Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
теория және тәжірибе АППАРАТУРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.6 Mб
Скачать

Сабақ 19

Тақырып 1.3: Геофизикалық (жұмырсымдар) кабель.

Жоспар:

  1. Геофизизикалық кабельдердің қызметі.

  2. Кабельдердің техникалық сипаттамалары.

  3. Кабельдің пайдаланылуы.

Жүк тасымалдаушы геофизикалық брондалған кабельдерді ұңғымалық аспаптарды көтеру мен түсіру үшін және олардың ұңғымада орналасу тереңдігін өлшеу үшін қолданады, ұңғымаларда әртүрлі жұмыстарды орындау үшін жер үсті тіркеушілер мен құралдар арасында ақпараттық байланыс каналдары ретінде электроэнергия аспаптарының қоректенуі пайдаланылады.

ҰҒЗ үшін ОСТ 153-39.1-005-00 салалық стандарты талаптарына жауап беретін кабельдерді қолданады «Жүк тасымалдаушы геофизикалық броняланған кабельдер. Жалпы техникалық жағдайлар». М.: Минтопэнерго РФ, 2000 және РД «Жүк тасымалдаушы геофизикалық броняланған кабельдердің техникалық сипаттамалары мен пайдалану бойынша нұсқаулықтар» М.: Минтопэнерго РФ және МПР РФ, 1998.

Кабельдің типіне байланысты оның сипаттамалары төмендегідей ширекте орналасуы керек:

  • жарылу күші – 10-130 кН, жеке тапсырыс бойынша – 180 кН;

  • жылуға төзімділігі – 90-2000С, жеке тапсырыс бойынша - 2500С дейін;

  • тоқөткізуші желінің 20 °С-та үздіксіз тоққа электрлік кедергісі – 6-40 Ом/км жоғары емес;

  • сыйымдылығы – желі мен броня арасында 0,06-0,09 мкФ/км, екі желі арасында 0,10-0,14 мкФ/км;

  • желі мен броняны қолдану кезінде 1кГц жиілігіндегі индуктивтілік –0,8-2,5 мГн/км және екі жиланы қолдану кезінде - 2,5-3,5 мГн/км;

  • Желілерді оқшаулаудың электрлік кедергісі 20 °С-та – 15000 МОм дайындағаннан кейін тікелей өлшеу кезінде 1км артық есептеуде және 0,5-20 Мом пайдалану үрдісі барысында;

  • 50 кГц жиілігіндегі сөну коэффициенті - 7,5-9,9 дБ/км жоғары емес;

  • толқындық кедергі - 63-100 Ом/км кем емес;

  • жоғары жұмыс кернеулігі – 600 В;

  • пайдаланудың кепілдік мерзімі – 12 ай бірінші істен шығуға дейін жұмыс істеу кезінде өлшеу ролигі арқылы 200км кем емес;

  • тізімнен шығарылғанға дейінгі өте аз жүрісі - 1800-2200 км;

  • сым желілерін оқшаулаудың ең төменгі электрлік кедергісі – 0,5 МОм.

Сымды таңдау келесілерді ескере отырып жүргізіледі: жұмыстардың сипаты (ГИС, ПВР); қолданылатын ұңғыма аспаптарының типтері (бір-, үш-, жеті желілі кабельдермен жұмыс істеуге есептелген); зерттелетін ұңғымалар тереңдігі мен забой темпиратуралары (жарылғыш қысым, жылуға төзімділік); жуу сұйықтығының қасиеттері (желілерді оқшаулау түрі).

Сымды қолданысқа енгізуді каротаждық партияның (отрядтың) қызметкерлер құрамы жүргізеді.

Пайдалануға енгізер алдында сымды транспорттық барабаннан каротаждық көтергіштің лебедкасына қайтадан орайды. Сымның ұшын барабандағы тесік арқылы өткізіп, коллекторға қосады. Обечайканың сыртқы үстінгі бөлігінде оқшауланған желілердің бүлінуін алдын алу мақсатында кабель бекітілмейді. Сымды барабанға бекітпейді: ол барабан мен сым орамдары арасындағы үйкелу күші есебінен ұсталынады, ол үшін соңғы қатардың сым орамының жартысынан кем емес бөлігін көтеру түсіру операциясы кезінде барабаннан тарқатпайды. Сымды барабанға ұңғымадағы тартылысқа сәйкес және орамның тығыз қыл өтпейтіндей етіп тартып орайды; тартылыс 5 кН аз болуы мүмкін емес.

