Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
теория және тәжірибе АППАРАТУРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.6 Mб
Скачать

Сабақ 16

Тақырып 1.2: Каротаждық көтергіштер.

Жоспар:

  1. Каротажды көтергіштің қызметі.

  2. Көтергішке қойылатын техникалық талаптар.

Каротажды көтергіш: ұңғымаға берілген тереңдікке түсу және геофизикалық кабельде жұмыс істейтін ұңғыма аспаптарын көтеруді, қоректену мен аспаптардың каротажды зертханамен үздіксіз байланысын; геофизикалық кабельдің орамдардың ыдырауы мен шайқалуынсыз лебедка барабанында автоматты төселуін қамтамасыз ету керек.

Орын алмасу тәсіліне байланысты көтергіштерді өздігінен жүретін және стационарлық болып, лебедканы қозғалту тәсілі бойынша – механикалық және гидро немесе электроқозғалтқышты болып бөлінеді. Лебедка барабанында көтергіш типіне байланысты 300-ден 15000м дейін кабель орналастырылады.

Көтергішіке қойылатын техникалық талаптар:

- көтергіш лебедкасында кабельді ұңғымаға түсіру кезінде бірқалыпты тежелуін және тоқтау кезінде оның ұсталынып тұруын қамтамасыз ететін тежеуіш жүйе болу керек, кабельдің санкцияланбаған түсірілуі мен көтерілуін тоқтату, лебедка барабаны магнитті емес материалдан жасалуы керек. Барабан сыйымдылығы ұңғыма забойына аспаппен жету кезінде барабанда кабель орамының соңғы қатарының кем дегенде жартысы қалатындай болу керек;

- каротаждың бақылау тетігі тереңдік, созылу индикаторларымен және геофизикалық кабельдің қозғалу жылдамдығымен жабдықталуы керек;

- сөйлесу құрылғысы каротажды зертхана қызметкерлері құрамымен созылыңқы екіжақты дыбыстық байланыспен қамтамасыз ету керек; көтергіш- ұңғыма аузында тұрып қызметкерлерге ақпаратты жеткізу үшін қатты естілетін құрылғымен, кабельдің көтергіші мен ұңғыма аузы арасында қозғалу жолдарын жарықтандыруға арналған шамдармен (фарлар, прожектролармен) жабдықталуы тиіс;

- автоматтық блоктау жүйесі кабельді тарту рұқсат етілген нормадан асып кету кезінде, ұңғыма аспабын көтеру үрдісінде ұңғыма аузынан 50м қашықтыққа жеткен кезде және аспаптың бір нүктеде 5 мин. жоғары тұрып қалуы кезінде дыбыстық және жарық сигналдарын жеткізумен қамтамасыз ету керек;

- көтергіштің жинағы геофизикалық қабельді сөндіруге арналған құрылғының, ұңғыма аузына бекітуге арналған «қысқыштар» және ұңғыма аспаптары мен жабдықтарын тиеуге арналған жүк көтергіштігі 300кг жуық жүк көтеру механизмдерінің болуын қарастыруы қажет;

- көтергіш геофизикалық кабельді жуғыш сұйықтығынан тазартуға арналған құрылғымен жабдықталуы қажет;

- көтергіш ұңғыма аспаптарын тасымалдауға арналған амортизациялық ілгіштермен жабдықталған контейнерлердің қажетті санымен, сондай-ақ радиоактивті көздерге арналған контейнерлермен қамтамасыз етілуі керек;

- өздігінен жүретін көтергіште бақылау құралдары мен қозғалтқыш жұмысын басқару жүйесі және автокөліктің беріліс қораптары көтергішті басқару кабинасында орнатылуы тиіс.

Аспалы және бағыттаушы роликтер (блоктар) құрылымына келесідей талаптар қойылады:

  • кез-келген роликтердің бастау радиусы (канаваларды роликтердің сақиналы қабатына бағыттайды) геофизикалық кабель радиусынан =5% көп емес көлемнен аспауы керек;

  • роликтерді бекіту түйіндерінің беріктігі қолданылатын геофизикалық кабельдің нақтылы жарылу күші бағыттаушы ролик үшін 3 еседен кем емес, ал аспалы үшін 4 еседен асуы керек.

Ұңғымаларда жұмыс істеу үшін көтергішті жұмыс алаңында:

  • ұңғымаға тартылған геофизикалық кабель қозғалысы мүмкіндігінше электроберілістің жоғары вольтты желі трассаларына перпендикуляр;

  • басқару кабинасынан аспалы және бағыттаушы роликтері бұрғылау қондырғысының (қызмет ететін ұңғыманың планшайбасы мен фонтанды арматурасы) ротор столының көрінуін қамтамасыз етілетін және көтергіштер мен бағыттаушы роликтер арасында кабельдердің қозғалу жолдары;

  • ұңғыма аузын, ротор столын және превенторлардың жарықтандыру деңгейі 75 лк, кабель мен лебедка барабанының қозғалу жолдары – 40лк кем емес болатындай етіп орналастырады.

Бақылау сұрақтары .

  1. Каротажды көтергіштер не үшін қажет?

  2. Каротажды көтергіштерге қандай техникалық талаптар қойылады?

  3. Каротажды көтергіштер қандай қосымша құрылғылармен жабдықталуы тиіс?

  4. Бағыттаушы және аспалы роликтер құрылымына қандай техникалық талаптар қойылады?

