
- •Астана - 2010
- •Ұсынылатын практикалық сабақтардың үлгілі тізімі
- •Мазмұны
- •1. Оқу бағдарламасы
- •Курстың талаптары
- •Пәннің оқыту элементтері
- •1.4. Курстың қысқаша мазмұны
- •2 . Сабақтардың тақырыптық жоспары
- •2.1. Тақырыптық жоспар
- •2.3 Студенттің өздік жұмысы
- •2.4. Студенттің оқытушының бақылауымен жүргізілетін өздік жұмысы
- •3. Білімді бағалау кестесі
- •3.1 Бірінші аралық бақылау бойынша білімді бағалау кестесі
- •3.2 Екінші аралық бақылау бойынша білімді бағалау кестесі
- •3.3. Білімді бағалау.
- •Пән бойынша студенттің білімін қорытынды бағасы
- •4. Әдебиеттер тізімі:
- •4.1 Негізгі әдебиеттер:
- •4. 2 Қосымша әдебиеттер:
- •Пән бойынша тапсырманы орындау және өткізу кестесі
- •«Экология және тұрақты даму» пәнінен
- •«Экология және тұрақты даму» пәнінен лекция мәтіндері
- •Экология ғылымының даму тарихы
- •Дәріс 2, 3 Орта мен тірі организмдердің әсерлесу заңдары
- •Экологияның заңдары
- •Дәріс 4. Биосфера және в.И. Вернадскийдің биосферлі-ноосферлі концепциясы
- •Азот айналымы.
- •Дәріс 6. Қоршаған орта және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану Өндірістің өсіп жетілуі және ғаламдық экологиялық проблемалар
- •«Парниктік”немесе жылулық эффект мәселесі.
- •Қышқылдық жауын-шашындар мәселесі
- •Дәріс - 7. Биосфераның табиғи-ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаның ластануы.
- •Дәріс 8. Су ресурстарының ласиануы және оны қорғау.
- •Дәріс 9. Атмосферадағы ауаның ластануы және оны қорғау.
- •Дәріс 10. Жер қорын қорғау және үнемді пайдалану
- •Дәріс 11-12. Қазақстан Республикасының осы кезеңдегі экологиялық проблемалары
- •Дәріс 13. Экологиялық дағдарыс жаңа сипатамалары
- •Дәріс 14 -15. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің (экономикалық) ерекшеліктері актуалды проблемалары.Әлуметті – экономикалық дағдарыс және тұрақты өсу. Тамақ өнеркісібі.
- •«Экология және тұрақты даму» пәнінен глоссарий
- •«Экология және тұрақты даму» пәнінен студенттердің өздік жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •Экология пәні бойынша тест сұрақтары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
«ТУРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік-экономикалық факультет
«Туризм және сервис» кафедрасы
Бекітемін
«Тұран-Астана» университетінің
ОӘК Төрағасы
э.ғ.к. Шайжанов М.К.
________________
«___»__________2010ж.
«ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ» ПӘНІНЕН
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Барлық мамандықтарға арналған
Кредит саны - 2
Астана - 2010
Құрастырған: «Туризм және Сервис» кафедрасының аға оқытушы Дүйсенбай А
Рецензенттер: г.ғ.к., доцент Аяпбекова А. Е.
аға оқытушы Асылбеков К.М
«Туризм және сервис» кафедрасының отырысында
«Талқыланды»
Кафедра меңгерушісі, доцент, г.ғ.к. __________ Аяпбекова А. Е.
Хаттама № _______
«_____» _______________2010ж.
Хаттама № ___
ИЭФ ОӘБ отырысында
«Бекітілді»
ОӘБ төрағасы, э.ғ.к.
Хаттама № ___ __________ Айсакова Б.А
«__»__________ 2010 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҰРАН-АСТАНА Университеті
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ»
Барлық мамандықтарға арналған
Кредит саны - 2
Астана 2010 ж.
АЛҒЫ СӨЗ
Адамзат қоғамының табиғатпен қарым – қатынасы қазіргі заманның ең маңызды проблемаларының біріне айналды. Адам жерде пайда болған кезден бастап оның биосфераға тигізетін əсері үнемі үдеп отырды. Бірақ тек индустриалдық қоғам жəне демографиялық жарылыс жағдайында ғана адам əрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды. Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр.
