
- •8 Сыныптың тапсырмаларының жауаптары:
- •1. Шемонаиха қаласының шығу тарихы қандай?
- •2. Қай ескерткіш бейнеленген, қай жерде орналасқан ?
- •Менің эссем – «Менің туған өлкем, саған мен арнаймын»
- •7 Сыныптың тапсырмаларының жауаптары:
- •1.Ұжж неше сілемі Қазақстанның аумағынан өтеді? Олардың бағыттарын ата, шқо –дан қайсысы өтті?
- •2. 17 Ғ. Басында қазақ қоғамының біріктірген заңдар жинағы, біздің облыс қай мемлекеттік бірлік құрамына енді, Күлтөбеде біздің аумақтаны кім қатысты ?
- •6 Сыныптың тапсырмаларының жауаптары:
- •Менің эссем – «Менің туған өлкем, саған мен арнаймын» Жердің бәрі жақсы, ал өз жерің өзгелерден сондай артық!
- •Шығысым жәннаттың мәңгі бағы,
- •5 Сыныптың тапсырмаларының жауаптары:
- •1. Өскемен қаласының аталу тарихы туралы не білесің?
- •2. Семей бекінісінің негізін қашан және кім салды?
- •3. Шығыс Қазақстан облысының 400-ге жуық қорған табылған ауданы.
- •6. Берел қорғанынан табылған заттард қандай стильге жатады?
6 Сыныптың тапсырмаларының жауаптары:
1. Жауабы: Жамбыл облысы Қаратауда жұмыртас пен үшкіртас еңбек
құралдары
2.Жауабы: Бұхтырма өзенінің маңында тастағы үңгірлер табылған. Сол тастағы бейнелер бейнеленген
3. Жауабы: 5 алтын адамның жерленген мөрдесі табылған.
1. Алматыдан 50 шақырым жерде Есік қорғанынан 1969 жылы табылған
2.Аралтөбе 1999 жылы табылған.
3.ШҚО Шілікті 2003 жылы табылған.
4.ШҚО Катонқарағай ауданы Берел қорғанынан табылған.
5 .Қарағанды облысының Қарқаралы ауданынан табылған.
4. Жауабы: Өскемен бекінісінің негізін қалаушы Лихарев
5. Жауабы: 1786 жылы алғаш кен орнын ашқан Филипп Ридер Риддер кентінің негізін қалаған. 1941 жылға дейін Ридер деп аталған 1941-2002 жылы Ленинагорск деп аталды
6. Жауабы:
Интернационалист -жауынгерлерге арналған мемориальды кешен. Ауғанстан жерінде болған соғыстың басталғанына 25 жыл, аяқталғанына 15 жыл толуына орай ашылған. Мемориалды тақтада қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлердің есімі ойылып жазылып, соғыстың шын суреті бейнеленген. Кешен Ертіс өзенінің оң жағалауына орналасқан.
«Жеңіс» мемориалдық кешені 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан шығысқазақстандықтарға арналған ескерткіштің авторлары - мүсінші В.С. Раппопорт, сәулетші С.П. Христофоров. Кешен Ертіс пен Үлбі өзендерінің қосылған жерінде орналасқан. Кешеннің композициялық орталығы көкке ұмтылған титан пластинасымен қапталған стела. Мәңгі алау қаза тапқандардың мәңгілік ұмытылмағанын еске салады.
ҚӘК әдіскері Л.С.Сапароваға
Өскемен қ. әкімдігінің «№ 35 орта мектеп» КММ оқушыларының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 21 жылдығын атап өту аясында Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған өлке тарихының білгірлері сайысына қатысушылар:
Қатысушының аты-жөні: Сабитов Мұса Закариянович
Сынып: 5 «б»
Туған жылы, күні, айы: 2002 жылы 16 сәуір
Немен әуестенеді: тарих және спорт.
Менің эссем – «Менің туған өлкем, саған мен арнаймын» Жердің бәрі жақсы, ал өз жерің өзгелерден сондай артық!
Өйткені туған жер – алтын бесік.
Шығысым жәннаттың мәңгі бағы,
Асау толқын Ертістен жарды ұрады.
Өскеменім таң сипап ақ маңдайын,
Көрінеді шығыстың кіндігіндей.
Әр адамның өзінің туған өлкесі болады: Менің туған өлкем–шырайлы Шығысым. Мен өзіміз тұратын аймаққа осыны арнаймын!
…Біздің еліміз – Қазақстан Республикасының ең әйгілі облыстарының бірі – Шығыс Қазақстан.
Өлкеміз, жеріміз неткен көркем! Тіпті білмей тұрмын, неден бастасақ болар екен?
Шығыс Қазақстан облысын еліміздің басты қоймасы деп атайды. Облыстың жер қойнауы тұнған қазба байлық. Мұндағы кентастарда қорғасын, мырыш, мыс, күміс және кадмий, молибден, висмут, индий, таллий секілді сирек металдар бар. Ал ормандары аң-құсқа, өзендерімен көлдері балыққа бай.
Мен өз өлкемді мақтан тұтамын. Мен өскенде өлкемнің көркеюіне өз үлесімді қосамын. Мен өзімнің білімімді туған өлкеге арнаймын.
Шырайлы Шығысым мақтанышым менің!
Сабитов Мұса Закариянович 5 сынып №35 ом