Сабақ 17

Тәжірибелік жұмыс № 1.2.15

Тақырыбы: ПКС-3.5 КАРОТАЖДЫ КӨТЕРГІШІ

Жоспар:

1) ПКС-3.5 каротажды көтергішінің техникалық сипаттамасы

ПКС-3.5 каротажды көтергішінің техникалық сипаттамасы:

- Ұңғымадағы зерттеу тереңдігі, м 5000

- Барабанға оралатын каротажды кабель диаметрі,мм 12,1

- Түсіріп-көтеру агрегатының лебедкадағы

барабанның сыйымдылығы, м 5100

Түсіріп-көтеру агрегатының лебедкасындағы барабанға орташа диаметрдегі кабельдің жылдамдық диапазоны, м/сағ 80..10000

Барабанға тартылу күші:

- максималды, кН 60

- кабельдің максималды жылдамдық кезінде, кН 14

түсіріп-көтеру агрегатындағы лебедканың түрі механикалық

гидравликалық

Түсіріп-көтеру агрегатының лебедка барабанындағы кабельді орнату әдісі автоматтандырылған.

Электрикалық цептердің қорек көзі:

- Тоқ түрі ауыспалы

- Керенуі, В 220-33+22

- Жиілігі, Гц 50 ± 1

- Қуаттылығы, кВт < 3

Геофизикалық жұмырсымды таңдауда келесі мақсаттарды шешуге кепілденеді:

  • Үзілуге шыдамдылығына

  • Жұмыс температурасына

  • Желі санына

  • Жұмырсымның жұмыс істеу ортасы

ПКС-3.5 көтергішінің көрінісі

Бақылау сұрақтары:

  1. Түсіріп-көтеру агрегатының лебедкадағы барабанның сыйымдылығы?

  2. Электрикалық цептердің қорек көзі

Сабақ 18

Тәжірибелік жұмыс № 1.2.16

Тақырыбы: ПКС-5 КАРОТАЖДЫ КӨТЕРГІШІ

Жоспар:

1) ПКС-5 каротажды көтергіші

Көтергіш құрамына КАМАЗ ЕВРО автокөлігінің кузовы, бақылау жабдықтармен түсіру-көтеру агрегаты, қосымша бөлшектер мен құрал-жабдықтар жиыны кіреді.

Барабандағы тартылыс күші тіркеу механизмі және тапсыру коробкасы, үлестірмелі коробкасы, қалыңдықты таңдау коробкасы, карданды тапсыру, екі жылдамдық редуктор арқылы автокөлік двигателінен берілетін болады.

Кабель қозғалысы жылдамдықтарының және күші мөлшерінің өзгеруі тапсыру коробкасын, екі жылдамдықты редукторды қайта қосумен және двигательдің айналу жиіліктерін реттеумен жүргізілетін болады.

Тапсырылған тереңдікте кабельді бір қалыпты түсіру және тоқтату үшін барабан қолмен және пневматикалық басқарылатын таспалы жетеуіштермен жабдықталған.

ПКС-5 каротажды көтергіші КАМАЗ ЕВРО көлігінде орналасқан.

Көтергішпен жұмыс барысында

Лебедкалар жинаушы кабельді каротажды зертханалар сұлбасымен байланыстыру үшін қызмет ететін болады.

Көтергіштің түсіру-көтеру агрегаты мен трансмиссияны басқару органдары, түсіру және тартылу тереңдіктері мен кабель қозғалысының жылдамдықтарын өлшеу үшін аспаптары, жарықтық сигнализация жүйесі бар. Бұдан басқа көтергіш зертханамен екі жақты байланыспен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар монтажды жабдықтарды, ұңғымалық аспаптармен жүктерді тасымалдауға арналған құралдармен қамтамасыз етіледі.

Көтергіште лебедкалар мен көтергішті жарықтандыруға арналған аспаптар орналасатын болады.

Кабельдін түсу тереңдігі мен жылдамдығы сельсин датчигі орнатылған, бір ырғақты бағыттаушы блоктың айналу жиілігі бойынша анықталады.

Үйлесетін передаточты қатынас кезінде есептеуіш ұңғымагға түсірілген кабельдің ұзындығын көрсететін болады, ал электротахометр- оның қозғалыс жылдамдығын көрсетеді. Кабельдің тартылуы аспалы роликте орнатылған дистанционды тензометриялық датчикпен өлшенетін болады.

Көтергіштің кузовы қондырғыны қыздыратын термоизоляциямен жабдықталған. Оның екі бөлігі бар; лебедка және машинист кабинасы. Лебедка бөлігінде түсіру-көтеру агрегаты, бағыттауыш және аспалыблоктар, ұңғыма аспаптары, жүктер және т.б жабдықтар орналастырылған.

Машинист кабинасында түсіру-көтеру агрегаты, трансмиссияны,и автокөлікті двигателін басқаратын органдар, сонымен қатар басқару пульты және күштік блок орналастырылған.

Техникалық сипаттамасы:

Барабанның сыйымдылығы (диаметрі 13,8мм кабель үшін)- 2200м (3500). Көтеру кабелінің жылдамдық диапазоны 100-8000м/сағ дейін.

Барабанға тарату күші, кН

Ең төменгі жылдамдық кезінде 30

Ең жоғарғы жылдамдық кезінде 15

Тұтыну қалыңдығы 0,6кВт

Электр қоректенуі 110/220В

Габаритті мөлшері 7030*2500*3015мм

Салмағы 11200кг

Бақылау сұрақтары:

1) ПКС-5 каротажды көтергіші кандай автокөлікте орналасқан?

2) Көтеру кабелінің жылдамдық диапазоны қанша?