Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
олимиада город 2012-2013 Word (3).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
40.81 Кб
Скачать

ҚӘК әдіскері

Л.С.Сапароваға

Өскемен қ. әкімдігінің «№ 35 орта мектеп» КММ оқушыларының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 21 жылдығын атап өту аясында Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған өлке тарихының білгірлері сайысына қатысушылар:

Қатысушының аты-жөні: Уринбеков Нұрлыбек Жахонгерұлы

Сынып: 8 «а»

Туған жылы, күні, айы: 1998 жылы 20 желтоқсанда

Немен әуестенеді: Қазақстан тарихы және спорт, ариагыи археолог.

Уринбеков Нұрлыбек 8 «а» №35 ом

Эссе

«Туған жерім өзіңе арнадым...!»

Қандай керемет елде жүрсек те, қандай танымал қалаларға барсақ та,солардың ешбірі туған жердің бір уыс топырағына жетпейді-ау шіркін! Әрине, кіндік қаным тамып, жастық дәурен, балалық шағының куәсі болған жерге - қай жерде жүрсең де бір бүйрегің бұрып тұратыны анық. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жұмақ жерді іздеп, жер-жүзін шарлаған Асан қайғы-жерұйығын өзінің туған жерінен тапты емес пе. Туылғаннан бауырына алып,есейгенше мәпелеп ең алғаш қадам басқан жер-жерұйық емей немене?! Сол бір балалық шағында желімен жарысып жүгірген, шөлдегенде суын ішкен,бау-бақшасында жемісін жеген жерді қалай дамытуға болады?

Менің туған жерім, жерұйығым, туған өлкем-Шығыс Қазақстан облысы. Мен осы жердің тумасы, осы керемет мекеннің бір бөлшегі болғанымды өзіме мақтаныш тұтамын.Себебі,осы жерден Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов сияқты ғұлама-даналар, Оралхан ББөкейұлы, Олжас Сүлейменов тәрізді ақиық ақындар шыќты, Қаракерей Қабанбай сынды батырлар дүбірлеп өтті.Осындай қайраткерлері бар,тарихы терең туған жеріммен қалай мақтанбасқа?!

Жасыл, жањбырлы даласын, биік тауларын, тұныќ көлдерін көріп-еріксіз шабыттанасыњ. Жазы-жылы, көњілді өтеді. Жазда ару ќаламыз "Өскемен" гүлге оранады. Саябаќтарда жастар ќыдырып, өзендерінде балалар суѓа шомылады. Ќыста ќаламыз тыныш, аќ мамыќ астында оралып жатады. Сыртќа шыќсањ ертегілер әлеміндегідей, айнала жап-жарыќ, жалт-жұлт етеді. Туѓан жеріміздіњ бір ерекшелігі ќысыныњ ерекше суыќ болуы. Ќұдды әке мінезіндей - ќатал. Біраќ ќысы ќанша аязды, ызѓарлы болсын, мен үшін осыдан артыќ жер жоќ.

Қаламыздың тарихы Ресей империясының қазақ жеріне бекіністер салуымен басталады. 1718 жылы - Семей, кейіннен 1720 жылы Өскемен бекінісі салынады.Сол кездегі қарапайым бекіністер бүгінгі таңда еліміздегі ең әдемі қалаларының бірі.Біздің аталарымыз осы туған жерімізді азат ету қанша күресті, қанша ұан төкті. Енді жастардың ,біздердің міндетіміз осы жерді көзіміздің қарашығындай сақтап келер ұрпаққа аманат ету.

Туған жерім саған мәңгі қарыздармын!!! Сенде ата –анам мен ата – бабам дүниеге келді, өмір жолымдағы әрбір жетістігімді саған арнаймын!!!

Уринбеков Нұрлыбек 8 «а» №35 ом

8 Сыныптың тапсырмаларының жауаптары:

1. Шемонаиха қаласының шығу тарихы қандай?

Жауабы: 1767 жылы Үлбі өзенінің бойында Шемонаиха селосы пайда болды. Бірінші тұрғындары қоныстанған шаруалар. Атауы патша үкіметіне қарсы шыққан мемлекеттік қылмыскер атымен аталған. Кейін оның атымен қала аталған.

2. Қай ескерткіш бейнеленген, қай жерде орналасқан ?

Жауабы: 5 ақпанда 2004 жылы Өскемен қ. Әуезов даңғылы мен Славский жағалауының қиылысатын жерінде Ауған соғысында қаза болғане интернационалист жауынгенрлерге арналған мемориал ескерткіш салынды. Мемориалдық кешенен 2004 жылы 16 қараша ашылды.

Ол Ауғанстан аумағында әскери компанияның аяқталуына 15 жылдығына арналған. Жерлестерге арналғын. Кешен Ертістің оң жағалауында орналасқан. 9 жыл соғыс жылдарында 14 мың жауынгер қаза болған, оның ішінде 89 шығысқазақстандықтар