Егер сым зауыт барабанынан көтергіш лебедкасына жеткіліксіз тартылыспен оралған болса, оның тартылуын дала жағдайында жүзеге асырады (сымды жер бетінде оған айналу қосылғышы арасынан жүкті ілу арқылы созу және барабанға 1000 м/с жуық жылдамдықпен орау) немесе сымның ұңғымадағы жүкпен екі реттен кем емес көтерілу мен түсірілу арқылы орындалады.

Сымның ұшын геофизикалық сымға бекітуді броняның сыртқы орам сымдары арқылы сымның жару күшіне қарағанда, бекіту орнын босата отырып жүзеге асырады. Бекіту сымдарының шамалық сандары 6 кестеде көрсетілген.

Сымды ұңғыма аспаптарының иілгіш элементі (қосымша) ретінде қолдану кезінде, оны аспаптың түйіндеріне бекітудің жарылу күші бекітілген сым ұшының жарылу күшіне тең болу керек.

Кесте 6 – Кабельдің ұшына бекітілетін геофизикалық кабель сымдарының саны

Кабель диаметрі, мм

Түсірілу тереңдігі, м

Сымдардың саны

Жаңа кабель

Тозу 15-20%

Тозу 30-40%

6,3-8,4

3000-5000

10-12

8-10

7-8

5000-6000

7

6

-

9,4-10,3

3000-4000

12-14

10-13

8-11

5000-6000

7-8

6

5

12,3

3000-4000

18

17

15

5000-7000

8-11

7-9

7

Геофизикалық кабельді жалғау тек аса қажет болған жағдайда ғана ұсынылады. Төменгі жақтан жалғанатын кесінді ұзындығы лебедкада орналасқан кабель ұзындығының 20% ғана құрау керек және 2000м аспауы тиіс.

Геофизикалық кабельді жөндеу егер броняның үзілуі немесе басқа да механикалық ақаулықтар- ұзындығы 300м кем емес соңғы бөлікте болған жағдайда орындалады, олай болмаған жағдайда бүлінген учаскесі бар кабель кескінін шауып тастау қажет.

Стационарлық жағдайда геофизикалық кабельді белгілеуді белгілеу қондырғысында белгілейді, мысалы, УPC-10-10 типі кабельді тарту кезінде белгілеуді қамтамасыз етеді. Тартылыс бірқалыпты немесе сатылай 500-1000м сайын өлшену керек, ұзындығы 2000м кабельдің бірінші учаскесі үздіксіз қысым кезінде белгіленуі мүмкін.

Дала жағдайында кабельді белгілеу үшін УAPK2-0,5 тәрізді тасымалдаушы қондырғыларды қолданады, ал ұңғыманың шамалы тереңдігінде (300м кем) өлшеу лентасын қолдану арқылы қолмен белгілеуге рұқсат етіледі. Белгілеу үрдісінде және одан кейін қойылған магнитті белгілердің болуы тексеріледі.

Жаңа кабельді, қолданудың бірінші айында ұңғымаға шығардың алдында белгілеу ұсыналады. Бұдан кейін белгілеуді 7 кестеде көрсетілгендей мерзім бойынша күндер мен өлшеу ролигі арқылы кабельдің өту километрінің, қайсысы ертерек болатынына байланысты жүргізіледі. Бұл мерзімдер жұмыстың әрбір аймағында нақтыланады.

Кесте 7 – Кабельді мерзімдік белгілеу арасындағы аса жоғары интервалдар.

Ұңғыма тереңдігі, м

Белгілеу мерзімділігі (күндер, жүгіріс км)

Пайдалану мерзімі 3 айдан кем.

Пайдалану мерзімі 3 айдан жоғары

Күндер

Жүгіру, км

Күндер

Жүгіру, км

до 3000

22

300

70

1000

3000-4000

16

290

55

900

4000-5000

12

270

45

800

5000-6000

10

250

35

700

6000-7000

8

230

25

600

7000 жоғары

6

200

18

500

Кабель міндетті түрде екінші рет белгілеуге жатады:

- кабель немесе аспаптың қысып алуынан босатқаннан кейін;

- пайдалану мерзімі 3 айға дейін және 2 айдан жоғары пайдалану мерзімі 3 ай және одан жоғары болып келетін 1 айдан көп қолданылусыз каротажды көтергіште болғаннан кейін.

