
- •Ресми емес сектор
- •1.Кәсіпкердің жеке жинағы
- •2.Гранттар
- •3.Ғылым мен иннвацияны қолдаудағы мамандандырылған қорлардың құралдары
- •4.Академиялық және салалық базалық институттар мен университеттердің құралдары.
- •5.Бизнес- инкубаторлар
- •6.Бизнес –періштелердің құралдары
- •7.Демеушілердің , меценаттардың құралдары
- •8.Жекелеген венчурлық капитал иелерінің синдицирленген құралдары
- •1.Венчурлық капитал
- •2.Ғылыми –техникалық аймақта жұмыс істейтін шағын компанияларды қолдайтын мамандандырылған қорлар
- •3.Инвестициялық компаниялар
- •4. Институционалды қаржылық инвесторлар (мысалы, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары)
- •5.Қаржылық емес компаниялар
- •6. Өнеркәсіптік –қаржылық топтпр
- •7.Коммерциялық банктер
- •8. Трансұлтты венчурлық қорлар
- •Ресми сектор
- •Ғылымии – техникалық аймақта қызмет ететін шағын компанияларды қолдау бойынша мамандандырылған қорлар.
- •5.7. Венчурлық қаржыландыру әдісінің негізгі артықшылықтары
тұрады. Компанияның беделін көтеру үшін қосымша уақыт пен жаңа құралдар қажет. Осы мақсатта банктен кредит алуға немесе компанияның дамуының осы кезеңіне бағытталған венчурлық қорлардан инвестиция алуға болады. Бірақ кей жағдайларда инвестор күткісі келмейді және өзінің қаражатын қайтаруды талап етеді. Мұндай жағдайда қайта құрылымдаудың орнына басқа нәтижелі компания құрамына ену үшін сатуға дайындық жүргізіледі, сонымен қатар компания стратегиялық инвесторға сатылуы мүмкін немесе толық сатылуы мүмкін.
5. Ірі қор биржасына шығу. Бірақ Лондон Қор Биржасында,
5.6.Венчурлық капиталдың қайнар көздері
Негізінен дамыған елдер тәжірибесінде жоғары технологиялы шағын компанияларды қаржыландырудың қайнар көздерін былай бөледі: ресми және ресми емес секторлардың қайнар көздері (18-сурет).
Ресми емес сектор
АҚШ пен Ұлыбританияда жоғары технологиялы компаниялардың құрылтайшылары венчурлы жобалардың бастапқы кезеңдерін жеке жинақтары арқылы қаржыландырып, жүзеге асырады (көптеген жағдайлардың 59-74%-да түрлі бағалаулар бойынша осылай жүргізіледі).
Жеке жинақ көлемінің көбінесе шектеулі болғандығына қарамастан, барлық елдердегі бастауыш кәсіпкелер меншік құралдарын көп мөлшерде игерудің басқа көздерден инвестиция тартпау мұмкіндіктерін қарастырады, себебі бұл әрекет болашақта құрылған компания акциясының көп үлесін иемденуге ерік береді. Сондықтан да инновациялық идеяның авторы жобасын өз қаражаты арқылы жүзеге асырғысы келеді.
Барлық дамыған елдерде инновациялық үрдістің бастапқы кезеңдерінде ғылым мен техниканың дамуы үшін арналған мемлекеттік және халықаралық гранттар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар инновациялық жобаның идеясы теориялық деңгейде зерттеу жоғары оқу орындарында мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылады.
Инновациялық жобаның одан әрі дамуы үшін инновациялық жобаның инициаторы жұмыс істейтін базалық институттың ирнвестициясы қабілетті бола алады. Академиялық және салалық базалық институттар мен университеттердің сонымен қатар конструкторлық бюро мен басқа да ғылыми – техникалық мекемелердің құралдары негізінен алаңдарды ұсыну, тәжірибелік стендтер, аппаратуралар, зертханалық құрылғылар, ғалымдар мен технологтардың кеңестері , студенттер мен магистранттарды техникалық өңдеулерде қатысуға тарту түрінде қолданылады.
