Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
олимиада город 2012-2013 Word (3).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
40.81 Кб
Скачать

Менің эссем – «Менің туған өлкем, саған мен арнаймын»

Туған жерім –шығысым, Сұлулығы жарасқан, Орман таулары жайнап, Көк кілемге ұқсасқан. Түрлі елдер достасқан, Еңсесі биік шығысым! Жасай берсін достығың, Тәуелсіз біздің Қазақстан!

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын .Менің туып өскен жерім – шырайлы Шығыс Қазақстан. Менің өлкемнің байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің өлкеміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі.. Тарихқа көз жүгіртсек Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты шығыстай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әлі ешқашан көрген емеспін..

Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.  Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 21 жыл өтті.  Бізді анамыздай асырап, әлпештеген туған жерді, елді сүю біздің – парымыз. Біз, туған еліміздің – перзентіміз, сондықтан анамдай болған туған өлкемді әрқашан мақтан етемін!   

Әліпханова Жансая 7 «а» №35 ом

7 Сыныптың тапсырмаларының жауаптары:

1.Ұжж неше сілемі Қазақстанның аумағынан өтеді? Олардың бағыттарын ата, шқо –дан қайсысы өтті?

Жауабы: Қазақстан жеріндегі негізгі бағыттары Жетісу мен Оңт.Қаз., тармақтары 4- олар: Орталық және Шығыс Қазақстан бағыты, Батыстан шығысқа бағыты, Еуропа бағыты, Іле бағыты.

2. 17 Ғ. Басында қазақ қоғамының біріктірген заңдар жинағы, біздің облыс қай мемлекеттік бірлік құрамына енді, Күлтөбеде біздің аумақтаны кім қатысты ?

Жауабы: 17 ғ.заңдар жинағы «Жеті жарғы». Орта жүздің құрамына кірді. Күлтөбеде біздің аумақтан Қаз дауысты Қазыбек би қатысты.

3. Жауабы: Суреттегі Яков Ушанов ескерткіші. Ол Өскемен қаласында Ушанов алаңында орналасқан. 1917 жылдың қазан-қараша айларында Өскеменде большевиктік ұйымдар құрылды. Большевиктер өз совдептерін құрды. Оған жиырма төрт жастағы майдангер Яков Васильевич Ушанов жетекшілік жасады.14 наурызда 1918 жылы Өскеменде Кеңестердің қолына үкімет көшеді. Оны Я.В. Ушанов 87 күн басқарды.1918 жыл күзде атамана Анненковтың басшылығымен 30 комиссар "Монгол" пороходында Семейге жіберілді, оның ішінде Я. Ушанов болды.Анненковтың бұйрығымен Я.В. Ушанов кемедегі пешке өртелген. 5 қарашада 1973 жылы Яков Васильевич Ушановқа ескерткіш ашылған.

4. Зырян қаласының атауының пайда болу тарихын жаз. Жауабы: Локтев зуытының жұмысшысы Герасим Зырянов осы жерден полиметал рудаларының бай орнын тапқан. Соның атымен 1791 жылы Зыряново селосы , 1941 жылы 17 қаңтарда қала атанған.

5. ШҚО-ның аумағында қай жерде жоңғар бекінісі бар?

Жауабы: Абылайкит — Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында. Өзен 1654 жылы қалмақтың Абылай тайшысы салдырған сарай-бұтханасының атымен аталған. Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 60 шақырым жерде, Сібе өзенінің жоғарғы ағысында, Қалба тауының етегінде орналасқан. Бұтхананы алғаш 1735 ж. профессор К. Миллер мен оның экспедициясына қатысқан В. Шишков зерттеген. Кейін қазақ даласында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген Г. Спасский, С. Черников,, т.б ғалымдар өз еңбектерінде Абылайкит бұтханасы туралы пікір айтқан. Қамал монғол тибет стилінде салынғанмен , онда жергілікті Дешті Қыпшақ дәстүріндегі ќұрылыс үлгілері де қолданылған. Бұл белгілер қамалды салуға сырттан әкелінген шеберлермен бірге жергілікті халық ісмерлері де қатынасқанын көрсетеді. Абылайкит бұтханасы жан-жағы терең сай, жоталармен қоршалған, таудың етегіне тірей салынған. Биіктігі 3 метр, қабырғасының қалыңдығы 1,5 метр. Қамал қабырғасын бірыңғай граниттен қалап , қақпаларын оңтүстік жағынан шығарған. Қамал ішінде үш үйдің орны сақталған. Оның ең үлкені мінәжат ететін бұтхана, қалған екеуі кісі жиылатын үлкен зал мен асхана. Үстіңгі қабатта тұрақ жайлар болған. Бұтхана қабырғалары әшекейленген. Онда адам суреттері, нақыш жазулар жазылып, түрлі мүсін бейнелермен безендірілген. Көшпелілердің 17 ғасырдағы сәулет өнерінің үлгісі болып табылады. Абылайкит бұтханасы 1670 жылы қалмақтар арасында өзара бақталастық соғыстар кезінде құлатылған. Бұтханадағы кітапхана, қолжазбалар 18 ғасырдың 20 жылдарына дейін сақталған. 1711 жылы біраз кітап пен қолжазба Петр І - нің қолына түскен. Олар мазмұнын анықтау үшін Парижге жіберген. Парижде ағайынды Фурмонттар оқи алмай, орыс патшасына жалған аударма берген. Кейінен бұл жазбалардың монғол – тибет тілінде жазылған, көбінесе діни мағынада екені анықталды. Қолжазбалар мен кітаптардың кейбір нұсқалары Париж кітапханасы мен Санкт – Петербургтегі Шығыс елдерін зерттеу институтының кітапханасында сақтаулы. Жазбаларды тілші- ғалым Н. Невский толық зерттеп жарыққа шығарды.

ҚӘК әдіскері С.Сапароваға

Өскемен қ. әкімдігінің «№ 35 орта мектеп» КММ оқушыларының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 21 жылдығын атап өту аясында Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған өлке тарихының білгірлері сайысына қатысушылар:

Қатысушының аты-жөні: Сүлейменов С.

Сынып: 6 «а»

Туған жылы, күні, айы: 1998 жылы 20 желтоқсанда

Немен әуестенеді: тарих және спорт.

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 35 орта мектебі» КММ

Эссе. «Менің туған өлкем»

Шуақ шашып рауандап күн күлімдей

Түрілгенде мақпал түн түндігіндей

Өскеменім таң сипап ақ маңдайын

Көрінеді шығыстың кіндігіндей.

Өскеменім – жәннәттің мәңгі бағы,

Асау толқын Ертістен жарды ұрады.

Құшағында үлбіреп Үлбі сұлу,

Еркелейді тербеліп бал құрағы.

Өскеменім – сыр тұнған мәңгі дастан,

Өскен жерім – ән жырым сен таңға ұласқан.

Өр Қабанбай бабамның айбарындай,

Асқақтай бер Алаштың байрағындай.

Өскеменім-арманның асқарысың,

Өскен елім, басыңа бақ дарысын.

Ажарланған шығыстың жауһар тәжі,

Алтын алқа Алтайдың, шашубауысың,

Сезімім арнасынан барады асып,

Таң нұрындай шығыстың алау шашып

Өскеменім, қала бер биігімде,

Бұлттарменен бұрымың араласып.

Сүлейменов С.