Геофизикалық кабель немесе оның кесіндісі бұдан кейінгі қолданысқа келесідей жағдайларға байланысты жарамсыз болып саналады:

- желілердің үзілуі;

- изоляция кедергісі 0,5 Мом кем емес болады;

- броня сымдарының үзілу саны 1 км-ге 3 асқан жағдайда;

- сыртқы орам сымдарының тозуы диаметрі бойынша 40% асқан кезде;

- таза созу кезінде жарылу күші көрсетілгеннен 30% кіші (жаңа кабельдер үшін броняның айтарлықтай тозуы байқалмайтын жарылу күшінің жылдам азаюы, бұл күкіртті сутегі бар ұңғымаларды пайдалану кезінде байқалуы мүмкін);

- кабельдің сопақтығы лубрикатор арқылы жұмыс істеу кезінде 3,5 % құрайды және басқа кабельдер үшін 25 % дейін жетеді.

Геофизикалық кабельді қолданумен жүргізілетін көтеру-түсіру операциялары авария қаупі жоғары жұмыстарға жатады, сондықтан да оларды ҰҒЗ көп жылдық тәжірибесімен қалыптасқан талаптарды сақтай отыра жүргізеді.

Ұңғыма аспабын қосар алдында кабель желілерін оқшаулану кедергісін және желілерде үзілулердің болмауын тексереді. Оқшаулаудың кедергісі орындалатын зерттеулер мен жұмыстар түрлеріне байланысты кабельдің барлық ұзындығына 0,5-20 Мом шегінде болу керек.

Кабель ұшынан 10 және 50м арақашықтықта кабельде ұңғыма аспабының ұңғыма аузына жақындағаны туралы мәлімет беретін изоляциялаушы лентадан жасалған жақсы көрінетін сақтандыру белгілерін орнатады.

Геофизикалық кабельдің ұңғымаға түсірілуі 8000 м/сағ аспайтын жылдамдықпен жүзеге асырылады, ал ұзын құрамаларды түсіру кезінде жылдамдық – 5000 м/с аспайды.

Забойға жақындаған кезде жылдамдықты 350м/сағ дейін төмендетеді, кабельді қайта түсіру 2-5м аспау керек. Аспаптың забойда тұруы 5 мин. аспау керек. Тұрудың рұқсат етілген уақытының басқа мәні ұңғыма бағанының техникалық жағдайымен анықталады және күні бұрын геофизикалық кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы келісіммен бекітіледі.

Түсіру кезінде кабелдің роликтен сырғып кетуін және оның бұдан ары үзіліп кетуін болдырмас үшін лебедка барабанын күрт тежелту мүмкін емес.

Кабельді көтеруді дұрыс, оқыс қимылсыз, қозғалу жылдамдығын баяу жоғарлата отырып бастаған жөн. Ұңғыма аспабы айналдыра отырғызылған колоннаның кебісіне немесе ұңғыма аузына 50м-ге жақындаған кезде, жылдамдық 250 м/с дейін төмендеуі қажет.

Мәліметтерді тіркеуді жүргізетін жоспарланған зерттеулер итервалынан жоғары көтеру жылдамдығын 5000 м/сағ жоғарлатады.

Ұңғымадан шығарда кабельді барлық болуы мүмкін тәсілдермен – су ағысымен, қыс уақытында – ыстық сумен, ауамен үрлеу арқылы, механикалық қырғыштармен (тек қолмен емес) тазартылады.

Кабельдің түсірілуі мен көтерілуін тартылыс датчиктері мен тереңдік көрсеткіштері бойынша бақылайды. Қозғалыссыз жағдайда ашық бағанда кабель 5 мин көп емес болу керек.

Ұңғыма аспабы аса ұзақ (5 мин жоғары) технологиялық тоқтап қалған жағдайда, кабельді «әрлі-берлі жіберу» керек. Ол үшін кабельде лебедка барабаны маңында бақылау белгісін орнатады және кезек-кезек түсіріп, одан кейін кабельдің бірнеше метрін белгіге дейін көтереді. Технологиялық аялдаулардың ұзақтығы ұңғыма бағанының техникалық жағдайымен анықталады және күні бұрын геофизикалық кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында келісімшартпен бекітіледі.