Энергетикалық жəне минералдық ресурстардың сарқылу үрдісі байқала бастады. Антропогендік əрекеттің саналуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына əкеліп соқты. Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық – түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы жəне т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына əкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық проблемалар пайда болды: жылыжай эффекті, озон қабатының жұқаруы,
Əлемдік мұхиттың ластануы, шөлдену жəне т.б. Экономиканың экстенсивті дамуына байланысты экологиялық жағдай Қазақстанда да күрт нашарлады: Арал экожүйесінің бұзылуы, Каспий маңында жəне Шығыс Қазақстандағы қолайсыз экологиялық жағдай; Семей сынақ алаңына іргелес жатқан территориялар, топырақтың құнарсыздануы жəне т.т. Бірқатар уақытқа дейін, Ле–Шателье приципіне сəйкес, адамның
қоршаған ортаға əсері биосферадағы өтіп жатқан процестер нəтижесінде жұмсартылып келді. Бірақ қазіргі кезде антропогендік өзгерістер планетаның барлық дерлік экожүйелерінен байқалады, атмосфераның газдық құрамы. Жердің энергетикалық балансы өзгерді. Бұл адамның əрекеті табиғатпен қарама – қайшылыққа түсіп, “биосфера - адамзат” жүйесі барған сайын тепе – теңдік күйден ауытқып бара жатыр деген сөз, нəтижесінде əлемнің көптеген аймақтарында табиғаттың динамикалық тепе – теңдігі бұзылды. Барлығы жинала келіп қазіргі биосфераның жағдайының нашарлауына адамның денсаулығы мен рухани дуниесінің бұзылуына себепші болады.
Мəселені табиғи тепе – теңдікті қалпына келтіру нəтижесінде шешуге болар еді, бірақ бұл өте күрделі, əлемде теңдесі жоқ қиын мəселе, ол 1992 жылы Рио-де-Жанейрода күн тəртібіне қойылып, сонда Тұрақты даму тұжырымдамасына қол қойылып, бекітілді. Ғаламдық “қоғам – табиғат” жүйесіндегі тұрақты даму - əртүрлі деңгейдегі əлеуметтік–экологиялық жүйелерде динамикалық тепе-теңдікті сақтау болып табылады. Адамзат осыны неғұрлым ертерек түсініп осы жолға түссе, оның Жер бетінде тірі қалу мүмкіншілігіде соғұрлым жоғары болмақ. Бұл жолда мазмұны мен болмысы əрбір жеке тұлғаның экологиялық дүниетанымын қалыптастыру болып табылатын экологиялық сауаттылық шешуші рөлге ие болады жəне оның негізін “Экология жəне тұрақты даму” пəні құрайды. Пəннің мақсаты студенттерде қоршаған ортаға жəне өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау сезімін қалыптастыру. Мұндай көзқарас болашақ жоғары білімді мамандардың экологиялық тұрғыдан сауатты шешімдер қабылдап, сол арқылы биосфераның тұрақты дамуына көмектесуіне септігін тигізеді.
Курстың негізгі мақсаты – табиғаттың жəне қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.
Пəнді оқытудағы міндеттер:
тірі ағзалардың, əртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің,
бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын жəне олардың
тұрақтылығын оқып-білу;
биосфера компоненттерінің өзара əсерлесу заңдылықтары жəне
адамның шаруашылық əрекеттерінің, əсіресе табиғатты қарқынды пайдалану
кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру;
əртүрлі мемлекеттердегі жəне Қазақстан Республикасындағы тұрақты
дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы жəне практикалық міндеттеріі
туралы заманауй түсініктерді қалыптастыру;
студенттердің экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың жəне
тұрақты дамудың күрделі жəне шиеленіскен мəселелерін талқылауда
ауқымды кешенді, объективті жəне шығармашылық көзқарасын
қалыптастыру.
Пəнді оқыту нəтижесінде студенттер білуі тиіс:
тірі ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынастарының жалпы заңдылықтарын;
тірі ағзалардың кеңістікке таралуын жəне сан динамикасын, қауымдастықтардың құрылымы мен динамикасын;
энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі жəне заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің жəне бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын;
табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін;
антропогендік əрекеттің əлеуметтік – экологиялық салдарларын;
тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын, оларды əлемдік, аймақтық жəне жергілікті деңгейде шешуге қатысты көзқарастарды.
игеруі тиіс:
табиғи жəне антропогендік экологиялық процестерді анықтап, талдауы жəне олардың реттелуінің ықтималды жолдарын болжауы;
биосфераның тұрақтылығын сақтау жəне адамзат қоғамының апатты күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің дəстүрлі формалары мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуі;
тірі организмдер мен қоршаған ортаның əсерлесу заңдылықтары туралы алған білімдерін күнделікті қызметінде экожүйелердің тұрақты дамуын сақтау үшін қолдана білуі тиіс.
