Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз Экология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
629.76 Кб
Скачать

Дәріс 9. Атмосферадағы ауаның ластануы және оны қорғау.

Батыс елдері ауа бассейнінің ластануымен 70-ші жылдарыдың (20.ғ) басында айналыса бастады, ал қалғандары оны енді ғана сезді.

Адамдардың, тірі организмдердің ауыруы, денсаулығының нашарлауы ауаның ластануына байланысты.

Ауадағы бөлшектердің екі түрі бар: майдадисперсті, күрделі дисперсті. Майдадисперсті аэрозольды бөлшектерге кқміртегі, қорғасын, күкірт және азот қосылыстары жатады адам тіршілік әсерінен ауаға түседі.

Күрделідисперсті бөлшектерге мыс, әк, мрамор, бор кальции карбонаты, кремний, (карбид кремния) жатады.

Азот қосылыстары тамыр – сосуд ауыруларына шалдықтырады.

Қорғасын нерв жүйелеріне, миға, балалар психологиясына әсер етеді.

Асбест өкпе рагына шалдықтырады. Хром, никель, мышьяк рак ісіктеріне шалдықтырады.

Ауаны кқп түрде ластайтын химиялық заттар және олардың адамдарға әсерлері. Ag, C6H6, Cd, Cl2,CO(угарлы газ),F(нон), HxCx сутектікөміртектер, пено (формальдегид), HCl, HF, Hg, HNO3, HONO(азотты қышқыл), H2S, H2SO4, Mn, Ni, NO2OH-, O3, SO2.

Дамыған елдердегі үлкен қалаларда автокөліктерден (әсіресе дизельді) ауа көп ластанады.

Угарлы газдың () құрамында 200-ден астам зиянды заттар бар, олар, демалу органдары және өкпе ауыруларына ұшырайды.

Угарлы газдың адам денсаулығына әсері.

СО адамның ойлау қабілетін, рефлексін, ұйықтау және есінен айырып өлтіруі мүмкін. Екі қабат әйелдерге баланың өсуіне әсер етеді.

Рв – қанайналымына, нервқа, зәр шығару жүйесіне әсер етеді. Адам сүйегіне және басқа организмдерде жиналады, сондықтан өте зиян.

2 – грипті, өкпенің қабынуын арттырып бронхит және пневмония ауыруына шалдықтырады.

Озон (О3) – демалу органдарына, жөтелдіреді, өкпе жұмысын нашарлатады, неше түрлі тұмауға шалдықтырады. Жөрек, астма, бронхит ауыруларына ұшыратады.

Басқа улы қосылыстар – рак, тұқым сферасына және жаңа туылған балдарда неше түрлі дефектілер болады.

Жербетінде озонның көбейуі медицинада үлкен проблема болды, көптеген елдерде : АҚШ, Европа, Мексика т.б.

Осымен бірге қышқылды жаңбырдың да зияны мол. Оған барлық жауынның түрі жатады: қар, жаңбыр бұршақ, бұршақ және қар аралас жаңбыр т.б. Номада жауған (таза) жаңбыр сутек рН= 5,6.

Дәріс 10. Жер қорын қорғау және үнемді пайдалану

Қазақстан жер көлемінен ондыққа кіреді, ал адам санынан 80-ші орында.

Шамамен адам жер шарында 2 млрд. га. құнарлы жерден айырылған. 1950 жылы 1-адамға 0,24 га жер келсе, ал 1983 жылы 0,15 га-ға дейін кеміген.

Топырақты жекеленген экожүйеден қарастыруға болады. Топырақ зат айналымының маңызды буыны. Сондықтан топырақтың құнарлығын ұстап тұру мен арттыру оларға көп энергия жұмсауды қажет етеді. Ол үшін топырақты өңдеу, тыңайтқыштарды қолдану, арам шөптермен зиян кестермен күресу.

Жерлердің бұзылуымен деградациясының (төмендеу, артқа кету) негізгі факторларына мыналар жатады : эрозия, суарудың теріс салдары, жердің азуы, пайдалануға жарамсыздығы, пестицидтердің қолдануы.

Топырақтың эрозиясы (грек тіл – аудар. «бұзамын ») дегеніміз, оның су немесе жердің, желдің әсерінен бұзылуы.

Соған байланысты жер ресурстарының мәселелерінің ішінде жер химикациясы маңызды орын алады. Оларға минералдық тыңайтқыштар мен зианкес ағзалармен күресте қолданылатын препараттар (пестицидтер) жатады.

Тынайтқыштарды қолдану жүйесінің. құнарлығын түмендетеді. Мысалы: қышқылдығының артуы, топырақ ағзаларының түрлік құрамы артады, зат алмасуы өзгереді, құрылымы бұзылады және басқада қасиеттері төмендейді.

Аталған теріс құбылыстарды болдырмау үшін- тыңайтқыштардың ғылыми негізделген мөлшерін (оптимальды дозасы, зиянды қосылыстардың минимальды мөлшері т.б.) қолдану қажет.

Адам үшін қажетсіз ағзаларды жоюға не санын кемітуге қолданылатын заттардыпестицидтер (лат. пестис-жұқпалы қажетсіз, цедус-өлтіру) деп атайды.

Пестицидтерге мына препараттар жатады: инсектицидтер (бунақ денелілерді жою); фунгицидтер (саңырауқұлақтарды жою) және ДДТ(дихлордифенилтрихлорэтан).

Пестицидтердің экологиялық зияндылығы олардың қытына. жеке ағзаларға таңдамалы түрде әсер етуіне және ортада өзгеруіне байланысты болады.Экологиялық жағынан, әсіресе, жылдан-жылға пестицидтерді пйдалану көлемінің артуы қауіп туғызып отыр.

Сондықтан, олардың биологиялық немесе физикалық негіздерін тауып пайдалану қажет.

Осылардың салдарынан Қазақстанда бұзылған және ластанған жердің көлемі100 млн. га.

Осыған байланысты жерді күту және үнемді пайдалану керек.