Ұңғымадағы геофизикалық зерттеулер мен жұмыстар тоқтатылуы керек, ал кабель мен ұңғыма аспаптары ұңғымадан шығарылуы керек, егер:

  • мұнай газ көріністерінің байқалуы және жуу сұйықтықтарын қайта құю кезінде;

  • жуу сұйықтығын сіңіріп алу деңгейдің 15 м/сағ төмендеуімен;

  • көтеру кезінде кабельдің тартылуы пайда боған жағдайда;

  • ұңғыма аспабын түсіру кезінде, тек белгілі кертпештер мен ұралардан басқа жерлерде бірнеше рет тоқтаса;

  • геофизикалық зерттеулермен байланысы жоқ және соңғыларды жүргізуге кедергі келтіретін бұрғылау жұмыстарын өндіру кезінде;

  • зертхананың, көтергіштің, ұңғыма аспабының, кабельдің ақаулықтары пайда болған жағдайда;

  • метеожағдайлардың нашарлауы: 20м кем емес көрінуде, жел жылдамдығы 20м/с жоғары болған кезде.

Кабель тартылысының оның жарылу беріктігіне жақындау мәні бойынша белгілейтін кабельді немесе аспапты қысқан жағдайда көтеруді бірден тоқтату керек.

Кабельді қысқыштан босату үшін кабельдің бірнеше мәрте «әрлі-берлі жіберу» арқылы кабель массасынан түсетін қысымды өлшеумен жүзеге асады. Құбылмалы қысымды кабельді соза отырып және лебедка қозғалтқышын өшіріп тартылысты жедел алу арқылы көтергіштің көмегімен жасайды.

Кейде кабельді біраз уақытқа қатты тартылыс астында қалдырып оны босатып алуға болады. Егер мұндай шара жағымды нәтиже бермесе, онда бірнеше мәрте «әрлі-берлі айналдыруды» қайтадан қайталайды. Оларды орындалған іс-әрекеттердің ешбір нәтижесі болмаған жағдайда тоқтатады, кез-келген жағдайда: «жучок», «фонарь» немесе сыртқы орам бронясының бес немесе одан да көп сымдарының ұйытқуы.

Кабельді «әрлі-берлі айналдыру» арқылы босатудың сәтсіз талпыныстарынан кейін оны тартылыс астында қалдырып, геофизикалық кәсіпорын мен жер қойнауын пайдаланушылар басқармасына төтенше жағдай туралы хабарлайды. Аварияны жою бойынша одан кейінгі іс-шараларды екі жақпен жасалған жоспарға сәйкес орындайды.

Қысу кезінде геофизикалық кабельді үзу, егер жұмыстар босатылған ұңғымада жүк көтеруші механизмсіз орындалған болса, бұрғылау лебедкасымен немесе көтергіш лебедкасымен жүзеге асады.

Ұңғымада үзілген кабельдің ұшын бұрғылау құбырларына түсірілген (немесе босатылған ұңғымалардағы НКТ) болат корпусты бұрышында ілгек орнатылған «ерш» көмегімен ұстайды.

Басында ұстау «тарағы» болмайтын кабельді, аспап пен жүкті босатудың басқа нұсқасын ұңғымалық аспапты ұстап алуға арналған овершот рөлін атқаратын овершот немесе келте құбыр арқылы іске асырады. Ол үшін:

  • кабельді көтергіш лебедкасынан бөліп тастайды;

  • кабельдің ұшын овершоттағы тесік арқылы өткізеді;

  • кабельдің үзілген бөлігін лебедкада қалған кабельге жалғайды, және көтергіш лебедка көмегімен тартады.

  • бұрғылау құбырларына немесе НКТ овершотты жалғаусыз, кабельді құбырдың сыртқы үстінгі қабатында қалдыра отырып түсіреді;

  • құбырларды қысу тереңдігінен асатын бірнеше метр тереңдікке жіберіп, айналымды қалпына келтіреді және құбырларды баяу түсіре отырып (тартылыс жоғарлаған кезде кабельді лебедкадан бүлінеді) қысып алуды жоюға дейін ұңғыманы жуады, бұны кабель тартылысының күрт төмендеуімен анықтайды;

  • егер ұңғымалық аспап қыстырылған болса, онда құбырды түсіруді овершотқа аспап басының шығуына дейін жалғастырады;

  • қысуды жойғаннан кейін кабель мен құбырларды көтеруді синхронды түрде аз жылдамдықта жүзеге асырады;

Радиациялық апаттарды жою кезінде ерекше қауіпсіздік шараларын қолданады.

Радиациялық апаттар болып ҰҒЗ өткізу кезінде және мұнай мен газ ұңғымаларында кабельдегі аспаптармен жұмыстардағы техникалық құралдардың ақаулықтарымен, жұмысшылардың қате іс-әрекеттерімен, табиғи апатты ықпалмен немесе иондаушы сәулелену көздерінің жоғалуына әкеп соғатын басқа да себептерге байланысты жағдайлар болып табылады, бұл адамдардың сәулеленуіне немесе қоршаған ортаның радиоактивті ластануына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеледі де.

