Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз Экология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
629.76 Кб
Скачать

Дәріс 2, 3 Орта мен тірі организмдердің әсерлесу заңдары

Өмір сүретін орта – ол тірі организмді қоршап тұрған және тікелей әсерлесетің табиғаттың бір бөлігі. Олар көп түрлі және әрқашан ауысып тұрады. Кез-келген тірі организмдер өздерін қоршаған ортаға бейімделіп және соған ыңғайланып өзгеру арқылы өмір сүреді.

Жер бетінде тірі организмдердің өмір сүретін 4 негізі ортасы бар:

  1. Су ортасы – алғашқы өмір пайда болған орта

  2. Жер бетіндегі ауа ортасы – тірі организмдер өмір сүретін орта

  3. Жердің беткі қабаты

  4. Тірі организмдер ортасы

Экосистеманы біріккен биоценоздар және жаны жоқ организмдер құрайды. Экосистеманың тірі компоненті – биоценоз тобы, ал өлі бөлігі аймақта орналасқан бір-бірімен әсерлесетін популяция жиынтығы. Гео- және экосистемаға антропогенді орта әсер етеді, соның салдарынан табиғат өзгеріске ұшырайды. Сондықтан ортаның жеке элементтерінің немесе қасиеттерінің тірі организмдерге әсер етуін – экологиялық фактор деп атайды. Экологиялық фактор деп сыртқы ортаның қасиеттерін (әсерін) айтады. ортаның факторлары әртүрлі. Олар тірі организмдердің өмір сүруне және көбейюіне қарсы әсер етеді. Экологиялық факторлардың табиғаты мен әсері әртүрлі. Экологиялық факторлардың толық классификациясын Н.Ф. Реймерс тапқан: биотикалық, абиотикалық және антропогенді.

Абиотикалық факторлар – бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі (қысым, температура, радиациялық фон және т.б.).

Биотикалық факторлар – бұл бір ағзалардың тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсері (бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм және т.б.)

Антропогенді факторлар – адам қызыметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы (зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы және т.б.)

Биологиялық жүйені зерттеу деңгейіне байланысты классикалық экологияның келесі бөлімдере (бағыттарға) бөлуге болады:

Экологияның бөлімдері. Ағзалар экологиясы (аутэкология) ағзаның қоршаған ортада тіршілік етуінің шекараларын анықтап, ағзалардың орта факторларының әсеріне жауап беруін және олардың орта жағдайларына бейімделуін зерттейді.

Популяциялық экология (демэкология) міндетті популяциялардың құрылымы мен санының динамикасын, жалпы заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

Бірлестіктер экологиясы (синэкология) бірлестіктердің (биоценоздардың) ұйымдасу заңдылықтарын, құрылымын және көректену тізбегіндегі заттардың биотикалық зат айналымы мен энергияның трансформациясы ретінде көректік қызметін зерттейді.

Биосфера – тірі ағзалардың және осы ағзалармен ұздіксіз әсерлесетін планетадағы барлық заттардың және оның қызметінің жиынтығы тұратын жердің қабаты.

Экологияның заңдары

Экологиялық факторлардың көптілігіне қарамай олардың ағзаларға әсер ету сипаты мен тірі ағзалардың жауабы ретінде беретін реакциялары бойынша жалпы заңдылықтар болады.

Ағзаның тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын экологиялық факторлардың интенсивтілігі оптимум деп аталады. Көптеген түрлердің гүлденуі, көбейюі үшін оптималды температура керек.

Түрлердің мекен ету ортасының факторларының қандай да бір ауытқу диапазонына бейімделу қабілетін экологиялық валенттілік деп атайды.

1840ж Ю. Либих ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталынатының дәлелдеді. Оны Либихтің минимум заңы немесе ережесі деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.

Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері (максимум) шектеуші әсер етеді.

минимум мен қатар максимумның да шектеші әсері туралы түсінікті 1913ж В. Шелфорд дамытты. Оны Шелфордтың толеранттылық заңы деп атап, былай тұжырымдайды:

Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық шамасын яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.

Реди принципі бойынша, тіріден тірі пайда болады, тірі мен өлі арасында байланыс жоқ, бірақта өзара әсерлесу бар.