Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз Экология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
629.76 Кб
Скачать

Дәріс - 7. Биосфераның табиғи-ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаның ластануы.

Ластау әртүрлі белгілер бойынша жіктеледі:

  • -шығу тегі бойынша (табиғи және антропогенді (жасанды));

  • -пайда болу көзіне байланысты; өндірістік, ауылшаруашылық, транспорттық;

  • әсер ететін аумағына байланысты: ғаламдық,аймақтық,жергілікті.

  • қоршаған ортаның элементтері бойынша атмосфера,топырақ,гидросфера;

  • әсер ететін жеріне байланысты; қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы, өнеркәсіп, пәтер;

  • әсер ету сипатына байланысты;

  • химиялық, физикалық, биологиялық;

  • әсер ету периодтылығына байланнысты;

  • өнеркәсіп қалдықтары, смогтар;

  • тұрақтылық дәрежесі бойынша ;

Бірінше ретті жүз және мың жыл (азот, оттегі, аргон, инертті газдар, екінші ретті 5-25 жыл (СО2, СН4, су буы т.б).

Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.

Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдіктердің булануының өзгеруі, топырақпен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруін қамтамасыз етеді. Осылардың салдарынан ғалымдардың болжауы бойынша ауаның жылдық температурасы 1-30С –ға артады. Ал бұл биосфераның жылулық жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Дәріс 8. Су ресурстарының ласиануы және оны қорғау.

Жер шарының 97% -ы теңіз суы, қалған 3% -ы ауыз суына т.б. жатады. Адам денесінде 60 % жуық су бар. Мысалы ми –85 %, бауыр – 70%, қан-79%, бұлшық ет-75 %.

Енді әлемдік су қорын кесте түрінде жазайық.

көлем мың км3

Қазір адам әр түрлі су көздерінен алып, тқщы судың табиғи қорының 0,1-0,15% пайдаланады. Тұщы судың 70 % - ы мәңгі мұз бен қар түрінде болады.

Судың барлығы әр түрлі дәрежеде ластанады. Әсіресе ауыз суының ластануы зиянды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша 5 млн. адам өледі, 500 млн. адам – 1 млрд –қа дейін уланады.

Судың құрамында кальций, натрий, хлор, калий көп болады және оның құрамында оттегі болады.

Сулардың ластануы ең бірінші су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп төсуіне байланысты болады.

Судың ластануының үш түрі бар: химиялық, физикалық, биологиялық .

Химиялық ластану – судың табиғи химиялық қасиетінің өзгеруі арқылы болады. Мысалы неорганикалық заттармен заттармен (минералды тұздар, қышқылдар, негіздер т.б), органикалық жолмен (мұнай, пестицидтер т.б) тағыда, Ag, Hg, Cl, Cu, F, адамдардың тіршілік әрекеттерінен түседі.

Ластану жолдарын айту керек.

Физикалық ластану – олар жылу мен радиоактивті заттарды жіберуден болады. Өнеркәсіптердің өздерінің қалдықтарын суға жіберу арқылы , судың температурасын өзгертеді. Соның әсерәнен суда микробтар көбейіп, оттегі азаяды, яғни ондағы балықтар мен басқа тірі организмдерге зиян келеді және адамдарға зиян.

Тірі организмдерге радиоактивті сынап, фосфор, кадмий көбейеді, ал су қоймаларында ванадий, цезий, ниобий, цинк, күкірт, хром, иод көбейеді. Бұлардың барлығы тірі организмдерге зиян келтіріп, өлулеріне әкеліп соғады.

Биологиялық ластану – микроорганизмдермен, ашу процесіне ұшырайтын органикалық заттардың әсерінен. Негізгі биологиялық жолмен суды ластушы көздер : тұрмытық қалдықтар, ет комбинаттар, сүт заводтары, ал ауылдық жерлерде күрделі малшаруашылықтары. Бұлардың салдарынан холера, ішек аурулары, сарыауырулар пайда болады.

Сулардың ластануын төмендетуге бағытталған іс ең алдымен технологиялық процесстер мен суды пайдалану, тазарту әдістерін жетілдіруге байланысты. Суды тазарту әдістерінің ішінде биологиялық әдіс тиімді (сүзу, аэрация станциялары т.б).

Суды тазартуға табиғи экожүйелерді қолданады. Мысалы, ормандардың суды тазарту интенсивтілігі жасанды жүйелермен бірдей.

Судың сапасын жағқсарту үшін озондау, ультракүлгін сәулелермен өңдеу, жер асты су қоймаларын қолдану (грунт арқылы сүзіледі, температураға байланысты емес).

Су қорының сарқылуын алдына алуға бағытталған шаралар;

  1. Суды аз пайдаланатын технологияларды қолдану ;

  2. Өндірістерде суды бірнеше рет пайдалануға өту (тұйық немесе қайтымды циклдар арқылы);

  3. Өндірістік процесстерде ауыз суға арналып берілетін суды пайдаланбау;

  4. Судың ысырап болмауын және суды өлшеп беруді қамтамасыз ететін су таратушы қондырғыларды пайдалану ;

  5. Суға экономикалық тұрғыдан дәлелденген бағытты тағайындау. Ол суды үнемдуге әсерін тигізеді;

  6. Суармалы егіншілікте суды тиімді пайдалануда жетілдірілгентехнологиялармен жаңа суару әдістерін қолдану.

Судың аймақтық тапшылығын оны басқа жүйелерден канал, су жолдарымен жеткізу арқылы шешуге болады.

Бұл шаралар экологиялық тұрғыдан жан-жақты ойластырылуы қажет.