Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
теория және тәжірибе АППАРАТУРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.6 Mб
Скачать

Сабақ 53

Тәжірибелік жұмыс № 2.4.40

Тақырыбы: Магнитті каротаж

Жоспар:

1) Магнитті каротаж

Магниттік каротаж, дәлірек, магниттік қабілеттілікті каротаждау әдісі ұңғыма қабырғасын құрайтын таужыныстардың және рудалардың магнитік қабілеттілігін (χ) өлшеуге негізделген. КМВ – магнитті темір рудасы кенорындардағы ұңғыманы зерттеуге арналған басты әдіс. Бұл әдіс, сонымен қатар, боксит, полиметалдар және марганец рудалары кенорындарында пайдаланады.

Ұңғымалық аспаптағы магниттік қабілеттілікті өлшеитін аспап ролін ұзындығы10 – 12см ферриттен жасалған өзекке оралған индуктивті катушка атқарады.

Бақылау сұрақтары:

1) Магнитті каротаж дегеніміз не?

2) Құрылысы?

Сабақ 54

Тәжірибелік жұмыс № 2.4.41

Тақырыбы: Ядерлі магнитті каротаж

Жоспар:

1) Ядерлі магнитті каротаж

ЯМК әдісі таужыныс химиялық элементтері атомдары ядроларының магниттік және механикалық моменттерінің сыртқы импульсті магнит өрісімен әрекеттесу нәтижесінде туындаитын электромагнитті өрісті зерттеуге негізделген.

Қазірде ЯМК әдісінің 2 түрі кеңінен таралған:

Жердің магнит өрісінде ядролардың еркін прецессиясын зерттеу әдісі жне күшті тұрақты магниттер өрісінде спиндік эхо әдісі.

Барлық химиялық элементтер атомының ядролары өз массасымен(А) және зарядымен (Z) қатар механикалық аиналалы моментімен, яғни спинімен (S) және магниттік моментімен (μ) сипатталады.

Ұңғымалық КМВ приборын градуирлеу барысында эталон ішінде орналастыру

Бақылау сұрақтары:

1) Ядерлі магнитті картаж туралы не білесің?

2)Ұңғымалық КМВ приборын градуирлеу барысында эталон ішінде орналастыру?

Сабақ 55

3 БӨЛІМ

Ұңғымалардың техникалық жағдайын меңгеру әдістерінің аппаратурасы мен жабдықтары

Тақырып 3.1: Кавернометрия және профилеметрия. Инклинометрия..

Жоспар:

1. Кавернометрия және профилеметрия.

КАВЕРНОМЕТРИЯ ЖӘНЕ ПРОФИЛЕМЕТРИЯ

Каверномерлер мен профилемерлерге қойылатын талаптар:

- каверномермен ұңғыма диаметрлерін өлшеудің диапазоны - 100-ден 800 мм дейін;

- профилемермен радиустерді өлшеудің диапазоны — 25-тен 400 мм дейін;

- каверномердің рұқсат етілген негізгі олқылықтарының шегі – 400мм дейінгі диапазонда ±3 мм көп емес және 400-ден 800 мм дейінгі диапазонда ±5 мм жоғары емес.

- профилемердің рұқсат етілген негізгі олқылықтарының шегі - ±2 мм жоғары емес;

- қоректену кернеулігінің өзгеруінен пайда болған қосымша олқылық негізгі олқылық мәнінен 0,2 аспайды.

- қоршаған орта темпиратурасының өзгеруімен пайда болған рұқсат етілген қосымша олқылық 20 °С-қа тең стандартты мәнге сәйкес әртір 10 °С-қа негізгі олқылықтан 0,1 жоғары емес.

- ұңғыманың тік сызықтан ауытқуынан пайда болған қосымша олқылық негізгі олқылық мәнінен 0,5-тен аспау керек.

Аспапты басқа аспаптармен (модульдермен) еш шектеусіз кешендейді.

Әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең аз талаптар, әдістеменің және профилеметрия мәліметтері бойынша ұңғыманың ауданын, формасы мен көлемін есептеу бағдарламасының болуына негізделеді.

Мерзімді калибрлеудің негізгі құралы бес үлгілік сақинадан тұратын жинақ немесе 100-ден 800мм дейін диапазонда олқылығы ±1,0 мм жоғары емес диаметрлердің мәнін жүзеге асыратын УП-Кв типті калибрлеу қондырғысы болып табылады.

Сонымен қатар, егер іске қосу немесе диаметрлердің олқылықтары ±1,0 мм аспайтын болса зауыт-әзірлеушімен жеткізілетін калибрлеу қондырғыларын қолдануға рұқсат етіледі.

Далалық калибрлеу құралы ретінде үлгілік сақиналарды немесе «тарақты» қолданады.

Бақылау сұрақтары.

  1. Ұңғыманың техникалық жағдайларын зерттеу үшін қандай әдістерді

қолданады?

  1. Кавернометрия мен профилеметрияны өткізу кезінде қандай аспаптарды

қолданады?

3. Профилемерлер мен каверномерлерге қандай талаптар қойылады?

Сабақ 56

Тәжірибелік жұмыс № 3.1.42

Тақырыбы: Инклинометрия қойылатын талаптар

Жоспар:

1)Азимутты өлшеу бұрыштарының диапозоны?

2)Инклинометрлерге қандай талаптар қойылады?

Зерттеулерді айналдыра орнатылмаған ұңғымаларда магниттік және айналдыра орнатылған және орнатылмаған ұңғымада гипоскопиялық инклинометрлермен орындайды.

Айналдыра орнатылмаған ұңғымаларды зерттеуге арналған инклинометрлерге қойылатын талаптар:

  • Азимутты өлшеу диапазоны – 0-ден 360° дейін;

  • Зенитті бұрышты өлшеудің диапазондарының шекаралары 0-ден 45, 90, 135, 180°дейін;

  • Аспидальдік бұрышты өлшеудің диапазоны - 0-ден 360° дейін;

  • Азимутты өлшеудің рұқсат етілген негізгі олқылықтары 30 жоғары зениттік бұрыштар үшін - ± 2° жоғары емес;

  • зениттік бұрышты өлшеудің рұқсат етілген негізгі олқылықтары - ± 0,5° жоғары емес;

  • қоректену кернеулігінің өзгеруінен пайда болған қосымша олқылық негізгі олқылық мәнінен 0,2 жоғары емес.

  • қоршаған орта темпиратурасының өзгеруімен пайда болған рұқсат етілген қосымша олқылық 20 °С-қа тең стандартты мәнге сәйкес әртір 10 °С-қа негізгі олқылықтан 0,1 жоғары емес.

Мерзімді калибрлеуді МУ41-17-1373-87 «Өлшеулердің бірыңғайлығын қамтамасыз етудің салалық жүйесі. Инклинометрлер мен бағдарлауыштар. Тексеру әдістемесі» талаптарына сәйкес орындайды. Калибрлеудің негізгі құралы ретінде УКИ-2, УПИ-1, УПИ-3 қондырғылары қызмет етеді.

МУ 41-17-1373-87 әсеріне түспейтін инклинометрлерді қолдану кезінде, олардың мерзімді калибрлеуін пайдалану құжаттамасында көрсетілген әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес орындайды.

Инклинометрлердің далалық калибрлеуін ұңғымалық өлшеулердің алдында жүргізеді, және олардан кейін УК-2 бұрыш өлшеуіш-квадрант пен буссоль БГ-1(немесе БШ) қолданады.

Ұңғымалық зерттеулерді гипоскопиялық инклинометрмен жүргізу технологиясы инклинометрдің нақтылы типін пайдалану құжаттамасына сәйкес орындалады және екі кезеңге бөлінеді – географиялық меридианды анықтау және ұңғыма бағанының траекториясын өлшеу.

Геофизикалық кабель және жерүсті блокпен біріктірілген ұңғыма аспабын арнайы фланцтың көмегімен ұңғыма аузында бекітеді, бұл инклинометрді ±0,3° кем емес дәлдікте және оның апсидальдық бұрыш бойынша айналуға мүмкіндік беретін тік қалпында орнатуды қамтамасыз етеді.

Алдын-ала көрмені (геофизикалық меридианды анықтау) жүргізеді, ол аяқталғаннан кейін апсидальдық бұрыш бойынша корпусының айналуын жүзеге асырады және тік қалыпты талап етілген көлемге дейін орнатуды талап етеді.

Бұдан кейін, тұрақты нәтижеге қол жеткізгенге дейін бастапқы көрме процедурасын жүргізеді.

«гироскопиялық инклинометр көрмелері» операциялары аяқталғаннан кейін, инклинометрді босатып, ұңғыма тереңдігінің нөлдік нүктесінде қалдырады және автономиялық жұмыстарды пайдалану құжаттамасына сәйкес бастайды.

Баған траекториясын өлшеу аспапты үздіксіз немесе нүстелерде көтеру және түсіру кезінде жүзеге асады. Жазу жылдамдығы - 5000 м/с дейін (өлшеулер алдында ұңғыманы алдын-ала шаблондаған жағдайда). Траекторияны негізгі өлшеулері түсуде жүзге асады; көтерілуде – өткізілген өлшеулерді бақылауды жүзеге асырады.

Перфорация интервалдарын 750-1500 м/с жылдамдықпен өту ұсынылады. Инклинометрдің забойға соғылу ықтималдылығын төмендету мақсатында оған дейін 5-10м-ге жақындамау ұсынылады. Забойда тұру 20с көп емес. Забойдан шығу ең төмен жылдамдықпен жүргізілуі керек.

Ұңғыма бағанының траекториясын өлшеу үрдісі барысында гироскоп дрейфін өтеу үшін түсіру мен көтеруді, технологиялық аялдамаларды дер кезінде жүргізу керек. Кідірістерді орындаудың әдістемесі мен жағдайлары пайдалану құжаттамасының талаптарымен регламенттеледі.

Бақылау сұрақтары.

  1. Инклинометрлерге қандай талаптар қойылады?