машықтануы тиіс: экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге жəне алған білімдерін экологиялық мəселелерді шешу үшін пайдалануға машықтануы тиіс; биосфераның даму заңдылықтары, оның тұрақтылығының сақталу шарттары, сондай – ақ, əртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде қазақстан республикасында, тұрақты даму идеясының іске асырылуы жөнінде білімдер жинақтауы тиіс.
Осы курстың алдында оқытылатын пəндердің тізімі: мектеп бағдарламасы шеңберіндегі биология, география, химия, математика, физика пəндері.
Сабақтас пəндердің тізімі: мектеп бағдарламасы шеңберіндегі: əлемдік тарих, қазақстан тарихы.
Пəннің мазмұны
КІРІСПЕ
Экологияның ғылым саласы ретіндегі анықтамасы. Экологияның мақсаты, міндеттері жəне зерттеу əдістері. Экологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы. Экологияның бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, глобалдық экология. Экологияның өзге ғылым салаларымен өзара байланыстылығы. Экологияның практикалық міндеттерді шешудегі рөлі. Экологиялық проблемалар, олардың осы заманғы экономикалық жəне саяси үрдістердегі алатын орны мен рөлі. “Тұрақты
даму” ұғымына анықтама жəне тұрақты даму тұжырымдамасын іске асырудағы экологияның рөлі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Дара организмдер экологиясы – аутэкология Биологиялық жүйелердің ұйымдастырылу деңгейлері. Организм жəне оның тіршілік ету жағдайлары. Экологиялық факторлар жəне олардың классификациясы. Антропогендік фактордың əсерінің өзіндік ерекшеліктері. Ю.Либихтың минимум заңы. В.Шелофордтың толеранттық заңы. Толеранттық диапазоны. Стенобиоттық жəне эврибионттық организмдер. Организмдердің тіршілігі үшін негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мəні. Қоршаған ортаның экологиялық сиымдылығы. Популяциялар экологиясы – демэкология Популяция туралы түсінік. Популяцияның статикалық сипаттамалары: популяцияның саны (тығыздығы) жəне биомассасы, жастық жəне жыныстық құрамы. Организмдердің кеңістікте орналасу, орналасудың негізгі типтері: кездейсоқ, біркелкі, топтасып _______орналасу. Олли принципі. Популяцияның динамикалық сипаттамалары: туылымы, өлім-жітімі, тірі қалу қисық сызықтары, өсуі жылдамдығы. Популяция санының экспотенциалдық жəне логистикалық өсуі. Популяция санының реттелуі. Популяция тығыздығына тəуелді жəне тəуелсіз факторлар. Қауымдастықтар экологиясы – синэкология Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы түсінік. Экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм,
протокооперация, мутуализм, жыртқыштық, паразитизм). Түр аралық бəсекелестік – қауымдастықтың түрлік құрылымын сақтаушы негізгі механизмдердің бірі. Г.Ф. Гаузенің бəсекелестік арқылы жою принципі.
Экологиялық қуыс: потенциалдық жəне іске асырылған экологиялық қуыс. Экожүйедегі энергия ағыны жəне химиялық элементтердің айналымы. Термодинамиканың бірінші жəне екінші бастамалары. Линдеманның энергия тасымалының 1% жəне 10% ережелері. Биоценоздың трофикалық құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер). Қоректік тізбектер жəне трофикалық деңгейлер, қоректік торлар. Экологиялық пирамидалар (сандар, биомасса, энергия пирамидасы). Экожүйелердің өнімділігі (бастапқы жəне туындаушы өнім). Экожүйелердің табиғи дамуы: бастапқы жəне қайталанған сукцессиялар. Экожүйелердің біртұтастығы жəне тұрақтылығы, экожүйелердің тұрақтылық механизмдері. Табиғи экожүелердің тұрақтылық критерийлері жəне тұрақтылығының негізгі көрсеткіштері. Биосфера жəне оның тұрақтылығы Биосфера тұжырымдамасының қалыптасуы. В.И.Вернадский биосфера жəне ноосфера туралы ілімі. Тірі зат тұжырымдамасы. Тірі заттың ғаламдық рөлінің анықталуы. Антропогендік əрекетті қуатты геологиялық жəне геохимиялық фактиорлар ретінде мойындау тұжырымдамасы. Адамның экожүйедегі орны. Биосферадағы заттар айналымы. Əлемдік биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары. Қазіргі биосфера. Өндірістің дамуы жəне қоршаған ортаға түсетін салмақтың артуы.