3. Жауабы: Абылайкит — Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында. Өзен 1654 жылы қалмақтың Абылай тайшысы салдырған сарай-бұтханасының атымен аталған. Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 60 шақырым жерде, Сібе өзенінің жоғарғы ағысында, Қалба тауының етегінде орналасқан. Бұтхананы алғаш 1735 ж. профессор К. Миллер мен оның экспедициясына қатысқан В. Шишков зерттеген. Кейін қазақ даласында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген Г. Спасский, С. Черников,, т.б ғалымдар өз еңбектерінде Абылайкит бұтханасы туралы пікір айтқан. Қамал монғол тибет стилінде салынғанмен , онда жергілікті Дешті Қыпшақ дәстүріндегі ќұрылыс үлгілері де қолданылған. Бұл белгілер қамалды салуға сырттан әкелінген шеберлермен бірге жергілікті халық ісмерлері де қатынасқанын көрсетеді. Абылайкит бұтханасы жан-жағы терең сай, жоталармен қоршалған, таудың етегіне тірей салынған. Биіктігі 3 метр, қабырғасының қалыңдығы 1,5 метр. Қамал қабырғасын бірыңғай граниттен қалап , қақпаларын оңтүстік жағынан шығарған. Қамал ішінде үш үйдің орны сақталған. Оның ең үлкені мінәжат ететін бұтхана, қалған екеуі кісі жиылатын үлкен зал мен асхана. Үстіңгі қабатта тұрақ жайлар болған. Бұтхана қабырғалары әшекейленген. Онда адам суреттері, нақыш жазулар жазылып, түрлі мүсін бейнелермен безендірілген. Көшпелілердің 17 ғасырдағы сәулет өнерінің үлгісі болып табылады. Абылайкит бұтханасы 1670 жылы қалмақтар арасында өзара бақталастық соғыстар кезінде құлатылған. Бұтханадағы кітапхана, қолжазбалар 18 ғасырдың 20 жылдарына дейін сақталған. 1711 жылы біраз кітап пен қолжазба Петр І - нің қолына түскен. Олар мазмұнын анықтау үшін Парижге жіберген. Парижде ағайынды Фурмонттар оқи алмай, орыс патшасына жалған аударма берген. Кейінен бұл жазбалардың монғол – тибет тілінде жазылған, көбінесе діни мағынада екені анықталды. Қолжазбалар мен кітаптардың кейбір нұсқалары Париж кітапханасы мен Санкт – Петербургтегі Шығыс елдерін зерттеу институтының кітапханасында сақтаулы. Жазбаларды тілші- ғалым Н. Невский толық зерттеп жарыққа шығарды.

4. Жауабы: Бұл ескерткі атақты Борис Александровқа арналған (13 қараша 1955 жыл, Өскемен — 31 маусым 2002, Ресей) — Өскемен тумасы, Қазақстан хоккейшісі. 16 жасында өскемендік «Торпедо» негізгі сапында ойнай бастады. Сосын мәскеулік ЦСКА және «Спартак» құрамаларында өнер көрсеткен. 1975 - 1976 жылдары Александров ЦСКА сапында ҰХЛ-на қарсы суперсерияға қатысқан. Инсбрукте 1976 жылы КСРО құрамасында олимпиялық чемпионом атанды. Мансабын Еуропада, Италия мен Мажарстанда бітірген. 2002 жылдың маусым айына дейін өскемендік «Қазцинк-Торпедо» және Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері қызметін атқарған. 31 маусымда Усть-Катав қала маңында (Уфа — Шеләбі жолында) көлік апатынан көз жұмған.

Қазіргі кезде Өскемендегі спорт кешен осы хоккейші есімен аталады. Сонымен қатар Өскеменде 2012 жылы 2 маусымда спортшы, әрі бапкер Борис Александровқа ескерткіш қойылды ик

5. Жауабы: Өскемен қаласының атын шығарған өскемендіктер

Аты-жөні

Қызмет саласы

жетістіктері

1

Славский Ефим Павлович

түсті металдар

машинажасау министрі кезінде Өскемен қаласын дамытуға еңбек сіңірді.

2

Протозанов Александр Константинович

ШҚО обкомының

1-ші хатшысы

Осы жылдары Жаңа Сограда теплица, сол сияқты, құс фабрикасы, кинотетрлар, мәдениет үйлері тұрғызылды..

3

Чистяков Михаил Иванович,

майдангер, ақын

Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі.

4

Куленов Ахат Салемхатович

УК СЦК” АҚ бұрынғы президенті

бастамасымен комбинатта алтын және күміс өндірілді

тұрғын–үй құрылысын ұйымдастырды Металлургтер поселкасы

5

Иванов Анатолий Степанович

жазушы,

Повитель”, “Тени исчезают в полдень”, “ Вечный зов” романдарының авторы.

6

Баталов Юрий Васильевич

Ректор ШҚМТУ

Қазақстанның ең ірі оқу орнының біріне айналды.

7

Мамбетказиев Ережеп Альхаирович

ректор

Білім саласы

8

Шаяхметов Багдат Мухаметович

өнеркәсіп

Өскемен титан-магний комбинатының директорлығына дейінгі жолдан өтті. Комбинатты 90 – шы жылдардағы экономикалық қысымнан шығарды.

6. Жауабы: Абай Құнанбаев туралы айтылған.

ҚӘК әдіскері

Л.С.Сапароваға

Өскемен қ. әкімдігінің «№ 35 орта мектеп» КММ оқушыларының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 21 жылдығын атап өту аясында Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған өлке тарихының білгірлері сайысына қатысушылар:

Қатысушының аты-жөні: Әліпханова Жансая Аянқызы

Сынып: 7 «а»

Туған жылы, күні, айы: 2000 жылы 27 мамыр

Немен әуестенеді: Қазақстан тарихы және ән айту

Әліпханова Жансая 7 «а» сынып оқушысымын. №35 ом Эссе.