Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
олимиада город 2012-2013 Word (3).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
40.81 Кб
Скачать

5 Сыныптың тапсырмаларының жауаптары:

1. Өскемен қаласының аталу тарихы туралы не білесің?

Жауабы: XVII ғасырда орыс үкіметі Ертіс өзенінің бойымен жоғары өрлеу үшін бірнеше қадамдар жасады. Бұл ұмтылыстың бірнеше себептері бар: а) Ресейдің шығыс шекараларын қамтамасыз ету; б) шығыс елдерімен сауда байланысын кеңейту; в) Алтайдың байлығына ие болу. Бекіністі Үлбінің Ертіс өзеніне құяр жерінен салу жоспарланды. Отрядтың командирі гвардия майоры И.М.Лихарев император І ПЕТР-ға «рапорт» жазды. 1720 жылғы 12-17 тамыз күндері қамалдың құрылысы басталды. И.М.Лихарев подполковник Ступиннің басқаруымен 363 адамнан тұратын гарнизон қалдырды. Құрылысқа инженер Летранже жетекшілік етті.

2. Семей бекінісінің негізін қашан және кім салды?

Жауабы: Семпалат атауы жеті буддалық қалмақ храмдаррына сәйкес аталған. Ол храмдар туралы орыс зерттеушілері 1616 жылдан бастап бңлген. 1660-1670 жж. олар қиратылды. 1734 жылы Г.Ф.Миллер қалдықтарын Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, Петр 1 шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды, Василий Чередов отряды жүзеге асырды.. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П.Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді». Семипалат бекінісі Ресей мен Қазақстан арасындағы негізгі сауда орталықтарының дамуы арасында ерекше роль атқарды.

3. Шығыс Қазақстан облысының 400-ге жуық қорған табылған ауданы.

Жауабы: Зайсан

4. Андрон мәдениетінің ШҚО аумағындағықо тастағы суреттері. Қанайда өгіздің, арбаның суреті бейнеленген.

5. Кенді Алтайдағы ең биік шың. Жауабы: Белуха 4506 метр Шығыс-Қазақстанның солтүстік шығысында орналасқан, Алтайдың символы, ол қасиетті орын да деп саналады. Ал Қазақстанда Хан тенгрі шыңы-ол 6995м.

6. Берел қорғанынан табылған заттард қандай стильге жатады?

Жауабы: полихромдық стиль.

7. Қасым Қайсенов ескерткіші туралы.

Жауабы: Бұл,жерлесіміз, Қазақстанның халық қаһарманы, партизан, жазушы Қасым Қайсенов ескерткіші Өскемен қ. Жеңіс даңғылында орналасқан. Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. Ол 2006 жылы 30 желтоқсан күні 89 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүние салды. 1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түседі.

1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіліп, сол жерден арнайы тапсырма алып, Украинаның басқыншылар қолында қалған жерінде партизан отрядын құру үшін жау тылына түсіріледі. Ол жерде Қайсенов Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Одан кейінгі кездерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады. Отряд командирі. 1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейінгі кездерде «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді. Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді. Қайсенов «Богдан Хмельницкий», «Отан соғысы», «Чехословакия партизандары», Украинаның «За заслуга» ордендерімен, Ке­ңестер Одағының көптеген орден, медальдарымен марапатталған. Ол Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы әдеби сыйлығының лауреаты.