Венчурлық капиталдың қайнар көздері |

Ресми емес сектор
Ресми сектор
1.Кәсіпкердің жеке жинағы
2.Гранттар
3.Ғылым мен иннвацияны қолдаудағы мамандандырылған қорлардың құралдары
4.Академиялық және салалық базалық институттар мен университеттердің құралдары.
5.Бизнес- инкубаторлар
6.Бизнес –періштелердің құралдары
7.Демеушілердің , меценаттардың құралдары
8.Жекелеген венчурлық капитал иелерінің синдицирленген құралдары
1.Венчурлық капитал
2.Ғылыми –техникалық аймақта жұмыс істейтін шағын компанияларды қолдайтын мамандандырылған қорлар
3.Инвестициялық компаниялар
4. Институционалды қаржылық инвесторлар (мысалы, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары)
5.Қаржылық емес компаниялар
6. Өнеркәсіптік –қаржылық топтпр
7.Коммерциялық банктер
8. Трансұлтты венчурлық қорлар
Одан да ыңғайлы жағдайларды бастауыш кәсіпкерлерге бизнес-инкубаторлар мен инновациялық орталықтар жасайды. Бизнес инкубаторлар мен инновациялық орталықтардың негізгі тапсырмалары – жас компанияларға ойдың пайда болуы мен бастауыш технологиялық өңдеулерден жаңа ғылыми сыйымды өнімнің сынақ топтамасының шығарылуына дейінгі аралықтан тез әрі сәтті өтулеріне көмектесу. Мысалы Оксфорд пен Кембриджде ғалым –тапқыштарға ойларын технологиялық прототипке дейін жеткізуге және компанияны инновациялық өнім өндірісі ойынша оқытуға көмектесетін бірнеше бизнес –инкубаторлар мен инновациялық парктер құрылған. Бизнес –иннкубаторлардың инвестициясы орынды жалға беру, құрал-жабдықтарды ұсыну, байланыс құралдары мен станоктық парктік , сонымен қатар заңгерлер , қаржыгерлер , маркетологтар кеңестерін жеңілдік шарттарымен ұсынады.
Сонымен қатар бизнес –инкубаторлар мен инновациялық орталықтар шағын инновациялық фирмаларға материалдық қресурстар ұсынады және инвестицияны , білікті менеджерлерді, сатып алушыларды , шикізатпен қамтамасыз етушілерді , құрылға бөлшектерін іздеуге, ең басты бизнес жоспарды жасауға көмектеседі. Венчурлық капитал иелеріне және инвесторға жоба иесі нақты саны жоқ төңкерістік идеясымен келгені өажет емес. Егер бизнес жоспарда инновациялық идея мұқият баяндалған болса, инвесторлар нақты қызмет ету аясы мен болашақ өнімнің .......................
Негізінен «бизнес періштелер» - бос құралдарды орналастыратын барынша ауқатты адамдар. Олар бұл құралдарымен пайда табу үшін немесе оларға биржада ойнап, тәуекел ету ұнағандықтан үлкен тәуекелді жобаларды инвестициялауға дайын.
«Бизнес періштелер » тәуекелінің төмендеуіне басқалардың есебінен жетеді, яғни бірден бірнеше инновациялық жобаларды инновациялау арқылы және сол жобалардың ішінде біреуі міндетті түрде үлкен көлемде пайда әкелетін мүмкіншілігі. Бірақ олар әрқашан ірі инновациялық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік ала бермейді.
Мұндай мәселелерді шешуге арнайы инвестициялық синдикаттар құрылады, яғни бірнеше инвестициялардың бірігуі жүзеге асады. Көбінесе осындай синдикат құрылуының инициаторы өз күшінің арқасында бірнеще бизнес періштелерді бірге шығаратын жеке тұлға болып табылады. Нәтижесінде жаңа компанияларға жеке тәуекелін төмендете отырып, үлкен көлемде қаражат салуға мүмкіндік пайда болады.