қор. Түскен пайда жаңа жобаларды қайта инвестициялауға жұмсалатын қор. Бұл қайта –қайта жаңа қор құра бермеуге мүмкіндік береді, керісінше ұзақ уақыт бір қордың шегінде инвестициялау қызметін жүзеге саыруға болады. Сонымен бірге қорға әр жеке қатысушы өз еркімен қорлағы үлесін инвестицияланатын компания немесе сол қорға сатуына болады немесе қордан шығуына болады. Қор одан кейін де қызмет ете береді.
В) Клубтық инвестициялар- инвесторлардың құжаттарының ресми дайындалуы арқылы құрылатын ресми қорлар, инвесторлар тек заңды құжатталған басқарушы қызмет етіп жүрген компанияға белгілі бір жобаны инвестициялауды табыс етеді.
Кез келген қорды құруды басқаруға басшы жалданады, басты міндеті венчурлық қорды құру үдерісін ұйымдастыру- «құралдардың мобилизациясы» . Венчурлық қорлардың мөлшері кең диапазонда ондаған , жүздеген миллион долларға дейін тарала алады.
Венчурлық қорда немесе инвестициялық клубта әр инвестордың үлесі ереже бойынша 10% - дан аспайды, мысалы қор көлемі 100 миллион доллар болса, үлесі 5-10 миллионды құрайды. Кез келген қорды басқару шығыны сәйкесінше мобильденген капиталдың 2,5-3 % -нан артпайды. Қордың максималды шығындары инвестициялаудың компания дамуының бастапқы кезеңдерінде жүргізіледі. Инвестициядан шығу кезінде компания инвестицияны қажет етпейтіндіктен компания менеджерлері саны секілді, қордың басқару бөлімінің қызметшілері де азаюы мүмкін .
Негізінен қордың құралдары онда көп сақталмайды себебі олар жұмыс жасауға жиналған. Сондықтан бірнеше ай ішінде ғана венчурлық инвестиция түрінде жобаны қаржыландыруға үлестіріледі (1-2 жыл ішінде). Соның негізінде қызмет аясы мен венчурлық капитал қорының қызығушылықтарының анықталған бөлімі бар : олардың ішінде кейбіреулері компанияның бастапқы даму кезеңдерінде инвестициялауға маманданады, басқалары кеңейту кезеңін қалайды.