ТҰРАҚТЫ ДАМУ Тұрақты даму тұжырымдамасы “Тұрақты даму” ұғымының пайда болу тарихы: Рим клубы, Медоуз жəне Форестер еңбектері (Өсу шектері, 1972). БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бірінші конференциясының Декларациясы (Стокгольм, 1972). Рио- де-Жанейрода (1992) жəне Йоханнесбургте (2002) өткен Дүниежүзілік саммиттер. Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы (Ольборг қ., Дания, 1994). Тұрақты даму факторлары: экологиялық фактор (өркениет дами алалтын дəліз шекаралары), экономикалық актор (нарық жүйесін қайта құру), əлеуметтік фактор (ауылшаруашылық өндірісі, адам құқықтары, демография). Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Тұрақты даму деңгейлері – жергілікті, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, əлемдік деңгейлер. Əр деңгейдегі тұрақты даму мүмкіншіліктерін анықтаушы факторлар. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық. Тұрақты дамудың ғылыми теориясын жасау жолындағы халықаралық ұйымдардың қызметі. Табиғи ресурстар жəне табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты даму аспектілерінің бір Қоршаған ортаны оңтайландыру – табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамалары: литосфера, гидросфера жəне атмосфера ресурстары. Табиғи ресурстардың классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін ресурстар. Биологиялық ресурстар жəне азық-түлік қауіпсіздігі. Табиғатты қорғау. Табиғатты ұтымды пайдалану, аз қалдықты жəне қалдықсыз технологиялар. Экологиялық тұрғыдан таза, альтернативті энергия көздерін пайдалану – экожүйелер мен қоғамның тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуының анторпогендік факторлары Қоршаған ортаға түсетін антропогендік салмақтың өркениет түрлерінің олардың даму сатыларына байланысты жіктелуі. Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың ролі. Табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынас тарихы: негізгі кезеңдері (биогендік, аграрлық, өнеркəсіптік, ақпараттық), өзгешеліктері жəне сабақтары.. Қазіргі заманның əлемдік экологиялық проблемалары (климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбырлар, шөлдену, биологиялық əралуандылықтың кемуі, Əлемдік мұхитың ластануы жəне т.б.) олардың пайда болу себептері жəне зардаптары. Ауыл шаруашылығы мен өнеркəсіптің қарқынды дамуына байланысты пайда болған экологиялық проблемалар. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық ластануы жəне олардың экологиялық-генетикалық зардаптары. Қазіргі заманның əлеуметтік-экологиялық проблемалары жəне тұрақты даму Əлеуметтік-экологиялық дағдарыс жəне тұрақты даму. Халық санының өсуі жəне оның сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі.Туылыммөлшеріне əсер ететін факторлар, отбасын жоспарлау əдістері. Урбандалу проблемалары. Кедейшілік жəне табыстың əділетсіз бөлінуі. Энергетикалық дағдарыс проблемалары жəне олардың шешілу жолдары. Əлемдік азық-түлік проблемасы, шешілу жолдары. Ресурстық дағдарыс, себептері мен салдарлары, шешілу жолдары. Жер генофондының өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің артуы, тірі организмдерге көрсетілетін əсерлердің жаңа түрлері. Соғыстар жəне лаңкестік: экологиялық зардаптары. Əскери- өнеркəсіптік кешен жəне тіршілік ету ортасы. Табиғатты қорғау жəне тұрақты даму Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен əдістері. Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. Генетикалық əралуандылықты қорғау. Биосфералық резерваттар. Қызыл кітап жəне оның биологиялық əралуандылықты сақтаудағы рөлі. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың теориялық негіздерін құру – тұрақты дамуға көшудің міндетті шарттарының бірі. Экологиялық білім мен экологиялық сауаттылықтың адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі.
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары Қазақстан Республикасының табиғи ортасын тұрақсыздандыру процестері, себептері мен салдарлары. Арал аймағының əлеуметтік- экологиялық проблемалары. Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізген зардаптары. ҚР территоориясындағы Семей ядролық сынақ алаңы жəне өзге де полигондар. Ядролық қаруға қарсы Невада-Семей қозғалысы. Қоршаған ортаның күйін бағалаудың əдістері мен критерийлері. Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері. Химиялық, физикалық, биологиялық мониторинг. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдары. Қазақстан Республикасындағы халыққа экологиялық білім жəне экологиялық тəрбие беру. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету: Тұрақты даму тұжырымдамасы. Тұрақты даму стратегиясы жəне Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері.