
- •0704000 – «Пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудың
- •Базалық (тірек) конспектісі
- •3 Тақырыптық жоспар
- •Мазмұны.
- •Бақылау сұрақтары .
- •2 Сурет консоль-2 блогы
- •3 Сурет перфопанель блогы
- •4 Сурет исток блогы
- •5 Сурет Үздіксіз қоректену блогы
- •Сабақ 6
- •Сабақ 16
- •Сабақ 19
- •2) Жұмырсымның механикалық сипаттамасы
- •Сабақ 22
- •Сабақ 24
- •Бүйір каротаждық зондылау.
- •Пайда болған полярлану потенциалдарының каротажы.
- •Токтық резистивиметрия.
- •Бүйір каротаж
- •Бүйір микрокаротаж
- •Индукциялық каротаж
- •Жоғары жиілікті индукциялық каротаждық изоөлшемдік зондылау.
- •Сөну бойынша электромагниттік каротаж
- •Диэлектрлік каротаж
- •5.1 Сурет – Электрлік каротаждың әр түрлі зондтары: а, в – қоректендіруші электродтар,
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырыбы: спэк - тоқты каротаж аспабы
- •5.4 Сурет - бк-3 зондының сұлбасы
- •Сабақ 38
- •Сабақ 39
- •Аспапты –програмалы викиз кешенінің сипаттамасы :
- •Зонтардың сипаттамасы :
- •5.8 Сурет – өп мәліметтерін жартылай автоматтандырылған тіркеу сұлбасы
- •5.9 Сурет – Құмтасты-сазды қималар үшін өп потенциал қисықтары
- •Сабақ 42-43
- •Интегралдық гамма-каротаж
- •Спектрометриялық гамма-каротаж
- •Нейтронды каротаж
- •Импульстық нейтронды каротаж
- •Импульстік спектрометриялық нейтронды гамма-каротаж
- •Гамма-гамма тығыздылық және литотығыздылық каротаж
- •5.10 Сурет – гк қисық сызығы. А – тау жыныстардың құрамында радиоактивті элементтері бар диаграмма; б – гк дұрыс диаграммасы.
- •5.11 Сурет – ггк ұңғымалық аспабының блок сұлбасы. 1-экран; 2-сәуле көзі; 3- детектор; 4-электронды блок; 5-кабель; 6,7-шағылған гамма кванттар; 8-қысатын қондырғы
- •5.15 Сурет – басты толқындардмен акустикалық каротаж жүргізу сұлбасы.
- •6.6 Сурет – Екі қабылдағыштағы толқындық суретіне (волновых картин) талдау және олардың түрлері
- •Сабақ 51-52
- •Сабақ 53
- •1) Магнитті каротаж
- •Сабақ 57
- •Бөлім 6. Игерілетін (Қолданыстағы) мұнай мен газ ұңғымаларын геофизикалық зерттеудің аппаратурасы мен жабдықтары.
- •Акустикалық каротаж аспабы акц-48
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •2. Қосымша
Сабақ 57
Тәжірибелік жұмыс № 3.1.42
Тақырыбы: Инклинометр СИЕЛ – 58
Жоспар:
1) Инклинометрия
2) Метрологиялық сипаттамасы
Бұрғылау жоспарында ұңғымалардың бұрғылануы тік немесе берілген бағыт бойынша қарастырылады. Қаттылығы әр түрлі қабаттарды ашуға және тік ұңғыманы бұрғылау кезінде бұрғылау трубаларының қисаюынан тік оқпандардың ауытқуы туындайды, бұны ұңғыманың қисаюы деп атайды. Инклиномермен оқпанының көлденең жазықтыққа қатысы бойынша қисаюдың құлау бұрышын және магнит азимутын анықтайды. Оқпанының қисаюы жайлы мәліметтер ең бірінші ұңғыма түбінің орнын, оның тереңдігін және қабаттардың орнын анықтау үшін керек.
Ұңғымалық аспап инклинометр СИЕЛ – 58
СИЕЛ – 58 инклинометрінің қолданылуы;
Электронды ұңғымалық инклинометр СИЕЛ – 58 үздіксіз шегенделмеген бұрғылау ұңғымаларын 1000 метр тереңдікке дейін ұңғыманың зенитті және азимутты қисаю бұрышын өлшеуге арналған.
Техникалық сипаттамасы;
СИЕЛ -58 инклинометрі екі жағдайда жұмыс істей алады (үздіксіз өлшемдерді тіркеу және таңбалық түсірім автоматты немесе қолдық жазумен )
Аспаптың құрамы пульт және ұңғымалық аспаптың өзі кіреді
Аспап «Вулкан» , «Гектар» , «БСК» типті тіркегіштермен жұмыс істей алады
Ұңғыманы өлшеу параметрлері үздіксіз режимінде 2000 м/сағ жылдамдықпен жүргізіледі
Өлшеу тіркегішке тіркелуіне байланысты өлшеу параметрлерінің уақыты шамамен 120 м/сек
Аспаптың құрамына индикационды ұңғымалық өлшеу параметрлері бар бақылау пульті кіреді
Ұңғымалық аспаптың корпусы титаннан жасалған
Инклинометр электронды болып келеді, аспапта датчик ретінде магнитті компас азимут бұрышын өлшеу үшін және акселерометр зенитті бұрышты өлшеу үшін қолданылады
Метрологиялық сипаттамасы
Кесте 2
Зенитті бұрышты өлшеу диапазоны, градус |
0 - 20 |
азимут өлшеу диапазоны, градус |
0 - 360 |
зенитті бұрышты өлшеу қателігі, артық емес |
±0º20´. |
3º-100 еңістену болғанда азимут өлшеу қателігі, артық емес |
±4º |
11º-200 еңістену болғанда азимут өлшеу қателігі, артық емес |
±7º |
Шығыс импульстерінің жиілігі, Гц |
1000-3000 |
Шығыс импульстерінің ұзақтығы, мкс |
5…10 |
Шығыс импульстерінің амплитудасы, В, артық емес |
10 |
Азимут бұрышын ауыстыру коэффициенті, Гц/градус |
5 |
Зенитті бұрышын ауыстыру коэффициенті, Гц/градус |
50 |
Жұмысқа дайындау уақыты, мин, артық емес |
15 |
Ұңғымада жұмыс жағдайына келу уақыты, мин, артық емес |
2 |
Қоршаған орта қысымы, МПа, артық емес |
10 |
Жұмыс істеу температурасы, °С |
0…+50 |
Снарядтың қоректену кернеуі, В |
24 … 28 |
қажетті ток, мА, артық емес |
100 |
Қолданатын қуат, Вт, артық емес |
4 |
Габаритті өлшемдер: диаметр, мм |
58 |
Өлшеу ұзындық, мм |
1500 |
Масса, кг, артық емес |
12 |
Жерүсті кернеуінің қоректену блогы, В |
220 +/-10% |
Қолданатын қуат, Вт, артық емес |
40 |
Сенімділік шарттары;
Аспаптың үзіліссіз жұмыс істеу уақыты - 8 сағ бойы
Қайта жөндеу және қарсылығы 1000 сағат - бұдан аз емес
Электрондық жіптердің жұмысқа қабілетілік әдісін орнына келтіру – бұзылған модульді ауыстыру
Бұзылғаннан кейін қайта қалпына келтіру сағаты - 8 сағ аз емес
Өңдірістік сенімділік айы - 12 ай
суретте – СИЕЛ – 58 инклинометрінің көрінісі
Бақылау сұрақтары:
1) Инклинометрия туралы не білесің
2) Метрологиялық сипаттамасы
Сабақ 58
Тәжірибелік жұмыс № 3.1.43
Тақырыбы: Кавернометрия
Жоспар:
1) КП-М Ұңғымалық каверномері
2) Техникалық сипаттамасы
Техникалық сипаттамалары
Радиусты өлшеу диапозоны, мм............................................................... 50 -300
200-300мм диопозонындағы қателік, мм….........................................................2
Қорек кернеуі (DC), В ....................................................................................29
Қорек тогы, мА ............................................................................................150
Электрөткізгіш қорегі (50гц):
Кернеу , В ......................................................................................................220
Ток, мA ......................................................................................................500
Рычагтардың ашылу жабылу уақыты, минимумды шамамен ....................2,0 с
Құралуы бойынша - ....................................................................................соңғы.
Бақылау сұрақтары:
1) Каверномер радиус өлщеу диапозоны канша?
2) Қандай каверномрдің түрлерін білесің?
Сабақ 59
Тәжірибелік жұмыс № 3.1.44
Тақырыбы: Профилеметрия
Жоспар:
1) Құбырлық профилеметрия
2) Қойылатын талаптары
Құбырлық профилеметрия
Құбырлық профилемерлер бірнеше радиустерді тәуелсіз өлшеуге арналған электромагниттік жүйелер болып табылады.
Құбырлық профилемерлерге қойылатын талаптар:
- радиустерді өлшеудің диапазоны — 55-170 мм;
- өлшеу тетіктерінің саны – 8 кем емес;
- өлшеудің негізгі абсолюттік олқылықтары — ±1 мм жоғары емес;
- қоректену кернеулігі параметрлерінің ±10 %-ға өзгеруінен және қоршаған орта темпиратурасының 20 °С, — 0,1 және 0,2 тең стандартты мәнімен салыстырғанда 10 °С негізгі қателік мәніне сәйкес өзгеруінен пайда болған өлшеулердің қосымша олқылықтары.
Профилеметрия модулін ЛМ, ГК модулдерімен кешендейді.
Мерзімді калибрлеудің негізгі құралдары - бес үлгілік сақинадан тұратын жинақ немесе олқылықтары ±1,0 мм кем емес радиустердің (диаметрлердің) мәнін жүзеге асыратын УП-Кв типті калибрлеу қондырғысы болып табылады. Зауыт-даярлаушымен жеткізілетін («тарақтар») калибрлеу қондырғыларын, егер олармен іске қосылатын диаметрлердің олқылықтары ±1,0 мм аспайтын болса, қолдануға рұқсат етіледі.
Далалық калибрлеуді екіден кем емес үлгілік сақиналардың немесе «тарақтың» көмегімен орындайды.
Бақылау сұрақтары:
1) Құбырлық профилеметрияға сипаттама бер
2) профилемерге қойылатын талаптары
Сабақ 60
Тақырып 3.2 Қабаттық наклонометрия. Термометрия.
Жоспар:
1. Қабаттық наклонометрия
2. Термометрия.
ҚАБАТТЫҚ НАКЛОНОМЕТРИЯ
Қабаттық наклонометрияның аппаратурасы (жерүсті панель және ұңғыма аспабы) ұңғыманың ашық бағандарын зерттеуге арналған аспаптарға қойылатын жалпы талаптарды қанағаттандыруы керек және қабаттардың кеңістіктегі қалпын сипаттайтын параметрлерді өлшеу (немесе өлшеу нәтижелері бойынша есептеу) мүмкіндігімен қамтамасыз ету қажет.
Қабаттық наклонометрияның өлшенетін және есептелетін параметрлерінің кешені жыныстар мен ұңғыма бағанының тереңдік бойынша сипаттамаларын қамту керек:
ұңғымаға жақын зонадағы жыныстардың электрлік сипаттамалары - өлшеу потенциалы немесе әрбір датчик тоғы бойынша анықталған ықтимал меншікті электрлік кедергінің мәні к; ұңғымаға жақын зонадағы ықтимал УЭС азимуттық бөлінуі; берілген тереңдіктегі ықтимал УЭС интегралдық мәні;
қабаттардың тереңдігіндегі элементтер – ұңғыманың қисықтығы туралы мәдіметтерді ескере отырып есептейтін құрау бұрышы мен азимуты;
ұңғыма қисықтығының элементері – еңіс бұрышының ортогональдық құраушылары мен Жердің магниттік өрісінің векторлары бойынша есептелген еңістің бұрышы мен азимуты;
ұңғыма бағандарының сипаттамалары – әрбір бағыт бойынша радиустар;
берілген тереңдікте ұңғыма қимасының бағытталған формасы;
Ұңғыма аспаптарына қойылатын міндетті талаптар:
кем дегенде төрт қысу датчигінің болуы;
әрбір датчикпен кем дегенде екі сипаттаманы өлшеу – электрлік (ықтимал кедергі, потенциал немесе тоқ күші) жәнемеханикалық (ұңғыма радиусы);
инклинометриялық блоктың болуы (бұрыш және азимут датчиктері);
ағымдағы уақыт бойынша мақұлданған барлық датчиктермен өлшеулер;
датчиктердің құрылымы 0,5-тен 150 Ом·м дейінгі диапазонда 0,05-тен 5 Ом·м дейін жуу сұйықтығының УЭС өлшеу кезінде ықтимал меншікті кедергілерді өлшеумен қамтамасыз ету керек.
инклинометрияның МК, БМК датчиктеріне қойылатын талаптар бұл әдістердің (бөлімшелер 14.4, 14.8, және 20 бөлім) жеке қолданылатын аспаптарына (модульдеріне) қойылатын талаптар тәрізді.
Қосымша ұсынылатын талаптар: ұңғыма аспабы қозғалысының біркелкі еместігіне түзетулерді енгізу үшін сызықтық үдету датчигі бар акселерометриялық блоктың болуы; радиусты өлшеуге датчиктердің – мм бірінші үлестерінен жоғары емес.
Аппаратураны калибрлеуді, ұңғымалық өлшеулер мен материалдардың сапасын бақылау аппаратураның нақтылы типтерін пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
ТЕРМОМЕТРИЯ
Темпиратураны өлшеу үшін кедергі термометрін, геофизикалық кабельде түсірілетін максималды сынап термометрін және ИПТ құрамында бұрғылау құбырларына түсірілетін өздігінен жазатын тереңдік термометрін колданады.
Кедергі термометрін ҰҒЗ басқа әдістерінің аспаптарымен кешендейді. Ол модульдер жинағындағы технологиялық блоктың бөлігі болып табылады.
Кедергі термометрі келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:
рұқсат етілген мүмкіндігі - 0,01 °С (аспаптардың жеке модификациясы үшін - 0,1- 0,3 °С) кем емес;
берілген өлшеу диапазонында темпиратураның өлшеудің негізгі олқылықтары ±2 % жоғары емес;
тұрақты уақыт – 2с жоғары емес;
көпір термометрінің сезімтал элементінің кедергісі - 2000 Ом жоғары емес;
сезімтал элементтен өтетін тоқпен оның қызуы есебінен өлшеудің қосымша олқылықтары – рұқсат етілген олқылықтың жартысынан жоғары емес;
термометрмен жұмыс істеу кезінде кабель желілерін оқшаулау кедергісі - 2 Мом кем емес.
Бастапқы, мерзімді және далалық калибрлеуді 6 Бөлімнің жалпы талаптарына сәйкес жүргізеді. Калибрлеуді ұңғыма аспаптарының нақтылы типтеріне арналған пайдалану құжаттамасына сүйене отырып орындайды.
Бақыланатын параметрлер болып шығу кернеулігінің 1 °С өзгеруіне сәйкес келетін тұрақты уақыт пен тұрақты термометр саналады.
Мерзімді калибрлеудің негізгі құралы темпиратурасы әртүрлі суы бар бактар болып табылады, су темпиратурасын үлгілік термометрлердің көмегімен орнатады.
Бақылау сұрақтары .
Термометрия өлшеулерін жүргізу үшін қандай аспаптарды қолданады?
Термометрге қандай негізгі талаптар қойылады?
Қабаттық наклонометрия аппаратурасына қойылатын негізгі талаптарды атап шығыңыз.
Сабақ 61
Тәжірибелік жұмыс № 3.2.43
Тақырып Қабаттық наклонометрия
Жоспар:
1. Қабаттық наклонометрия
2.Оған қойылатын талаптар .
ҚАБАТТЫҚ НАКЛОНОМЕТРИЯ
Қабаттық наклонометрияның аппаратурасы (жерүсті панель және ұңғыма аспабы) ұңғыманың ашық бағандарын зерттеуге арналған аспаптарға қойылатын жалпы талаптарды қанағаттандыруы керек және қабаттардың кеңістіктегі қалпын сипаттайтын параметрлерді өлшеу (немесе өлшеу нәтижелері бойынша есептеу) мүмкіндігімен қамтамасыз ету қажет.
Қабаттық наклонометрияның өлшенетін және есептелетін параметрлерінің кешені жыныстар мен ұңғыма бағанының тереңдік бойынша сипаттамаларын қамту керек:
ұңғымаға жақын зонадағы жыныстардың электрлік сипаттамалары - өлшеу потенциалы немесе әрбір датчик тоғы бойынша анықталған ықтимал меншікті электрлік кедергінің мәні к; ұңғымаға жақын зонадағы ықтимал УЭС азимуттық бөлінуі; берілген тереңдіктегі ықтимал УЭС интегралдық мәні;
қабаттардың тереңдігіндегі элементтер – ұңғыманың қисықтығы туралы мәдіметтерді ескере отырып есептейтін құрау бұрышы мен азимуты;
ұңғыма қисықтығының элементері – еңіс бұрышының ортогональдық құраушылары мен Жердің магниттік өрісінің векторлары бойынша есептелген еңістің бұрышы мен азимуты;
ұңғыма бағандарының сипаттамалары – әрбір бағыт бойынша радиустар;
берілген тереңдікте ұңғыма қимасының бағытталған формасы;
Ұңғыма аспаптарына қойылатын міндетті талаптар:
кем дегенде төрт қысу датчигінің болуы;
әрбір датчикпен кем дегенде екі сипаттаманы өлшеу – электрлік (ықтимал кедергі, потенциал немесе тоқ күші) жәнемеханикалық (ұңғыма радиусы);
инклинометриялық блоктың болуы (бұрыш және азимут датчиктері);
ағымдағы уақыт бойынша мақұлданған барлық датчиктермен өлшеулер;
датчиктердің құрылымы 0,5-тен 150 Ом·м дейінгі диапазонда 0,05-тен 5 Ом·м дейін жуу сұйықтығының УЭС өлшеу кезінде ықтимал меншікті кедергілерді өлшеумен қамтамасыз ету керек.
инклинометрияның МК, БМК датчиктеріне қойылатын талаптар бұл әдістердің (бөлімшелер 14.4, 14.8, және 20 бөлім) жеке қолданылатын аспаптарына (модульдеріне) қойылатын талаптар тәрізді.
Қосымша ұсынылатын талаптар: ұңғыма аспабы қозғалысының біркелкі еместігіне түзетулерді енгізу үшін сызықтық үдету датчигі бар акселерометриялық блоктың болуы; радиусты өлшеуге датчиктердің – мм бірінші үлестерінен жоғары емес.
Аппаратураны калибрлеуді, ұңғымалық өлшеулер мен материалдардың сапасын бақылау аппаратураның нақтылы типтерін пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Мұнай газ ұңғымаларына арналған кіші габаритті (көлемді) қабаттық наклонометр НИД-2(6)-400 аспабы шегенделмеген ұңғымада қандай да бір сұйықтық құймасы болса да болмасада қабаттардың орналасу элементтерін,жарықшақшылықтарын,қыйсықтығын бағытталған радиустың қыймасын анықтайды. Бір-біріне бағынбайтын алты рессорлы–электродтар қыйманың электрлі қасиеттерін бір уақытта өлшеп, ұңғыманың радиусін электірлі және механикалық наклонометрлер бірігіп іске асыруына, телевизиялык бағыттауда ұңғыманың опасынындағы тау жыныстары туралы көлемді көрініс алуға мүмкіндік береді.Үш ості магниттік өріс датчигі(магнитометр)және зенит бұрышының екі электротты электронды датчигі ұңғыманың қыйсықтығын нақты өлшеуді қамтамасыз етеді Ерекшеліктері : • 32 параметрді(қасиетін)бір уақытта тіркеу; • Тігінен шешуі қасиеті жоғары; • Ұңғы бойымен электроттардың сенімді де жақсы контакт болуы; • Ұңғыманың опасының(ствола)нүктелер бойынша анықтауы; • Телевизиалық көрініуі; • Қыйын жағдайларда жоғары жүрімділігі; • Диаметрді өлшегенде диапозонның өсуі; •Бұрғылау құбырлары арқылы түсіру мүмкіндігі. Алынған мәліметтер мынандай мүмкіншіліктер береді : • Сейсмобарлау мен бұрғылау жұмыстарының дұрыстығына баға беруде; • Қолоайлы геологиялық жағдайларда ұңғымаларды орналастыруға; • Структура литологиялық және комбинациялық жыйнтықтарды( ловушка) болжауда; • Жарықшақтылық аймақтарын табуда; • Қабаттардың орналасу элементтерін анықтау.
Прибор |
Максимальды температурасы(°С) |
Максимальды қысымысы (МПа) |
Диаметр прибора (мм) |
Массасы (кг) |
Тексеру ұңғыма диаметрі (мм) |
НИД-2(6)-400 |
200 |
150 |
78 |
75 |
88-650 |
Бақылау сұрақтары:
1) Қабаттық наклонометрияға сипаттама бер
2) Оған қойылатын талаптарды ата
Сабақ 62
Тәжірибелік жұмыс № 3.2.44
Тақырып: Термометрия
Жоспар:
1) КТ-ЗМ құбырлық термометрі
2) техникалық сипаттамасы
КТ-ЗМ құбырлық термометрдің негізгі техникалық сипаттамалары.
КТ-ЗМ құбырлық термометрінің негізін тізбектей жалғанған 3 сым элемент құрайды, олардың әрқайсысы тоттанбайтын болаттан жасалған сыртқы диаметрі 3 мм кремнийорганикалық сұйықтықпен толтырылған жұқа қабырғалы құбырда жөндеуден өткізілген.1:500 және 1:200 масштабта алуға болады. Термоэлемент блоктары жоғары жағында НК-
36 түрлі кабельдің ұшына қосу үшін тоттанбайтын болаттан жасалған басша орналасқан және сырттан торлы күзет қабатшасымен жабылған құрал негізіне бұрандалы жалғамамен бекітілген. КТ-ЗМ каротажды кабель желілері арқылы БСК – 041-ге жалғанады және 0 – 500С деңгейінде құбырдағы сұйықтық температурасын өлшеуге негізделген. Құрал градуировкалау мен қалпына келтіруді қажет етпейді, бірақ каротажды кабель желілерінің кедергісін есептеуде эксплуатациялауда жаңа станция әкелінгенде және каротажды кабельді ауыстырған сайын және жөндеуден өткізген сайын термометрия каналын градуировкалау қажет. Құралдың жұмысқа қабілеттілігін тексеру мен реті оның техникалық құжаттамасында толық жазылған.
Жұмыс реті:
Каротажды жүргізу кезінде, станция көлігі ұңғыма жанында орналасады және қозғалмас үшін дөнгелектеріне тіреуіштер қояды. Геофизикалық жұмыс кезінде станцияларға құрамында 2 адамнан тұратын каротаждық бригада қызмет көрсетеді.
Оператор, басуды жүргізуші мен аппаратураны қамтамасыз етуні:
Оператор келесі жұмыстарды іске асыруы тиіс.
Приборды кабельге қосқаннан кейін кабель толшықтарын регистраторға қосу. Сонан кейін компьютерді қосып желіні іске қосу керек. Компьютерді қосқаннан кейін «Регистрация» бағдарламасын бастау қажет.
Каротаждық станция машинисті-жүргізуші болып табылады, қондырғылар мен аппаратуралаға монтаж және демонтаж жүргізуші, қондырғылар мен
приборларды және ұңғымадағы түсініп-көтеру механизмін жылдамдық пен тереңдігін бақылаушы және кабельдеу барабанға жатуының дұрыстыған қамтамасыз етеді.
Ұңғымалық приборлау ұңғымаға теуелсіздік қамтамасыз етуі тиіс.
Лебедка приводын «Нейтраль қолына қойып және ұңғымаға СП-ны түсіру лебедка механизмінің тормоздық рычаг приводпен көмегімен өшу жылдамдағын анықтайды.
Компьютердің экранындағы көмек меңзеріне сәйкес, ол СП-ның көтерілуін бір мезеттегі параметрлер басылымсыз енгізілген жылдамдықпен жүргізіледі.
Түсіріп-көтеру операциясы кезеңіндегі қауіпті, қотерлі жайғдайлар пайда болған мезеткедереу двигательді сөндіру қажет. Ол үшін приборлық щиткегі «Двигатель стоп» пернесін басу қажет.
Каротаждық тәсілмен және ұңғымалық приборлармен жұмыс істеу кезінде нақты техникалық сипаттамаға, қолданыс ережелеріне міндетті түрде жүгіну қажет.
. Термометр КТ-3м
Жазу жылдамдығы ұңғыманың температурасына тікелей байланысты. Өлшем барысында жіберілетін қателік 0,50С-тан аспауы қажет. Осы орайда жазу жылдадығы 600–800 м/сағ болуы тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1) КТ-ЗМ құбырлық термометріне сипаттама бер
2) техникалық сипаттамасысын қысқаша ата
Сабақ 63
БӨЛІМ 4.
Қабаттарды сынауға, қабаттық флюидтер мен жыныстар үлгілерін іріктеуге арналған аппаратура мен жабдықтар
Тақырып 4.1: Қабаттарды сынауға, қабаттық флюидтер мен жыныстар үлгілерін іріктеуге арналған аппаратура мен жабдықтар
Жоспар:
1. Жалпы мәліметтер.
2. Бұрғылау керніріктеушімен жыныс үлгілерін іріктеу.
Жалпы мәліметтер
Калибрлеуге жататын негізгі бақыланатын көлем – қысымды өлшеудің олқылықтары.
Мембранналық тензометриялық қысымды өзгертушілердің бастапқы калибрлеуін аппаратураны өлшеуші жүргізеді. Оны аттестатталған жүкпоршенді манометрлердің немесе белгіленген термобаралық режимдерде термобарокамерада өлшеу пресстерінің көмегімен іске асырады.
Өлшеудің негізгі олқылықтары, егер қысымды өлшеудің шегі 10, 25, 40, 60 және 80 МПа тең болса, ол - ±(0,5-1,5) % жоғары емес болады.
Мерзімді калибрлеуді әр екі ай сайын сол техникалық құралдардың көмегімен жүргізеді.
Датчик қысымының далалық калибрлеуін жүргізбейді. Датчиктің жұмысқа қабілеттілігін ұңғымада өлшенген гидростатикалық қысымның мәндері бойынша тексереді.
Зерттеулерге дайындық жұмыстарын стационарлық жағдайларда, майлармен және керасиндермен жұмыс істеуге қолайлы жабық орындарда жүргізіледі.
Ұңғымаға шығар алдында механикалық ақаулықтар мен қозғалмалы бөлшектердің еркін орын алмастыруынның болмауын қадағалау үшін аспапты бөлшектеуді және оның түйіндері мен бөлшектерін тексеруді жүргізеді.
Жинақтар алдында детальдарды соляр немесе керосинмен жуады, байланыстырушы каналдарды, золотник таратушыларды және түтіктерді сығылған ауамен үрлейді. Сұйықтық пен газ түсетін каналдарды ыстық сумен жуып сүртеді.
Жинақтау кезінде ұңғыманың тереңдігі мен диаметріне сәйкес келетін ауыстыру тетіктерінің жинағын қолданады, мұнда келесі жұмыстар жүргізілетін болады:
диаметрі 190мм жоғары ұңғымалар үшін аспаптың резеңке кебісінің үстінгі қабатының қисықтық радиусы-100мм, ал диаметрі кіші ұңғымалар үшін – 75мм.
Соңғы сөндірудің іске қосылуына дейін қысу табанының ашылуына электроқозғалтқышты қосу жолымен аспаптың стендтегі жұмысын тексереді. Ұңғымада қысу табаны гидростатикалық қысымның есебінен ашылатындықтан, стендте оны қолмен лом арқылы ашу керек. Қысу табанын жабуды кері полярлық тоғын жіберумен жүргізеді.
Бұрғылау керніріктеуішпен жыныстандың үлгілерін іріктеу.
Бұрғылау керніріктеуіштің аппаратурасы ұңғыма аспабынан, басқару тетігінен және бөлу-жоғарлатқыш трансформатордан тұрады. Ұңғыма аспабы өз кезегінде, қуат электроқозғалтқышынан, аспапты ұңғыма қабырғасына қысуды, үлгіні бұрғылап тесуді, оны жыныс массивінен ажыратуды және механизмдерді бастапқы қалпына келтіруді жүзеге асыратын атқарушы механизмдердің жетегіне арналған гидравликалық және механикалық жүйелерден тұрады.
Стационарлық жағдайларда аспапты жұмысқа даярлауды пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес орындайды.
Аспап детальдарын бөлшектеу, тазалау мен майлауды жүргізіледі, детальдардың деформациясы мен бүлінулерді, резиналық тығыздау сақиналардың сырылуын, олардың қаттылығы мен иілгіштігін, тоқ жүргізу шынжырлардың оқшаулану кедергісін, керніріктеушінің оқшаулау кедергісін тексереді. Аспапты тік қалпында бекітуге мүмкіндік беретін стендте керніріктеушінің жұмысқа қабілеттілігін (бұрғы мен қысу құрылғысының транспорттық қалыптан шығуы және қайтуы тексереді және бұрғыны беру жылдамдығын реттейді.
Жыныстардың беріктік қасиеттеріне сәйкес келетін және олардан үлгілер алынатын бұрғылау қаптарын іріктейді.
Жөндеу- сақтандыру жұмыстарын, кернеулігі 1000В дейінгі жұмыстарда қауіпсіздік техникасының барлық талаптарына жауап беретін, ауданы 25 м2 кем емес арнайы орындарда жүргізеді. Мекемеде кернеулігі 380В үшфазалық желі, желдеткіш пен жүк көтергіштігі 200 кг тельфер болу керек. Аспаппен жұмыс істеу үшін, жұмыс сұйықтығын аспаптың қуысына айдау үшін, керніріктеушіні тік қалпында орнатуға мүмкіндік беретін бұрылу механизмі бар арнайы верстак қажет.
Ұңғымадағы жұмыстар технологиялық түсірілімге сәйкес орындалады.
Бақылау сұрақтары .
Қабаттарды кабельдегі аспаптармен сынақтау нені қамтиды?
Гидродинамикалық каротажды жұргізу барысында қандай аппаратура қолданылады?
Бұрғылау керніріктеушінің аппаратурасы нені қамтиды?
Өлшеулерді жүргізу үшін аспаптарды даярлауды қалай жүзеге асырады?
Сабақ64
Тәжірибелік жұмыс № 4.1.44
Тақырып: Жыныстан үлгі алу
Жоспар:
1) Жыныстан үлгі алу
Геологтар бұрғыланған ұңғыманың геологиялық қимасы жайлы мәліметтерді бұрғылау кезінде алынған тасбағанды зерттеу арқылы алады және каротаж бойынша нақтылайды. Бұл мәліметтер жеткіліксіз немесе қарама-қайшылық тудырған кездерінде, геологиялық қиманың құрылысын «грунтонос» көмегімен ұңғыма қабырғасынан алынған үлгілермен нақтылайды. Үлгі алу жұмыстары геофизиктердің көмегімен көтеріп-түсіргіш каротаж станция жабдықтарымен және кабелдерімен іске асады. Бүйірден атылатын «грунтоносты» қолдану кеңінен тараған (5.32 сурет).
|
|
5.32 сурет – Бүйірден атылатын «грунтонос» сұлбасы. |
5.33 сурет – Дискілі «грунтонос» сұлбасы (Р.Дебранд бойынша) |
Мұндай «грунтонос» оқпаны бірнеше қуыстары бар көлемді корпустан тұрады. Әрбір қуыстардың артында оқ-дәрі салынған қалыптар орналасқан. Оқ-дәрі қалыптарында электрлік тұтандырғыш бар. «Грунтонос» кабелге жалғанып керекті тереңдікке дейін түсіріледі. Электро тұтандырғыш арқылы электр тоғын жібереді, ол оқ-дәрісі бар қалыпты жандырады. Жарылыс болып оқпанна шаппа (боек) ұшып шығып ұңғыма қабырғасына қадалады, оның іші тау жыныстарымен толады. Шаппа жынысқа терең кірмейтіндей (тау жыныстарының қатталағына байланысты 0,5÷6гр оқ-дәрі қолданады) бәрі есептелінеді. Жарылыстан кейін кабелді лебедкаға орайды «грунтонос» көтеріліп шаппаны ұңғыма қабырғасынан суырып алады. Бір «грунтонос» оқпанында 10-нан 30-ға дейін қуыстар болады. Осындай атылатын «грунтонос» түрлерінен басқа атылмайтын (сверлящие и фрезерующие) түрлері де болады.
Мұнай және газ ұңғымаларында ұңғыма қабырғасынан алынған үлгілер бойынша геофизикалық мәліметтерді талдауды нақтылайды, қабаттардың мұнай қанықтылық және олардың коллекторлық қасиеттері жайлы нәтижелерді тексереді.
Бақылау сұрақтары:
1) Үлгі алу процесін сипаттап бер?
Сабақ 65
БӨЛІМ 5.
Геофизикалық зерттеулердің бұрғылау құбырларының, айналдыра орнатылған бағандардың және цементті сақинаның аппаратурасы мен жабдықтары.
Тақырып 5.1: Геофизикалық зерттеулердің бұрғылау құбырларының, айналдыра орнатылған бағандардың және цементті сақинаның аппаратурасы мен жабдықтары.
Жоспар:
1. Муфталардың электромагниттік локациясы.
2. Құбырлық профилеметрия
3. Электромагниттік дефектоскопия және толщинометрия.
4.Бағандардың гамма-гамма-толщинометриясы
5. Гамма-гамма-цементометрия и дефектоскопия.
6. Акустикалық цементометрия.
7. Бағандар мен тастың акустикалық дефектоскопиясы.
Муфтылардың электромагниттік локациясы
Муфталар лакаторының детекторы дифференциалды магниттік жүйе болып табылады, ол катушкада және оның айналасында үздіксіз магнитті өріс жасайтын сердечник және екі тұрақты магниті бар көпқабатты катушкадан тұрады. Локаторды колоннаның бойымен орналастыру кезінде құбырлардың біртұтастығы бұзылған жерлерде магниттік ағыстың бөлінуі және өлшеу катушкасында ЭДС индуцирленуі жүзеге асады.
Муфтылардың белсенді лакаторларында екі катушка болады, оның әрқайсысында қоздырғыш және қабылдағыш орымдар болады. Қоздырушы орамдарға құбылмалы кернеуді жіберу арқылы іске қосылатын ауысымды магниттік өрістің әсерінен қабылдаушы орамдарда қоршаған ортаның магниттік әсеріне тәуелді құбылмалы кернеу пайда болады. Ақпараттық өлшем ретінде қабылдағыш орамдардағы кернеуліктердің әртүрлілігі қызмет етеді.
Калибрлеуді, өлшеулерді жүргізуді және мәліметтер сапасын бақылауды нақтылы аспапты пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес орындайды.
Перфарация интервалын ерекшелеу кезінде ұңғымалық жағдайлардың әсерін есепке алу үшін өлшеулерді перфорацияны өткізуге дейін және одан кейін орындайды.
Муфталарды шыңдау кезінде аспапты көтеру жылдамдығы - 1000-2000 м/с, ҰҒЗ-ның басқа түрімен мәліметтерді бір уақытта тіркеу кезінде – бұл түрге қойылатын талаптармен анықталады.
Перфорация интервалын бақылау кезінде аспаптың орын алмасу жылдамдығы— 200-300 м/с.
Бұрғылау құбырларының қысылу тереңдігін анықтау кезінде, сондай-ақ құбырларды алдын-ала магниттеумен перфорация интервалдарын ерекшелеу кезінде муфта локаторымен өлшеулерді үш мәрте жүргізеді: құбырларды магниттенуге дейін (муфталардың локациясы); магниттенуден кейін перфорацияға дейін; перфорациядан кейін немесе бағанды созудан (тарту) кейін.
Құбырлық профилеметрия
Құбырлық профилемерлер бірнеше радиустерді тәуелсіз өлшеуге арналған электромагниттік жүйелер болып табылады.
Құбырлық профилемерлерге қойылатын талаптар:
- радиустерді өлшеудің диапазоны — 55-170 мм;
- өлшеу тетіктерінің саны – 8 кем емес;
- өлшеудің негізгі абсолюттік олқылықтары — ±1 мм жоғары емес;
- қоректену кернеулігі параметрлерінің ±10 %-ға өзгеруінен және қоршаған орта темпиратурасының 20 °С, — 0,1 және 0,2 тең стандартты мәнімен салыстырғанда 10 °С негізгі қателік мәніне сәйкес өзгеруінен пайда болған өлшеулердің қосымша олқылықтары.
Профилеметрия модулін ЛМ, ГК модулдерімен кешендейді.
Мерзімді калибрлеудің негізгі құралдары - бес үлгілік сақинадан тұратын жинақ немесе олқылықтары ±1,0 мм кем емес радиустердің (диаметрлердің) мәнін жүзеге асыратын УП-Кв типті калибрлеу қондырғысы болып табылады. Зауыт-даярлаушымен жеткізілетін («тарақтар») калибрлеу қондырғыларын, егер олармен іске қосылатын диаметрлердің олқылықтары ±1,0 мм аспайтын болса, қолдануға рұқсат етіледі.
Далалық калибрлеуді екіден кем емес үлгілік сақиналардың немесе «тарақтың» көмегімен орындайды.
Электромагниттік дефектоскопия және тығыздықөлшеу (толщинометрия).
Электромагниттік дефектоскопия және тығыздықөлшеу ( толщинометрия) аспаптарына қойылатын негізгі талаптар:
- зерттелетін құбырлардың ең кіші ішкі диаметрі — 52 мм кем емес;
- зерттелетін құбырлардың ең жоғары сыртқы диаметрі — 245 мм жоғары емес;
- бағандардың өлшенетін қабаттарының диапазоны — 3-20 мм;
- екі құбырдың ең жоғарғы өлшенетін жиынтық қабаты – 19мм дейін;
- өлшеудің негізгі абсолюттік олқылықтары — ±0,5 мм жоғары емес;
- құбыр материалының магниттік өткізгіштігінің өзгеруінен және ±0,5 және ±0,1мм аспайтын сәйкесінше 20 °С-қа тең стандартты мәнімен салыстырғанда қоршаған орта темпиратурасының 10 °С-қа өзгеруінен пайда болған қосымша олқылықтар.
- құбыр осінің бойымен байқалатын ақаулықтың ең төмен ұзындығы – 75мм, оске көлденең –құбыр периметрі 0,5 саңлау ені кезінде – 0,1мм кем емес;
- сыртқы екі остік құбырлардың сипаттамаларын анықтау – сапалы деңгейде.
Ұңғыма аспабы ортаға дәл келтіріледі.
Бастапқы және мерзімдік калибрлеудің негізгі құралы – қабырғаларының қалыңдығы әртүрлі және жарық тәрізді жасанды ақаулықтарымен бес аттестатталған болат құбырдан тұратын жинақ болып табылады.
Далалық калибрлеуді кем дегенде 2 нүктеде, ішкі диаметрі зерттелетін бағанның диаметріне тең, болат құбырдың аттестатталған кесіндісінде орындайды.
Бағандардың гамма-гамма-толщинометриясы
Өлшеу зондысына қойылатын негізгі талаптар:
- Баған қабырғаларының жуандығын өлшеудің диапазоны - 5-12 мм ;
- бағандардың жуандығын өлшеудің негізгі абсолюттік кемшіліктері - ±0,5 мм жоғары емес;
- аспаптың қоректену кернеулігі параметрлерінің ±10 %-ға өзгеруінен және қоршаған орта темпиратурасының 20 °С, — 0,1 және 0,2 тең стандартты мәнімен салыстырғанда 10 °С негізгі қателік мәніне сәйкес өзгеруінен пайда болған өлшеулердің қосымша олқылықтары.
- аспапты ұңғымада ортаға дәл келтіру;
Өлшеу зондысын гамма-гамма-цементометрия зондысымен бір модульде, кешенделген НК және АКЦ-де, ЛМ, ГК модульдерімен жинақта кешендеу ұсынылады.
Бастапқы және мерзімдік калибрлеудің негізгі құралы ретінде – әртүрлі диаметрлік және қабырғаларының қалыңдығы әртүрлі аттестатталған болат құбырлардың жинағы қызмет етеді. Тығыздықграммаларды( толщинограммаларды) есептеу үшін көрсетілген диаметрге және зерттелетін баған қабырғасының қалыңдығына шамалас құбырларға арналған калибрлеудің мәліметтері қолданылады.
Гамма-гамма-цементометрия және дефектоскопия
Гамма -гамма-цементометрияның қарапайым өлшеу зондысы – орташа энергетикалық гамма-сәулелену көздері мен ондаған сантиметр қашықтыққа дейін баратын таралған гамма-гамма –сәулелену детекторынан тұрады.
Гамма -гамма-цементометрия мен дефектометрияның ұңғымалық аспаптарында бірнеше аса күрделі өлшеу зондыларын қолданады: зонд осі мен өзара экрандауға қатысты симметриялы орналасқан бірнеше (үштен кем емес) детекторлармен көпканалды орталықтандырылғандар; өлшеу кезінде берілген бұрыштық жылдамдықпен айналатын, 30-50°шегінде радиалдық бағытта гамма-сәулеленудің коллимациясын қамтамасыз ететін бірканалды орталықтандырылғандар.
Өлшеу зондыларына қойылатын негізгі талаптар:
- құбыр кеңістігінде қоршаған орта тығыздығын өлшеудің диапазоны -1,0-2,0 г/см3;
- өлшеулердің негізгі абсолюттік кемшілігі - +0,15 г/см3 жоғары емес;
- аспаптың қоректену кернеулігі параметрлерінің ±10 %-ға өзгеруінен және қоршаған орта темпиратурасының 20 °С, — 0,1 тең стандартты мәнімен салыстырғанда 10 °С – әрбір сипаттама үшін негізгі кемшілік мәндері - 0,2 жоғары емес;
- өлшеу зондысының айналу жылдамдығы – минутына 5 айналымнан кем емес;
- каналдардың өзара ықпалы - ±3 % жоғары емес.
Өлшеу зондысын гамма-гамма-толщинометрия зондысымен бір модульде, ЛМ, ГК, АКЦ, кешенделген НК модульдерімен жинақта, аспаптың кеңістікті бағдарлауды анықтау және алынған ақпаратты ұңғыманың апсидальдық жазықтығына бекіту құрылғыларымен кешендеу ұсынылады.
Бастапқы және мерзімдік калибрлеудің негізгі құралы – суы бар ыдыста орнатылған және төменгі бөлігі цементтелген, диаметрлері мен қабырға жуандықтары әртүрлі болат құбырлардың кесінділері болып табылады.
Акустикалық цементометрия
Акустикалық цементометрия аспаптарында қысқа үш элементті, ең жақын сәуле таратушы мен қабылдағыш арасындағы қашықтығы 0,7-ден 1,5 дейін және зондылар базасымен (қабылдағыштар арасындағы қашықтық) – 0,3-0,6м шегінде болып келетін, өлшеу зондылары қолданылады.
Өлшеу зондыларына қойылатын талаптар:
Аралық уақытты өлшеудің диапазоны - 120-600 мкс/м;
Сөну коэффициентін өлшеудің диапазоны - 0,5-40 дБ/м;
Аралық уақытты өлшеудің негізгі салыстырмалы кемшілігі - ±1-3 % жоғары емес (аспаптың түріне байланысты);
Амплитудалар мен нәтижелі сөнуді өлшеудің негізгі абсолюттік кемшіліктері - ±0,1 А и ±3 дБ/м жоғары емес;
Қоректену кернеулігінің ±10 %-ға, қысымның 1 МПа-ға және темпиратураның 20 °С –қең стандартты мәніне қарағанда10 °С-қа өзгеруінен пайда болған өлшеудің қосымша олқылықтары – негізгі олқылықтар мәнінен 0,3; 0,01 мен 0,1 аспау керек.
Сигналдарды санмен берудің ұзақтығы – 4 мс дейін, дискретизация қадамы — 2-5 мкс.
Ұңғыма аспабы ортаға дәл келтіріледі.
Цементометрия модульдерін ГК, ЛМ, термометрия және кешенделген НК модульдерімен және гамма-гамма-цементометрия мен толшинометрия модульдерімен кешендейді.
Калибрлеудің негізгі құралы – құрамында акустикалық тербелістердің толқынтыстары болатын аттестатталған УПАК-2 базалық сынау құрылғысы (көлденеңінен кесілген болат құбырлардың бір немесе бірнеше кесіндісі) болып табылады.
Далалық калибрлеулер орындалмайды. Оларды созылыңқылығы 50м кем емес цементтелмеген бағандар учаскесіндегі бақылау өлшеулері алмастырады.
Бағандар мен цемент тастың акустикалық дефектоскопиясы
АК-цементометриясы сканерінің өлшеу өңдегіші - қатар қолданылатын сәулелендіруші – серпінді тербелістердің қабылдағышы болып табылады.
Аспаптың конструкциясы – аспаптың осі бойымен айналатын бір өңдегіштен немесе азимуттық жазықтық кескінінде тең бұрыштар арқылы бұрандалы сызық бойынша аспаптың корпусында орнатылған бірнеше өңдегіштен тұруы мүмкін.
АК-цементометрия сканерлерін- ұңғыманы толтыратын сұйықтықтағы серпінді толқын жылдамдығын анықтауға арналған «сәуле таратушы - қабылдағыш» қосымша өңдегішпен, және ұңғымадағы өңдегіштің азимуттық бағдарын анықтау немесе өңдегіш қалпын ұңғыма бағанының апсидальдық қалпына бекіту құрылғыларымен жабдықтайды.
Өңдегішке қойылатын талаптар:
диапазонда өзіндік тербелістердің жиілігі 250-1000 кГц;
сырқы (сәуле таратушы) қабаттың формасы – диаметрі 140-168 мм, диаметрі 3мм жоғары емес шеңберде айналдыра орнатылған бағанның үстінгі қабатында серпінді сигналдың бағытталуын қамтамасыз ету керек;
ұңғымада азимуттық бағдарлау өңдегішінің олқылықтары немесе оның ұңғыма бағанының апсидальдық жазықтығына бекітілуі - 2° жоғары емес;
барлаудың басы солтүстікке бағытталумен анықталады;
Остің бойымен айналулардың саны (бірнеше өңдегіші бар аспаптар үшін – сұраулар саны) – секундына 3 кем емес; сканирлеу нүктелерінің саны – бір айналым үшін 512 кем емес;
Баған диаметрін өлшеудің олқылықтары - ±0,5 мм жоғары емес;
АК-цементометрия сканерінің модулін ЛМ, ГК, АКЦ және кешенделген НК модульдерімен кешендейді.
Бақылау сұрақтары .
Бұрғылау құбырларын, айналдыра орнатылған бағандарды және цементтік тастарды зерттеу үшін қандай әдістерді қолданады?
Муфтылардың электромагниттік локациясы дегеніміз не?
Сабақ 66
Тәжірибелік жұмыс № 5.1.45
Тақырып: Толщиномер
Жоспар:
1) СГДТ-100 гамма-гамма- дефектомер- толщиномер сканирлеуші модулі
2) Техникалық сипаттамасы
Модуль құрамында ГК каналы, кеңістіктік бұрыш датчигі және екізондты құрылғы болады.Сонымен қатар модуль кернеуді қоректендіргіш датчигі және температура датчигімен қамтылған. ГК каналы өлшегіш емес, алынған мәліметтерді ұңғыма қимасымен байланыстыруға арналған. шегендеуші колонна сыртындағы заттың тығыздығын өлшеуге, шегендеуші құбыр қалыңдығын, сонымен қоса тау жыныстарының табиғи гамма- сәулеленуін тіркеуге арналған.
Қолдану аймағы: колоннаның ішкі диаметрі 140-тан 178 мм-ге дейін және тығыздығы 1000-нан 1400 кг/м3 жуу сұйықтығымен толтырылған шегенделген ұңғымаларда қолданылады. Каротажды жұмыр сым типтері - үшжелілі, брондалған ұзындығы 7000м-ге дейін.
Өлшеу диапазоны: |
|
- құбыр сыртылық кеңістіктегі заттың тығыздығы, кг/м3 |
1000-2000 |
- шегендеуші колоннаның құбырының қалыңдығы, мм |
5-12 |
Өлшеу кезінде жіберілетін негізгі абсолюттік қателіктер : |
|
- құбыр сыртылық кеңістіктегі заттың тығыздығы, кг/м3 |
150 |
- шегендеуші колоннаның құбырының қалыңдығы, мм |
0,5 |
- қойылатын бұрыш, град. |
15 |
Модульдің габаритті өлшемдері: |
|
- ұзындығы, мм, жоғары емес |
2640 |
- диаметрі, мм |
100 |
Модуль массасы, кг |
88 |
Жұмыс істеу температура диапазоны , °С |
5-150 |
Жіберілетін гидростатикалық қысым, МПа |
80 (140) |
Бақылау сұрақтары:
1) СГДТ-100 гамма-гамма- дефектомер- толщиномер сканирлеуші модулі туралы не білеің
2) Техникалық сипаттамасын қысқаша аит
Сабақ 67
Тәжірибелік жұмыс № 5.1.46
Тақырып: Муфтылардың электромагниттік локациясы
Жоспар:
1) Муфтылардың электромагниттік локациясы
Муфталар лакаторының детекторы дифференциалды магниттік жүйе болып табылады, ол катушкада және оның айналасында үздіксіз магнитті өріс жасайтын жүрекше (сердечник) және екі тұрақты магниті бар көпқабатты катушкадан тұрады. Локаторды колоннаның бойымен орналастыру кезінде құбырлардың біртұтастығы бұзылған жерлерде магниттік ағыстың бөлінуі және өлшеу катушкасында ЭДС индуцирленуі жүзеге асады.
Муфтылардың белсенді лакаторларында екі катушка болады, оның әрқайсысында қоздырғыш және қабылдағыш орымдар болады. Қоздырушы орамдарға құбылмалы кернеуді жіберу арқылы іске қосылатын ауысымды магниттік өрістің әсерінен қабылдаушы орамдарда қоршаған ортаның магниттік әсеріне тәуелді құбылмалы кернеу пайда болады. Ақпараттық өлшем ретінде қабылдағыш орамдардағы кернеуліктердің әртүрлілігі қызмет етеді.
Калибрлеуді, өлшеулерді жүргізуді және мәліметтер сапасын бақылауды нақтылы аспапты пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес орындайды.
Перфарация интервалын ерекшелеу кезінде ұңғымалық жағдайлардың әсерін есепке алу үшін өлшеулерді перфорацияны өткізуге дейін және одан кейін орындайды.
Муфталарды шыңдау кезінде аспапты көтеру жылдамдығы - 1000-2000 м/с, ҰҒЗ-ның басқа түрімен мәліметтерді бір уақытта тіркеу кезінде – бұл түрге қойылатын талаптармен анықталады.
Перфорация интервалын бақылау кезінде аспаптың орын алмасу жылдамдығы— 200-300 м/с.
Бұрғылау құбырларының қысылу тереңдігін анықтау кезінде, сондай-ақ құбырларды алдын-ала магниттеумен перфорация интервалдарын ерекшелеу кезінде муфта локаторымен өлшеулерді үш мәрте жүргізеді: құбырларды магниттенуге дейін (муфталардың локациясы); магниттенуден кейін перфорацияға дейін; перфорациядан
Бақылау сұрақтары:
1) Муфтылардың электромагниттік локациясы жайлы не білесің?
Сабақ 68-69-70