Аса радиациялық қауіпті апаттарға келесілерді жатқызады:

  • аспапты үзу және ұңғымада сәлеленуді иондайтын көздерді қалдыру;

  • ұңғымада апаттық жағдайда қалдырылған көздердің бүлінуі;

  • жұмысты жүргізу орнына бару жолында немесе ұңғымада уақытша сақтау кезінде көздерді жоғалтып алу;

  • радиоактивті изотоптары бар транспортталатын активтендірілген қондырғының, белгіленген сұйықтығы бар ыдыстың немесе ұңғыма аузының байлану желісін қолданумен оларды ұңғымаға енгізу жүзеге асатын олардың бүлінуі (разгерметизациясы);

Иондаушы көздермен және радиоактивті заттармен жұмыстардың нақтылы жағдайлары үшін болуы мүмкін радиациялық аппаттардың тізімі күні бұрын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемелерімен мақұлданады.

Радиациялық аппаттарды жою мұнай, газ және геофизикалық ұйымдар күшімен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың аймақтық мекемелерімен, Ресейдің мемлекеттік атом бақылау, Ресей МРП мақұлданған және қажет болған жағдайда Ресейдің ТЖМ күші мен құралдарының қатысуымен жеке жоспар бойынша іске асады.

Апатты жою барысында радиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету СП 2.6.1.799-99 «ОСПОРБ-99 радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі санитарлық ережелері», М: Ресей минздрав, 200 талаптары негізінде салалық нұсқаулықтармен регламенттелуі керек.

Апатты жою кезінде міндетті шаралар:

  • ұңғымадан алынатын жуу сұйықтығы мен бұрғылау құрылғысын үнемі радиациялық бақылау;

  • ұңғыма аспабы мен көздің забойда орналасу және көздің саңлаусызданудың болмау фактісін растау;

  • шеткі құрал ретінде, цемент ерітіндісімен цемент тасы төбесін ары қарай бақылаумен ұңғыма аспабының томпонажын қолданады.

Көздерді саңлаусыздандырумен апат болған жағдайда оны жою бойынша жұмыстарды міндетті дозиметриялық және радиометриялық бақылаумен, қызметкерлер құрамын дизактивтендіру және қорғау бойынша шаралар кешенімен жүргізеді.

Әрбір радиациялық апат туралы оландың болу себептері мен алдын алу бойынша шараларды көрсетумен акт жасалады. Апаттың себептерін анықтауда келіспеушіліктер болған жағдайда үшінші жақпен техникалық сараптама жүргізілуі керек.

Бақылау сұрақтары .

  1. Геофизикалық кабельдер не үшін қажет?

  2. Геофизикалық кабельді таңдауды қалай жүзеге асырады?

  3. Кабельді қолданысқа енгізуді қалай жүзеге асырады?

  4. Кабельді түсіру мен көтеру бойынша бақылау қалай жүргізіледі?

  5. Кабельдің қысылып қалуын жоюдың қандай тәсілдерін сіз білесіз?

Сабақ 20

Тәжірибелік жұмыс № 1.3.17

Тақырыбы: КГ3х0.75-60-150 ГЕОФИЗИКАЛЫҚ КАБЕЛІ

Жоспар:

1) КГ3х0.75-60-150 геофизикалық кабелі

КГ3х0.75-60-150 О каротажды кабелі

ҰГЗ ны жүргізу үшін телеметриялық жүйеме бірге геофизикалық жүккөрергіш КГ3х0.75-60-150 О кабелі қолданады. Бұл кабель агрессвті ортада жүргізіледі.

КГ3х0.75-60-150 О каротажды кабелінің техникалық сипаттмасы

Кабель түрі

КГ3х0.75-60-150 О

Оқшаулау материялы

Брондалған сыртқы қабығы сополимерпропиленнен тұрады

Жила саны

3

Сыртқы диаметрі, мм

10.5

Үзілу күші, кН

60

Мах. Жұмыс температурасыы, град.

Цельсий

150

Токөткізгіш жила кедергісі, Ом\км

25

Оқшаулағыш кедергісі, МОм\км

20000

1 км кабель салмағы, кг

399.9

Қалыпты жүрісі, км

650


Бақылау сұрақтары:

1) Кабельдің техникалық сипаттамасы?

Сабақ 21

Тәжірибелік жұмыс № 1.3.18

Тақырыбы: КГЗ-67-180 жұмырсымы

Жоспар:

1) КГЗ-67-180 жұмырсымы